Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zheke_fiziologiasy-_1240_dist_n_1201_s_1179_aul...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Мәселелік тапсырмалар

  1. Дені сау адам қандай жағдайда болуы мүмкін, егер ЭЭГ – ның төбе және шүйде тіркеулерінде: 1) альфа-ырғақтар, бета-ырғақтар, дельта-ырғақтар жазылса?

  2. Шартсыз тітіркендіргіштің әсері шартты тітіркендіргіштің әсерінен 5 секунд ерте жүреді. Осы жағдайда жануарда шартты рефлекстік реакция қалыптасады ма? Шартты рефлекстің қалыптасуына қандай жағдай сақталуы қажет?

  3. Егеуқұйрыққа жарық сигналын бергенде ұясына қашу нақты шартты рефлексі қалыптастырылған. Оны нықтайтын шартсыз тітіркендіргіш ретінде ауру сезімін тудыратын электр тоғы алынған. Бір тәжірибе үстінде жарықты қосқаннан кейін 1 секунд өткенде электр тоғының орнына қоңырау қосылды. Осы қоңырау дыбысына егеуқұйрық қандай әрекет жасады? Болған құбылыстың механизмін түсіндіріңіз.

І. Тақырып: Қыртыстағы тежелу.ЖЖІӘ түрлері. І және ІІ сигналдық жүйелер. Адамның жоғары психикалық қызметі

ІІ. Сабақтың маңыздылығы : Адамның ЖЖІӘ-і ми қыртысында өтіп жататын қозу және тежелу үрдістерінің арақатынасымен анықталады. Адамның әлеуметтік іс-әрекетінің қалыптасуының негізінде тежелу үрдістері жатыр. Қыртыс қызметтері бұзылғанда тежелу үрдістері әлсірейді (интоксикация, маскүнемдік, нашақорлық, жарақат, т.б.). Сондықтан дәрігерлерге ішкі тежелудің түрлері мен механизмдерін білу қажет.

ІII. Сабақтың мақсаты:

Студент білуі қажет:

1.Функциялардық ми қыртысында орналасуы.

2. Ассоциациялық аймайтардың маңызы.

3. Ми қыртысының жүйелік қызметі (И.П.Павлов бойынша динамикалық стереотип-өзгермелі жаттығу.)

4. Сыртқы қыртыстың тежелу түрлері.

5. Ішкі қыртыстың тежелу түрлері.

6.Адамның ЖЖІӘ түрлері.

7. І және ІІ сигналдық жүйелер.

8. Эмоциялар, олардың жіктелуі, нейрофизиологиялық механизмдер.

9. Зерде, оның түрлері.

10. Зерденің механизмдері.

Студент орындауы қажет.

1. Сөйлеу әдісі арқылы адамның ЖЖІӘ жан-жақтылығын зерттеу:

à) ассоциациялық тәжірибе.

б) стереотипті құру.

2. Арнайы тесттер арқылы адамның есте сақтау қабілетін зерттеу:

а) Адамның бет-әлпетін, фамилиясын, атын есте сақтау.

б) Байланысы жоқ ұғымдарды есте сақтау.

IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:

1. Функциялардың ми қыртысында орналасуы.

2. Ассоциациялық аймақтардың маңызы.

3. Ми қыртысының жүйелік қызметі (И.П. Павлов бойынша динамикалық стереотип - өзгермелі жаттығу.

4. Шартсыз тежелу (сыртқы).

5. Шартсыз тежелу (ішкі).

6. Адамның ЖЖІӘ түрлері.

7. І және ІІ сигналдық жүйелер.

8. Эмоциялар, олардың жіктелуі, нейрофизиологиялық механизмдері.

9. Зерде, оның түрлері.

10. Зерденің механизмдері.

V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік

Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістері мен аннотациясы

Адамның ой өрісін сөйлеу арқылы зерттеу

1-жұмыс. Ассоциативтік тәжірибе

Психологияда ассоциация – түсініктер арасындағы байланыстар: бір түсінік арқылы екінші түсініктің ойға түсуі.

