- •Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •Isbn № 9965-826-24-2
- •1. Қан физиологиясы
- •I. Тақырып: Қан құрамы. Плазма құрамы. Эритроциттер
- •1. Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
- •1Жұмыс. Плазманы формалық элементтерден ажырату және
- •VI. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •V. Ақпараттық -дидактикалық бірлестігі.
- •I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •2. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •III. Сабақтың мақсаты.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •3. Қан тамырлар физиологиясы
- •Тақырып : Гемодинамика көрсеткіштері. Қан
- •III . Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар.
- •3 Сурет. Шынтақ венасындағы қысымды анықтау ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .
- •4 Сурет. Реограмма
- •I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының нервтік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •4. Тыныс алу физиологиясы
- •Тақырып: Сыртқы тыныс алу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •V. Ақпараттық - дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.
- •I.Тақырып: Тыныс алудың реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық- дидактикалық бірлестігі
- •5. Ас қорыту физиологиясы
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы. Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту физиологиясы тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •6. Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •2 Кесте
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
- •7. Сыртқа шығару, жылу реттелу физиологиясы
- •I. Тақырып: Сыртқа шығару физиологиясы. Жылу реттелу
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі
- •Құрғақ тамақ жегеннен кейін несептің қойылуын Фольгард сынауымен анықтау
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша ситуациялық есептер
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша тест сұрақтары
- •8. Талдағыштар физиологиясы
- •I.Тақырып: Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және тері талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Көру талдағышы
- •Тері талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •I.Тақырып: Есту, дәм сезу, тепе-теңдікті сақтау талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпаратты дидактикалық бірлестігі. Дәм сезу талдағышы
- •5 Сурет. Тілдегі дәм сезу рецепторларының орналасуы есту талдағышы
- •Тепе-тендік талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •Талдағыштар физиологиясынан сұрақтары
- •9. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік
- •Адамның ой өрісін сөйлеу арқылы зерттеу
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Жжіә бойынша мәселелік тапсырмалар.
- •Тест сұрақтары
- •10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Орыс тілінде Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қан физиологиясы......................................................................3
3. Қан тамырлар физиологиясы
Тақырып : Гемодинамика көрсеткіштері. Қан
қысымы
II. Тақырыптың маңыздылығы : Гемодинамиканың негізгі көрсеткіштерінің бірі - қан қысымы . Артериялық қысым денсаулықтың көрсеткіші қана емес, организмнің өзгеріп тұратын ортаға бейімделуінде де маңызы зор. Артериялық қысымның тұрақтылығын қамтамасыз ететін механизмдерді білу дәрігерге дұрыс ем қолдану үшін қажет.
Баланың жасына байланысты артериялық қысымның мөлшерінің өзгеруіне көңіл бөлу керек.
Салауатты өмір сүруге артериялық қысымға зиянды факторларының әсерлерін білуі қажет.
III . Сабақтың мақсаты
Студент білу қажет :
Артериялық қысымға әсер ететін факторларды, артериялық қысымның мөлшері. Жас ерекшеліктерін.
Артериялық қысымды анықтау әдісін (максимальді, минимальді
пульстік ).
Артериялақ қысымның қисық сызығын талдауын.
Қан - тамыр жүйесінің қызметін зерттеу әдісін. Реография.
Студент орындау қажет :
1. Коротков әдісімен қан қысымын анықтау (тыныштық және жұмыс кезінде).
IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар.
1.Тамырлардың морфофункционалдық жіктелуі.
2. Гемодинамиканың негізгі көрсеткіштері.
3. Қан қысымы қандай факторларға байланысты ?
4. Коротков әдісімен артериялақ қысымды анықтау.
5. Тәжірибеде жануарлар қан қысымын қалай жазады ?
6. Максимальдық , минимальдық , пульстік және орташа динамикалық
қысымдардың мөлшері қандай ?
7. Қан қысымының қисық сызығын талдау (I,II,III дәрежедегі
толқындар ).
8. Веналық қысым, оның мөлшері (шынтақ , қуыс веналарда).
9. Вена арқылы қан ағуды қамтамасыз ететін факторлар.
10. Капиллярдағы қысым , оның көрсеткіштері.
11. Веналық қысымды қалай анықтайды ?
12. Қан ағысының көлемдік және сызықтық жылдамдығы.
13. Қанның толық айналу уақыты.
V. Ақпараттық – дидактикалық бірлестігі.
Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.
Гемодинамика қан тамырлар арқылы қанның үздіксіз ағуын зерттейді. Негізгі гемодинамикалық көрсеткіштерге ( параметрлерге ) жатады: 1.Қан қысымы 2.Қан ағысының жылдамдығы 3. Шеткі кедергі (тамырлар тонусы).
1-жұмыс. Адамның артериялық қан қысымын Коротков әдісімен өлшеу
Артериядағы қан белгілі бір қысыммен ағады. И.П. Павлов көрсеткендей, артериялық қан қысымының шамасы қалыпты физиологиялық жағдайларда тек шамалы ғана ауытқиды. Адамның артериялық қан қысымын қансыз әдіспен анықтайды. Жалпы қан қысымының 2 шамасын өлшейді:
1) максимальды немесе систолалық қысым - бұл жүректің систоласы кезінде артериялардағы қан қысымы, 2) ал жүректің диастоласы кезінде артериялардағы қан қысымы төмендегенде пайда болатын шамасын минимальды немесе диастолалық қысым деп атайды.
