- •Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •Isbn № 9965-826-24-2
- •1. Қан физиологиясы
- •I. Тақырып: Қан құрамы. Плазма құрамы. Эритроциттер
- •1. Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
- •1Жұмыс. Плазманы формалық элементтерден ажырату және
- •VI. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •V. Ақпараттық -дидактикалық бірлестігі.
- •I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •2. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •III. Сабақтың мақсаты.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •3. Қан тамырлар физиологиясы
- •Тақырып : Гемодинамика көрсеткіштері. Қан
- •III . Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар.
- •3 Сурет. Шынтақ венасындағы қысымды анықтау ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .
- •4 Сурет. Реограмма
- •I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының нервтік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •4. Тыныс алу физиологиясы
- •Тақырып: Сыртқы тыныс алу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •V. Ақпараттық - дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.
- •I.Тақырып: Тыныс алудың реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық- дидактикалық бірлестігі
- •5. Ас қорыту физиологиясы
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы. Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту физиологиясы тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •6. Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •2 Кесте
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
- •7. Сыртқа шығару, жылу реттелу физиологиясы
- •I. Тақырып: Сыртқа шығару физиологиясы. Жылу реттелу
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі
- •Құрғақ тамақ жегеннен кейін несептің қойылуын Фольгард сынауымен анықтау
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша ситуациялық есептер
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша тест сұрақтары
- •8. Талдағыштар физиологиясы
- •I.Тақырып: Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және тері талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Көру талдағышы
- •Тері талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •I.Тақырып: Есту, дәм сезу, тепе-теңдікті сақтау талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпаратты дидактикалық бірлестігі. Дәм сезу талдағышы
- •5 Сурет. Тілдегі дәм сезу рецепторларының орналасуы есту талдағышы
- •Тепе-тендік талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •Талдағыштар физиологиясынан сұрақтары
- •9. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік
- •Адамның ой өрісін сөйлеу арқылы зерттеу
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Жжіә бойынша мәселелік тапсырмалар.
- •Тест сұрақтары
- •10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Орыс тілінде Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қан физиологиясы......................................................................3
V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі
Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістері мен аннотациясы
1-жұмыс. Минор тәжірибесі
Тер бездері тер шығару арқылы түрлі қызмет атқарады:
зат алмасу барысында пайда болған артық заттарды денеден шығарады;
тер шығару арқылы дене қызуын басып, жылу реттеу үрдісіне қатысады;
термен бөлініп шығатын тұздар мен су денеде осмостық қысымды бірқалыпты ұстауға мүмкіндік береді, оның деңгейін реттеп отырады.
Тер бездері шел ішінде орналасады. Олар әсіресе алақан мен табанда, қолтықта көп. Адам тәулігіне орта есеппен 500 мл тер шығарады. Тер бездерінің шырын (тер) шығару қызметін симпатикалық жүйкелер реттеп отырады. Тер шығару қарқынын, ондағы ауытқуларды Минор әдісімен анықтауға болады.
Жұмыстың мақсаты: Тер бездерінің теріде орналасу орнын және тер шығару жылдамдығын байқау.
Қажетті заттар: Минор сұйығы (спиртте езілген йод пен касторка майы), крахмал, мақта, жылытқыш.
Жұмысты орындау: Зерттелетін тері бетіне Минор сұйығы жағылады да, кепкен соң оның үстіне крахмал сеуіп жылытады, құрғақ крахмалға йод әсер етпейді. Тер шыққан соң крахмал ылғалданып, йодқа қосылады да көк түске боялады. Минор тәжірибесі тер шығуын 3 кезеңге бөледі: 1. көкнәр дәндері кезеңі (тердің тамшылап шығуы); 2. көк дақтар кезеңі (шып-шып терлеу нәтижесінде тер аралшаларының пайда болуы); 3. қара терге түсу нәтижесінде көк дақтар бір-біріне қосылады.
Бірінші кезеңде тер бездерінің орналасу тәртібін көруге болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу жылдамдығын қадағалап отырып, денеден қанша тер шыққанын анықтауға болады.