Ассоциация түрлері:

  1. іргелестік ассоциация (теңіз-теплоход)

  2. ұқсастық ассоциация (өзен-көл)

  3. қарама-қарсылық ассоциация (өмір-өлім)

  4. абстракциялық ассоциация (самолет-жылдамдық)

  5. синонимдық ассоциация (көсем-басшы)

Жұмысты орындау: Зерттелетін адамға бірінен соң бірі 20 сөз айтылады. Айтылған әрбір сөзге ол ассоциация түріне қарай ойына келген алғашқы сөзбен жауап береді. Сөздердің тізімін зерттелуші адам алдын ала білмеуі қажет. Сыналатын адамның жауап сөздерін және оларға кеткен латенттік уақыт мерзімін сынаушы адам тақтаға жазып отырады. Содан кейін жиналған мәліметтерді талқылап тиісті қорытынды жасайды.

  1. Қайтарылған жауап сөздердің латенттік мерзімдері өзара салыстырылып, зертеуші адамның ой өрісінің жылдамдығы туралы қорытынды шығарылады. Латенттік мерзім 1-3 секундтан аспаса, ой өрісінің жүйке процестерінің жылдамдығы «жақсы» деп есептеледі, ал 3 секундтан асса, керісінше ой өрісінің жылдамдығы баяу болғаны.

  2. Тәжірибенің аяғына қарай қайтарылған жауап сөздердің латенттік мерзімі ұзара бастаса, бұл ми қыртысы жасушаларының тез шаршайтындығын көрсетеді.

  3. Зерттелуші адам кейбір сөзге жауап бермесе немесе оның жауап сөздерінің латенттік мерзімі өте ұзақ болса, ондай сөздер тежелу сөздер деп аталады.

  4. Зертелуші адам жауап сөздерін қайталай алмаса, ой өрісінің (жүйке процестерінің) салғырт (инертті) болғаны.

  5. Жауап сөздерінің мағынасына қарай яғни ойдың тура немесе жинақты (абстракты айтылуына қарай зерттелуші адамға тән ой өрісінің типтері анықталады (көркемпаз немесе ойшыл).

2-жұмыс. Стереотиптің құрылуы

Жұмысты орындау: Ассоциативтік тәжірибеде қолданылған сөздерден латенттік мерзімі қысқа 10 сөз таңдап алынады. Оларды тақтаға төмендегі кестенің сәйкес жолына жазып қояды.

№

Тітіркендіргіш сөздер

Талап етілетін жауап

Жауапты бағалау (дұрыс +; қате -)

Ескерту

Берілген 10 сөзден 3 сөз бұрынғы жауаптарымен қалдырылады да, олардың жауаптары кестенің екінші бағанасына жазылады, қалған сөздердің алтауына басқаша жауаптар тауып, оларды да кестеге тіркейді. Бұл сөздер мида қозу процесін тудыратын мәнді сөздер деп аталады.

Жоғарыда аталған 10 сөздің біреуіне зерттелуші адам жауап бермейді. Бұл сөз – тежеуші тітіркендіргіш. Зерттеуші адам тәжірибенің барысын зерттелуші адамға алдын ала ұғындырады, айтылатын сөздерді түгелдей оқып шығады да, кестеде жазылған сөздермен бірге олардың жауаптарын жаттап алуды ұсынады. Содаң соң стереотип құра бастайды. Ол үшін тітіркендіргіш сөздер бірнеше рет қайталап айтылады. Оларға дұрыс жауап берілсе, кесте бағанасына қосу белгісі (+), ал қате болса алу белгісі (-) қойылады да жауаптың дұрысын зерттелуші адамның есіне салады.Тәжірибе тұрақты стереотип пайда болғанша қайталана береді. Әдетте 3 рет қайталағаннан кейін әрбір тітіркендіргіш сөзге дұрыс жауап беріледі.

3-жұмыс. Стереотипті қайта құру

Жұмысты орындау: Тұрақты стереотип қалыптасқаннан кейін оны қайта түзуге кіріседі. Қалыптасқан стереотип былайша өзгертіледі: 3 сөз бұрынғы жауаптарымен бірге қалдырылады, 5 сөзге жаңа жауап беріледі, ал 2 сөз - тежегіш сөздер, оларға жауап берілмейді.

