- •Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •Isbn № 9965-826-24-2
- •1. Қан физиологиясы
- •I. Тақырып: Қан құрамы. Плазма құрамы. Эритроциттер
- •1. Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
- •1Жұмыс. Плазманы формалық элементтерден ажырату және
- •VI. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •V. Ақпараттық -дидактикалық бірлестігі.
- •I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •2. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •III. Сабақтың мақсаты.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •3. Қан тамырлар физиологиясы
- •Тақырып : Гемодинамика көрсеткіштері. Қан
- •III . Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар.
- •3 Сурет. Шынтақ венасындағы қысымды анықтау ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .
- •4 Сурет. Реограмма
- •I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының нервтік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •4. Тыныс алу физиологиясы
- •Тақырып: Сыртқы тыныс алу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •V. Ақпараттық - дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.
- •I.Тақырып: Тыныс алудың реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық- дидактикалық бірлестігі
- •5. Ас қорыту физиологиясы
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы. Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту физиологиясы тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •6. Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •2 Кесте
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
- •7. Сыртқа шығару, жылу реттелу физиологиясы
- •I. Тақырып: Сыртқа шығару физиологиясы. Жылу реттелу
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі
- •Құрғақ тамақ жегеннен кейін несептің қойылуын Фольгард сынауымен анықтау
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша ситуациялық есептер
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша тест сұрақтары
- •8. Талдағыштар физиологиясы
- •I.Тақырып: Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және тері талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Көру талдағышы
- •Тері талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •I.Тақырып: Есту, дәм сезу, тепе-теңдікті сақтау талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпаратты дидактикалық бірлестігі. Дәм сезу талдағышы
- •5 Сурет. Тілдегі дәм сезу рецепторларының орналасуы есту талдағышы
- •Тепе-тендік талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •Талдағыштар физиологиясынан сұрақтары
- •9. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік
- •Адамның ой өрісін сөйлеу арқылы зерттеу
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Жжіә бойынша мәселелік тапсырмалар.
- •Тест сұрақтары
- •10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Орыс тілінде Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қан физиологиясы......................................................................3
I.Тақырып: Есту, дәм сезу, тепе-теңдікті сақтау талдағыштары
II. Оқу сағаты – жоспар бойынша.
III. Тақырыптың маңыздылығы : Есту талдағышы сыртқы ортаның организм үшін ең маңызды ақпараттарын қабылдайтын көру талдағышынан кейінгі екінші орынды алады. Есту талдағышының функциясы адамның екінші сигналдық жүйесімен тығыз байланысты. Есту талдағышы тепе-теңдікті сақтайтын вестибулярлық талдағышпен де бірге кеңістікке бейімделуге қатысады. Ал дәм сезу талдағышы ас қорыту жүйесінің функциялық жағдайына әсер етеді. Талдағыштар физиологиясын жетік білу клиникалық пәндерді меңгеруді жеңілдетеді .
IV. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
1. Есту, дәм сезу және тепе-тендікті сақтау талдағыштарының
морфо-функционалдық сипаттамалары.
2. Дыбыс өткізуші және дыбысты қабылдаушы жүйелердің құрылымы мен
функциялары.
3. Дененің кеңістіктегі жағдайының өзгерісі, дәмдік тітіркендіргіштер
және дыбыстық толқындарды қабылдау теориялары.
Студент орындауы қажет:
1. Есту өткірлігін анықтау (дыбысты тыңдау әдісімен) және нәтижені тіркеу.
2. Дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтімділігін тексеріп, қорытынды жасау.
3. Дәм рецепторларының тіл бетінде орналасу топографиясын анықтап, олардың орналасқан үлгісін (схемасын) салу.
4. Барани сынағын өткізу, алынған мәліметтерді дұрыс тіркеу.
V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
1. Есту ағзасы және оның жеке бөлімдерінің құрылысын сипаттау.
2 Есту талдағышы, оның бөлімдерінің функциялық маңызы.
3. Корти мүшесінің орналасқан жері, құрылымы және функциялық
маңызы.
4. Есту ағзасының дыбыс өткізуші және дыбыс қабылдаушы жүйелері
туралы түсінік.
5. Дыбыс толқындарының қабылдануы туралы теориялар (резонанстық, телефондық, жарысқан толқын тәрізді тербелістерді қабылдау ).
6. Дыбыстардың ауа және сүйек арқылы өтетіндігін дәлелдеу.
7. Есту өткірлігі туралы түсінік.
8. Вестибулярлық (тепе-тендік) талдағыш, оның бөлімдерінің
сипаттамалары.
9. Дененің кеңістікте орналасу өзгерістерін қабылдау механизмдері.
10. Дәм сезу талдағыштары, оның бөлімдерінің сипаттамасы.
11. Дәм тітіркендіргіштерін сезу (қабылдау) теориялары.
Ақпаратты дидактикалық бірлестігі. Дәм сезу талдағышы
Тілдің кілегей қабығында тәттіні, тұзды, қышқылды, ащыны қабылдайтын 4 түрлі рецепторлар орналасқан. Тілдің ұшындағы рецепторлар тәттіні қабылдайтын болса, тіл бүйіріндегі рецепторлар қышқылды, тұздыны, ал тіл түбіріндегілері тек ащыны қабылдайды. Тілдің орта шетіндегі кілегейлі қабығында дәм рецепторлары болмайды. Сондықтан тіл бетінің ортасындағы кілегейлі қабығы дәм тітіркендіргіштерін сезбейді. Өткізгіш бөлімі үшкіл жүйке , тіл – жұтқыншақ, бет жүйкелерінің талшықтарынан тұрады. Осылар бойынша қозу сопақша миға, таламусқа және ми қатпарының артқы орталық аймағының төменгі бөліміне беріледі.
1-жұмыс. Тілдің әр жеріндегі түрлі дәм сезімдерінің
орнын анықтау
Жұмысты орындау. Зерттеуші адам зерттелуші адамның тілінің әр жеріне (тілдің ұшы, бүйірі, ортаңғы бөлігі, түбірі) әрбір екі минут сайын мына ерітінділердің: 3%-қант, 10%-хлорлы натрий, 1%-лимон қышқылы, ащы эритромицин бір тамшысын кезекпен тамызады. Сөйтіп тілдің дәм сезімін дұрыс анықтайтын жерін табады Зерттелуші адам тіліне қандай ерітінді тамызылатынын білмеуі керек. Әр сынауды жүргізгеннен соң ауызды сумен шаяды. Әр сынаудың арасы 2 минуттен кем болмағаны дұрыс.
Жұмыстың нәтижесін көрсету үшін тілдің схемасын салып, тітіркендіргіштерді мына белгілермен белгілеу қажет:
Ерітінділерді флакондарға құйып, сыртына ерітінді атын жазбай мына әріптермен белгілеген жөн:
А - 3% қант; В - 10% NaCl ерітіндісі
С - 2% лимон қышқылы; Д - эритромицин ерітіндісі.
о - қышқыл
+ - тәтті
∆ -
тұзды
- ащы
