- •Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •Isbn № 9965-826-24-2
- •1. Қан физиологиясы
- •I. Тақырып: Қан құрамы. Плазма құрамы. Эритроциттер
- •1. Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
- •1Жұмыс. Плазманы формалық элементтерден ажырату және
- •VI. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •V. Ақпараттық -дидактикалық бірлестігі.
- •I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •2. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •III. Сабақтың мақсаты.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •3. Қан тамырлар физиологиясы
- •Тақырып : Гемодинамика көрсеткіштері. Қан
- •III . Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар.
- •3 Сурет. Шынтақ венасындағы қысымды анықтау ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .
- •4 Сурет. Реограмма
- •I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының нервтік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •4. Тыныс алу физиологиясы
- •Тақырып: Сыртқы тыныс алу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •V. Ақпараттық - дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.
- •I.Тақырып: Тыныс алудың реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық- дидактикалық бірлестігі
- •5. Ас қорыту физиологиясы
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы. Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту физиологиясы тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •6. Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •2 Кесте
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
- •7. Сыртқа шығару, жылу реттелу физиологиясы
- •I. Тақырып: Сыртқа шығару физиологиясы. Жылу реттелу
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі
- •Құрғақ тамақ жегеннен кейін несептің қойылуын Фольгард сынауымен анықтау
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша ситуациялық есептер
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша тест сұрақтары
- •8. Талдағыштар физиологиясы
- •I.Тақырып: Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және тері талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Көру талдағышы
- •Тері талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •I.Тақырып: Есту, дәм сезу, тепе-теңдікті сақтау талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпаратты дидактикалық бірлестігі. Дәм сезу талдағышы
- •5 Сурет. Тілдегі дәм сезу рецепторларының орналасуы есту талдағышы
- •Тепе-тендік талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •Талдағыштар физиологиясынан сұрақтары
- •9. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік
- •Адамның ой өрісін сөйлеу арқылы зерттеу
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Жжіә бойынша мәселелік тапсырмалар.
- •Тест сұрақтары
- •10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Орыс тілінде Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қан физиологиясы......................................................................3
5. Ас қорыту физиологиясы
І. Тақырып: Ас қорыту. Ас қорытуды зерттеу әдістері. Ауыздағы, қарын дағы астың қорытылуы.
II. Тақырыптың маңыздылығы: Ас қорыту жұесінің дерттері өте жиі кездеседі. Ас қорытуды зерттеу әдістері арқылы дәрігер ішкен астың ішек-қарында қорытылуын, денеге сіңуін анықтай алады. Ауызға, қарынға келіп түскен тағам механикалық, химиялық өңдеуге ұшырап, күрделі ас қорыту үрдістері басталады. Ас қорыту сөлдерінің құрамын білу, олардың бөлінуінің реттелу механизмдерімен танысу болашақ дәрігерлерде клиникалық ой-өрісті дамытады, яғни көптеген ас қорту жүйесінің ағзаларында пайда болған дерттерге дұрыс диагноз қою, адекватты емдеу жолдарын ұсыну, осы аурулардың алдын алу жолдарын көрсету мүмкіншілігін туғызады.
Бала емдеу факультетінде балалардың ас қорыту бездерінің онтогенезде қалыптасуына ерекше көңіл аудару керек.
Болашақ тіс дәрігерлері ауыз қуысында өтетін үрдістер бүкіл тамақтану жүйесіне әсер етуімен қатар организмнің басқа да жүйелеріне (жүрек-тамыр, тыныс алу т.б.) әсерімен танысады. Ішек-қарын түтігінің қызметін қалыпты жағдайда білу арқылы болашақ фармацевттер осы жүйенің патологиялық жағдайларында тиімді дәрі-дәрмек препараттарын ұсынуға жол ашады.
ІII. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
Ас қорыту жүйесінің қызметтерін зерттейтін клиникалық және физиологиялық әдістерін.
Ас қорыту жолының тәжірибелік зерттеудегі қолданылатын негізгі фистулалық әдістерін.
Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен топографиясын (дәрі-дәрмек фак.).
Ауыздағы, қарындағы өтетін астың қорытылуын. Сілекей мен қарын сөлінің құрамын, олардың бөлінуінің реттелуін.
Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктерін (бала емдеу факультеті).
Студент орындауы қажет:
Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу.
IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
Ішек-қарын жолының қызметін зерттейтін физиологиялық және клиникалық әдістер.
Сілекей, қарын және ішек сөлдерін алудағы қолданылатын фистулалық операциялар.
Созылмалы тәжірибелер әдістерінің басқа физиологиялық әдістермен салыстырғандағы артықшылықтары.
Шықшыт безінің өзегін сыртқа шығару операциясы.
"Жалған тамақтандыру" тәжірибесі (қарынға фистула қою мен эзофаготомия).
Р. Гейденгайн және И.П. Павлов бойынша жекеленген кіші қарынша жасау әдістері.
Аш ішекке Тири-Велла әдісімен фистула қою операциясы.