Минор тәжірибесінде крахмал боялмаса, тер шығу процесінің бұзылғаны. Минор әдісімен шыққан тер көлемін анықтауға болмайды.
Рис 1. Минор тәжірибесіндегі тер шығуын кезеңдері
1) көкнәр дәндері кезеңі; 2) көк дақтар кезеңі, 3) қара терге түсу
2-жұмыс. П.Г.Снякин әдісі бойынша тер шығуын
микроскоппен зерттеу
Жұмыстың мақсаты: П.Г.Снякин әдісі бойынша тер шығуын микроскоппен зерттеп жүргізуді үйрену.
Жұмысқа қажетті заттар: капилляроскоп, бал қарағай майы.
Жұмысты орындау: Тері бездерінің тер шығару қабілеті, олардың саны денедегі зат алмасуына, сырттағы температураға, адам денесінің температурасына, атқарылатын жұмыс түріне, оның қарқыны мен ауыр – жеңілдігіне, адамның көңіл күйіне (эмоцияға) байланысты.
Тәжірибе адамға жасалады. Ауа температурасы 180С – 200С градус болуы керек. Зерттелуші адам екі қолын сабындап жуып, тазартады да, сүлгімен содан соң, сорғыш қағазбен сүртіп, әбден құрғатады: сол қолының 4-ші саусағының ішкі жағын бал қарағай майымен сылайды. Май кеуіп қабыршақ пайда болған соң тері құрылымы айқын көрінетіндей етіп саусақты капилляроскоптың астына қояды. Енді қаз қатар жатқан жұмыр төмпешіктерді, олардың үстіндегі маржан тәрізді тер тамшыларын көруге болады.
Зерттелуші адамға есеп шығартса, немесе қиын бір сұрақ берсе, тер шығаратын бездердің саны көбейе бастайды.
3-жұмыс. Тері температурасын электротермометрмен және
медициналық термометрмен өлшеу
Жұмыстың мақсаты: Сынап және электротермометр әдісімен тері температурасын өлшеумен танысу.
Қажетті заттар: медициналық термометр, жоғары сезімтал электротермометр, тоқ көзі (батарейкалар), электротермометр қабылдағышы.
Жұмысты орындау: Тері температурасы дененің әр жерінде әр түрлі. Өте сезімтал электротермометрмен өлшеп, температура терінің қай жерінде қанша екенін білуге, яғни температуралық топография жасауға болады. Электротермометр тоқ өткізетін қабылдағыштан (термистордан), өлшеуіш бағаннан (микроамперметрмен градусына бөлінген өлшеуіш сызық – шкаласымен), тоқ көзінен (батарейкадан) тұрады.
Рис 2. А.Д. Слоним бойынша дене бетінің әр түрлі бөлімдерінің температурасы (Т° С).
Топография температуры поверхности тела человека по А.Д. Слониму (Т° С)
Температура өлшеу термистордың жартылай өткізгіштік (полупроводник) қасиеті мен терінің кедергілерін салыстыруға негізделген.
Температура төмендесе кедергі күші көбейеді де, температура жоғарласа, керісінше азаяды. Электротермометрмен сондай-ақ ішкі ағзалар мен қуыс ағзалар температурасын да өлшеуге болады. Зерттелетін ағзаға қарай әр түрлі қабылдағыштар пайдаланылады. Тері қабылдағыштарын саусаққа, алақанға, шынтаққа, қол сыртына тигізіп, олардың температурасы әр түрлі екенін байқау қиын емес.
Рис 3. Суточные колебания температуры в прямой кишке человека.
Тәулік ішінде адам тік ішегінің температурасының ауытқылары.
4-жұмыс. Дене температурасын бірқалыпты
ұстауда қан айналымының маңызы
Жұмыстың мақсаты: Дене температурасын бір қалыпты ұстауда қан айналымының маңызы зор. Қан арқылы белгілі бір мүшенің (ағзаның) қызуы күштірек болса, басы артық қызу екінші мүшеге (ағзаға) ауысып оны жылытады.
