Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана тех план 2мл гр.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже :

 Біледі : таныс шығармаларды ажыратуды,еске  сақтауды,ән мәтінін әңгімелейді.

 Игереді : балаларға арналған музыкалық аспаптарда еркін ойнауды,даусын ажыратуды, ырғақты сезіне білуді.

 Меңгереді : әнді сипатына сай нақышына келтіре айтуды,ойвнға белсене қатысуды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            

 № 27-28  технология лық карта

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі : Музыка

Тақырыбы : «Қазақстан-кең-байтақ елім» 

Мақсаты :әнді тыңдап,сезіне білуге,ән мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру, дыбыс биіктігі,тембрі туралы ұғымын қалыптастыру.Еліне ,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілік : Қазақстан рәміздерінің суреті,сәулетті қалалар суреттері немесе слайд,паровоз, пойыз макеттері.

Сөздік жұмыс : Қазақстан ,герб, ту, гимн,рәміз.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

  

 

 

 

 

 

Мотивациялық-қозғаушылық

«Қазақстан»(Қ.Есмұратов,

Х.Балшабеков)әнін ойнатып,балаларды көңілді қарсы алады.

Балаларға жалаушалар таратып беріп,әуенді қимылға шақырады.

Босқа қарап тұрмаймыз,

Ән айтамыз, жырлаймыз.

Жалаушаны көгілдір,

Оңды-солды бұдғаймыз.

Әуенді қимыл:

«Жалаушамен жаттығу»

(Е.Брусиловский)орындалып,

Балаларға еркін қимылдауға

мүмкіндік береді.

Жаттығуды бірге жасап, жалаушаларды желбірете қозғауларын қадағалайды.

Біздің еліміз өз гербі,туы,гимні бар егеменді ел.

(Рәміздер суреттерін немесе слайдтан көрсету).

Рәміздер туралы түсінік беріп,өлеңдер оқиды.

Көк аспанда,көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек-

Елдің ашық қабағы.

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат,әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада –аспан әлемі.

 

 

 

 

 

 

Балалар қуана келісіп,жалаушаларды алады, дұрыс ұстауға  талпынады.

 

Жаттығуды өз беттерінше еркін жасайды.

  

 

Марш екпінін сезіне қимылдап,жалаушаны желбірете қозғайды.

 

 

 

Рәміздердің суреттерін көріп,ту,герб,гимн туралы тыңдап,әңгімелейді.

Үйренген тақырыптарын айтып,бір-біріне ризашылықтарын білдіре  қол шапалақтап,қошемет көрсетеді.

Ұйымдастырушылвық-ізденістік

-Біздің Қазақстанымыз кең-байтақ жері бар өте үлкен мемлекет.Әдемі қалалары бар,табиғаты сұлу, таулары,өзендері көрікті (Суреттер,көрнекіліктер көрсету). Қазақстанымыз туралы ән орындап берейін.

Музыка тыңдау:

«Қазақстан»(С.Мұхамеджанов,Ғ.Жұмабаев)

-Әннің сипаты қандай?

-Әнде не туралы айтылады?-деген сұақтар қою арқылы балаларды әңгімеге  тартады.

Сендерді Қазақстанымызды аралап, танысуға саяхатқа шақырамын.Пойыз макеті қойылып,вагондардан орын алу ұсынылады.Паровозға машинист тағайындайды.

«Пойыз»(Ж.Тұрсынбаев,

А.Асылбек )әнінің ырғағымен вагондар қозғалады.

Мен, паровоз,от алам,

Астанаға бет алам.

Пуп-пуп,пыш-пыш.

Балаларға әуен ырғағымен вагон дөңгеліктерінің қозғалысын қолдарын шынтақтан бүгіп,қимылдатып көрсетулерін сұрайды,еркін қозғалып,көңіл көтерулеріне мүмкіндік береді.

-Біз Шымкент қаласына жақындап келеміз.(Қала суретін немесе слайд көрсету.)

Шымкент-жасыл желекті,әдемі қала.Пойыздан түсіп,демалып,көңіл көтерейік.

Көңілді ән тыңдайық.

«Бөбектер әні»

(Е.Тәшенов,О.Көлжанов)

Орындалады.Әнді мұқият тыңдауларын сұрайды.Әуен ырғағын шапалақпен көрсетіп,есте сақтауға үйретеді.

-Саяхатымызды жалғастырамыз,-деп пойызға қайта отыруды ұйымдастырады.

Бірте-бірте тездейміз,

Тез жетуді көздейміз.

Пуп-пуп,пыш-пыш.

Балалларға дөңгелектер қимылын көрсетіп,қайталауды ұсынады.

-Келесі станса Түркістан қаласы!-деп хабарлайды.

Үнтаспадан «Түркістан» әні (Р.Рымбаеваның орындалуында )естіледі.

Жетекші балаларға қала суретін тамашалауды ұсынады.

Қаладан көп өтеміз,

Астанаға жетеміз.

Пуп-пуп,пыш-пыш.

Саяхат әрі қарай жалғасады.

-Міне,Астанаға да жеттік(суреттер көрсетіледі).

Көшелері қандай әдемі!Биік үйлер көп екен.Ал мынау жарқырап тұрған- «Бәтерек» кешені,-деп таныстырады.

    Біз көңілді баламыз,

    Ойнап асыр саламыз.

    Ән де айтып,көңілді,

    Би де билей аламыз.

Би : «Кел, билейік»  биін (СД «Ақжелкен» жинағынан) билеуге шақырды.

Суреттерді тамашалап,қызығушылықтары артады.

Әңгімені қызыға тыңдайды.

Әнді  бар  ынталарымен тыңдап,ән мәтінін түсінуге тырысады.

 

 

 

 

Ән көңілді,әдемі.Әнде Қазақстанымыз туралы айтылады.

 

 

 

Көңілді пойызға жайғасып отырады.Көңілдері көтеріліп,шаттанады,

 

 

Әнді тыңдап ,ырғағымен

Қимылдарды көрсетуге талпынады.

 

 

 

 

Паровоз даусын салып,көңілденеді.

 

 

 

 

 

 

 

Қала суретін тамашалайды,

Таңырқайды.пойыздан түсіп кілемге жайғасып отырады,демалады.Әнді тыңдап,әуеніне қосылуға талпынады.Ырғақты шапалақпен дәл көрсетуге тырысады.Пойызға  қайтадан отырып,сапарларын жалғастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан қаласының суретін көріп,тамашалайды.Әнді тыңдап,әсерленеді.

Көңілді пойызбен саяхаттарын жалғастырады.

Балалар жарқын дауыспен паровоз дауысын қуана салады.

 

Астананың сәулетті көшелерінің суреттеріне таңырқай қарайды,қуанады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Би қимылдарын бірге жасауға,ырғақпен қозғалуға әрекет етеді.

 

 

Рефлексиялық-түзетушілік

-Қандай рәміздерді білесіңдер?

-Қай мемлекетте тұрасыңдар?

-Қандай қалаларға бардық?

-Кімге қай қала ұнады?-деген сұрақтар қою арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

 

Балалар  естіп-білгендерін,көргендерін айтып жауап береді.

Қуанышты күйде қоштасып шығады.