Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана тех план 2мл гр.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже :

  Біледі : музыканы тыңдауды,көңілді-көңілсіз,жуан-жіңішке сипаттарын ажыратуды.

 Игереді : музыканы тыңдай отырып,қуыршақ театры арқылы рөлдерде кейіпкер даусын салып ойнауды.

Меңгереді : музыкалық шығармаға би ырғақтарын келтіре билеуді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

           

 

 

 №35-36 технология лық карталар

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі : Музыка

Тақырыбы : « Сиқырлы ормандағы құртақандар» 

Мақсаты: музыканы есту қабілетін дамыту,әнді орындаушылық қабілетін ояту,әуендә сезіну,ырғақты ажырата білуге баулу.

Көрнекілік :  жұмсақ ойыншықтар,қуыршақ құртақан,музыкалық аспаптар:үшбұрыш,қоңырау,бубен,маракас,металлофон;сандықша,үлкен қар,кішкентай шырша.

Сөздік жұмыс : қыс,қар таяқшалары,құртақан(гном)

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды көңілді күймен қарсы алады.

Бүгін барлығы сиқырлы орманға баратынын айтады.

Музыка тыңдау: «Вальс»(П.Чайковский,үнтаспадан тыңдау).Балаларды жұптасып ,жай ырғақпен жүруге үйретеді,музыканы тыңдай жүріп ырғақты дұрыс жасауды қалыптастырады.

«Табиғат құбылысы» (үнтаспадан тыңдалады).Балаларға жауып тұрған қар ұшқындарын көз алдына елестетіп ,аяқ ұшымен жүруді,қолдарымен қар ұшқындарын ұстауды сұрайды.Музыка әуенімен педагог жүгіре басып,үлкен қарды алақанына салып алып келеді.

-Балалар қардың сендерге айтар хабары бар екен.

Құртақандар көмекке шақырады.

Орманға барамыз,

Құртақандарды табамыз.

Жылдам жүгіреміз,

Адымдап жүреміз,-деп балаларға дауыс жаттығуын жасатады.

 

Балалар залға кіріп,бірінің артына бірі тізіліп тұрады.

 

 

Балалар вальс ырғағымен жүреді,қимылдарды қайталайды,айтуға тырысады.

 

Балалар музыка әуенімен,көз алдына жауып тұрған қарды елестетіп жүгіруге,отырып тыңдауға,және алақанымен қағып алуға тырысады

 

Балалар шеңбер бойымен жүреді,жүгіреді,

адымдайды.

 

 

Ұйымдатырушылық-ізденістік

Дауыс жаттығуы:

«Баспалдақ»

(Е.Тиличеева).Жаттығуды айтқызады,үйретеді.

Балаларды отырғызып,демалуын сұрайды.

 

Ән үйрену: «Қыс»

(Б.Жүсібалив,А.Асылбек).

Балаларға әнді жаттатып үйретеді.

 

Әуенді-қимылды қозғалыс:

«Қоңыраулармен билейміз». Балаларды жеке-жеке шығарып айтқызады:

1-бала:

Келіңдер ,келіңдер

Бізбен ойнап көріңдер.

2-бала:

Келіңдер ,келіңдер

Бізбен билеп көріңдер.

3-бала:

Шапалақтап қағыңдар,

Айналыңдар,билеңдер.

4-бала:

Топылдатып аяқты,

Кезек-кезек соғыңдар!

 

Жетекші қуыршақ құртақанды көрсетеді.Құртақандардың балаларға қоңырау,металлофон,үшбұрыш,маракас,бубен аспаптарын беріп жібергенін айтады.

Аспапта ойнау:

«Сылдырмақ»( орыстың халық әні).

Жетекші балалрға музыкалық аспаптармен қосылып ойнауды үйретеді.

Аспаптарда ойнайық,

Шыршаға барайық,

Бір-екі,бір-екі,

Ырғақты бұзбайық.

Балалар дауыс жаттығуын тыңдай жүріп айтуға талпынады.

 

 

«Қыс» әнін еркін қайталап айтуға тырысады.

 

 

Балалар жеке дауыспен айтуға талпынады.Бірге қол шапалақтауға тырысады.

 

 

 

 

 

Балалар музыканы тыңдап,қимылдарды қайталауға талпынады.

Аспаптарда ырғақты бұзбай ойнауға тырысады.

Аспаптарды ауыстырып ойнауға үйренеді.

Рефлексиялық –түзетушілік

Ойын: «Шаңғы тебеміз»

(Е.тиличеева).

Асыр салып ойнаймыз,

Шаңғыларды байлаймыз.

Ырғақпенен қозғалып,

Жаттығуды жасаймыз.

-Бүгін бізге кімдер келді?

-Сендерге аспапта ойнаған ұнады ма?

Балаларды мадақтайды.

Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады.

Ойын барысында әуенді,ырғақты сезінеді.

Құртақандар

 

Ұнатады.

Қоштасады.