- •Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •Isbn № 9965-826-24-2
- •1. Қан физиологиясы
- •I. Тақырып: Қан құрамы. Плазма құрамы. Эритроциттер
- •1. Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
- •1Жұмыс. Плазманы формалық элементтерден ажырату және
- •VI. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •V. Ақпараттық -дидактикалық бірлестігі.
- •I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •2. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •III. Сабақтың мақсаты.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •3. Қан тамырлар физиологиясы
- •Тақырып : Гемодинамика көрсеткіштері. Қан
- •III . Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар.
- •3 Сурет. Шынтақ венасындағы қысымды анықтау ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .
- •4 Сурет. Реограмма
- •I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының нервтік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •4. Тыныс алу физиологиясы
- •Тақырып: Сыртқы тыныс алу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •V. Ақпараттық - дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.
- •I.Тақырып: Тыныс алудың реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық- дидактикалық бірлестігі
- •5. Ас қорыту физиологиясы
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы. Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту физиологиясы тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •6. Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •2 Кесте
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
- •7. Сыртқа шығару, жылу реттелу физиологиясы
- •I. Тақырып: Сыртқа шығару физиологиясы. Жылу реттелу
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі
- •Құрғақ тамақ жегеннен кейін несептің қойылуын Фольгард сынауымен анықтау
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша ситуациялық есептер
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша тест сұрақтары
- •8. Талдағыштар физиологиясы
- •I.Тақырып: Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және тері талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Көру талдағышы
- •Тері талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •I.Тақырып: Есту, дәм сезу, тепе-теңдікті сақтау талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпаратты дидактикалық бірлестігі. Дәм сезу талдағышы
- •5 Сурет. Тілдегі дәм сезу рецепторларының орналасуы есту талдағышы
- •Тепе-тендік талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •Талдағыштар физиологиясынан сұрақтары
- •9. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік
- •Адамның ой өрісін сөйлеу арқылы зерттеу
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Жжіә бойынша мәселелік тапсырмалар.
- •Тест сұрақтары
- •10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Орыс тілінде Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қан физиологиясы......................................................................3
Тері талдағышы
Тері - организмдегі рецепторлардың көп орналасқан жері. Онда жанасуды (Мейснер денешігі), қысымды (Паччини денешігі), температуралық әсерлерді - суықты (Краузе құтысы), ыстықты (Руффини денешігі) сезетін рецепторлар бар. Тері ауырсынатын тітіркендіруді де сезеді. Ауырсынатын тітіркендіргіштерді терідегі жүйкенің жалаңаш ұштары қабылдайды. Терінің жанасу және ауырсыну сезімдік, рецепторлық қызметі ұрықтық кезеңнен - ақ басталады. Тері рецепторларынан қозу қыртыс асты орталықтарға жұлын – таламустық жолдар және лемниск сезімтал талшықтар арқылы келеді, қыртыс бөлімі-артқы ортаңғы (постцентралис ) қатпарында орналасқан.
1-жұмыс. Тері рецепторларының температураға бейімделуін
бақылау. Контраст құбылысы
Талдағыштардың негізгі қасиеттерінің бірі бейімделу, яғни тітіркендіру күшіне үйрену. Температуралық бейімделуді бақылау арқылы контраст құбылысын көруге болады.
Жұмысты орындау. Бейімделуді бақылау үшін қолды ыстық суға (40°С) салады. Алғашқыда жылуды жақсы сезеді де, бейімделуден кейін жылу сезімі нашарлайды. Контраст құбылысын бақылау үшін екі қолды бөлме температурасындай (25°С) суға салады, сезім екі қолға бірдей екендігіне көз жеткізген соң, бір қолын температурасы 40°С суға, ал екінші қолын ыстығы 10°С суға салады. Бірнеше минуттан соң қайтадан екі қолды бірден температурасы 25°С суға салады. Суық суда болған қол, 25°С суды ыстық ретінде, ал ыстық суда болған қол оны суық ретінде сезінеді. Бұл ыстық - суықты қабылдауда контраст құбылысы бар екендігін көрсетеді.
2-жұмыс. Эстезиометрия (жанасу сезімталдығын анықтау)
Дененің әр жеріндегі жанасуды қабылдайтын рецепторлардың орналасу жиілігі бірдей емес. Сондықтан жанасу сезімталдығы анықталады. Зерттеу Вебер циркулі немесе эстезиометрмен жүргізіледі. Эстезиометрдің екі ұшын теріге тигізгенде екі сезім туады, енді екеуінің арасын біртіндеп жақындатып отырып тактилдік сезімнің табалдырық мөлшерін табады. Табалдырық мөлшері (күші) деп екі сезім тудыратын эстезиометр ұштарының (терінің тітіркендірілетін екі нүктесінің) минималдық ара қашықтығын айтады. Жанасу сезімталдығы неғұрлым жоғары болса оның табалдырық күші соғұрлым төмен болғаны.
Жұмысты орындау. Вебер циркулін немесе эстезиометрді алып оның екі ұшын теріге бір мезгілде тигізіп, екі сезім тудыратын минималды ара қашықтықты табады. Бұл қашықтықты азайтқанда бір ғана сезім пайда болады. Саусақ ұшындағы, білезіктегі, білектегі, мойындағы, мұрындағы тактилді сезімнің табалдырық мөлшеріне кері шама оның сезімталдығын көрсетеді. Сезімталдықты тексергенде циркульдің екі ұшының температурасы және өткірлігі бірдей болуы керек және бір мезгілде теріге тигізілуі қажет. Тәжірибені екі рет орындап, оның орташа арифметикалық саны алынады.
VII. Сабақтың мазмұны:
Студенттер өздері орындайтын жұмыстар.
1.Форстер периметрімен көздің көру аймағын анықтау.
2. Мариотт тәжірибесі.
3. Көздің аккомодация мөлшерін анықтау.
4. Сфералық аберрацияны көрсету.
5. Бинокулярлық (екі көзбен) көруді дәлелдеу.
6. Рабкин кестесін, түрлі түсті айналатын зырылдауықтарды
қолданып көздің түстерді көру механизмін зерттеу.
7. Эстезиометрия - терінің жанасу сезімталдығын анықтау.
8. Тері рецепторларының температуралық бейімделуі мен контраст
құбылысын байқау.
Оқытушының қатысуымен бірлесіп жұмыс жасау – көздің көру өткірлігін анықтау, теориялық материалдарды талдау, жұмысты орында әдістемелері.
Студенттердің бастапқы және қорытынды білім деңгейін тексеру (тест сұрақтары мен мәселелік тапсырмалар).
