Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zheke_fiziologiasy-_1240_dist_n_1201_s_1179_aul...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

6. Энергия алмасуы. Тамақтану.

І. Тақырып: Негізгі алмасуды жанама калориметрия әдісімен анықтау. Тағам рационы.

II. Тақырыптың маңыздылығы: Зат алмасуы мен энергия алмасуы организм тіршілігінің маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Қоректік заттар тотыққан кезде энергия бөлініп, макроэргиялық байланыстар түрінде қор ретінде жиналып және организмдегі әртүрлі жұмыстардың орындалуына жұмсалады. Энергетикалық алмасудың сипаттамасын беру үшін жұмыстық (әртүрлі жұмыс түріне байланысты алмасу) және негізгі алмасу деген түсінікті қолданады. Организмнің энергия жұмсауы тура және жанама калориметрия әдістерімен анықталады. Бұл көрсеткіштерді және оларды анықтау әдістерін білу дәрігерлер үшін қажет.

ІII. Сабақтың мақсаты:

Студент білуі қажет:

  1. Адамның энергетикалық алмасу көрсеткіштері негізгі және жұмыстық алмасу, негізгі және жұмыстық алмасудың қалыпты мөлшерлері.

  2. Негізгі алмасуды анықтау әдістері.

  3. Тыныс коэффициенті, оның мөлшері.

  4. Оттегінің калориметриялық эквиваленті.

  5. Қоректік заттардың калориметриялық эквиваленті.

  6. Адамның қалыпты тамақтануы. Қоректік заттардың физиологиялық нормалары.

  7. Тәуліктік тағам рационын құрастыру әдістемесі.

Студент орындауы қажет:

  1. Оксиспирограмма бойынша энергетикалық алмасуды есептеу.

  2. Гаррис және Бенедикттің стандарттық кестесі бойынша тиісті негізгі алмасуды есептеу.

  3. Тәуліктік тағам рационын құрастыру.

IV. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Негізгі алмасу дегеніміз не? Оның мөлшері.

  2. Негізгі алмасуды анықтау әдістері (тікелей және жанама калориметрия).

  3. Тыныс коэффиценті, оның мөлшері.

  4. Оттегінің калориялық эквиваленті.

  5. Тағамдық заттардың түрлері және калориясы.

  6. Тағамдық заттардың физиологиялық нормалары.

  7. Теңестірілген тамақтану туралы ұғым.

  8. Қандағы қоректік заттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін функционалдық жүйе.

V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.

1-жұмыс. Негізгі алмасуды оксиспирография әдісімен анықтау

Жұмыстың мақсаты: Негізгі алмасуды оксиспирография әдісімен анықтау.

Жұмысқа қажетті заттар: оксиспирограф, резеңке стерилді еріндік, спирт, мақта.

Оксиспирограф – адам денесінде газ алмасуын зерттеуге, яғни белгілі бір мерзім ішінде сіңірілген оттегі мөлшерін анықтауға арналған аспап. Ол тұйық тыныс жүйесінен, яғни оттегіге толған резеңке сильфоннан, көмір қышқыл газын құрғақ сіңіргіш және клапанды қораптан тұрады. Аспаптағы ауа өкпеге, өкпеден (аспапқа) қайтып оралған кезде оттегі азаяды да, оның мөлшері теңестірілген сильфонға әсер етеді. Дем шығарған кезде ауа көмір қышқылды газ сіңіргіштен сильфонға оралады. Біртіндеп оттегі азаюына байланысты сильфонның қақпағы жылжып төмен түседі де, осы сәтте таспаның қаламына тиіп, оны жылжытады. Таспа минутына 50 мм жылжиды.

Жұмысты орындау: Зерттелуші адам еріндікті аузына салып мұрынын қысқышпен қысады. Демін ішіне тартады да кранды "аспап" деген қалыпқа қояды, сөйтіп өзін-өзі тұйық тыныс жүйесіне қосады. Нәтижесі таспа қағазында қисық сызық - оксиспирограмма жазыла бастайды. Бұл қисық негізгі алмасуды есептеу үшін қажет болып табылады.

Оксиспирограмманы талдау және негізгі алмасу деңгейін шығару

Хаттамаға негізгі алмасуды есептеп шығару үшін зерттеу барысында барометрлік ауа қысымы мен газ қоспасының температурасы белгіленеді.

Оксиспирограмманың еңісі бойынша 1 минуттағы оттегіні қолдану мөлшері анықталады. Бір литр оттегі жұмсалса, сильфонның қақпағы 25 мм төмендейді, демек спирограммада әрбір 5 мм 200 мл оттегіне тең, 15 секундта таспа 10 мм жылжиды. Түзету коэффициентін пайдалана отырып, (6 кесте) жұмсалған оттегі мөлшері қалыпты жағдайға көтеріледі (Т – 0о, Р – 760 мм сынап бағанасы бойынша).