Қарын қызметін электрогастрография әдісімен зерттеу.
Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу.
Сілекейдің құрамы. Сілекейдің бөлінуі және оның реттелуі.
1 жасқа дейінгі балалардағы сілекей бөлінуінің маңызы. Жасқа байланысты сілекей мөлшері мен қасиеттерінің өзгеруі (бала емдеу факультеті).
Қарын сөлінің құрамы. Қарын сөлінің бөліну кезеңдері. Балалардағы ерекшеліктері (бала емдеу факультеті).
Қарын сөліндегі тұз қышқылының маңызы.
Ауыз сұйықтығы, оның сілекейден айырмашылығы және физиологиялық маңызы (стом.).
Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.
1-жұмыс. Ас қорытуды фистулалық әдістермен зерттеу
а) Шықшыт сілекей безінің өзегін терінің сыртына шығару
Шықшыт безінің қалай шырын шығаратынын ұзақ созылмалы тәжірибе жүзінде И.П. Павлов зертханасында істейтін Д.Л. Глинский (1895) сол бездің өзегін терінің сыртына шығару әдісін ұсынды. Операция наркозбен ұйықтатылған итке жасалады.
Жұмысқа қажет заттар: хирургиялық аспап құралдар, әрбіреуін түйме тәрізді етіп, жұмсақ сым темірден жасалған диаметрі әр түрлі (0,15; 0,20; 0,25; 0,30; 0,35мм) зондтар.
Операция жасау. Операцияға дайындалып наркоз берілген итті операция үстеліне шалқасынан жатқызып, таңып бекітеді. Хирург иттің үстіңгі ернін езуімен бірге айналдырып қояды да, шықшыт сілекей без өзегінің папилласын тауып алады. Өзек папилласы көбінесе 2 және 3 азу тістерінің тұсында, кілегейлі қабығының томпайып тұрған жерінде орналасады. Сілекей безінің өзегіне 2-3 см тереңдетіп зонд (диаметрі дәл келетін) кіргізеді де, сол өзекті маңайындағы еттен абайлап сылып, босатып алады. Сабақтаулы жіңішке инемен өзек ұшын кілегейлі қабығымен іліп алады. Терісін әбден тазартқан соң, иттің ұртын скальпельмен тесіп жіберіп, жіппен іліп алған өзек ұшын терінің сыртына шығарып, тігіп тастайды.
б) Қарынға фистула қою және эзофаготомия. Итті "жалған тамақтандыру" тәжірибесіне дайындау.
1) Қарынға фистула қою әдісін алғаш 1842 жылы орыс хирургі В.А. Басов ұсынған. Операция наркозбен ұйықтатылған аш итке стерильді жағдайда жасалады.
Жұмысқа қажет заттар: хирургиялық аспап құралдар, байлауыш жіп (лигатура), фистула.
Операция жасау. Операцияға дайындап наркоз берген соң, итті операция үстеліне байланады. Құрсақтың орта сызығының бойымен төстің семсерше шеміршегінің ұшынан төмен қарай тері мен оның астындағы еттерді ұзындығы 6-8 см-дей етіп тіледі де, қарынды суырып алып тері бетіне (төселген салфетканың үстіне) салады. Қарынның алдыңғы жағын жіппен сопақтау етіп, дөңгелетіп көктейді де, қарынды тігістің іш жағынан скальпельмен тіледі. Бұдан пайда болған қарын тесігіне фистуланың бір ұшын кіргізеді де, жіптің екі ұшынан абайлап тартып тұрып ілінген жиектерін ішіне қарай қайырып, фистуланы айналдыра қысып тастайды. Қарынды қайтадан құрсақ қуысына салады да, фистуланың ұшын терінің сыртына шығарып айналдыра тігіп тастайды.
2) Эзофаготомия (өңешті кесу ) операциясын 1890 ж. И.П. Павлов зертханасында істейтін И.О. Шумова – Симоновская ұсынған. Мұндағы мақсат ауыз қуысымен жұтқыншақтан келетін рефлекстердің қарын мен ішек қызметіне тигізетін әсерін зерттеу.
Операция жасау. Алқымды орта шенінен байлап отырып, ұзындығын 6-8 см етіп тіліп жібереді де, сол арадағы еттерді ысырып тастап, өңешті 3-5 см бойлай жалаңаштайды, сонан соң оны жартысына дейін көлденеңінен кеседі де, кесілген ұшын мойын терісіне тігіп, тастайды.
в) Кішкене қарынша жасау.
Қарыннан таза сөл алу үшін операция жасаудың бірнеше әдісі ұсынылған. Қарынның кішігірем бір бөлігін қиып алып одан қарынша жасайды. Қарыншаның сөл шығару шырынын зерттеу арқылы жалпы қарынның шырын шығаруы туралы мағлұмат алуға болады. Кіші қарынша жасау әдісін тұңғыш 1878 ж. Р. Гейденгайн ұсынған, ал 1894 ж. И.П. Павлов бұл әдісті жаңартып жетілдірді.