Қажетті заттар: электротермометр, сфигмоманометр. Зерттеу адамға жасалады.
Жұмысты орындау: Зерттелуші адам қол еті босаған қолын үстелдің үстіне қояды. Оның иығына сфигмоманометрдің манжеткасын кигізеді. Бір саусағының ұшына электротермометр қабылдағышын тигізіп, сол араның қалыпты температурасы өлшенеді. Содан кейін манжеткаға ауа толтырып ішіндегі қысымды 180-200 мм-ге (сынап бағанасымен) жеткізеді. Мұндай қысымда білек тамырлары қысылып білезік пен саусақ қан айналысы бұзылады. Тәжірибе кезінде сфигмоманометр манжеткасындағы қысымды сақтауға назар аудару керек. 5-10 минут бойы (әрбір минуттен кейін) электротермометрмен қол сыртының, саусақ ұшының білезік температурасы өлшенеді. Содан кейін манжеткадағы ауаны сыртқа шығарып жіберсе, қол сыртында, білезікте және саусақтарда қан айналысы қалпына келеді. Саусақ ұшы, қол сырты, білезік температурасын өлшеуді, одан әрі жалғастырып сол жерлерде температураның қалпына келген уақытын жазып қояды.
Тәжірибенің ұзақтығын 30 минуттан асырмау керек.
Жұмыс нәтижесі және оны жазып алу:
Алынған мәліметтер кестеге жазылады.
Тәжірибе жағдайы |
Терінің температурасы |
||
|
саусақта |
білезікте |
қол сыртында |
1. Қалыпты жағдайда 2. Қан айналысы тоқтаған соң 1 минуттан кейін 2 минуттан кейін 10 минуттан кейін 3. Қан айналысы қалпына келген соң 1 минуттан кейін 2 минуттан кейін 10 минуттан кейін |
|
|
|
5-жұмыс. Бүйрек қызметін зерттеудің клиникалық әдістері.
Шумақтық сүзілу мөлшерін анықтау әдістері
Бүйрек қызметін реттеп, оның зәр шығару қабілетін анықтау үшін кейбір заттардың (Ван-Слайк бойынша – инулинді, Роберг бойынша – экзогенді немесе эндогенді креатинин) клиренсін анықтау әдісі кеңінен қолданылады.
Клиренс (тазарту коэффициенті) – белгілі бір заттан 1 минут ішінде толық тазарып шығатын плазма мөлшері. Бүйрек қызметінің күшті-әлсіздігін білу мақсатымен түтікшелерде қайта сіңбейтін, реабсорбцияға түспейтін және секрецияланбайтын белгілі бір затты зерттесе, оның тазарту коэффициенті шумақтың сүзілу дәрежесіне тең болады.
Жұмыстың мақсаты: Шумақтық сүзілу дәрежесін анықтау.
Судың шумақты сүзілуі (фильтрациясы) мен қайта сіңуін (реабсорбциясын) түтікшелерде қайта сіңбейтін және сөл-шырын шығармайтын зат-инулинді пайдалана отырып анықтауға болады. Мұндай заттар несепке тек қана шумақтық сүзілу кезінде өтіп араласады. Плазма құрамында қанша инулин болса, бір минут ішінде ол сол мөлшерде несепке ауысады, яғни плазма сол заттан толық тазарып шығады. Сондықтан сүзіп алынған мұндай заттың мөлшері несептегімен бірдей болады.
Сүзілген заттың (инулиннің) мөлшері шумақтық сүзілуден өткен соң, осы зат (Ғ) пен оның плазмадағы концентрациясының (Рин) көбейтіндісіне тең, яғни Ғ х Рин. Ал бұл заттың несептегі мөлшері 1 минутта түзілген несеп көлемі (V) мен оның несептегі концентрациясының (Uин) көбейтіндісіне тең, яғни, Uин х V; Ғ х Рин = Uин х V.
