Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zheke_fiziologiasy-_1240_dist_n_1201_s_1179_aul...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

III. Сабақтың мақсаты:

Студент білуі қажет.

1. Тамырлар саңылауының нервтік, рефлекстік және

гуморальдық реттелуін.

2. Тамыр қозғалтқыш орталық, оның бөлімдерін.

3. Микроциркуляциялық арнаның көрсеткіштері мен

ерекшеліктерін.

4. Артериялық пульсті зерттеу әдістерін игеруін.

Студент орындауы қажет:

  1. Бақаның жүзу жарғағындағы қан айналысын бақылау.

  2. Адам артериялық пульсін пальпация және пульсатахометрия әдістерімен зерттеу.

IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:

1. Тамырлар саңылауының нервтік, рефлекстік және гуморальдық реттелуі.

2. Тамыр-қозғалтқыш орталық қай жерде орналасқан және қандай бөлімдерден тұрады ?

3. Қандай жүйкелер вазоконстрикторлар және вазодилататорлар деп аталады?

4. Қандай химиялық заттар тамырларды тарылтады және кеңейтеді ?

5. Ренин-ангиотензивтік жүйесі.

6. Микроциркуляциялық арнаның құрылысы.

7. Микроциркуляциялық арнадағы қан ағысының және реттелуінің ерекшеліктері.

8. Артериялық пульс сипаттамасы.

9. Артериялық пульсті пальпация әдісімен анықтау. Пульстік толқын, оның таралу жылдамдығы.

10. Артериялық пульсті пульсотахометрмен тіркеу. Сфигмограмманы талдау.

11. Веналық пульс, флебограмма, оның тістері.

12. Капилляроскопия.

V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.

Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.

1-жұмыс. Микроскоп арқылы бақаның жүзу

жарғақтарындағы қан айналысын бақылау

Қан өз қызметін тек үздіксіз айналуы арқылы іске асырады. Қан артерия мен вена тамырларының арасындағы қысым айырмашылығы негізінде қозғалады. Қан тамырларының көлденең саңылаулары \диаметрі\ біркелкі болмағандықтан олардағы қанның жылжу жылдамдықтары әр түрлі. Бақаның жүзу жарғақтарының түрлі тамырларындағы қан қозғалысын микроскоп арқылы байқауға болады.

Жұмысты орындау: Наркоз берілген бақаны операциялық тақтайшаның үстіне етбетімен жатқызады. Артқы бір аяғының табанындағы жүзу жарғақтарын тақтайшаның тесігінің үстіне ақырын ғана керіп шанышқымен бекітеді (тым қатты керсе, тамырдағы қанның қозғалысы тоқтап қалады ); микроскоптың тубусын тақтайшаның тесігінің үстіне қойып микроскоппен артериола, венула және капиллярларды тауып алып, олардағы қан қозғалысының жылдамдығын байқайды. Әсіресе капиллярлардағы қанның қызыл түйіршіктерінің қозғалысына ерекше назар аударған жөн.

2-жұмыс. Капилляроскопия

Капилляроскопия әдісін пайдаланып адамның капилляр тамырларын көруге болады. Капилляроскоп бүйір жағынан сәуле түсетін арнайы микроскоп.

Жұмысты орындау: Алдын-ала тырнақтың үстіне бір тамшы вазелин майын тамызып тырнақты түп жағындағы тері капилляр тамырларын қарайды. Саусақты капилляроскоптың тубусының астына қойып, бір жақ қабырғасындағы жарықты жағады да фокусын жөндейді. Дені сау адамдардың саусағында ілмек тәрізді бір-біріне параллель қызғылт аймақта орналасқан қою қызғылт түсті тамырлар көрінеді. Олар үтір тәрізді болады. Артерия бөлімі вена бөлімінен анағұрлым жіңішке келеді. Капилляр тамырларының түсі, пішіні және тамырдағы қанның ағысы организмнің функциялық жағдайына немесе тамыр құрылысының өзгеруіне байланысты әр түрлі болады.