10 сөз түгелдей кестеге жазылады. Қайтадан құрылған жұмыс тәртібін ескерте отырып, сол 10 сөз зерттелетін адамға жауаптарымен бірге оқып беріледі. Содан кейін тітіркендіргіш сөздер кезек сақтамастан бытыратып айтылады да, зерттелуші адамнаң қайта құрылған сөздерге дұрыс жауап беру талап етіледі. Жауабы дұрыс болса, кесте бағанасына «+» белгісі, ал қате болса «–» белгісі қойылады. Осыған орай зертелуші адамға қатесін көрсетіп, оны түзеткен жөн. Стереотип құрылуының жылдамдығына және тұрақтылығына қарай қозу процесінің күші анықталады. Егер тітіркендіргіш сөздердің әрқайсысын 2-3 рет қайталағаннан кейін зерттелуші адам оларға дұрыс жауап берсе, оның жүйке процестері күшті деп саналады, ал жаңа стереотип құрылуы созылып кетсе, зерттелуші адамның ой- өрісі, жүйке процестері әлсіздеу болғаны.

Тежеуіш сөздерге берілген жауаптардың жылдамдығына және тұрақтылығына қарай тежелу процестерінің күшті-әлсіздігі туралы қорытынды жасауға болады.

Бұзылған стереотиптің қайта түзілу жылдамдығына қарап, жүйке процестерінің алмасуы туралы қорытынды жасалады.

4-жұмыс. Адамның есте сақтау қабілетін (зердесін) зерттеу

а) мағынасы жағынан байланысы жоқ мәліметтерді есте сақтау

Жұмысты орындау: Зерттелуші адамға белгілі бір рет санымен 20 сөзді есіне сақтап қалу ұсынылады. Сол сөздерді жаттап алуға 40 секунд уақыт беріледі. Содан кейін сыналушы адам сол сөздерді есіне түсіріп, реттік номерлерімен бірге қағазға жазып қояды. Есте сақтау қабілеті мына формула бойынша есептеп шығарылады:

Дұрыс айтылған сөздердің саны × 100%

20

б) ретімен орналасқан сандарды есте сақтау

Жұмысты орындау: Сыналатын адамға реттік нөмірлері бойынша 20 санды 40 секунд ішінде есте сақтау ұсынылады да жауаптары жазылады. Сандар\ды есте сақтау қабілеті мына формула бойынша есептеледі:

Дұрыс айтылған сандардың саны × 100%

20

в) адамның бет әлпетін, тегін, есімін есте сақтау

Жұмысты орындау: Зерттелуші адамға астына аты-жөні жазылған 10 кісінің суреті 30 секунд бойы көрсетіледі. Содаң соң олардың аты-жөнін өшіріп тастап, орындарын ауыстырып сол суреттерді тағы да көрсетеді. Жауап берілгеннен кейін жазылмаған есімдер аталады. Суретті көрісімен аты-жөні (тегі, есімі) дұрыс айтылса, жауап дұрыс деп саналады. Есте сақтау тиімділігі мына формула бйынша есептеледі:

Дұрыс айтылған есімдердің саны× 100%

10

5-жұмыс. Мағыналы және механикалық ұғымдарды есте

сақтау қабілетін зерттеу

Тәжірибе жасау үшін екі қатар жұп сөздер керек. Бірінші қатардағы сөздердің маңызы жағынан өзара байланысы бар, ал екінші қатардағы сөздерде ондай байланыс жоқ..

Мысалы:

1 қатар: 2 қатар:

  1. қуыршақ – ойын 1. қоңыз - кресло

  2. тауық – жұмыртқа 2. компас - желім

  3. қайшы – кесу 3. комбайн – тақия

т.б. т.б.

Жұмысты орындау: Зерттеуші адам зерттелуші адамға бірінші қатардан 15 жұп сөз оқып береді (бір жұптағы екі сөздің арасында 5 секунд үзіліс жасалады). 10 с. өтісімен қатардың сол жағындағы сөздер ғана оқылады (сөздердің арасында 10 секунд). Зерттелуші адам бір жұп сөздің екінші сөзін есіне түсіріп, оң жақтағы сөздерді айтады да, қағазға жазып қояды.

Екінші қатардағы маңызы жағынан байланысы жоқ сөздермен де осындай тәжірибе жасалады.

Орындалған жұмыс нәтижесіне талдау жасау:

Жұмыс нәтижелері кестеге жазылады.

Мағыналық ұғымды есте сақтау қабілеті

Механикалық ұғымды есте сақтау қабілеті

Бірінші қатардағы сөздердің саны (а1)

Есте сақталған сөздердің саны (в1)

Мағыналық ұғымды есте сақтау қабылетінің коэффициенті

а1

с1= --------

в1

екінші қатардағы сөздердің саны (а2)

Есте сақталған сөздердің саны (в2)

Механикалық ұғымды есте сақтау қабылетінің коэффициенті

а2

с2= --------

в2