Сонымен Uин, V, Рин мөлшерін анықтауға, ал олар арқылы шумақтық сүзілу мөлшерін Ғин есептеп шығаруға болады.
Uин x V
Ғ= ---------- концентрациясы;
Рин
мұнда Uин – инулиннің несептегі концентрациясы,
V – несеп көлемі; Ғ – шумақтық сүзілу мөлшері. Шумақта минутына шамамен 65-120 мл несеп сүзіледі. Әйелде одан аздау. Бойы және салмағы әр түрлі адам бүйрегіндегі шумақтың сүзілу мөлшерін бір-бірімен салыстыру үшін стандартты дене бетіне (ауданына) - 1,73 м 2 ауыстырады да, арнайы кестеге қарап мына формула бойынша анықтайды:
Uин x V х 1,73
Ғ= ------------------- ; мұнда 1,73 – стандартты дене беті (ауданы),
Рин хS
S - табылған дене беті,
Шумақтық сүзілу мөлшерінің азаюы бүйрек қызметінің нашарлағанын көрсетеді. 1,5-2 жыл бойы ол 1,73м2 денеде минутына 40-45 мл-ге дейін азайса, бүйректің созылмалы ауруға шалдыққаны.
6-жұмыс. Бүйрек түтікшелерінде қайта сіңу деңгейін анықтау
Жұмыстың мақсаты: Түтікшелерінде қайта сіңу (реабсорбция) мөлшерін бағалау (анықтау).
Қан плазмасымен шумақтағы сүзіндісіндегі креатинин мөлшері бірдей деп алсақ, сүзілу дәрежесін ғана анықтап қоймай, қайта сіңу мөлшерін де анықтауға болады, мыс: судың қайта сіңуі R H2O былайша анықталады:
R H2 O= F- V x 100%
F
Сау адамда судың 98,5-99% қайта сіңеді. Роберг сынауын қосымша креатинин мен арнайы сұйықты пайдалану арқылы да жүргізуге болады. Көбінесе қосымша сұйық қоспастан жасалады. Аш қарында зерттелуші адамның көк тамырынан қан алып, оның құрамындағы креатинин анықтайды. Ол үшін сол адамның 2 сағат немесе бір тәулік бойы шығарған зәрі жиналады. Бөлінген несеп мөлшерін мұқият есептеп шығады да оның құрамындағы креатинин анықталады.
Алынған мәліметті пайдалана отырып, формула бойынша шумақтық түзілу мөлшері мен қайта сіңудің проценттік деңгейі табылады.
Бүйрек зақымданса, шумақтың сүзілу мөлшері біртіндеп азая береді, кейде (5-2-1 мл/мин. дейін). Түтікшелерде қайта сіңу деңгейі өзгермейді деуге болады, оның мөлшері тек қана бүйрек жетіспеушілігі болғанда 80-90 %-ке азаяды.
Жұмыс істеп тұрған нефрондар салмағын (массасын) глюкозаның түтікшелерде сіңу дәрежесіне (қалыпты жағдайда 300-500 мл/мин) қарап білуге болады. Мұндай жағдайда берілетін глюкозаның мөлшері 10 м/моль/л артық болуы керек.
Тg = / F x Pg/ - / V x Ug/. Мұнда Тg – қайта сіңген глюкозаның ең көп мөлшері, Ғ – түйіндік сүзілу жылдамдығы; Pg – қан плазмасындағы глюкоза мөлшері; Ug - несептегі глюкоза мөлшері.
7-жұмыс. Түтікшелердің зат бөліп шығару (секреция)
қабілетін анықтау
Нефрон шумағында белгілі бір заттар сүзіліп қана қоймайды, бүйрек түтікшелерінде кейбір заттар (диодраст, фенолрот, пенициллин, парааминді гиппур қышқылы (ПАГ) бөлініп сыртқа шығады (секреция). Бұл заттар аралас клиренс тудырады. Мыс: сүзілу-қайта сіңу немесе сүзілу – зат бөліп шығу (секреция). Мұндай клиренстер арқылы бүйрек қызметіне жалпы баға беруге болады, бірақ оның жекелеген қызметін анықтау мүмкін емес.