вена жағы

артерия жағы

3-жұмыс.

а) Пальпация әдісімен артериялық пульсті анықтау

Артериялық пульс - сол жақ қарыншаның систоласы мен диастоласы кезіндегі қолқадағы қан қысымының өзгеруіне байланысты пайда болған артерия тамырының қабырғасының қозғалысы.

Пульсті көбінесе білезік артериясының білезік тұсында 3 саусақтармен басып, бармақпен қолды демеп отырып анықтайды. Пульс 60 – 80 рет минутына соғуы керек.

б) Пульсотахометр арқылы пульсті жазу

Пульсотахометр- ұзақ уақыт үздіксіз артериялық пульстің жиілігін жазып алу үшін қолданылатын аспап. Ол фотоэлектрлік қабылдағыштан, күшейткіш блоктан және көрсеткіш құралдан (шкала) және пульстің дыбысын естіртетін динамиктен тұрады. Пульсотахометрге осциллоскоп жалғастырылса, оның экранынан сфигмограмма көрінеді. Саусақтық қабылдағыш кішкентай жарық көзінен (шамнан) және фотокедергіден тұрады. Ол екеуінің арасына тырнағын жарық көзіне (шамға) қаратып саусақты орналастырып қояды. Пульсотахометрдің жұмысы: саусаққа қан келген сайын оның мөлшері ұлғайып одан өтетін жарық азаяды. Осының нәтижесінде фотоэлектрлік қабылдағыштағы жарық токтарының (фототок) тербелуі байқалады.

Жұмысты орындау: Саусақтың бірінші буынына қабылдағышты бекітеді. Тырнақ шамға, ал буынның жұмсақ еті фотокедергіге қаратылады. Содан кейін тыныштық жағдайында пульс жиілігін өлшейді. Пульстің дыбысынан реттілігін байқайды, ал осциллоскоптан көрінген сфигмограммаға (СФГ) назар аударылады.

4-жұмыс. Қан айналысы жүйесінің қызметін бағалауға

мүмкіндік беретін көрсеткіштері

1. Жүректің жиырылу жиілігі /ЖЖЖ/

2. Артериядағы қан қысымы

а) систолалық қысым /СҚ/

ә) диастолалық қысым /ДҚ/

б) пульстік қысым /ПҚ/ ЖЖЖ байланысты.

в) динамикалық орташа қысым /ДОҚ/

ДОҚ прекапиллярдағы қанның жылжу жылдамдығын көрсетеді, сондай-ақ қан айналысы жүйесінің бір потенциалы ретінде ол қанның капиллярға келу жылдамдығын сипаттайды. ДОҚ есептеп шығару арқылы жазылатын көрсеткіш.

3. Қан ағысының систолалық қан көлемі /СҚК/. СҚК - жүрек систоласы кезінде айдалып шыққан қанның мөлшері. Бұл жүректің жиырылу күшін көрсетеді.

4. Қан ағысының минуттық қан көлемі /МҚК/ - бір минутта жүрек арқылы өтетін қан мөлшері.

5. Жүрек индексі /ЖИ/ - бір минутта бүкіл денеге тарайтын қан мөлшері.

6. Шынтақ венасындағы қан қысымы /су бағанасымен 60-120 мм /.

Артериядағы қан қысымын /АҚҚ-н/ анықтау, ЖЖЖ-ін санау және формула бойынша негізгі гемодинамикалық көрсеткіштерді есептеу

  1. ЖЖЖ - білезік тамырының соғуын санау арқылы анықталады. Зерттелуші адамның қобалжу реакциясын жою үшін білезік артериясын тауып алған соң 30 сек өткен соң санай бастайды.

  2. АҚҚ Н.С.Коротковтың аускультациялық әдісімен анықталады. СҚ мен ДҚ –ды анықтау кезінде уақытша тыныс алу тоқтатылады.

Гемодинамика көрсеткіштері Савицкий әдісімен есептеледі.

