- •Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •Isbn № 9965-826-24-2
- •1. Қан физиологиясы
- •I. Тақырып: Қан құрамы. Плазма құрамы. Эритроциттер
- •1. Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
- •1Жұмыс. Плазманы формалық элементтерден ажырату және
- •VI. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •V. Ақпараттық -дидактикалық бірлестігі.
- •I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •2. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •III. Сабақтың мақсаты.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •3. Қан тамырлар физиологиясы
- •Тақырып : Гемодинамика көрсеткіштері. Қан
- •III . Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар.
- •3 Сурет. Шынтақ венасындағы қысымды анықтау ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .
- •4 Сурет. Реограмма
- •I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының нервтік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •4. Тыныс алу физиологиясы
- •Тақырып: Сыртқы тыныс алу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •V. Ақпараттық - дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.
- •I.Тақырып: Тыныс алудың реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық- дидактикалық бірлестігі
- •5. Ас қорыту физиологиясы
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы. Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту физиологиясы тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •6. Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •2 Кесте
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
- •7. Сыртқа шығару, жылу реттелу физиологиясы
- •I. Тақырып: Сыртқа шығару физиологиясы. Жылу реттелу
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі
- •Құрғақ тамақ жегеннен кейін несептің қойылуын Фольгард сынауымен анықтау
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша ситуациялық есептер
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша тест сұрақтары
- •8. Талдағыштар физиологиясы
- •I.Тақырып: Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және тері талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Көру талдағышы
- •Тері талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •I.Тақырып: Есту, дәм сезу, тепе-теңдікті сақтау талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпаратты дидактикалық бірлестігі. Дәм сезу талдағышы
- •5 Сурет. Тілдегі дәм сезу рецепторларының орналасуы есту талдағышы
- •Тепе-тендік талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •Талдағыштар физиологиясынан сұрақтары
- •9. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік
- •Адамның ой өрісін сөйлеу арқылы зерттеу
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Жжіә бойынша мәселелік тапсырмалар.
- •Тест сұрақтары
- •10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Орыс тілінде Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қан физиологиясы......................................................................3
VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
И.П. Павлов бойынша талдағыш дегеніміз - қабылдағыш (рецепторлық), өткізгіш және ми қыртысы бөлімдерінен тұратын, қызметі тығыз байланысқан организмнің сезім жүйесі. Оның рефлекстік жауабы аталған үш бөлімнің саулығына байланысты. Талдағыштардың қызметі шартты рефлекстік, электрофизиологиялық, хирургиялық, сондай-ақ әрбір талдағыш үшін арнайы әдістермен зерттеледі.
Көру талдағышы
Көру талдағышының шеткі бөліміне көздің торлы қабығы жатады, онда таяқшалар мен құтылар бар. Таяқшалар жарық сәулесін, ал құтылар түстерді қабылдайды. Бұл ақпараттар көру жүйкесі арқылы мидың алдыңғы төрт төмпешігі мен көру төмпешігінің бүгілмелі латеральды денесінен өтіп, көру талдағышының орталық бөліміне , яғни ми сыңарлары қыртысының шүйде бөліміндегі тепкі сайының (f. calсarina) тұсына барады.
Зертханалық жұмыстардың өткізу әдістері мен аннотациялары.
1-жұмыс. Көру аймағын Форстер периметрімен анықтау
Көзді тоқтатып қарағанда көрінетін кеңістікті көздің көру аймағы (көздің шалымы) деп атайды. Көздің көру аймағының шекарасын өлшеу үшін периметр аспабы қолданылады.
Көздің көру аймағын анықтау көз ауруларын қарайтын клиникалар мен ауруханаларда кеңінен қолданылады.
Жұмысты орындау. Жарық периметрге біркелкі түсуі керек. Зерттелуші периметрге қарап отырады, жарық зерттелушінің артқы жағынан түскені жөн. Әр көздің көру аймағы жеке анықталады. Сондықтан зерттелуші бір көзін алақанымен жауып, иегін ашық көзі жағындағы иек қойылатын тірекке орналастырады. Адамның иегі мен көздің төменгі қабағының арасы әркімде бірдей болмайтындықтан, иек тірегін жоғары немесе төмен түсіріп, көз қарашығын периметр доғасының қақ ортасына қойылған дөңгелек ақ белгінің деңгейіне жеткізу керек. Екінші көзін зерттелуші адам өз алақанымен жауып отырады. Периметрдің доғасын көлденең орналастырып, зерттеуші адам ақ түсті дөңгелек маркасы бар қара таяқшаны периметр доғасының ішкі бойымен шетінен ортасына қарай зерттелуші адам көргенше жылжытады. Осылайша сыртқы және ішкі көру аймақтарының шегін (градус мөлшерімен) өлшейді. Содан соң периметр доғасын тік қойып, үстіңгі және астыңғы көру аймақтарының шегін анықтайды. Доғаны 15°, 30°, 60°, 90° бұрып отырып басқа меридиандағы көру аймақтары да өлшенеді.
Көздің көру аймағы қызыл, жасыл, көк маркаларды қолданып та өлшенеді. Мұнда көздің түрлі түстерді көру аймағы анықталады. Анықталған өлшемдер стандартты бланктерге түрлі түсті нүктелермен белгіленеді де, түсі бірдей нүктелерді бір-бірімен түсі сәйкес сызықтармен жалғастырады. Олар бланктердегі қалыпты жағдайдағы көру аймақтарымен салыстырылады.
2-жұмыс. Көздің торлы қабығындағы соқыр дақтың
бар екенін көрсету (Мариотт тәжірибесі)
Соқыр дақ (көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері) жарықты сезбейді, себебі ол жерде таяқшалар мен құтылар болмайды. Сондықтан заттың бейнесі соқыр даққа түссе, көру сезімі пайда болмайды. Торлы қабықтағы соқыр дақты Мариотт тәжірибесі арқылы көрсетуге болады.
