- •Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық үлгі жоспары
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
Күтілетін нәтиже :
Біледі : музыкалық шығармаларды сезінуді,сипатын ажыратуды,әнді сезіне айтуды.
Игереді : музыкалық шығармаға,мазмұнына бейнеленген суреттердің сипатын ажыратуды,музыкалық-дидактикалық ойынды,музыканы тыңдап,төлдердің анасын табуды.
Меңгереді : музыкалық шығармаларды тыңдап,ырғақтарды сезіне би қимылдарын жасауды.
№ 59-60 технология лық карталар
Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі : Музыка
Тақырыбы : «Жайлаудағы төлдер»
Мақсаты : музыканы тыңдап,сипаттарын ажырата білуге,әннің мәтінін
бұзбай ,дұрыс айтуға үйрету.Ойын арқылы балалардың эмоциясын ояту.
Көрнекілік : бұзау,қозы,құлыншақ.
Сөздік жұмыс : сабырлы,көңілді,жігерлі.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық |
Жетекші балаларды көңілді қарсы алады. Амандасу жаттығуын айтуды ұсынады,дыбыстарды таза айтуға үйретеді. Үнтаспада орындалған М.Жәуітковтың « Сәби күлкісі»әнімен балаларды залдың бойымен еркін жүруге, орындарында тұрып билеуге,өз жұптарын табуға үйретеді.Би ырғақтарын шумаққпйырмасына нақты келтіру керек.қимылдарды шатаспай есіне сақтау үшін сөзіне мән беріп,бірге қосыла айтып,қимылдарды жасауға үйретеді. |
Балалар кіреді.Амандасу жаттығуын айтады.Балалар би қимылдарын еркін жасауға,жүруге,өз орындарына тұруға,өз жұптарын табуға тырысады.Әннің сөзін тыңдап,есіне сақтауға,шумақтың , қайырманың қимылдарын білуге дағдыланады. |
Ұйымдастырыушылық-ізденістік |
Б.ділденбай өңдеген «Хайләйләм»әнімен балаларды жайлауға баруға шақырады. Құлындарым кісінеп, Боталарым боздайды. Бұзауларым мөңіреп, Қойымерте қоздайды. -Балаларды жайлауға келдік,енді демалайық,-деп , музыкалық шығармаларды тыңдауға шақырады. «Боталардың желісі» (Е. Хасанғалиев)шығармасының сипатын түсіндіреді. «Еркетайым» әні ( А. Тоқсанбаев) жылдам, көңілді сипатта орындалады. « Ана әлдиі» ( А.Меңжанова) асықпай,сабырлы сипатта орындалады. Балалар қосыла орындауы үшін үлестірмелі төлдер карточкалары беріледі. Балаларды музыканы тыңдап,әуенді ажырата білуге дағдыландыру,үйрету. 2-3 мәрте қайталау. Шығарманың үзінділерін тыңдау. Дидактикалық ойын: « Анасын тап!» Ән салайық,шырқатайық, Әуеніне тамсанайық, « Ойыншықтар» әнін біз Үйренейік,айтайық. Ән үйрету: « Ойыншықтар» ( И. Нүсіпбаев, Н. Әлімқұлов). Би: « Шөжелерім» (қыздарға), « Тұлпарым» ( ұлдарға, « Б. Бисенова жинағынан») биін үйретеді.( «Билеп үйренейік» жинағында үлгілері көрсетілген). Қииылды ойын: «Кімге қай төл ұнайды?».Ол ұйымдастыру арқылы балалардың көңіл күйін көтеруге тырысады.Үстел үстінде тұрған барлық төлдердің атрибутын бастарына киіп,сол төлдердің дыбысталуын,қимылын әр бала жеке-жеке көрсетеді.Бұл ойынды жылдам қйымдастыру керек. Күннің екінші жартысында ойынды қайталап үйретіп, төлдер жарысын өткізуге болады. Төлдерді қатарласып тұрып,арнайы ойнатылған музыкамен шауып барып,белгіні айналып келіп орнына тұрады. |
Жайлауға ұлдар мен қыздар қол ұстасып,ауыспалы адыммен жүріп билеп барады.
Шығармаларды отырып тыңдайды.
Бірінші шығарманың сипаты-жігерлі. Екінші шығарманың сипаты-көңілді. Үшінші шығарманың сипаты-сабырлы.
Дидактикалық ойын үлестірмелі карточка арқылы шығарманы тыңдап,төлдерді ажырата білуге тырысады.
« Ойыншықтар» әнін үйренеді. Қыздар «Шөжелерім» биінің ырғақтарын жасай білуге талпынады,бас-қолдарын қимылдатады . Балалардың ойын арқылы көңіл күйлері көтеріледі,эмоциялары білінеді.
Балалар төлдер атрибутын таңдап киін,даусын,қимылын салуға тырысады. Балалар рйынды жалғастырады,төлдер болып жарысады.
Шығапманы тыңдайды,шауып жүруге талпынады. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалардан қайда барғандарын сұрайды. -«Хайләйлім» шығармасының композиторы кім? -Шығармалардың сипаттары қандай болды,атап айтыңдар. -Бүгін қандай ән үйрендік? Балаларды мадақтайды, қоштасады. |
Жайлауға бардық. Композиторын бірнеше суреттің ішінен тауып айтуға тырысады. Сабырлы,жігерлі,көңілді «Шөжелерім» «Тұлпарым» |