  1. ПҚ және ДОҚ формула бойынша есептеледі.

ПҚ = СҚ -ДҚ /мм-сынап бағанасы бойынша саналады/

ДОҚ = ПҚ/3 + ДҚ / мм-сынап бағанасы бойынша/Сау адамда ПҚ -

35-55 мм, ал ДОҚ адамның жасына қарай 85-110 мм. болады.

  1. Қан ағысының систолалық қан көлемі /СҚК/ мен қан ағысының минуттық қан көлемі /МҚК/. Старр формуласы бойынша СҚ, ДҚ, ПҚ және ЖЖЖ пайдалана отырып жасына /Ж/ лайық анықталады.

СҚК = 100 + 0,5 ПҚ – 0,6 ДҚ – 0,6 Ж /мл/

Дені сау адамның СҚК шамамен 60-70 мл, МҚК=СҚК * ЖЖЖ /л/. Дені сау адамның МҚК шамамен 4,5-5 л. Қара жұмыс істейтін адамда МҚК – 4-6 есе артады. Дені сау адамда МҚК, СҚК көбейген жағдайда ғана артады. Шынықпаған адам мен ауру адамда МҚК жүректің ырғағы жиілеген сәтте көбейеді. МҚК адамның жынысына, жасына, бойына, салмағына байланысты, сондықтан жүрек индексі /ЖИ/ деген ұғым пайда болды. /ЖИ/. МҚК сыртқы адамның дене көлемінің бетіне /ДБ/ қатынасын көрсетеді.

  1. ЖИ – МҚК / ДБ л /мин/ м². Мұнда ДБ – Дюбуа таблицасы арқылы /қосымшаны қара/ анықталған м² көрсетілген дене бетінің көлемі тыныштық жағдайда ЖИ 2,0 – 4,0 /л/ мин/ м² тең.

Гемодинамика көрсеткіштерінің жас ерекшеліктері:

    1. Бала тамырының соғуының (пульсінің) жиілігі

Баланың жасы

Минутына тамыр соғуы /пульс/

Туған бойда

1 жасар нәрестеде

3 жасар сәбиде

5 жасар балада

8 жасар балада

10 жасар балада

12 жасар жеткіншекте

120-140

120

105

100

90

85

80

2) Баланың артериялық қан қысымы /АҚҚ/

Баланың жасы ұлғайған сайын көбінесе систолалық /ең жоғарғы/ қысым арта түседі. Диастолалық /ең төменгі/ қысымда тек көбею тенденциясы байқалады.

Қан қысымы алғашқы рет 2 – 3 жастағы балада сонан соң жынысы жетілуге жақын /препуберттық / және жынысы жетілген /пубертаттық/ балаларда яғни осы аталған кезеңдерде өсу тез көбейеді. Балада АҚ- ның аз болуы қан ағысының систолалық көлемінің аз болуымен, қан тамырларының кенересінің қан ағысына кедергі жасай алмауына байланысты. Артериялық қан қысымының көлемі баланың өсіп, ер жетуіне қарай өзгеріп отырады. 1 жастан асқан ер баланың АҚҚ-н мына формула бойынша анықтауға болады:

СҚ=(90± 15) +2п мм-сынап бағанасымен

ДҚ= (60± 15)+ 2п мм-сынап бағанасымен

Мұнда /п/-баланың жасы.

Тамырлар физиологиясына арналған мәселелік тапсырмалар.

1. Иттің ұйқы артериясындағы қысымды әдейі сынап бағанасымен 190 мм дейін арттырғанда жануардың жүрегінің жұмысы қалай өзгереді? Неліктен?

2. Иттің ұйқы артериясындағы қысым сынап бағанасымен 15 мм төмендеді. Жүрек жұмысында қандай өзгерістер болады? Неге?

3. Систолалық қысым 100 мм с. б. тең, диастолалық қысым 80-мм с.б. тең.Пульстік қысым неге тең? Ол нені көрсетеді?

