- •Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық үлгі жоспары
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
Күтілетін нәтиже :
Біледі : әнді сезіне тыңдауды,мәтінін әңгімелей білуді ,әуеннің тембрін ажыратуды.
Игереді : жалаушалармен еркін жаттығулар жасауды,ойын саяхатына белсене қатысуды,ән әуенін ,ырғағын шапалақпен келтіруді.
Меңгереді : мемлекеттік рәміздермен танысып,Қазақстан туралы
мәліметтерді ұсынуды.
№ 29-30 технология лық карталар
Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі : Музыка
Тақырыбы : «Жасыл шырша жанында»
Мақсаты : шығарманы аяғына дейін тыңдауға ,әуен сипатын анықтай білуге баулу.Аспаптарда еркін ойнап,игеруге үйрету.Әуенді ойын әрекеттеріне талпындыру ,көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Көрнекілік : кішкентай шыршалар,үшбұрыш,металлофон аспаптары,таяқшаға бекітілген жылтырақ әшекейлер ,шырша ойыншықтары.
Сөздік жұмыс : шырша,ұлпа қар,Жаңа жыл.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Шырша жыры» әнінің (Б.Байсенованың жинағынан)ырғағына балалардың шеңбер бойымен қол ұстасып жүруі ұсынылады.Ән мәтініне сәйкес қимылдарды үйретіп,қайталауды сұрайды. Шеңбер бойымен жүруді ,қайырмасында қолдарын екі жаққа созып,аяқтарын топылдатуды көрсетеді. Жұмбақ жасырып,шешуін табуды сұрайды. Өзгертпейді түр-түсін, Қымбат әркез жұрт үшін (шырша) Ортаға кішкентай шыршаны әкеліп қояды. |
Әуен екпініне ілесе шеңбер бойымен қол ұстасып,жеңіл жүреді.
Қолдарын екі жаққа созып,шыршаны көрсетеді. Аяқтарын бірге топылдатуға ,ырғақпен ілесуге үйренеді.
Жұмбақтың шешуін табады. Шыршаны көріп қуанады.
|
|
Сұлу сәнді шыршаны , Көз тоймайтын қарасаң , Біздер үшін орманнан Жіберіпті мырзаатам,-деп шыршаны ойыншықтармен безендіруді ұсынады.
Әдемілеп біз ілген Ойыншықтары тізілген. Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық баршамыз |
Шыршаға түрлі түсті ойыншықтарды көңілдене іледі,қызығушылықтары артады |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Ән тыңдау : «Шырша әні»(К.Қуатбаев,Ж.Смақов) Балалардан әнді мұқият тыңдауларын сұрайды. -Ән не туралы? -Шырша жырын қай кезде айтамыз?-деген сұрақтар қойып,жауап алады. Дауыс жаттығу: «Шыршамыз» . Міне біздің шыршамыз,ля-ля-ля Ұнатамыз баршамыз,ля-ля-ля Жаттығуды әндете ,ойнақы орындауды ұсынады.
Ән үйрену : «Жасыл шырша жанында»(К.Қуатбаев,А.Асылбек) Әннің мазмұнын түсіне,сәкес қимылдарды бірге жасауға үйретеді, қайталатады. Ұқсап ұлпа жүнге, Жеңіл қонар жерге. Ұлпа қарлар аппақ Икемді екен биге . Құрбылармен бірге Шыр айналып биле.
Би: «Ұлпа қарлар» биін қыздарға билеуді ұсынады.(«Билеп үйренейік» жинағынан).Қар әшекейлерін ұстап ,жеңіл жүгіріп,би қимылдарын жасауға үйретеді. Бізбен бірге жайдары Жарқырайды,жайнайды, Айналамыз шыршаны Ойын ойнап баршамыз.
Аспапта ойнау: «Сағат»әуенін оркестрде ойнауды үйретеді (үшбұрыштар,металлофондар). Екі бөлімнен тұратын ,түрлі сипаттағыәуенді ойнауға дағдыландырады.Балаларға арналған аспаптарда әуен ырғағына сәйкес қатты және жай ойын көрсетеді. |
Әнді ынталана тыңдап,мәтінін түсініп,сұрақтарға жауап беруге талпынады. Шырша туралы өз түсініктерін ,білгендерін айтып береді.
Дауыс жаттығуының әуенін таза,сөзін анық орындайды.
Әнді тыңдап,педагогтің көрсетуімен қимыл-қозғалыстарын қайталайды.
Қар әшекейлерін ұстап,аяқ ұшымен жеңіл жүгіреді,әуенге ілесе баяу қимылдар жасап,бірге билейді. Әуен ырғағына сәйкес бірқалыпты тербеледі.
Көңілді ойынға белсене қайтысып,көңіл көтереді.
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Жасыл шырша төрдегі Дейді : «Бәрің көр мені!» Кеткен әсем құлпырып, Ойыншықтар тұр тұнып!
-Біз шыршаны әсемдеп, безендірдік. -Осы шыршаның суретін салып,туыстарымызға,достарымызға,сыйға тартайық. Белсене қатысқан балаларды мадақтайды. |
Шырша туралы білетін тақпақ,өлеңдерін айтып,қуаныш сезіміне бөленеді.
Балалар қуана келісіп,қоштасып, топқа қайтады. |
