Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана тех план 2мл гр.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже :

  Біледі : музыканы сезіне тыңдауды,ән айтуды.

Игереді : музыкалық аспаптарда ойнауды.

Меңгереді : музыка ырғағымен билеуді,ырғақпен шапалақ қағуды,аяқ  топылдатуды.

 

 

                                      

  

 

 

 № 37-38  технология лық карталар

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі : Музыка

Тақырыбы : «Қыс қызығы » 

Мақсаты: музыканы тыңдап,ырғақты сезінуге баулу.Әнді мәнерлеп айтуға ,

дауыс ырғақтарын жаттығу арқылы дамытуға жетелеу.

Көрнекілік :  ұрмалы аспаптар: бубен, маракас,үшбұрыш;қыс көрінісі бейнеленген  сурет.

Сөздік жұмыс : қыс,шырша,аққала.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушшылық

Балаларды алаңға «Қыс қызығы» ойын –сауығына шақыру.

Қыс қызығы басталды,

Ойнап,асыр салайық.

Сазды әуенмен мәнерлеп,

Ырғақты әнге салайық.

 

Музыка тыңдау: «Жаңа жыл» (Қ.Шілдебаев,қайталау).

 

Балаларды шеңберге тұрғызып,әндете жүріп  бубенді үлестіреді.

Бірімізге-біріміз

Бубенді үлестіреміз.

Кімге келіп тоқтаса,

Би ырғағын көреміз.

 

Әуен тоқтағанда бубен қай балаға түссе,сол баланы ортаға шығарып,ойын шартын түсіндіреді.

-Біз бубенді ырғақпен соғамыз,ал сен ырғақты бұзбай билеп бересің.

Барлық балаларға сылдырмақ,бубен,маракас,т.б

ұрмалы аспаптарды үлестіріп береді.

Біз ырғақты қағамыз,

Бір,екі,үш,төрт,

Жылдамдатып соғамыз.

Тез-тез,тез-тез,тез-тез,

Жай,жай,жай,жай.

Тоқтат,тоқтат ырғақты,-деп бірнеше бала қайталайды. 

 

Күлдіргіш кейіпіне педагог жүгіріп келеді.Жеделхат алып келіп, оқиды:

«Аққала көмекке шақырады».

«Үш аю өз өнерін көруге шақырады».

«Қояндар жарысқа шақырады».

Күлдіргіш балалармен аяғына дейін бірге ойнайды.

 

 

Балалар ойын-сауыққа көңілдене шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бубенді әндете жүріп үлестіруге тырысады.

Ортаға шыққан бала ырғақты тыңдап,би қимылдарын есіне түсіруге талпынады.

 

 

 

 

 

 

Балалар аспаптарды қолдарына алады.

 

 

 

 

 

Ұрмалы аспаптармен ырғақты қайталап соғуға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар шақырған кейіпкерлерді естеріне түсіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Шаңғы тебеміз» (Е.Тиличеева) ән жаттығуымен Аққалаға көмекке баратындарын  түсіндіреді.

Ойын : «Аққаланы қай топ бірінші қалап бітіреді».

«Қыс» (Б.Жүсібалиев,А.Асылбек) әнін Аққалаға  айтып беру керегін айтады.

 

Ән жаттығуымызды айтып,енді Үш аюдың өнерін көруге барайық.

Ойын : «Ырғақты жұмбақ».

Аспаптар ырғағы арқылы анықтау.Бұл қай  аюдың жүрісі?

*Ауыр,жай ырғақ.

*Орташа ,көңілді ырғақ.

*Жеңіл,көңілді ырғақ.

Балалардан қонжықтың және әке аю мен ана аюлардың жүріс ырғақтарының айырмашылығын сұрайды,түсіндіреді,үйретеді,

Қайталайды.

Енді ән жаттығуымен жарыса шақырған қояндарға баруды ұсынады.Қояндар (педагогтер) қарсы алады.Қояндар балаларды үш топқа бөледі,қолдарына ұрмалы аспаптарды таратады.

Ойын : «Көңілді ырғақ».

  Қоян дирижер рөлінде.

Ырғақ пен өлшемге арналған ойын.Жай, бірте-бірте жылдам және тез ырғақ.

 

«Ақшақар» (К.Қуатбаев,

Қ.Ыдырысов) әнін қайталау.

Жаттығуды қайталап айтуға тырысады.

 

 

 

Ойын ойнайды. «Қыс» әнін еркін орындайды.

 

 

 

 

 

«Үш аю»ертегісін естеріне түсіреді.

 

Балалар ырғақты тыңдайды.

 

 

 

Әке аю

Ана аю

Қонжық

Қонжықтың және үлкен аюлардың жүріс ырғақтарының айырмашылығын айтуға талпынады.

 

 

 

 

Балалар жаттығуды айтып қояндарға барады,үйренеді.

 

 

Дирижерға қарап,қызығушылықпен қатысады.

Қимылдарының ырғағы мен өлшемін ажыратуға талпынады.

Балалар әнді мәнерлеп айтады.

 

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар сендер бүгін қандай мерекеге бардыңдар?

-Кімдерді кездестірдіңдер?

 

Қыс қызығы мерекесіне.

Аю,аққала,қоян,

Күлдіргіштерді.