- •Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •Isbn № 9965-826-24-2
- •1. Қан физиологиясы
- •I. Тақырып: Қан құрамы. Плазма құрамы. Эритроциттер
- •1. Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
- •1Жұмыс. Плазманы формалық элементтерден ажырату және
- •VI. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •V. Ақпараттық -дидактикалық бірлестігі.
- •I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •2. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •III. Сабақтың мақсаты.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •3. Қан тамырлар физиологиясы
- •Тақырып : Гемодинамика көрсеткіштері. Қан
- •III . Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар.
- •3 Сурет. Шынтақ венасындағы қысымды анықтау ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .
- •4 Сурет. Реограмма
- •I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының нервтік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •4. Тыныс алу физиологиясы
- •Тақырып: Сыртқы тыныс алу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •V. Ақпараттық - дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.
- •I.Тақырып: Тыныс алудың реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық- дидактикалық бірлестігі
- •5. Ас қорыту физиологиясы
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы. Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту физиологиясы тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •6. Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •2 Кесте
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
- •7. Сыртқа шығару, жылу реттелу физиологиясы
- •I. Тақырып: Сыртқа шығару физиологиясы. Жылу реттелу
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі
- •Құрғақ тамақ жегеннен кейін несептің қойылуын Фольгард сынауымен анықтау
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша ситуациялық есептер
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша тест сұрақтары
- •8. Талдағыштар физиологиясы
- •I.Тақырып: Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және тері талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Көру талдағышы
- •Тері талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •I.Тақырып: Есту, дәм сезу, тепе-теңдікті сақтау талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпаратты дидактикалық бірлестігі. Дәм сезу талдағышы
- •5 Сурет. Тілдегі дәм сезу рецепторларының орналасуы есту талдағышы
- •Тепе-тендік талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •Талдағыштар физиологиясынан сұрақтары
- •9. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік
- •Адамның ой өрісін сөйлеу арқылы зерттеу
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Жжіә бойынша мәселелік тапсырмалар.
- •Тест сұрақтары
- •10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Орыс тілінде Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қан физиологиясы......................................................................3
9. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы
І. Тақырып: Жоғары жүйке іс- әрекетін зерттеу әдістері. И.П. Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімі. Шартты рефлекстерді қалыптастыру әдісі, түрлері. Уақытша байланыстардың пайда болу механизмдері.
ІІ. Сабақтың маңыздылығы : ЖЖІӘ туралы ілім сана сезімді, ойлауды, есте сақтауды, күрделі іс әрекетті және біртұтас тұлғаны түсінудің негізі болып табылады. Адамның шарты рефлекстері, олардың кешені іс-әрекеттің күрделі формаларының негізінде жатыр. ЖЖІӘ механизмдерінің бұзылулары – невропатолог, психиатор, терапевт, психотерапевт дәрігерлердің компетенциясы болып табылады . Болашақ клиницистер үшін шартты рефлекстердің қалыптасу механизмін, олардың түрлерін, оларды түзетe әдістерін білу қажет.
III. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
ЖЖІӘ зерттеу әдістерін.
Шартты және шартсыз рефлекстердің жіктелуін.
Шартты және шартсыз рефлекстердің сипаттамасын.
Шартты рефлекстердің түрлерін.
Шартты рефлекстерді қалыптастыру кезінде ми қыртысында уақытша байланыстардың тұйықталу механизмдерін.
Студент орындауы қажет.
Адамға көз қарашық шартты рефлексін қалыптастыруды.
Адамға тыныс алу шартты рефлексін қалыптастыруды.
Егеуқұйрыққа қозғалу шартты рефлексін қалыптастыруды.
IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
ЖЖІӘ зерттеу әдістері.
Шартты және шартсыз рефлекстердің сипаттамасы.
Электроэнцефалография әдісі.
Қалыпты жағдайда адамның электроэнцефалограммасындағы ырғақтар түрлері.
Шартты және шартсыз рефлекстердің жіктелуі.
Шартты рефлекстердің түрлері.
Шартты рефлекстерді қалыптастыру кезінде ми қыртысында уақытша байланыстардың тұйықталу механизмдері.
