Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zheke_fiziologiasy-_1240_dist_n_1201_s_1179_aul...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

2 Кесте

Әр түрлі мамандықтарға сай келетін күнделікті энергия мөлшері

Топтар

Энергия шығыны

Кәсіби ерекшеліктері

1-топ

2200-2800

Қара жұмысқа қатысы жоқ мамандықтар: мекеме басшылары, ғылыми қызметкерлер, баспасөз қызметкерлері, инженер-техник қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер т.б.

2-топ

2300-3000

Дене еңбегімен және жеңіл еңбекпен айналысатындар: инженер-техник қызметкерлері, агрономдар, мал дәрігерлері, дүкеншілер, дәрігер мен медбикелер, санитарлар, жаттықтырушылар, т.б.

3-топ

2500-3200

Еңбегі механикаландырылған мамандықтар: станокта істейтін жұмысшылар, токарьлар, жеңіл көлік жүргізушілер, хируротар, бригадирлер.

4-топ

2900-3700

Жартылай механикаландырылған мамандықтар: ауыл шаруашылығы жұмысшылары, мұнайшылар, металлургтер, балташылар, от жағушылар, ұсталар.

5-топ

3900-4300

Қара жұмысшылар: тасушылар, шахтерлер, болат қорытушылар, ағаш кесушілер.

2. Тамақтанудың физиологиялық нормаларын, яғни белок, май, көмірсудың тәуліктік қажеттілігін ескеру қажет. Тамақтану институты тамақтанудың мынадай нормасын ұсынады (кесте 1).

3. Тиімді тамақтанудың негізі болып теңестірілген тамақтану болып табылады. Теңестірілген тамақтануда биологиялық белсенді заттар – белок, май, көмірсу, витамин және минералды заттардың және негізгі тағамдық заттардық сапалық және сандық қатынасы қарастырылады. Белок, май және көмірсудың қабылданған арақатынасы – 1:1:4.Тамақтану режимі төрт мезгілдік тамақ қабылдау болып табылады. Жалпы құндылықтан біріншілік таңертеңгілік ас - 10-15%, екіншілік таңертеңгілік ас - 15-35%,түскі ас - 40-50%, кешкі ас - 15-20% құрауы қажет. Белокқа бай (ет, балық, жұмыртқа) өнімдерді таңғы және түскі ас кезінде қабылдау керек. Кешкі асқа сүт – өсімдік белоктарын қолдануға қалдырылады. Сонымен қатар тағам рационында витаминдер, минералды тұздар, микроэлементтер және су болу қажет.

Кесте 1.

Еңбек қарқындылығының әр түрлі топтары бойынша ересек еңбекке қабілетті тұрғындар үшін белок, май және көмірсудың ұсынылатын қажеттілігі.

Еңбек қарқындылығына байланысты топтар

Жас көрсеткіштері

Қоректік заттарға қажеттілігі, г

Ерлер

Әйелдер

Белоктар

Майлар

Көмірсулар

Белоктар

Майлар

Көмірсулар

1

18-29

91

103

373

78

88

324

30-39

88

99

365

75

84

310

40-59

83

93

344

72

81

297

2

18-29

90

110

398

77

93

351

30-39

87

106

412

74

90

337

40-59

82

101

412

70

86

323

3

18-29

96

117

420

81

99

371

30-39

93

114

440

78

95

358

40-59

88

108

406

75

92

344

4

18-29

102

136

518

87

116

441

30-39

99

132

504

84

112

427

40-59

95

126

483

80

106

406

5

18-29

118

128

602

-

-

-

30-39

113

135

574

-

-

-

40-59

107

143

546

-

-

-

Жұмысқа қажетті заттар: Қоректік заттардың химиялық құрамы мен олардың қуаттылығы көрсетілген кесте.

Жұмыстың орындалуы. Тағам рационын құру алдында, тағам рационы анықталатын адамның қандай кәсіптік топқа жататынын және осы топтың физиологиялық тамақтану нормалары мен энергетикалық шығынын анықтау қажет.

Дәптерге кестені мына үлгіде сызады: 1-ас мәзірі, 2-тағамның аттары, 3-грамм бойынша тағамның мөлшері, 4-тағамның құрамы, 5-қуаттылығы.

Тамақтың мезгілі

Тағам аттары

Тағамның мөлшері

Тамақтың құрамы, г

Қуаттылығы, ккал

Белок

Май

көмірсу

1 ертеңгілік ас

2 ертеңгілік ас

Түскі ас

Кешкі ас

Студент кестені толтыру кезінде есептеуі қажет:

  1. Тәуліктегі тағам рационының жалпы қуаттылығын;

  2. Ертеңгілік ас, түскі ас, кешкі астың қуаттылығын;

  3. Берілген рацион құрамына қанша белок, май, көмірсу кіретінін есептеу;

  4. Тәуліктегі тағам рационындағы белок, май, көмірсудың арақатынасын анықтау;

  5. Алынған көрсеткіштерді қалыпты жағдайдағы нормалармен салыстыру;

  6. Қажет жағдайда түзетулер енгізу.