Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zheke_fiziologiasy-_1240_dist_n_1201_s_1179_aul...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Тепе-тендік талдағышы

Тепе-теңдік талдағышы - дененің тепе-теңдік қалпын, әр жылдамдықта дұрыс қозғалуын, бұлшық еттер тонусының өзгеруін реттей отырып, қимыл жылдамдығы мен оның бағытының өзгеруіне байланысты дене салмағының ауытқуын қамтамасыз етіп, кеңістіктегі дене тепе-тендігін сақтайды. Рецепторлық бөлімі – жартылай каналдардың және ішкі құлақтың кіреберісінен , өткізгіш бөлімі - вестибулярлық жүйке, сопақша мидың вестибулярлық ядроларында, ал орталық бөлімі – ми қыртысының әр түрлі аймақтарында болады.

5-жұмыс. Барани сынамасының көрсеткіші арқылы

дененің тепе-теңдігін сақтау талдағышының функциялық

қалпын анықтау

Жұмысты орындау. Зерттелуші адам айналатын орындыққа отырады, 0,5 м қашықтықта басының деңгейінде қарындаш немесе тотықпайтын металлдан жасалған таяқша көрсеткіш штативке бекітіледі. Зерттелуші адам осы көрсеткішке қарап алып, көзін жұмып көрсеткіштің жоғарғы ұшына қолын созып саусағын тигізеді. Содан соң зерттелуші адамды 20 секундтей қолын тізесіне қойып, айналмалы орындықта 10 рет айналдырады. Орындық тоқтатылған соң ол көзін ашпастан қолын созып тағы да көрсеткіштің үстіңгі ұшына саусағын тигізбек болады. Әрине саусағын көрсеткіштің ұшына тигізе алмайды, өйткені айналатын жаққа қолы ауып кетеді. Қатесі (қаншалықты қолы ауғаны) өлшенеді, яғни саусақпен көрсеткіштің ұшының арасын өлшейді. Көп ауып кеткені вестибулярлық аппараттың жаттықпағанын көрсетеді.

VII. Сабақтың мазмұны:

Студенттер өздері орындайтын жұмыстар.

  1. Есту өткірлігін сөз арқылы зерттеу.

  2. Дыбыстың ауа жөне сүйек арқылы өтімділігін зерттеу.

  3. Дәм рецепторлары түрлерінің тілде орналасу топографиясын анықтау.

  4. Тепе-теңдік талдағышының функциялық жағдайын Барани сынамасының көрсеткіші арқылы анықтау.

- Оқытушының қатысуымен бірлесіп жұмыс жасау (теориялық материалдар мен жұмысты орындау нұсқаулықтарын талдау)

1. Есту өткірлігін аудиометрия әдісімен анықтау.

Студенттердің бастапқы және қорытынды білімдерінің деңгейін тексеру (тест сұрақтар мен ситуациялық тапсырмалар).

Талдағыштар физиологиясынан сұрақтары

1. Талдағыштар туралы ілімді жасаған

  1. И. Мюллер

  2. И.М. Сеченов

  3. И.П. Павлов

  4. П.К. Анохин

  5. Э.А. Асротян

2. Көз рефракциясының аномалиясы мен сәулелер жиналатын жердің

арасындағы байланысты көрсетіңіз.

а. Миопия

б. гиперметропия

в. астигматизм

1. Көздің торлы қабатының артында

2. Көздің торлы қабатының алдында

3. Көлденең және тік меридиандардың әр жерінде

Жауабы: 1. а-3, б-2, в-1

2. а-2, б-1, в-3

3. а-1, б-3, в-2

3. Көз торлы қабатының жасушалары мен ішіндегі пигменттері арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.

а. Пигментті эпителий

б. таяқша

в. сауытша

1. Родопсин

2. Меланин

3. Йодопсин

Жауабы: 1. а-2, б-1, в-3

2. а-1, б-2, в-3

3. а-3, б-3, в-1

4. Талдағыштар мен рецепторлар түрлерінің арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.