Жұмысты орындау. Зерттелуші адам ақ түсті крест пен дөңгелек салынған қара қағазды қолына ұстап, сол көзін жауып, оң көзімен суреттегі крестке қарап (ақ дөңгелек сырт жағында қалады), біртіндеп оны көзіне жақындатады. Шамамен 15-25 см қашықтықта ақ дөңгелек көрінбей кетеді, себебі крестке көзді тоқтатқанда, одан шашыраған сәулелер белгілі бір қашықтықта сары даққа түседі де, ал дөңгелектен шашыраған сәулелер соқыр даққа түседі, сондықтан дөңгелек көрінбей қалады.
3-жұмыс. Көздің өткірлігін анықтау
Көздің өткірлігін анықтауды көз ауруларының тәжірибесінде жиі қолданылады. Сыртқы дүниенің заттарын анықтау үшін оларды тек қана түсіне және реңіне қарап бөліп қоймай, олардың жеке бөліктерін де анықтайды. Көздің өткірлігі (visus) неғұрлым ұсақ бөлшектерді анықтай алса, соғұрлым жоғары болады. Көздің өткірлігі деп біріне-бірі өте жақын орналасқан нүктелерді жекелеп қабылдау қабілетін атайды.
Жаңа туылған нәрестелердің жарық қабылдау қызметі (жарықты сезгіштігі) көзге айтарлықтай күшті жарық түскенде, жауап ретінде пайда болатын қарашық және кірпік қағу рефлекстері, басын қозғалтуы арқылы анықталады. Жарыққа қарашық рефлексі (қарашықтың тарылуы) жатырдағы дамудың алтыншы айында пайда болады. Нәрестелердің қарашығының жарыққа сезімталдығын анықтаған кезде нұрлы қабықтың бұлшық еттерінің толық дамымағанын ескеру қажет, сондықтан жарықтың әсерінен қарашықтың тарылу дәрежесі төмен болады.
Жұмысты орындау. Көздің өткірлігін анықтау үшін 12 жолды, көлемі әр түрлі мөлшердегі әріптерден тұратын Сивцев кестесі пайдаланылады. Қалыпты жағдайда 1-қатардағы әріптер 50 м, 10-қатардағы 5 м қашықтықтан анық көрінеді. Кестенің сол жағында әр жолдағы әріптердің қалыпты жағдайда көріну қашықтығы (Д) жазылған. Көздің өткірлігін жақсы жарықтандырылған кестені 5 м қашықтыққа қойып тексереді. Егер зерттелуші адам 10-қатардағы әріптерді жақсы көре алса, көздің өткірлігі (V) 1-ге тең болғаны. Егер зерттелуші 1- жолдағы әріпті ғана көре алса, 5-ті 50 метрге бөліп, көздің өткірлігі 0, 1-ге тең екенін білуге болады. Көздің өткірлігі (V) кестенің оң жағында жазылған.
Әріп танымайтын балалардың көру өткірлігі Сивцевтің модифицирленген кестесінің көмегімен анықталады. Онда әріптердің орнына қатары мен мөлшерлеріне сәйкес түрлі ойыншықтардың суреті берілген.
4-жұмыс. Аккомодация көлемін анықтау
Әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін анық көру қабілетін аккомодация дейді. Аккомодация көз бұршағының жарық сындыру қабілетінің өзгеру негізінде іске асады. Қалыпты жағдайда аккомодация мөлшері А=1/L=10 Д.
Жұмысты орындау. Аккомодация мөлшерін анықтау үшін зерттелуші адам бір көзімен кестедегі ең ұсақ шрифтерді оқи алатындай ең жақын қашықтықты анықтайды да, формула бойынша аккомодация көлемін шығарады.
А=1/L. Мұндағы А - аккомодация көлемі; L - метр өлшемімен көрсетілген шрифті оқи алу қашықтығы.
5-жұмыс. Сфералық аберрацияны көрсету
Көз бұршағының шетінен түсетін сәулелер оның ортасынан түсетін сәулеге қарағанда күштірек сынады. Мұны сфералық аберрация деп атайды.
Жұмысты орындау. Сфералық аберрацияны байқау үшін бір көзді жұмып, екінші көзге саусақты немесе қаламды ол бұлдырап кеткенше біртіндеп жақындатады. Содан кейін көз бен заттың (қаламның) арасына ортасында кішкентай тесігі бар (диаметрі 0,5-1 мм) қара қағазды қояды. Сонда тесік арқылы заттың бейнесі қайтадан анық көрінетін болады, себебі торлы қабыққа көз бұршағының ортасынан өткен сәулелер ғана түседі.
6-жұмыс. Бинокулярлық (қос көзбен) көруді көрсету
Екі көзбен қарағанда заттың бейнесі екеуінің де торлы қабатына түседі. Бірақ адам оларды бір ғана зат ретінде қабылдайды. Себебі екі көзбен қабылданған заттың бейнесі көру орталығындағы бірдей нейрондарда ғана бейнеленеді.
Жұмысты орындау. Ұзындығы 20-30 см түтік түрінде оралған тығыз қағазды сол қолмен сол көзге әкеледі. Одан түтіктің қуысы көрінеді. Түтікке 15 см қашықтықта оң қолдың алақанын жақындатады. Сол көзбен түтіктің ішін, оң көзбен алақанға қарайды. Аз уақыттан соң (1-1,5 минут) алақанда тесік бар сияқты болып көрінеді. Бұл құбылыс бейненің екі көзбен де қабылданып, көру орталығының бірдей нейрондарына түсетіндігін көрсетеді.
