Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана тех план 2мл гр.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

Қорытынды нәтиже:

Біледі : әуеннің түрлі бөлімдерін   және дыбыс биіктігін ажыратуды ,әнді жеке және хормен мәнерлеп айтуды.

Игереді :  ұрмалы ұлттық аспаптардың үндестігін тыңдап,бірігіп оркестрде ойнауды.

Меңгереді : ауыспалы әуенге сай би қимылдарын  көрсетуді ,әнді сипатына,Көңіл күйіне сәйкес орындауды.

                   № 71-72   технологиялық карталар

 

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі : Музыка

Тақырыбы : « Біздің оркестр »

Мақсаты :  шығарманы зейін қойып тыңдауға ,аспап дыбыстарын ажырата білуге,ырғақпен ойнай білуге дағдыландыру.Оркестр туралы мағлұмат  беріп, аспаптарда  ойнау тәсілін үйрету,шығармашылыққа баулу..

Көрнекілік:  оркестр,дирижер суреттері,ұлттық  музыкалық  аспаптар.

Сөздік жұмыс :  дирижер, оркестр,концерт.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

   Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларға «Қазақ маршы»(Е.Затаевич) әуеніне шеңбер бойымен жүруді ұсынады.Шеңберден шықпай,тізбектеле жүруін,тұлғаларын түзу ұстап, бастарын көтеріп жүрулерін қадағалайды.

Асығып жүгіріп саспайық,

Көңілді жаттығуларды бастайық! «Жаттығу» (А. Райымқұлова ,

А.Асылбек) әуеніне шеңбер бойымен тұрып, ән мәтініне сай аяқ топылдатуды, қол шапалақтауды көрсетіп,

үйретеді.

Балаларды екі топқа бөліп, кезекпен жаттығуды орындауды ұсынады.

Балалар тізбектеле,шеңбер бойымен, әуен екпінімен жүреді.

Бастарын көтеріп, аяқтарын нық басады.

Балалар шеңбер құрып тұрады.

Жаттығу көрсеткендер-ішкі шеңберге, шапалақтап тұратындар –сыртқы шеңберге тұрады.

Ырғақты сезіне қол шапалақтайды,аяқ топылдатады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға оркестрдың суретін көрсетіп, әртүрлі аспаптар туралы түсінік береді.Балалардан таныс аспаптарын атап, көрсетулерін сұрайды.Барлық аспаптардың қосылып, үндесіп,әсем әуен шығаратынын жеткізеді.Дирижердің суретін көрсетіп, атқаратын қызыметі туралы ұғындырады.Бірнеше оркестр суретін көрсетіп,мәлімет береді. Музыка тыңдау : «Сарыарқа» күйін ( «Құрманғазы» оркестрінің орындауында) үнтаспадан тыңдатады. Күйді сезіне тыңдап, әңгімелеулерін сұрайды.

-Балалар ,әнді әдемі айту үшін, даусымыз жарқын шығуы үшін не істейміз?

Дауыс жаттығуы : «Керней» (Д. Ботбаев, А. Асылбек) айтылып, «та-ра» буындарын анық айту үшін бірнеше рет қайталайды.

Біз өнерпаз баламыз,

Біз де билей аламыз,

Аспаптарда ойнаймыз,

Ән де шырқап саламыз!

Ән үйрену  : «Біздің оркестр» әнін балаларға орындап береді. Әнді зейін қойып тыңдатып, не туралы айтылатынын сұрайды.

Әннің  1- шумағын орындап, балаларға қосылып айтуды ұсынады.

 

Әуенді-дидактикалық ойын : «Сырнай мен даңғыра» Ойын шартын түсіндіреді.Балалардың имитацияя түрінде  аспаптарда ойнау қимылын бірге көрсетулерін сұрайды,әнді ырғағымен, әндете айтуларын қадағалап, ескертеді.

Суретке қарап, оркестр ,

дирижер туралы түсінік алады.

Таныс аспаптарды атап, суреттен көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күйді тыңдап, әсерленіп ,көңіл күйлері көтеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

Дауыс жаттығуын әндете, дауыстап айтуға талпынады. «Р» әрпін анық айтуға,дұрыс тыныс алуға тырысады.

 

 

 

 

Көңілді әнге еліктеп,аспаптар атын бірге әндетеді.

 

 

 

 

 

 

Әннің мазмұнын түсініп, жеткізе білуге әрекеттенеді.Балалар ойынға белсене араласады.

Әннің әуенін дәл келтіріп, аспаптарда ойнауды имитация арқылы көрсетеді.

 

Рефлексиялық-түзетушілік

«Еркем-ай»әнін оркестрде ойнауды ұсынып,балаларға өздері қалаған аспаптарын  таңдауға мүмкіндік береді.

-Оркестрде қандай аспаптар ойнайды?

-Дирижер деген кім?

-Біздің оркестрімізде қандай аспаптар бар?

-Жаңа әннің сипаты, екпіні қандай?

Сұрақтар қойып,оқу іс-әрекетін бекітеді.Балаларды мадақтайды.Үйде қатты қағазға домбыра суретін салып, қиып әкелуді ұсынады.

Балалар аспаптар таңдап алып, әннің ырғағымен өз партияларын орындайды.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Концерт , теледидардан көрген ,тыңдаған оркестрлері туралы әңгімелейді.