- •Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •Isbn № 9965-826-24-2
- •1. Қан физиологиясы
- •I. Тақырып: Қан құрамы. Плазма құрамы. Эритроциттер
- •1. Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
- •1Жұмыс. Плазманы формалық элементтерден ажырату және
- •VI. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •V. Ақпараттық -дидактикалық бірлестігі.
- •I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •2. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •III. Сабақтың мақсаты.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •3. Қан тамырлар физиологиясы
- •Тақырып : Гемодинамика көрсеткіштері. Қан
- •III . Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар.
- •3 Сурет. Шынтақ венасындағы қысымды анықтау ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .
- •4 Сурет. Реограмма
- •I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының нервтік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •4. Тыныс алу физиологиясы
- •Тақырып: Сыртқы тыныс алу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •V. Ақпараттық - дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.
- •I.Тақырып: Тыныс алудың реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық- дидактикалық бірлестігі
- •5. Ас қорыту физиологиясы
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы. Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту физиологиясы тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •6. Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •2 Кесте
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
- •7. Сыртқа шығару, жылу реттелу физиологиясы
- •I. Тақырып: Сыртқа шығару физиологиясы. Жылу реттелу
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі
- •Құрғақ тамақ жегеннен кейін несептің қойылуын Фольгард сынауымен анықтау
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша ситуациялық есептер
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша тест сұрақтары
- •8. Талдағыштар физиологиясы
- •I.Тақырып: Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және тері талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Көру талдағышы
- •Тері талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •I.Тақырып: Есту, дәм сезу, тепе-теңдікті сақтау талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпаратты дидактикалық бірлестігі. Дәм сезу талдағышы
- •5 Сурет. Тілдегі дәм сезу рецепторларының орналасуы есту талдағышы
- •Тепе-тендік талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •Талдағыштар физиологиясынан сұрақтары
- •9. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік
- •Адамның ой өрісін сөйлеу арқылы зерттеу
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Жжіә бойынша мәселелік тапсырмалар.
- •Тест сұрақтары
- •10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Орыс тілінде Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қан физиологиясы......................................................................3
I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері
II. Тақырыптың маңыздылығы: Қан ұюының уақыты мен механизмі, қан топтары және қанның резустілігі туралы білім қан жүйесінің ақауларын дұрыс түсіну, сонымен бірге емдеу шараларын жүргізу үшін барлық дәрігер үшін өте қажет.
ІІІ. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
Қанның ұюы, оның физиологиялық маңызы. Қанның ұю уақыты.
Қан ұю механизмі (тамырдағы-тромбоциттік және коагуляциялық гемостаз).
Қан ұюын шапшаңдататын, баяулататын және қанды ұйытпайтын әдістер.
АВО жүйесіндегі төрт түрлі қан топтарының сипаттамасы.
Қанның резус-сәйкестілігі, оны анықтаудың клиникадағы маңызы.
Қан құюдың физиологиялық негіздері.
Студент орындауы қажет:
1. Альтгаузен және Сухарев әдісімен қан ұю уақытын
анықтау.
2. АВО жүйесіндегі қан топтарын анықтау.
3. Қанның резус сәйкестілігін анықтау.
ІV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
Қанның ұюы, оның физиологиялық маңызы.
Қанның ұю уақыты.
Тромбоциттердің морфология, қызметі және қан ұюындағы ролі.
Плазмалық қан ұйытатын факторлар.Қан тамырқабырғасының қан ұюындағы мвңызы..
Гемостаз дегеніміз не? Тамырдағы тромбоциттік гемостаз.
Қан ұюы қан ұюындағы механизмі. Коагуляциялық гемостаз, оның кезеңдері.
Ретракция туралы түсінік. Фибринолиз, оның кезеңдері.
Қанды ұйытпайтын механизмдер. Бастапқы және қосымша антикоагулянттар.
Қан ұюын шапшаңдататын және баяулататын әдістер. Тісті жұлғаннан кейін қан тоқтатуына қолданылатын физиологиялық шаралар (тіс емдеу факультеті үшін).
Антикоагулянттар. Антикоагулянттардың фармакологиялық әсерлерінің принциптері. Тура және жанама антикоагулянттар (дәрі-дәрмек факультеті үшін).
Агглютиногендер, агглютининдер, гетерогемоагглютинация және изогемоагглютинация реакция туралы түсінік.
АВО жүйесіндегі төрт түрлі қан топтарының сипаттамасы.
АВО жүйесіндегі қан топтарын анықтау.
Қанның резус сәйкестілігі, оны анықтаудың клиникадағы маңызы.
Қанның резус сәйкестілігін анықтау әдісі.
Үйлесімділікті биологиялық тұрғыдағы зерттеу.
V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістер мен аннотациясы.