Адам әртүрлі тағамдар қоспасымен тамақтанса, тыныс коэффициенті 0,85-ке тең болады. Сонда 1 л оттегінің жылу эквиваленті 4,863 ккал-ға тең. Мынадай пропорция құрылады:

1000 мл О2 – 4,863 ккал

Y О2 – X ккал, мұнда

Y О2 – оттегінің табылған көлемі

X = 4,863 * YО2­

1000

- бұл минутына жұмсалған қуат (энергия) алмасуы. Демек тәулік ішіндегі негізгі зат алмасуы (жұмсалған қуат) = Х * 1440 мин. тең болады.

Спирограмманың айқын жазылған жері екі жағынан тік сызықтармен қоршалады. Екі тік сызық арасындағы спирограмма бөлігі диагоналынан қарағанда тік бұрышты үшбұрыш құрады. Осындай үш бұрыш құру үшін екінші тік сызықтың бойынан спирограмма бөлігінің ең төменгі нүктесі белгіленеді де, бірінші тік сызыққа қарай перпендикуляр тартылады. Тік бұрышты үшбұрыштың кіші катетінің (АО) биіктігі (h) – мм-мен өлшенеді де, денеге сіңген (жұмсалған) оттегінің мөлшері есептеп шығарылады.

5 сурет. Оксиспирограмма

2-жұмыс. Тиісті негізгі алмасу деңгейін Гаррисс және Бенедикт кестесі бойынша есептеу

Жұмыстың мақсаты: Студенттің тиісті негізгі алмасуын анықтау.

Жұмысқа қажетті заттар: Тиісті негізгі алмасу деңгейін анықтауға арналған Гаррисс және Бенедикт кестесі

Тиісті негізгі алмасуды анықтауға арналған кестелер (4,5) екі бөлімнен тұрады. 1-ші "А" бөлімінде адам салмағы және сол салмаққа сәйкес ккал мөлшері, "Б" бөлімінде адамның бойы мен жасына сай ккал мөлшері көрсетілген. Бойы мен жас көрсеткіштері қиылысқан жерге қарап жасы мен бойына сәйкес ккал мөлшері табылады.

Жұмысты орындау:

Кесте ерлер мен әйелдер үшін жеке жасалған. Әрбір кесте А және Б бөлімдерінен тұрады.

А бөлімінен зерттелуші адамның салмағына сәйкес (ккал өлшемімен) жұмсалатын энергия мөлшері табылады. Б бөлімінен зерттелуші адамның бойы мен жасының қиылысқан жерінен оған сай ккал мөлшері табылады. Табылған сандар (А және Б бөлімдерінен) қосындысы бір тәуліктегі тиісті негізгі алмасу мөлшері болып табылады (ккал).

3-жұмыс. Тағам рационын құрастыру

Жұмыстың мақсаты: Тәулікті к тағам рационын құруды үйрену.

Тиімді тамақтану – жоғарғы еңбекке қабілеттілікті және денсаулықты, даму мен өсуді, өмір сүру қажеттілігін қамтамасыз етеді. Тиімсіз тамақтану – ағза жүйелерінің қызметтік бұзылыс жағдайларына және зат алмасудың бұзылуына, әсіресе орталық жүйке мен жүрек-қан тамыр, ас қорыту жүйелерінің бұзылыстарына әкеледі. Көп жағдайда тиімсіз тамақтанудың теріс әсері бұлшық ет жүктемесінің жеткіліксіздігі және аз қозғалыстағы барлық жастағы топтағы адамдарда, балаларда, қарт адамдарда байқалады.

Адамның тағам рационын құрастыруда төмендегідей ережелерді ескеру қажет:

1. Тағам рационының құндылығы тәуліктік энергия шығынына сәйкес келу қажет. Ағзаның энергетикалық шығыны көптеген факторларға: жасы, жынысы, бойы, салмағы, қоршаған орта температурасы, тағам түрі, орындалған жұмыстың түрі мен қарқындылығына байланысты.

Денсаулық сақтау минстрлігімен бекітілген және МҒА тамақтану Институтымен құрастырылған арнайы ұсыныстарға сүйене отырып әртүрлі топтағы тұрғындардың тамақтануын ұйымдастыру.

Ересек адамның қоректік заттарға физиологиялық қажеттілігі атқарылатын жұмыстың түріне, еңбек үрдісін орындау кезіндегі психикалық жүктемесі және басқа да ерекшеліктеріне байланысты еңбек қарқындылығына негізделген. Осыған байланысты еңбекке қабілетті барлық тұрғындарды энергетикалық шығынына сәйкес 5 кәсіби топқа жіктелген.