1. Дистанттық

2. контактілік

а. дәм

б. иіс

в. есту

г. жанасу

д. көру

Жауабы: 1. А-1, Б-1, В-1, Г-1, Д-2

2. А-2, Б-1,В-1,Г-2,Д-1

3. А-1, Б-2, В-2, Г-1, Д-2

5. Көру аймағы дегеніміз

  1. көзді қадағанда көрінетін кеңістік

  2. жеке заттарды максималды ажырата білу қабілеті

  3. кеңістіктің тереңдігін қабылдау

  4. объектіге дейінгі қашықтықты бағалау

  5. көздің қозғалысы кезінде көрінетін кеңістік

6. Қарашық пен тітіркендіргіш реакциясы арасындағы сәйкестікті табыңыз

А. Кеңеюі

Б. Тарылуы

  1. жарық

  2. қараңғы

  3. ауырсыну

  4. наркоздың артық мөлшері

  5. симпатикалық жүйке талшықтарының қозуы

  6. парасимпатикалық жүйке талшықтарының қозуы

Жауабы: 1.А-1,3,4,6, Б-2,5

2. А-2,3,4,5, Б-1,6

7. Таяқшалар қызметінің бұзылуының көріністері мынадай болады

  1. ымыртта көрудің бұзылуы

  2. қатты жарық кезіндегі соқырлық

  3. ахромазия

  4. әлсіз жарық кезіндегі көрудің жақсаруы

  5. қатты жарықта көрудің жақсаруы

8. Ауырсыну сезімі пайда болатын деңгей

  1. сопақша ми ядролары

  2. бозғылт шар

  3. таламус 4. шұбар дене 5. қызыл ядро

9. И.П. Павлов бойынша талдағышардың негізгі бөлімдері:

  1. рецепторлық, өткізгіш, сенсорлық

  2. бульбарлық, таламустық, қыртыстық

  3. рецепторлық, өткізгіш, қыртыстық

  4. арнайы, адекватты емес, ассоциативтік

  5. арнайы, өткізгіш, ассоциативтік

10. Тілдің бөліктеріндегі дәм сезімталдығының орналасуы

  1. ұшы-ащы, шеті-тәтті, түбі-қышқыл және тұзды

  2. ұшы-тұзды, шеттері-қышқыл және тұзды, түбі-ащы

  3. ұшы-тұзды, беті-қышқыл, түбі тәтті

  4. ұшы-тұзды, беті-қышқыл, шеттері-ащы, ұшы тәтті

  5. ұшы-тұзды, шеттері-ащы, түбі-қышқыл және тәтті

11. Қазіргі кезде ең кең тараған түрлі жиіліктегі дыбысты қабылдау теориясы

  1. Резерфордтың (телефондық)

  2. Брейдің микрофондық потенциалы

  3. Гельмгольц (резонанстық)

  4. Бекеши (жарысқан толқын)

  5. Хартридж теориясы

12. Рефракция дегеніміз

  1. кірпікшелі бұлшық еттің жиырылуы

  2. екі көздің көру осьтерінің түйісуі

  3. бейненің торлы қабатта қозғалуы

  4. көз бұршағы дөңестігінің өзгеруі

  5. мөлдір қабат бұлшық еттерінің жиырылуы

13. Жарықтың әсерінен көздің торлы қабатының рецепторларында фотохимиялық реакциялар мынадай ретпен жүреді

  1. витамин А – опсин – люмиродопсин және метародопсин – ретиналь

  2. витамин А – ретиналь – люмиродопсин және метародопсин – опсин

  3. ретиналь - люмиродопсин және метародопсин – опсин – витамин А

  4. опсин – витамин А - люмиродопсин және метародопсин – ретиналь

  5. люмиродопсин және метародопсин – ретиналь – опсин – витамин А

14. Қазіргі кезде ең кең тараған түсті қабылдау теориясы

  1. Лавуазье-Лаплас

  2. Ломоносов-Гельмгольц (үш компоненттік)

  3. Хартридж (полихроматтық)

  4. Гранит (торлы қабатта донорлар мен модуляторлардың болуы)

  5. Геринг (ақ-қара, қызыл-жасыл, сары-көк түстерді қабылдайтын сауытшалар мен таяқшалардың болуы)

15. Тактилдік сезімталдығы ең төмен

  1. қол басының сыртқы бетінің, балтырдың және арқаның терісі

  2. тілдің ұшы

  3. саусақтардың ұшы

  4. мұрынның ұшы

  5. қол басының алақан жақ беті (алақанның терісі)

