- •Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық үлгі жоспары
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
Күтілетін нәтиже :
Біледі : музыканы тыңдап ,жуан- жіңішке дыбыстарын ажыратуды.
Игереді : дидактикалық ойынды текше арқылы ажыратуды.
Меңгереді : музыканы тыңдап ,би қимылдарын жасауды.
№ 65-66 технология лық карталар
Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі : Музыка
Тақырыбы : «Әуенді сандықша »
Мақсаты : музыкаға қызығушылығын арттыруға, түрлі сипаттағы әндерді орындауға үйрету,музыкалық фразалар арасында тыныс алуға ,әуенге сәйкес би жанрларын ажыратуға баулу. Би қимылдарын ауыстыра білуге,аспаптарда ырғақты сезіне ойнауға үйрету.
Көрнекілік : ғажайып сандықша ,сылдырмақтар ,бубендер, жұмсақ ойыншықтар ,қуыршақтар.
Сөздік жұмыс : сандықша,полька ,вальс ,марш.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балаларды көңілді қарсы алып,«Серуендейміз , демаламыз» (М.Красев) әуеніне қыдыруға шақыру.Қол ұстасып,зал ішінде еркін жүргізу. Әуен соңында тоқтап,шеңбер бойымен тұруларын сұрайды. Ал, кәнекей ,тұрайық, Шеңберді біз құрайық . Балаларға сандықшаны көрсету.Сандықшаны ашып, ішінен аспаптарды (барабан , бубен ,қоңырау)алады. Аспаптарды алайық, Біз оркестр құрайық,- Деп «Барабаншы»-аспаптарда ойнауға үйрету. |
Балалар қол ұстасып , зал ішінде еркін жүріп қыдырады.
Шеңбер құрып тұрады.
Сандықшаны көріп,қызығушылықтары артады. Қалаған аспаптарын алып,оркестрде ойнауға дайындалады.Әуенді , ырғақты сезіне отырып, аспаптарда ойнайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
-Жарайсыңдар ,балалар! Енді аспатарды жинайық, отырып демалайық! Жайғасып отырыңдар. -Әуенді сандықшаны ашып көрейік.Сандықша ашылып ,әсем әуен естіледі. Педпгог сандықшаға құлағын тосып тыңдағандай болады. -Балалар ,ғажайып сандықша «Әуенді тыңдап,ажырат»-деген тапсырма ұсынады. Әуенді мұқият тыңдап, сипатын анықтайды. Әуенді-дидактикалық ойын: «Ырғағын ажырат». «Итальяндық полька» (С. Рахманинов) «Бесік жыры» (халық әні), « Жалаушамен жаттығу» (Е.иБурсиловский) музыкалары ойналып,балаларға ырғағын ажыратуға тапысрма беріледі. Дауыс жаттығуы: « Сағат пен елек» айтылып, балалардың дауыс ырғақтарын бақылайды. Сандықшаны қолына алып, келесі тапсырманы ұсынады. Мен өнерпаз баламын, Шырқап әнге саламын. Өскенімде ертең-ақ, Әнші,биші боламын. Музыка үйрену: « Жан сырым» ( Е. Өміров, Х. Талғаров) әнін орындап,мұқият тыңдауларын сұрайды. Ән мазмұнын әңгімелеп,сипатын анықтауға ықпал етеді. Әнді екінші рет орындап, ән әуеніне қосылуды және шапалақпен ырғақты көрсетуді сұрайды. Тағы да ғажайып сандықшаны ашып,әуенді тыңдатады. -Балалар, ғажап сандықша бізді көңілді ойынға шақырады. Ойын: « Бәсең және көтеріңкі» ( Е. Хасанғалиев, А. Асылбек). Ойын шартын түсіндіріп,қуыршақтарды жай, ақырын және ашық жарқын дауыспен әндете тербетулерін сұрайды. |
Балалар аспаптарды жинайды,жайғасып отырады.
Сандықшаның әуенін тыңдап, алаңдайды.
Әртүрлі сипаттағы жанырларды тыңдап,ажыратады.
Таныс әуендердің атын атап, суреттерін көрсетеді.
Жаттығуды көңілдене айтады,дауыстары ашылып, ән айтуға дайындалады.
Көңілді әнді тыңдап, мәтінін түсінуге тырысады. Ән туралы әңгімелеп,өз ойларын білдіреді.
Әнге қосылуға әрекеттеніп,ырғақты шапалақпен көрсетеді.
Балалар ойын шартын ұсынады.Қуыршақтарды алып,жайғасып отырады. Әнді жай және қатты айтып,ойын шартын дұрыс орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Би : «Біздің ойыншықтар». Аю, қасқыр,жолбарыс, Арыстан мен піл,барыс, Ойыншықтар ,тұрыңдар, Ойын-сауық құрыңдар,-деп ойыншықтармен биге шақырады.Би қимылдарын көрсетіп , үйретеді. Би кезінде ойыншықтарды құрыс ұстауларын,бірге қозғалып,қимылдатуларын қадағалайды. -Ғажайып сандықша қандай тапсырмалар берді? -Әуені қандай екен? -Бүгін сендерге не ұнады? |
Балалар ұнатқан ойыншықтарын алып,бөлме ішінде қатарласа тұрады.Би қимылдарын бірге бастап, қуыршақтармен билейді.
Қойылған сұрақтарға көңілден жауап береді,өз ойларын білдіріп,әңгімелейді.
|
:
