- •Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық үлгі жоспары
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
Қорытынды нәтиже:
Біледі: музыканың динамикалық түрлерін ажыратуды.
Игереді: музыканы тыңдап, түстері арқылы табуды.
Меңгереді: «Кел, билейік» би элементтерін жасауды.
№ 9-10 технологиялық карталар
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Күзгі орман»
Мақсаты: музыкаға әсерленуі байыту, дыбыс жоғарлығын, ырғақтық, тембрлік динамикалық есту қабілетін дамыту.Әртүрлі жанрлар (марш, полька, вальс) түсініктерін қалыптастыру.
Көрнекілік: қуыршақтар, Аю, Тиін, Түлкі, әже, үстел үсті, ширма, текшелер, бұлтты күн, құбылмалы күн.
Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ тереміз, күз келді.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық
Ұйымдастырушылық -ізденістік |
Балаларды А.Затаевичтің «Қазақ маршы» шығармасын қарсы алу. Шеңбермен жүруді, жүгіруді, жеңіл би ырғақтарын үйрету.
«Күзгі орман» суретін балаларға көрсетіп, орманда қандай аңдардың мекендейтін сұрайды. -Өздерің білетін аңдардың қимылын салып көрсетіңдерші. -Балалар,бәріміз бірге күзгі орманға атарбаға отырып барайықшы: Атарбаға мінеміз, Күзгі орманға келеміз. Аңдарменен дос болып, Саңырау құлақ тереміз,- деп балаларды отырғызады. Мызыка тыңдау: музыка жетекшісі балаларды музыка тыңдауға отырғызады, сипаттарын түсіндіреді. «Жанрды ажырат» Әуенді-дидактикалық ойыны арқылы ән тыңдап, жанрын ажыратуға үйретеді. 1.«Сәби қуанышы» ( Е.Құсайынов ) - көңілді ырғақ. 2.«Мерекелік марш» ( Б.Дәлденбаев ) - жігерлі 3.«Вальс» ( Қ.Шілдебаев ) - сабырлы. «Баспалдақпен шығамыз» ( Е.Тиличеева ) жаттығуын жасату. Балаларға: «Көлікке мінеміз, орманға барамыз», -деп шеңбермен алып жүреді. «Күзгі орман» ертегісін Қуыршақ театры арқылы ойнауды үйрету. Әже, қыздар, Аю, Түлкі. Ертегіні қуыршақ театры арқылы ойнап, әндерін, қимылдарын ұсыну. Ән үйрену: «Саңырауқұлақ тереміз» ( Г.Абдрахманова ) әні үйретіледі. Би: «Кел,билейік» ( Б.Байқадамов, М.Әлімбаев). Би қимылдарын көрсетіп, («Ақжелкен» үнтаспа сынан ) жеңіл би ырғағын үйретеді.
Дидактикалық ойын: «Қасқыр мен қояндар» қойылымын ( Ж.Бизенің «Кармен» шығармасынан ) үйретеді (би қимылдары үлгіде берілген). Балаларды орындарына отырғызып, текше арқылы жігерлі, көңілді, сабырлы сипаттарды ажырату ойынын ұсынады.
|
Балалар әнмен жүгіруді, би ырғақтарын қайталауды үйренеді.
Балалар «Күзгі орман» суретіне қарап, орманда қандай аңдардың бар екенін айтады. Білетін аңдардың қимылын салып жүруге тырысады.
Бір баланың артынан екеу-үшеуден тұрып, шауып жүреді. Балалар сөзін қайталап айтуға, сол ырғақпен шауып жүруге тырысады.
Балалар тыңдап, сипаттарын ажыратуға талпынады.
Балалар жаттығуды еркін орындайды, үйренеді. Көлікке мініп, шеңбермен жүріп келеді. Балалар ойыншық қуыршақтарды қолдарына киіп, кйиіпкерлердің сөзін, қимылын, әнін айтуға үйренеді. Балалар әнді көңілді қимылмен орындауға талпынады. Балалар жеңіл билеуге үйренеді. Шығармманың ырғағын іштей сезініп, қуана билейді.
Балалар текшелерді дұрыс ажыратуға тырысады. |
Рефлексиялық –түзетушілік |
Балалардан орманда қандай ән-билерді көрген, үйренгенін сұрайды. Мадақтайды,қоштасады. |
Балалар кейіпкерлерді есіне түсіріп, жауап беруге тырысады. |