V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістері мен аннотациясы
1-жұмыс. Электороэнцефалография (ми биотогын жазып алу)
Электроэнцефалография – ми сыңарлары қыртысының биопотенциалдарын тіркеу әдісі. Электроэнцефалограф қабылдағыш, күшейткіш және тіркеу жүйелерінен тұрады. Адамның ми биотоктарын биполярлық және монополярлық екі түрлі амалмен тіркеуге болады.
Биполярлық әдіс қолданылса, электродтар адамның басына бекітіледі, олар өздерінің астындағы ми бөлімдерінің арасында пайда болатын потенциалдар тербелісін қабылдап жазып алатын жүйелерге жібереді. Монополярлық әдіс бойынша активті электродты бас терісіне қояды да, пассивті электродты құлақ сырғалығына бекітеді. Сөйтіп, осы мезгілде активті электродтың астындағы потенциал тербелісі тіркеледі. Жануарлардың (ит, мысық, қоянның) электроэцефалограммасын жазу үшін ине электродтар пайдалыналады.
Ми потенциалы өте төмен (5-100 мкв) екендігі белгілі, сондықтан электроэнцефалографқа қатты күшейткіш қондырылған.
Электроэнцефалограммадағы потенциал тербелістерінің жиілігімен амплитудасына қарай альфа-, бета-, тета-, дельта- ырғақтарын ажыратады. Альфа-ырғақ – жиілігі секундына 8-13 Гц, ал амлитудасы 50 мкв. Бұл потенциалдық ырғақты
тербелісті дене тыныштық күйде болған сәтте, әрі басқа сыртқы тітіркендіргіштердің әсері болмаған уақытта жазады. Бета- ырғақ - тербелісі секундына 13 Гц асса, амплитудасы 25 мкв-ке дейін жетеді.
Бұл жарықтың, ойдың әсерінен, сезім әрекетіне бой алдырушылықтан туады.
Тета–ырғақ секундына 4-8 Гц, амплитудасы 100-150 мкв потенциалдар тербелісі. Бұл ұйқы кезінде патологиялық күйлерде (гипоксия, орташа терең наркозда) байқалады. Дельта-ырғақ - жиілігі секундына 0,5-3,5 Гц, амплитудасы 300 мкв потенциалдардың баяу тербелісі. Қатты ұйқы, терең наркоз, гипоксия, сондай-ақ ми қыртысында болатын ауру-сырқат кездерінде тіркеледі.
Жұмысты орындау: Ми биотоктары объектілерді сыртқы электр өрісімен магнит өрісінен қорғайтын арнайы экрандалған камерада тіркеледі. Зерттейтін адамды кушетка үстіне жатқызады да, оның басына электродтар қояды. Ол үшін алдын –ала бас терісі аймақтарын спирт-эфир қоспасымен ысқылап, сүртеді де, сол аймақтарды майдан тазартады. Электродтар қою схемасы әртүрлі болуы мүмкін. Электродтар экрандалған шланг арқылы таратқыш қалқанмен жалғастырылады. Аспап тұтқасын айналдыра отырып, электродтарды күшейткішке қосады. Тіркелетін ток жиілігі 2-75 Гц шамасында болуы шарт. Тіркеуші жүйелерді іске қосып, қаламның ауытқу амплитудасына қарай қажет күшті табады. Бұдан кейін арнайы механизмнің көмегімен калибрлік протенциалды жазып алады. Одан әрі биотоктар жазылады. Алдын-ала әдеттегі электроэнцефалограмманы жазып алу үшін адам екі көзін жұмып тыныш күйде отырады. Сонда ғана альфа ырғағын тіркеуге мүмкіндік туады. Жарық немесе дыбыс ишара белгілері қосылса, альфа толқыны бета толқынымен алмастырылғанын аңғаруға болады. Электроэнцефалограмма кесіндісін дәптер бетіне жапсырып, оған талдау жасау керек.
