Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана тех план 2мл гр.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже :

  Біледі :түрлі сипаттағы әнді сезіне тыңдауды,әнді сипатына сай мәнерлеп анық айтуды.

Игереді : музыкалық ойын әрекеттерін  әуенмен  көрсетуді,би қимылдарын ойлап табуды.

 Меңгереді : әуенге ілесе таныс би қимылдарын еркін жасауды, ойын кейіпкерлерінің қимылын,іс-әрекеттерін өз беттерінше көрсетуді. 

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    №33-34 технология лық карталар

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі : Музыка

Тақырыбы : Қуыршақ театры: «Ақтөс пен Марғау» 

Мақсаты: музыканы тыңдауды, музыканың көңілді-көңілсіз ,жуан-жіңішке түрлерін ажырата білуге баулу.Дауыс ырғағына сай жаттығу жасауды үйрету .

Көрнекілік :  театр сахнасы ,қуыршақтар.

Сөздік жұмыс : Жаңа жыл.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері .

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Музыка жетекшісі балалардың тобына барып, «Қуыршақ театрын» көруге шақырады.

Жетекші балаларды Ертегіші кейпінде қарсы алады,амандасады.

Ертегіші : Балалар,бүгін бізге қонаққа Марғау мен Ақтөс келді.Олар бір-бірімен келіспей,бір нәрсеге таласып жатқан сияқты.Тыңдап көріңдерші.

(Қуыршақтардың даусын Ертегіші өзі салып ойнайды.) Марғау (даусы алыстан естіледі):Мияу-мияу,мен айтамын.

Ақтөс:Әуп-әуп,мен айтамын.

Ертегіші :Дауыстарын естіп тұрсыңдар ма,балалар?

Мысық Марғау қалай дыбыстайды?

Ал Ақтөс ше?

Балалар музыка залына үлкен қуанышпен келеді.Амандасып ,

орындарына орналасады.

 

Балалар Марғау мен Ақтөстің дауыстарын естіп,түсінуге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мияу-жіңішке

Әуп-әуп –жуан.

 

 

 

 

Марғау :Мияу-мияу,мен айтамын.

Ақтөс:Мен,айтамын,әуп-әуп.

Ертегіші:Ақтөс,Марғау,сендер  неге италасып жатырсыңдар?

Балалардың эмоциялары өзгереді,қуанады.

 

Әнді айтуға таласып жатыр.

 

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ақтөс: «Жасыл шырша жанында» әнін мен айтамын (мұңайған кейіп танытады).

Ертегіші :Сендер таласпаңдар,әнді бірге айтыңдар,ал біз сендерге көмектесеміз.

-Балалар,Марғау мен Ақтөс көңілді ме,жоқ көңілсіз бе?

Музыка тыңдау: «Сәләмет пе, Аязата»(Б.Дәлденбай,И.Сапарбай)

Ақтөс пен Марғау көңілдене қосылып айтады.

Марғау жылайды.

Ақтөс :Сен неге жылап отырсың?

Марғау : Қазір сен кетіп қалсаң,Түлкі мені алып кетеді.

Ақтөс :Онда біз Түлкіні алдаймыз.Сен менің үйіме кіріп жат.

Ертегіші :Балалар,Түлкі келгенде қалай алдаймыз,көмектесесіңдер ме?

Түлкі (келеді):Мен Түлкімін,Түлкімін,қайда кетті мысығым?

Ертегіші :Түлкішек,сен кімді іздеп келдің?

Түлкішек :Мен Марғауды Жаңа жылымен құтықтайын деп едім.

Ертегіші: Түлкішек,сен бізге өнеріңді көрсетсең,біз саған Марғауды тауып береміз .

Түлкішек :Сендер маған қандай ән сыйлайсыңдар?

Ертегіші :Біз саған «Жасыл шырша жанында»әнін (К.Қуатбаев,А.Асылбек)тарту етеміз.

Балалардың әнді қайталап айтуын сұрайды.

Түлкішек :Рақмет,достарым!Менің дорбамда сендерге алып келген тапсырмам бар.

Дауыс жаттығу:

«Баспалдақ».Жаттығуды төменнен жоғарыға бастауды түсіндіреді(қолымен төменнен жоғарыға қарай баспалдақпен сермеп бірте-бірте жоғарылай береді).

Түлкішек :Мына сандықшаның ішінде түрлі текшелер бар екен,текшелерді сендерге сыйға тартамын,ал сендер шешуін табыңдар.

Түлкі сандықшаны ашып,ойындарды балаларға үлестіреді.

-Сендер текшеге қарап,ондағы қимылдарды көрсете аласыңдар ма?

Ертегіші балаларға би қимылдарын музыка сүйемелдеуімен қайталауды ұсынады.

Ойын : «Сөйлейтін бубен».

«Шапалақ», «Секіру», «Жұптасу» қимылдарын көрсетуді ұсынады.

Дорбаның ішінен тағы да Қасқыр мен Қояндардың суреті шығады.

Ертегіші балалардың Ж.Бизеннің «Қасқырлар мен Қояндар» қойылымын қайталап билеуін сұрайды.

Ертегіші :Түлкі,саған көп-көп рақмет.Сенің алып келген тапсырмаларыңды біз жақсы орындадық.Енді біз саған Марғауды тауып береміз,олүшін екеуің тату болуларың керек,-деп Марғауды шақырып,екеуін татуластырады,қоштасады.

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөскөңілсіз.

 

Балалар әнді қосылып орындауға тырысады.

 

Балалар Марғауға мұңая қарайды.

 

 

 

 

Балалар Түлкіге айтуға уәде береді.

Түлкі қу.Марғауды жасыру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар әнді естеріне түсіруге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығуды 2-3

мәрте қайталайды.

Балалар текшеге қарап,қолдарымен көрсетіп,айтады.

Текшедегі қимылдарды қайталауға тырысады.

 

 

 

Балалар сандықшадан шыққан түрлі суреттерге қарап,Ертегішімен бірге қайталап билеуге тырысады.

 

 

 

Ойынды 2 мәрте қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар Қасқырлар мен Қояндарға,

Түлкішек пен Марғауға қол бұлғайды.

 

 

 

 Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар,сендер өте жақсы қатыстыңдар,әдемі биледіңдер.

-Бізге Түлкішек қандай тапсырма әкелді?

-Қандай би түрлерін биледіңдер?

-Балалар,сендерге келесі жолы тағы да қонақтар шақырамын.

Сендер үйренген биді,әнді,ойындарды топта, үйде қайталаңдар,-деп балаларды мадақтайды, қоштасады.

 

 

Жаттығулар текшелер алып келді.

Секірдік ,шапалақты ырғақпен ұрдық,Вальс ырғағына қимылдадық.