Жұмыстың мақсаты: түтікшелердің зат бөліп шығару (секреция) қабілетін анықтау. Түтікшелер секрециясының ең жоғары (максимальді) мөлшерін анықтау үшін қандағы ( Рпаг), немесе (Uпаг) парааминді гиппур қышқылдарының концентрациясы және инулин арқылы шумақтың фильтрацияның мөлшрін (Ғ) және несеп мөлшері V анықталады.
Тпаг = /Uпаг х V/ - / Рпаг х Ғ /; мұндағы Тпаг түтікшелердегі секреция мөлшері. Тпаг = 6.78+ 1.37 м моль /сек. немесе
79,3=16,7 мл/мин тең / 1,73м2 дене бетінде/.
8-жұмыс. Бүйректегі тиімді қан айналысын (плазма
айналысын) зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Бүйректегі қан айналысы мөлшерін зерттеу.
Кейбір заттардың (диодраст, фенолрот, пенициллин, парааминді, гиппур қышқылы – ПАГ, т.б.) клиренсі өте жоғары болады. Тіпті ол 1 минутта бүйрек арқылы ағатын қан мөлшеріне жуық болады. Сондықтан аталған заттардың клиренсін зерттеп, бүйрек арқылы ағатын қанның мөлшерін (шамасын) анықтауға болады.
ПАГ клиренсі бойынша.
Қан бүйрек арқылы бір-ақ рет өтсе, плазма парааминді гиппур қышқылынан толық тазарып болады.
Спаг = Uпаг х V ; мұндағы V – несеп көлемі.
Рпаг
Спаг - парааминді гиппур қышқылының клиренсі; Ипаг – оның несептегі концентрациясы. Рпаг- ПАГ-тың қандағы концентрациясы.
Ерлердің бүйрегіндегі плазма айналымының мөлшері 1,73 м2 дене бетінде 12 мл/сек немесе 720 мл/мин; әйелде 11 мл/сек немесе 660 мл/мин.
9-жұмыс. Бүйректің өзін - өзі реттеу функциясын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Организмнің қалыпты жағдайы мен тамақтануы кездерінде және суды мөлшерінен тыс артық немесе өте аз ішкен жағдайда бүйректің несепті (зәрді) қойылту (концентрациялауы) және сұйылту қабілеттері қалай өзгеретінін бағалау. Осы жағдайларда бүйрек қызметін реттейтін қандай механизмдер бар екені туралы қорытынды жасау.
Жұмыстың барысы: Зимницкий мен Фольград сынауларының нәтижесі бойынша зәрдің мөлшері мен сыбағалы салмағының өзгеруін график арқылы көрсетіңіз.
Зимницкий сынауы қалыпты тамақтану және су ішу жағдайында өткізіледі. Зерттелуші адамның несебін әрбір 3 сағат сайын жеке жинап алады да, әрбір несеп үлгісінің көлемі мен сыбағалы салмағы анықталады. Әдетте диурез мөлшері ішілген сұйықтың 65-75% -не тең екенін және күндізгі диурез мөлшері түнгіден басым екенін ескере отырып, зерттелу нәтижесі бағаланады. Әр бөліктегі несеп мөлшері мен сыбағалы салмағында айырмашылық болады.
Бүйректің несеп сұйылту қабілетін анықтайтын Фольгард сынауы. Зерттеуші адамға аш қарынға таңертеңгі 7 сағ. 30 минутта 1500 мл жылы су ішкізеді де, сағат 8-ден бастап әрбір 30 минут сайын 7 рет несеп жинап алады. Оның әрқайсысының көлемін сыбағалы салмағын анықтайды.
Әдетте несеп пен бірге 1500 мл су шығады (әсіресе 14-15 сағат) аралығында, осыған орай несептің сыбағалы салмағы азаяды (1,003 – 1,001 ге дейін). Осы мәліметтерді ескере отырып, зерттеу нәтижесі бағаланады.