Гемостаз деп қанның сұйық қалпын, тамырдағы қан ағысының сақталуын, ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі процесстерді айтады. Ұю – қорғаныс қызметінің бір түрі, күрделі тізбектілген ферменттік процесстер. Қан ұюына көптеген факторлар қатысады – қан ұйытушы плазмалық факторлар, тромбоциттерден бөлінетін заттар (тромбоциттік факторлар), эритроциттер, лейкоциттер, қан тамырының кенерісі (эндотелий). Ұйыған кезде қан қойюланып, тромбыға айналады.
1-жұмыс. Қан ұю мерзімін Альтгаузен тәсілімен анықтау
Бұл тәсіл клиникада кеңінен қолданылады. Ол қанда алғашқы фибрин жіпшелері қашан болатынын білуге негізделген. Әдетте қанның ұю жылдамдығы бөлме температурасында 5-6 минутқа тең.
Жұмысты орындау: Қан саусақтан алынады. Таза (жуылған және кептірілген) сағат шынысын алақанға салып, жылытады да оған 2-3 тамшы қан тамызады. Алғашқы фибрин жіпшелері созылғанша әрбір 30 секунд сайын иненің (скарификатордың) ұшымен қан тамшысын сызады. Шыны алақанда ұсталады не дәкеге қойылады. Қанның ұю мерзімі анықталған әдіс осыған лайық қорытынды дәптерге жазылады.
2-жұмыс. Сухарев әдісі бойынша қанның ұю
жылдамдығын анықтау
Берілген әдіспен жаңа алынған қанның спонтанды ұю уақытын анықтау. Ұю уақытының қысқаруы гиперкоагуляцияны көрсетеді. Қалыпты көрсеткіштер: берілген әдіс бойынша ұюдың басталуы 1/2-ден 2 мин-ке дейін, аяқталуы –3 мин–тен 5 мин-ке дейін.
Жұмысты орындау: Зерттеу үшін қанды адам саусағынан алады. Капилляр бағанасының 25-30 мм жеткізіп алынады. Секундомер бойынша уақытты белгілейді. Капиллярды қиғаштай отырып қанды трубканың ортасына көшіреді. Капиллярды екі саусақпен ұстап, 30-45о-қа екі жаққа бірдей ауытқытады. Қанның еркін қозғалуы, қанның әлі ұйымағанын көрсетеді.
Қанның ұюы басталғаннан капиллярды қозғағандағы қанның жылжуының баяулауынан көруге болады: оның ішкі қабырғасында кішкене ұйытындылар көріне бастайды. Қанның толық ұюы қанның қозғаласының толық тоқтаған кезіне сәйкес келеді.
3-жұмыс. АВО жүйесіндегі қан топтарын анықтау
Эритроциттердің желімдену (агглютинация) реакциясы негізінде, агглютининдер мен агглютиногендердің бар-жоқтығына байланысты әрбір адамның қаны төрт топтың біріне жататындығы анықталады.,–агглютининдер яғни желімдеуші заттар плазмада болады. А,В- агглютиногендер, яғни желімденетін заттар, эритроциттердің құрамында болады. Агглютинация реакциясы, яғни эритроцитердің түйір-түйір болып желімденуі, осы аттас агглютининдер мен агглютиногендер бір-бірімен кездескен жағдайда ғана пайда болады. Мысалы: және А немесе және В.
АВО жүйесіндегі төрт түрлі қан топтарының сипаттамасы
Қан топтары |
Эритроциттердегі агглютиногендер |
Плазмадағы агглютининдер |
О (І) |
О (А, В жоқ) |
, |
А (ІІ) |
А |
|
В (ІІІ) |
В |
|
АВо (ІY) |
А, В |
О (, жоқ) |
Жұмысты орындау: Арнайы тәрелкеде бойлай орналасқан екі қатар ұялардың әрбіреуіне белгілеріне қарай бір-бір тамшыдан екі сериялы 3 топтың үлгі сарысуы тамызылады. Саусақтан алынған қан көлемі жағынан сарысудан 10 есе кем. Әрбір сарысу тамшысына зат шынысының арнайы бұрышымен қан тамызады да оларды мұқият араластырады. Агглютинация басталысымен мөп-мөлдір сарысуда бір-біріне жабысқан эритроцит түйірлері көріне бастайды. Агглютинация болды деп алданбау үшін қан сарысуына үшінші минутта бір тамшы физиологиялық ерітінді тамызады да бесінші минутта қан тобын анықтайды.
Тәрелкеде агглютинация 4 түрлі болуы мүмкін:
Егер бір де бір сарысуда эритроциттер желімделмесе (агглютинация болмаса) тәжірибеге алынған қан құрамында агглютиногендер болмағаны, мұндай қан 0 (І) тобына жатады.
