- •Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық үлгі жоспары
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әуенді соңына дейін тыңдауды, нақышына келтіре айтуды, таныс әуендерді ажыратуды.
Игереді: музыканы тыңдап, домбыра аспабымен танысады.
Меңгереді: домбыра аспабының үнін ажыратуды, күйді тыңдай білуді. Әнді жеке және хормен орындай алуды.
№15-16 технология лық карталар
Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Біздің Алматы»
Мақсаты: әуеннің ырғақ екпінін сезіне білуге, салыстыруға, әуенге сәйкес қозғалуға дағдыландыру. Әнді көңілді, ашық дауыспен, таза орындауға үйрету.Туған жеріне, қаласына сүйіспеншілік сезімін ояту.
Көрнекілік: «Алматым» атты сурет көрмесі немесе слайд, троллейбус маекті.
Сөздік жұмыс: Алматы, Алатау, көлік, троллейбус.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Музыка жетекшісі іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Үнтаспада «Алматым» әні орындалып, жетекші балаларды қарсы алады. -Балалар, бүгін біз әсем қала Алматыны аралап қыдырайық. Гүл жайнаған атырабы Алты қырдан шақырады. Көңілге нұр төккен қала-Алматы, Көктем қала, көркем қала-Алматы. (М.Әлімбаев) -Қала өте үлкен. Сондықтан да көлікке отыруды ұсынамын. Қандай көлікке отырамыз, жұмбақтың шешуін табыңдар: Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді. Өзіне адам мінеді, Ол не, ал кім біледі ? (Торллейбус) |
Балалар әуен ырғағымен кіріп, «Сүйікті Алматы» атты сурет көрмесін немесе слайдты тамашалайды. Алматы туралы білетін тақырыптарын айтады. Қаланың көрікті жерлері туралы әңгімелейді. Жасырылған жұмбақ шешуін табуға тырысады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Балаларға троллейбус макетіне жалғастыра қойылған орындықтарға отыруды ұсынады. Бәрі : Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді, Бип-бип! -Абай даңғылының бойымен жүріп келеміз. Қандай әдемі үйлер! Міне, циркке де жеттік. (Суретін көрсетеді.) -Циркте не көруге болады? Сендерге цирк ұнай ма? Әуенді қимыл: «Күлдіргіштер» (Д.Кабалевский) биінің қимылдары көрсетіліп, балалардың қайталауы сұралады. -Көліктен орын аламыз. Балаларға троллейбусқа отыруды ұсынады. -Алдымызда-Республика сарайы.Мұнда түрлі ән кештері, концерттер өтеді. Халық келіп ән тыңдайды, демалады. Біз де сүйікті қаламыз туралы ән тыңдайық. Ән тыңдау: «Алматы» (Е.Хасанғалиев,А.Асылбек). -Әнде Алматы қаласы туралы не айтылыды, әннің сипаты қандай?-деп балаларды әңгімеге тартады. -Қала көшелерін аралап, қызықтадық. Енді көңілді әнге кезек берейік.Дауыс жаттығуы: «Жоғары-төмен» . Гүл-гүл жайнап бәріміз, Кіреді біздің сәніміз. Әдемі де әуенді Ән салайық бәрәмәз. Ән үйрену: «Біз өмірдің гүліміз» (Б.Ғизатов,Ә.Дүйсенбиев) Әнін орындап, ән сипатын ажыратуды, ән мәтінін әңгімелеуді сұрайды. Ән ырғағын шапалақпен көрсетіп, әуенге ілесулерін қадағалайды. Әннің көңіл күйін бере шаттана, жарқын айтуға машықтандырады. Ойын: «Жұбыңды тап!» (орыс халық әуені).Ойынды 6,8 жұпқа бөлініп ойнайды. Шығарма бөлімінің ауысуына көңіл бөлуі, әуеннің басталуы мен аяқталуына сай бірге қимылдауларына мән беріп, қадағалайды. Көңіліміз көтеріліп, Ойын ойнап , биледік. Қаламыздың көшесінде Серуендеп көп жүрдік. -Енді троллейбусқа отырып, бақшамызға оралайық,-деп көлікке отыруды ұсынады. |
Троллейбустан орын алып, жайғасады. Жүргізуші тағайындалады. Өлең жолдарын қайталайды. Суреттерге, слайдқа қарап әңгімелеуге, көргендерін айтуға тырысады. Күлдіргіштер қимылын көрсетіп, шаттанады.
Көлікке қайта отырып, көңілді әндетеді.
Республика сарайының суретін тамашалайды.
Әнді тыңдап түсінгенін, мазмұнын айтады.
Ән көңілді ,әдемі.
Дауыс жаттығуын нақышына келтіріп айтады. Қолдарын жоғары көтеріп, төмен түсіріп, әуенмен бірге қозғалады.
Әнді бірге қосыла айтуға тырысады. Ән ырғағын шапалақпен көрсетіп, әуеннен қалыспауға, сөздерін есте сақтауға үйренеді. Ұлдар өздеріне жұп таңдап, қыздарды ойынға шақырады. Музыка ырғағын тыңдап, бірге қозғалып, ойын шартын сақтауға машықтанады.
Троллейбусқа отырып, әндетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік. |
Бақшамызда арайлы, Күн шуағы тарайды. Апалар мен балалар Қол бұлғап бізге қарайды.
-Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? -Қандай көшелермен жүрдік? -Қандай көлікке отырдық? -Қайда бардық? Нелерді көрдік? Жауаптарын тыңдап, балаларды мадақтайды. «Менің Алматым» тақырыбына сурет салуға тапсырма береді. |
Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, қалаға жасаған саяхатты естеріне түседі. Қуана қоштасып шығады. |