2-жұмыс. Стереотаксис аспабы
Жануарларға арналған стереотаксис аспабы терең орналасқан ми құрылымдарына микроэлектродтар енгізу үшін қолданылады. Ол жануар бекітілетін болат тақтадан, қос бас тұтқадан, тік әрі көлденең жылжитын екі кареткадан тұрады. Жылжыма бөлік электродты ұстап тұратын супортпен жабдықталған. Супорт пен электродты кез- келген бағытта және тереңдікке де жылжытуға болады. Басы қозғалмайтындай етіп, жануар тұтқалар көмегімен құралға бекітіледі: соңғыларының бір жұбын сыртқы құлақ түтігіне кіргізеді де, екінші жұбын көз шараларының төменгі жағына орнатады. Сонда сыртқы құлақ түтігі мен көз шараларының астынғы жиегі арқылы өтетін сызықтық нольдық жазықтығымен ми жарыса орналасады. Супорт пен электрод тұтқыштардың жәрдемімен микроэлектродтар мидың зерттелетін жеріне енгізіледі. Аспап электродтың қай бағытта және қандай терендікке болса да жылжыун қамтамасыз етеді. Белгілі бір нүктеге электродтарды бірден-бір дәл енгізу үшін алдымен стереотаксис атласымен танысып, зерттелетін құрылымның қай жерде (координатта) жатқанын тауып алады. Табылған координаттарға сәйкес электрод супортқа бекітіледі.
Ауруды анықтау немесе емдеу мақсатымен электрод мидың белгілі бір құрылымына енгізіліп, ұзақ уақыт сонда қалдырылатын болса ғана стереотаксис аспабы клиникада қолданылады.
3-жұмыс. Адамда шартты рефлекстер тудыру
а) Шартты қарашық рефлексінің пайда болуы
Сөз - адамға ғана тән екінші сигналдық жүйе, қатты ықпал жасайтын қуатты тітіркендіргіш. Мысалы, шартсыз тітіркендіргіш ретінде бір көзді алақанмен жауып қараңғылап, одан сәл бұрын сөзбен әсер етсе (тітіркендірсе), екінші көздің қарашығы ұлғаяды, сөйтіп шартты рефлекс тудыруға болады.
Жұмысты орындау: Зерттелетін адамға «көзіңнің қарашығын ұлғайт»,- деген бұйрықты бергеннен соң, көзін алақанмен жаба қояды. Тап осы сәтте оның екінші ашық көзінің қарашығының ұлғайғанын көреміз (көз қарашығының реакциясы). Біраздан кейін тәжірибе қайталанады. Бұйрық осылайша бірнеше рет (әдетте 5-6 рет) қайталанса, тұрақты шартты рефлекс пайда болады. Демек, көз қарашығы тек сөз әсерімен ғана ұлғаяды.
б) Шартты тыныс рефлексінің пайда болуы
Көкірек қуысының дем алған кездегі қимылын пневмографмен жазып аларда зерттелуші адамға мүсәтір спиртіне малынған мақта иіскетсе, дем алу рефлекстік жолмен аз уақыт тоқтап қалады. Осылайша 5-6 рет қайталанғаннан кейін сол адамға мүсәтір спиртіне малынған мақтаның орнына суға малынған мақта иіскетеді. Осыдан кейін шартты рефлекс қалыптасқан болса, онда тыныс рефлекстік түрде тежеледі.
Алынған нәтижелер: а) шартты қарашық рефлексін тудыруға арналған жұмыстың протоколы; б) шартты тыныс рефлексі пневмограмма түрінде берілуі керек.
4-жұмыс. Егеуқұйрықта шартты қорғаныс рефлексін қалыптастыру
Тәжірибе арнайы камерада жасалады. Камера ортасында егеуқұйрық өтетін тесігі бар, екі бөлімнен тұрады. Олардың еденінде егеуқұйрықты тітіркендіретін электрод орнатылған. Арнайы қосқыш арқылы егеуқұйрық тұрған бөлімге тоқ беруге болады.
Егеуқұйрықты камераның бір бөліміне кіргізеді де, тоқ жіберіп, ауырсыну сезімін тудыратын тоқ мөлшері анықталады. Үдеткішті сол мөлшерден сәл басым тоқ күшіне қояды.
Шартты тітіркендіргіш ретінде қоңырау пайдаланылады. Әуелі қоңырау қағылады, содан соң 4 секунд өтісімен егеуқұйрыққа ауырсыну сезімін тудыру үшін электродтарға тоқ жіберіледі. Сол кезде егеуқұйрық камераның бір бөлімінен екінші тоғы жоқ бөліміне қашып шығады. Тітіркендіру (шартты, шартсыз) әрбір 1-2 минут сайын қайталанып отырады. 15-20 рет (кейде одан да көбірек) тітіркендіргеннен кейін шартты рефлекс пайда болады да, егеуқұйрық қоңырау дыбысын естісімен камераның екінші бөліміне қашып кетеді.