4. Қан ағуының систолалық көлемі 60 мл тең. Жүрек жиырылу жиілігі минутына 70-ке тең болғанда минуттық қан көлемі неге тең болады?

5. Егер систолалық қысым 120 мм с.б. тең болса, диастолалық 70 мм с.б. тең болса, орта динамикалық қысым неге тең болады?

6. Минуттық қан көлемі 5 л тең, ал дене беті 2,5 м² тең болғанда, жүрек индексі неге тең болады?

7. Төменде көрсетілген заттар тамырлар тонусын өзгерте алады. Қандай заттар вазодилататорға және вазоконстрикторларға жатады; адреналин, ацетилхолин,ренин,вазопрессин,гистамин,норадреналин,брадикинин,

медуллин,серотонин,сүт қышқылы.

8. Қыша қағаз қойған жерде гиперемия(тері қызарады) байқалады. Неліктен?

9. Сол қарынша жиырылғанда қолқаға 60мл қан айдалынады, ал оң қарынша жиырылғанда өкпе бағанасына қанша қан айдалынады?

Тамырлар физиологиясы тақырыбына арналған тесттер

1. Көлемдік тамырларға жатады:

1. Қолқа

2. Ірі артериялар

3. Капиллярлар

4. Веналар

5. Артериолалар

2. Капиллярлардағы қан ағуының сызықтық жылдамдығы тең:

1. 50 мм/сек

2. 25 мм/сек

3. 0.5 мм/сек

4. 0.05 мм/сек

5. 5,30 мм/с

3. Қан айналымының толық мерзімі тең:

1. 1.5 - 2мин

2. 40 – 45 сек

3. 20 – 23 сек

4. 3 - 4 мин

5. 5 – 7 мин

4. Үлкен қан айналым шеңберіндегі капиллярлардағы қысым тең:

1. 70 – 80 мм. с.б.

2. 3 – 5 мм. с.б.

3. 15 – 30 мм. с.б.

4. 6 – 8 мм. с.б

5. 60 -70 мм рт.ст

5. Қан тамырларын кеңейтетін зат:

1.Вазопрессин

2. Серотонина

3. Гистамин

4. Норадреналин

5. Адреналин

6. Тамыр қозғалтқыш орталығының орналасуы:

1. Жұлында

2. Варолий көпірінде

3. Сопақша мида

4. Мишықта

5. Таламуста

7. Вазодилатор:

1. Адреналин

2. Кальций ионындары

3. Ренин

4. Простогландин

5. Вазопрессин

8. Вазоконстриктор:

1. Адреналин

2. Тимозин

3. СО2

4. Сүт қышқылы

5. Кальций иондары

9. Резистивті тамырлар:

1. Веналар

2. Артериолалар

3. Капиллярлар

4. Веналар

5. Аорта

10. Беймбридж аймағы:

1. Ұйқы артерияның бифукрациясында

2. Қолқада

3. Оң жақ жүрекшеде

4. төменгі қуыс вена қабырғасында

5. сол жақ қарыншада

11. Қоян құлағының симпатикалық жүйкесін тітіркендірсе:

1. Құлақ бозарады

2. Құлақ қызарады

3. Құлақ температурасы көтеріледі

4. Құлақ температурасы төмендейді

5. Құлақ температурасы өзгермейді

12. Қоян құлағының симпатикалық жүйкесін кессе:

1. Құлақ тамырлары кеңейеді

2. Құлақ тамырлары тарылады

3. Құлақ температурасы көтеріледі

4. Құлақ температурасы төмендейді

5. Құлақ температурасы өзгермейді

13. Артериялық қысымға әсер етпейтін факторлар:

1. Тамырлардың эластикалық әсері

2. Қан ағысының сызықтық жылдамдығы

3. Артериалық тамырлардың тонусы

4. Жүрек жұмысы

5. Қан тұтқырлығы

14. Пульстік ырғақтары бар тамырлар :

1. орташа артериялар

2. веналар

3. капиллярлар

4. прекапиллярлар

5. посткапиллярлар