Қалыпты жағдайларда адамның артерияларындағы максимальды қысым сынап бағанасы бойынша 105 – 125 мм – ге дейін, ал минимальді қысым 60 – 80 мм шамасында болады. Ал артерия тамырында максимальды және минимальді қысымдардың айырмашылығы жүректің жиырылу күшін сипаттайтын пульстік қысымды немесе қан қысымының амплитудасын көрсетеді. Пульстік қысымның орташа мәні сынап бағанасы бойынша 35 – 40 мм болады. Сфигмоманометр 3 бөліктен тұрады :
А) қапталған қуысты резенке манжеткадан ;
Ә) ауаны тек бір бағытта өткізетін клапаны бар резенке грушадан;
Б) манжетканың ішіндегі қысымды өлшеуге арналған сынапты манометрден. Осы бөліктердің барлығы бір - бірімен резенке түтікшілер арқылы герметикалы жалғасқан.
Жалпы қан қысымын көпшілікке танымал Коротковтың аускультациялық әдісімен өлшейді. Бұл әдіске сүйене отырып , максимальды және минимальды қан қысымын анықтауға болады. Бұл әдіс қантамырдың қабырғасына қан соғылғанда пайда болатын дыбыстарды ( Коротков тондары ) тыңдауға негізделген.
Жұмысты орындау : Зерттелуші қырымен отырып, бір қолын үстелге қояды. Қолдың қарына манжетканы орап ( қатты тартпай ) бекітеді. Жүйеден ауаның шығуына жол бермеу үшін грушаның винтті клапанның қатты жауып тастайды Шынтақ буынындағы шынтақ артериясын табады. Содан кейін фонендоскоптың мембранасын соның тұсына қойып тыңдайды. Бұл мезетте еш дыбыс естілмейді. Манжеткаға қысымның шамасы с.б. бойынша 150 – 160 мм - ге дейін жеткенше ауаны жібереміз. Одан кейін ақырын ғана винтті клапанды ашып, манжеткадағы қысымды бірте - бірте азайтады. Манжеткадағы қысым тамырдағы қысыммен теңдескенде « тук - тук » деген тамырдың соғу дыбысы айқын естіледі. Осы кезде міндетті түрде манометрдің цифрын қарап алу керек. Бұл қысым қан тамырының максимальді қысымы. Қысымды одан әрі төмендеткен сайын, манжеткадағы дыбыс күшейе түсіп, бірер уақыттан соң жойылып кетеді. Осы кезде манометрдің көрсеткіші минимальді қысымның шамасына сәйкес келеді. Ал пульстік қысымның мөлшері максимальді қысымнан минимальдік қысымның шамасын алып тастап, табуға болады.
Манжетканы манометрден босатады. Зерттелуші 20 - 30 рет отырып тұрады. Содан кейін тағы да қан қысымын өлшеп алады. Дене еңбегінен кейін қан қысым шамасының және пульстік қысымның өзгергені байқалады.
1-сурет. Коротков әдісімен артериялық қан қысымын анықтау
2-жұмыс. Людвиг манометрі арқылы жануар
артерия қысымының мөлшерін анықтау , қисық
сызығын тіркеу
Людвиг манометрі шкаласы бар штативке бекітілген сынапқа толы U - тәрізді шыны түтік. Манометрдің жабық бөлігі қанды ұйытпайтын ерітіндімен толтырылып ұшында канюлясы бар резенке түтікшенің көмегімен жануардың артериясына қосылады. Артерия қаны сұйықтыққа қысым жасап , ашық бөліктегі сынапты қозғайды. Сынаппен жалғасқан жазғыш қозғалады да кимографқа артериялық қысымның қисық сызығы жазылады. Осылай артериялық қысымның шамасын анықтауға болады.
2-сурет. Жануар артерия қысымының қисық сызығын тіркеу.
3-жұмыс . Вальдман флеботонометрі арқылы адамның
шынтақ венасында қысымды анықтау
Вальдман флеботонометрі адамның веналық қан қысымын анықтауға арналған. Аспап шкаласы бар тік сулы манометрден жалғаушы түтікшелер жүйесінен, шынтақ венасына енгізілетін иньекциялық инеден тұрады. Манометр үш жолды кран арқылы ерітінділерді тамызушы жүйемен байланысқан. Кранды бұрай отырып , ерітіндіні венаға жіберуге және де венадағы қысымды өлшеуге болады. Өлшеу алдында нивелирдің жәрдемімен шкаланың нольдік көрсеткішін оң жақ жүрекшені деңгейімен теңестіру керек.
Анықтау әдісі : Венадағы қысымды анықтағанда асептика және антисептика талаптарын мұқият орындау керек. Түтікшелер жүйесін алдын - ала стерильдеп, оны физиологиялық ерітінділермен толтырады. Қолдың қарына бұрау салып , шынтақ венасының ісіп ұлғайғандығын байқаған соң, тез қимылмен инені қантамырына енгізіп, қолды бұраудан босатады. Манометрдегі сұйықтықты вена қысымының шамасына сай деңгейге келтіреді.
