Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана тех план 2мл гр.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже:

 Біледі: әуен екпінін сезіну, әнді сипатына сәйкес айту, әуенді таза айта білуді.

 Игереді: музыканы тыңдай отырып, көлікте жүруді, әуенге сәйкес қимыл жасауды, түрлі сипаттағы әуенді салыстыруды.

Меңгереді: сүйікті қаласы туралы, сәулетті жерлері туралы біледі, әңгімелей алады, әнді нақышына келтіре айтуды.  

 

   

 

№17-18 технологиялық карталар

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Менің Отаным»

Мақсаты: табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. Әнді  сезіну арқылы  Отанды сүюге, қастерлеуге, баулу. Алдын ала қалалар, туған жер, ауыл туралы әңгімелесу.

Көрнекілік: қалалардың  көрнекті жерлерінің, еліміздің  сұлу табиғатының  көрінісін бейнелейтін суреттер, слайдтар. Түрлі түсті жалаушалар.

Сөздік жұмыс: Отан, туған жер.

  Оқу іс-   әрекетінің кезеңдері

   Музыка жетекшісінің

    іс-  әрекеті.

   Балалардың

  іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Марш» (А.Затаевич) әуенін ойнатып,балаларға әуен екпінін сезіне жүруді ұсынады.

Бір, екі,үш!

Бойға жинап күш.

Шынығамыз таңертең,

Ағалардай Отанға

Ұлан болам мен ертең!

Тізені жоғары көтере нық басып,арқаларын түзу ұстауларын қадағалайды.

Әуен екпінімен нық басып,ырғақты сезіне жүруге талпынады.

 

 

Тізелерін көтере,мақтанышпен жүріп,өлең жолдарын  қосыла айтады.

 

Балаларға түрлі түсті жалаушалар береді.«Жалаушамен би»

(Е.Брусиловский)

орындалып,би  қимылдарын көрсетеді.Жалаушаны бірдей қозғап,бірге қозғауларын бақылайды. «Марш» (А.Затаевич)қайта ойланып,балаларға әуен екпінімен жүруді ұсынады.

Маршпен адымдап жүреміз.

Ержітіп,өсіп келеміз!-деп марш екпінімен жүріп,орындықтарға отыруларын сұрайды.

Жалаушаларды ұстап,4-5 қатарға тұрады.

Көрсетілген би қимылдарын қайталайды.

Жалаушаны желбірете жоғары көтереді,оңға, солға бұрылып,бірге қимылдауға тырысады.Марш екпінін сезіне жүреді.

Суреттерге назар аударыр, қызыға қарайды.

 

 

  

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Қалалардың ,еліміздің сұлу табиғатын бейнелейтін суреттерді көрсетеді.Балаларды суретке қарап әңгімелеуге,ойларын толық жеткізуге дағдыландырады.

Жайнаған сансыз қаласы,

Жайқалған жомарт даласы.

Ел-Отан біздің кең-байтақ

Отанның біздер баласы.

                    (Қ.Шаңғытбаев)

Балалардан Отан,туған жер туралы білетін өлеңдерін сұрап,белсене қатысқан балаларды мақтайды.

    Отан –менің ата-анам,

    Отан-досым,бауырым.

    Отан –өлкем ,астанам,

    Отан –туған ауылым.

                            (С.Оспанов)

-Кең-байтақ Отанымыз туралы ақын ағаларымыз осылай жырлайды.

Ән тыңдау: «Отан-ортақ үйіміз»(Д.Ботбай,

Е.Өтетілеуұлы).

-Бұл әннің көңіл күйі қандай?

-Ән мазмұнында не туралы айтылады?

-Сен өз Отаныңды жақсы көресің бе?-деген сұрақтар қою арқылы балалардың Отан туралы түсінік-ұғымын кеңейте түседі.

Дауысымыз әдемі,

Шықсын созыла.

Әндетейік енді біз.

Бірге қосыла!

Дауыс жаттығуы:

«Алтын күн».Дауыс ырғақтарына мән бере тыңдалады.

Ән үйрену: «Менің Отаным»(Ө.Байділдаев,

Б.Ысқақов).

Әнді таныстырып,балалар композиторы Ө.Байділдаев туралы әңгімелейді,суретін көрсетеді.

Әнді орындап,сипатын мәтінін әңгімелеуге ықпал етеді.

-Ән не туралы?

-Сендерге ән ұнады ма?

Бірге  айтуды ұсынады.

Қысылып еш саспайық,

Қызық ойын бастайық!

Ойын : «Таяқ тастамақ».

Өздері білетін қалалар немесе өзі туған ауыл,қала туралы әңгімелейді.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жатқа білетін тақпақ,өлеңдерін жарыса айтады,бір-біріне қошемет көрсетіп,қол шапалақтайды.

Тақпақты қайталап айтады.Жаттауға талпынады.

«Менің Отаным» атты слайдты немесе сурет  көрмесін тамашалайды.

 

Әнді ықыласпен тыңдап,әсерленеді.

Ән мазмұнын әңгімелеп беруге әрекеттенеді.Туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін  жекізуге тырысады.

 

Дауыс жаттығуын бірге бастап,бірге аяқтап,дауыстарын соза әндетеді.

Терең тыныс алып,жаттығуды еркін айтуға дағдыланады.

Композитор Ө.Байділдаев туралы мағлұмат алады.

Әннің сипатын ажыратып,

мазмұнын  әңгімелейді.

Тез жүгіріп,ойында жеңімпаз атануға талпынады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балаларға шеңбер бойымен жайғасып отыруды ұсынады.

-Туған жерің қандай?

-Қай қалада тұрасың?

-Отан туралы қандай тақпақ білесің?

Балаларға сұрақтар қойып, оқу іс-әрекетін бекітеді.

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Қызығушылықтары артып,көтеріңкі көңіл күймен қоштасады.