Егер 0 (І) және В(ІІІ) сарысуды агглютинация байқалса, қанда А агглютиногені болғаны, мұндай қан А(ІІ) тобына жатады.
Егер 0 (І) және А(ІІ) сарысуларында агглютинация байқалса, қанда В агглютиногені болғаны, бұл қан В (ІІІ) тобына жатады.
Егер тәжірибеге алынған барлық сарысуда агглютинация байқалса, қанда А және В агглютиногендері болғаны, мұндай қан АВо(ІY) тобына жатады. Мұндай жағдайда АВо(ІY) тобына жататын сарысумен қайтадан реакция жүргізіледі. Агглютинация реакциясы тумаса, бұл қанның АВо(ІY) тобына жататындығын дәлелдейді.
Стандартты қан сарысуындағы реакция нәтижелері: |
Зерттелетін қан тобы жатады: |
||
О (I) |
A (II) |
B (III) |
|
|
|
||
|
O (I) |
||
|
|
||
|
A (II) |
||
|
|
||
|
B (III) |
||
|
|
||
|
AB0 (IV) |
||
4-сурет. Стандартты сарысулармен эритроциттер агглютинациясының варианттары
Үйлесімділікті биологиялық тұрғыдан зерттеу.
Мұндай зерттеу барлық емдеу мекемелерінде бір топқа жататын қан құярда қолданылады. Науқас адам қанының сарысуында бір тамшы донор қаны тамызылады. 5 минут өтісімен агглютинацияның болған-болмағаны белгілі болады. Агглютинация байқалса, науқасқа ондай қанды құюға болмайды: донор мен науқастың қандары өзара үйлеспегені.
1970 жылдан бері қан құярда ұзаққа созылған тексеру жұмысы жүргізіледі. Қанның алғашқы 25 мл-ін ақырындап науқастың хал-ахуалын бақылай отырып 3-5 минут бойы құяды. Гемолиздік шоктың алғашқы белгілері көріне бастаса (жүрек айну, бас айналуы, бел ауруы) қан құю дереу тоқтатылады: мұндай белгілер науқас пен донордың қандарының үйлеспейтінін дәлелдейді, соның айғағы.
4-жұмыс. Пробиркадағы қанның резус-факторын қыздырмай
анықтау
Барлық адамдардың 85%–інде эритроцит құрамында арнайы агглютиноген - резус фактор (Rh) болады. Оны 1940 жылы К.Ландштейнер мен Р.Винер ашқан. Қан құрамында Rh-фактор болса, ондай қан оң резусты қан деп, ал Rh-фактор болмаса, теріс резусты қан деп аталады. Қанның резус сәйкестілігін анықтаудың қан құярда және акушеркілік жұмыстарда үлкен мәні бар.
Жұмысты орындау: Пробирка түбіне 1 тамшыдан стандартты антирезус реагент, зерттеуге арналған қан құяды да сол пробирканы сілкіп әлгі екеуін араластырады. Содан кейін қан мен реагентті қабырғаларына жұқтыру үшін пробирканы жан-жағына еңкейтіп көлбеу ұстайды, сөйтіп реакцияның айқын да көрнекті болуын қамтамасыз етеді. Агглютинация нышаны алғашқы минутта-ақ байқалады, бірақ антиген мен антидене комплексін біржолата қалыптастыру үшін реакцияны 3 минут бойы жүргізген жөн. Одан әрі эритроциттерге тән емес реакция-агрегацияға жол бермеу үшін пробиркаға 2-3 мл физиологиялық ерітінді құяды да оны 2-3 қайтара араластырады (пробирканы сілікпестен).
Тәжірибе нәтижелерін бағалау: Көз жасындай мөлдір сарысу эритроциттер ірі-ірі түйірлерге айналып, айқын агглютинация реакциясы туса, бұл алынған қанның резус бар екенін көрсетеді.
Ал агглютинация реакциясы тумаса, пробирканы қан түгелдей бір түске боялса, бұл тәжірибеге алынған қан теріс резуссіз екені дәлелдейді.
«Лейкоциттер. Қанның ұюы. Қан топтары.» тақырыптары бойынша берілетін ситуациялық тапсырмалар.
1. Адам қанының төменде келтірілген анализін бағалаңыз:
Эритроцит саны 4,2 х 1012 /л
Гемоглобин 130 г/л
ҚТК 0,9
Лейкоцит саны 2,1 х 109/л
ЭТЖ 8 мм/сағ.
2. Қанның келесі анализін бағалаңдар:
Эритроцит саны 4,8 х 1012
Гемоглобин 140 г/л
Лейкоцит саны 7 х 109 /л
Нейтрофилдер 55 % эозинофильдер 18 %
Таяқша ядролылар 4 % лимфоциттер 22 %
Сегментядролылар 50 % моноциттер 5 %
3. Қан ұю мерзімі – 4 минут. Ішіндегі Ca++ иондарының біраз
бөлігін алып тастаса сол қанның ұю мерзімі қанша болар еді?