16. Эстезиометр қолданылады

  1. ажырату табалдырығын анықтау арқылы сипап сезу өткірлігін зерттеу үшін

  2. температуралық сезімталдықты зерттеу үшін

  3. терінің терморецепторларының бейімделуін көрсету үшін

  4. контраст құбылысын көрсету үшін

  5. дәм сезімталдығының табалдырығын анықтау үшін

17. Форстер периметрі қолданылады

  1. көру аймағын анықтау үшін

  2. соқыр дақты көрсету үшін

  3. түсті қабылдаудың бұзылуын анықтау үшін

  4. бинокулярлық көруді көрсету үшін

  5. көз нистагмын бақылау үшін

18. Түсті көруді анықтау үшін қолданады

  1. Рабкин кестесі

  2. Сивцев-Головин кестесі

  3. диплоскоп қолданылады

  4. Форстер периметрі

  5. Мариотт тәжірибесі

19. Талдағыштардың қыртыстық бөлімінің арнайы қызметі

  1. сигналдарды детекциялау

  2. ақпаратты кодтау

  3. сигналдардың өзгеруі

  4. сигналдардың табу, моделдеу

  5. бейнелерді тану

20. Көру өзткірлігі деген

  1. көз көрінетін кеңістік

  2. өзара минималды қашықтықта орналасқан заттың жеке нүктелерін максималды анық ажырата білу қабілеті

  3. кеңістіктің тереңдігін қабылдау

  4. объектіге дейінгі қашықтықты бағалау

  5. бір нүктеге қадалып қарағанда көрінетін кеңістік

Талдағыштар физиологиясы тақырыбынан мәселелік тапсырмалар

1. Егер адам бір қолының саусақтарын ыстық суға (40°С), екінші қолының саусақтарын суық суға (10°С) малып, біраздан соң екі қолдың саусақтарын бір ыдыстағы 20°С жылы суға малыса, алғашқыда ыстық суға малынған саусақтар 20°С-тық суды суық ретінде сезінеді де, ал 10°С-тық суық суға малынған саусақтар 20°С суды ыстық ретінде қабылдайды. Мұны қалай түсіндіруге болады?

2. Зерттелуші адамды Барани креслосына отырғызып, секундіне бір рет жылдамдықпен шыр көбелек айналдырса, оның жағдайы қалай өзгермек, қандай жағдайлық көріністер болмақ және олардың туындау себептері қандай?

3. Екі құлағы да ауырған адамның (отит) екеуінің де ортаңғы құлағы

зақымданған болса мұндай адам дыбыстарды қабылдай ала ма?

4. Егер адам оптикалық күші 5Д көзілдірікті әрдайым көзінен тастамайтын болса, тек кейде ғана (бірдеңе оқыған кезде) көзілдірігін кимесе, мұның көз рефракциясы қалыпты ма? Ол қандай заттарды көзілдіріксіз анық көре алады? Көзінен өтетін сәулелердің жолын көрсетіңіз. Мұндай көз қалай аталады?

5. Адам үнемі +1,25Д көзілдірігін тастамай киіп жүреді. Бұл адамның көз рефракциясы дұрыс па? Көзілдіріксіз бұл адам қандай заттарды анық көре алады? Оның көзінен сәулелердің өтуін қағазға сызып көрсетіңіз. Мұндай көзді не деп атайды?

6. Шуылы бар өндіріс цехында көп жылдар бойы жұмыс істеген 30 жасар жұмыскердің дыбысты есту диапазоны 10000 гц-тен 18000 гц-ке дейін сақталған. Бұл жұмыскердің есту талдағышының қай бөлімі бұзылған? Осы жастағы дені сау адамдар қандай диапазондағы дыбыстар жиілігін қабылдайды?

7. Егер тореадордың қолында плашы қызыл емес жасыл түсті болса бұқа оны қуалар ма еді? Жануардың іс-әрекетін түсіндіріңіз.

8. Құрамы бірдей ерітіндіде дәмі екі түрлі зат бар. Олар екі құтыға құйылады. Студентке құтыдағы ерітінділердің дәмін анықтатады. Ол бірінші құтыдан ерітіндіні жұтқанда ащы дәмді сезеді. Екінші құтыдағы ерітіндіден тілінің ұшымен ғана дәмін көреді, онда тәтті дәм сезіледі. Құрамы бірдей ерітінділер неліктен екі түрлі дәмді сезіндіреді? Қандай дәм рецепторларын білесіздер және олар қай жерде орналасқан?

9. Науқастың екі жақтағы тіл жүйкесі бұзылған. Мұндай жағдайда қандай кемістіктер пайда болады және неліктен?

10. Бөлмеге кірген адам ландыштың (інжудің) иісін қатты сезеді, біраздан соң ол бұл иісті сезбейтін болады. Адам неліктен мұндай бөлмеде көп уақыт отырса, алғашқыда сезген иісті сезбейтін болады?