- •Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық үлгі жоспары
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
Күтілетін нәтиже :
Біледі :қазақтың халық әнінен хабардар болуы,халықтық,ұлттық деген сөздерді білі керек.
Игереді : ортақ.ақпыз,қара,сарымыз,достық деген түсініктерді.
Меңгереді : үлкен және кіші қоңыраулардың даусын ажырата білуді,биге шақыру дағдыларын.
№ 49-50 технология лық карталар
Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі : Музыка
Тақырыбы : «Көктем»
Мақсаты :балалардың музыкаға қызығушылығын арттыру.Музыкалық шығармаларға эмоциялық қатынастарын дамыту.
Көрнекілік : көктем көріністерінің суреттері.
Сөздік жұмыс : бүршік,сай-салада су ағады.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Көңілді музыка әуенімен балаларды қарсы алады.Амандасады.Шаттық шеңберіне тұрғызады. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Келіп шыққан күнге, Күніміз жарық болсын! Ауамыз таза болсын! Суымыз мөлдір болсын)
Көктем,көктем,көктемде Құстар келіп жеткенде, Біз қуанып қаламыз, Әнмен қарсы аламыз. Көктем көріністері бейнеленген суреттерді көрсетіп,қандай жыл мезгілі бейнеленгенін сұрайды. |
Балалар көңілді әуенмен кіреді. Шаттық шеңберін жасап,бір-біріне жылы лебіздерін жеткізеді.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Музыка тыңдау: «Бұл қай кезде болады? Көктем» (Б.Ерзакович, Ш. Ахметов). -Балалар,қазір қандай жыл мезгілі? -Көктемде қандай құбылыстар болады? -Қар, мқз қай кезде ериді?Ағаштар қай кезде бүршік атады?Сендер тағы қандай құбылысты байқадыңдар? -Дұрыс айтасыңдар,күн жылиды, мал төлдейді,жауын жауады.
Өткен әндерді қайталау. Ән айтар алдындағы ережелерді еске түсіріп,бойды тік ұстап,қатты айғайламай,еркін айту.Дауысты жаттықтыру. Әндердің мәтінін қайталап, нақышына келтіріп айту.
Ән үйрену: «Көктем» (К.Қуатбаев,А.Асылбек).Музыка жетекшісі әнді нақышына келтіріп орындап береді.Алдымен мәтінін қайталап,содан кейін әніне қосып айтады.Педагог балалардан ән не туралы екенін сұрайды.Ән көңілді ,жеңіл орындалады.
Әуенді –қимылды ырғақ: «Қақпа» (Өңдеген Р.Рустамов).Бірінші бөлімінде балалар қақпа жасап,шеңбер бойында қолдарын жоғары ұстап тұрады.Ортада бір бала қақпадан кірріп-шығып жүгіріп жүреді. Музыка аяқталғанда қақпа жабылып,балалар қолдарын түсіреді.Бала қақпаның ішінде қалып қойса,екінші бөліміндегі музыка әуенімен билейді.Шеңбердегі балалар қол шапалақтайды.Ойын қайталанады.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді. Көктем Көктемде күн жылиды,ағаштар бүршік атады.
Сұраққа толық жауап беруге тырысады.
Балалар өткен әндерді естеріне түсіріп,бірнеше рет қайталайды.
Балалар жаңа әннің не туралы екенін түсініп,әуенін еске сақтауға тырысады.
Ойынды қызыға ойнайды.
Айыпты болған бала би билейді. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
-Сонымен ,бүгін қандай жыл мезгілі туралы сөз болды? Балаларды мадақтайды,қоштасады. |
Көктем туралы. Көңілді әуенмен топтарына тарайды. |