4. Бір литр қанда 100 х 109 тромбоцит бар делік. Қан ұю мерзімі 5 минут. Қан анализін бағалаңыз.
5. Қан құярда неліктен донор мен реципиент қандарының қан
топтарға жататыны анықталады?
6. Неліктен қан плазмасы өзінен-өзі ұйымайды?
7. Гепарин мен лимон қышқылды натрийдің қан ұюына тигізетін
әсерінде қандай ұқсастық пен айрмашылық бар?
8. О (І) және В (Ш) топтағы стандартты сарысуларда эритроциттер агглютинациясы байқалса, науқасқа қай топтағы қанды құюға болады?
9. Әкесінің қаны оң резусты, шешесінің қаны теріс резусты. Әйел 1-ші рет екіқабат болды. Баласының қаны теріс резусты бола қалса, шешесі мен баласы арасында резус конфликті (шиленісі) болуы мүмкін бе?
10. Көрсеткіштеріне сай теріс резусты науқасқа 1-ші топқа жататын қан алынған бойда құйылды. Гемотрансфузиялық шок үстінде науқас өліп қалды. Ол не себептен өлді? Дәрігердің қатесі неде?
«Лейкоциттер. Қанның ұюы. Қан топтары.» тақырыптары бойынша тест сұрақтары.
Лимфоциттердiң лейкограммада көрсетiлген проценттiк нормасы
1. 0-1% 2. 1-5% 3. 2-10% 4. 20-40% 5. 50-70%
2. Гепарин мен гистаминді бөліп шығаратын лейкоциттер:.
А. Базофилдер
Б. Метамиелоциттер
В. С сегментті ядролы нейтрофилдер
Г. Моноцитттер
Д. Лимфоциттер
3. Физиологиялық лейкоцитоз байқалады:
атмосфералық қысымның төмендеуі кезіндегі
Ұйқы кезінде
қанның рН-ы төмендегенде
ауыр дене жұмысы кезінде
сонғы рет ас ішкеннен кейін 12-14 сағат өткен сон
4. Коагуляциялық гемостаздың үш кезеңiнде де қатысатын плазмалық фактор:
протромбин (II)
Стюарт-Проувер факторы (X)
кальций ионы (IV)
Хагеман факторы (XII)
фибриндi тұрақтандыратын (стабилизатор) фактор (XIII)
5. Антикоагулянт:
A. Гемостатикалық кеуек (қан фибриннен жасалған)
B. «К» витамины
C. Адреналин
D. Кальций тұзы.
E. Гепарин .
6. Резус сыйыспаушылығы (конфликт) болуы мүмкiн, егер
анасының қаны Rh+, iштегi нәресте қаны Rh+ болса
анасының қаны Rh+, iштегi нәресте қаны Rh- болса
+анасының қаны Rh-, iштегi нәресте қаны Rh+ болса
анасының қаны Rh-, iштегi нәресте қаны Rh- болса
Т-лимфоциттердің түрлері мен олардың қызметі
арасындағы сәйкестікті табыңыз.
A. хелпер жасушалар
В. супрессор жасушалар
С. киллер жасушалар
1. бөгде заттармен әрекеттесіп оларды жою.
2. В-лимфоциттер белсендірілуі мен олардың
плазма жасушыларына айналуы
3. иммундық жауаптың шектелуі
4. гепаринді түзілуі
Лейкоцитоз және лейкоцитопения түрлері мен олардың
сипаттамасы арасындағы сәйкестікті табыңыз.
А. Абсолютті В. Салыстырмалы
1. лейкограмманың жылжуы
2. лейкопоэздің күшеюі мен әлсіреуі
3. түрлі ұлпалар мен мүшелердің қан тамырлары
арасындағы лейкоцитттердің әр түрлі таралуы
9. Плазмалық қан ұйытатын факторлар мен халықаралық
номенклатура бойынша белгілерімен сәйкестікті табыңыз
А. кальций ионы 1. ІІ
B. фибринді тұрақты ететін фактор 2. ІV
C. протромбин 3. XІІІ
4. VІІ
5. X
10. Коагуляциялық гемостаздың кезеңдері мен олардың сипаттамалары арасындағы сәйкестікті табыңыз
А. I – бірінші 1. Протромбиннің тромбинге айналуы
Б. II - екінші 2. Протромбиназаның түзілуі
В. III - үшінші 3. Тромбоциттердің қайтымды агрегациясы
4. Фибриннің пептидтер мен аминқышқылдарына
дейін ыдырауы
5. Фибриннің түзілуі
