- •Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •Isbn № 9965-826-24-2
- •1. Қан физиологиясы
- •I. Тақырып: Қан құрамы. Плазма құрамы. Эритроциттер
- •1. Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
- •1Жұмыс. Плазманы формалық элементтерден ажырату және
- •VI. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •V. Ақпараттық -дидактикалық бірлестігі.
- •I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •2. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •III. Сабақтың мақсаты.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •3. Қан тамырлар физиологиясы
- •Тақырып : Гемодинамика көрсеткіштері. Қан
- •III . Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар.
- •3 Сурет. Шынтақ венасындағы қысымды анықтау ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .
- •4 Сурет. Реограмма
- •I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының нервтік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •4. Тыныс алу физиологиясы
- •Тақырып: Сыртқы тыныс алу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •V. Ақпараттық - дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.
- •I.Тақырып: Тыныс алудың реттелуі.
- •III. Сабақтың мақсаты
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық- дидактикалық бірлестігі
- •5. Ас қорыту физиологиясы
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы. Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту физиологиясы тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •6. Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •2 Кесте
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
- •7. Сыртқа шығару, жылу реттелу физиологиясы
- •I. Тақырып: Сыртқа шығару физиологиясы. Жылу реттелу
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі
- •Құрғақ тамақ жегеннен кейін несептің қойылуын Фольгард сынауымен анықтау
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша ситуациялық есептер
- •Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша тест сұрақтары
- •8. Талдағыштар физиологиясы
- •I.Тақырып: Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және тері талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Көру талдағышы
- •Тері талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •I.Тақырып: Есту, дәм сезу, тепе-теңдікті сақтау талдағыштары
- •IV. Сабақтың мақсаты:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпаратты дидактикалық бірлестігі. Дәм сезу талдағышы
- •5 Сурет. Тілдегі дәм сезу рецепторларының орналасуы есту талдағышы
- •Тепе-тендік талдағышы
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •Талдағыштар физиологиясынан сұрақтары
- •9. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік
- •Адамның ой өрісін сөйлеу арқылы зерттеу
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет.
- •IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Жжіә бойынша мәселелік тапсырмалар.
- •Тест сұрақтары
- •10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Орыс тілінде Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қан физиологиясы......................................................................3
I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
II. Тақырыптың маңыздылығы: Жүрек жұмысының қалыпты қызмет істеуі оның көп деңгейлі реттелу механизмдеріне байланысты. Реттелудің бір ғана буындарының (звеносының) бұзылуы патологияға келтіреді. Реттелу принциптерін білу болашақ дәрігерлердің жүрек ауруларын дұрыс емдеу мен түсінуге мүмкіндік береді.Студенттерде жүрек жұмысының жүйкелік-гуморальдық реттеуінің бірлігі туралы көзқарас туындайды.
Студенттер сонымен бірге кезеген жүйке тонусының онтогенездегі қалыптасуына назар аударулары керек.
Салауатты өмір сүруде жүрек қызметі реттелуінің бұзылуын алдын алуының маңызын ескеруі керек.
III. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
Жүрек қызметінің реттеу механизмдері (ішкі және сыртқы);
Жүрек қызметіне кезеген және симпатикалық жүйкелердің әсері;
И.П.Павлов бойынша жүректің орталықтан тепкіш жүйкелері;
Кезеген жүйке орталығының тонусы оны сақтап тұратын факторлары;
Данини-Ашнер және Гольц рефлекстерінің доғалары;
Жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі (тікелей және орталықтан әсері) .
Студент орындауы қажет:
Данини-Ашнер және Гольц тәжірибелерін орындау;
Бақаның вагосимпатикалық жүйкесін тауып және оның электрлік тітіркендірудегі жүрек қызметінің өзгерістерін байқау;
Штраубе әдісімен бақа жүрегін оқшаулап электролиттердің, гормондардың және медиаторлардың әсерін анықтау.
IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
Жүрек қызметінің реттелу механизмдері (жасуша ішілік, интракардиалдық, экстракардиалдық).
Кезеген (парасимпатикалық) және симпатикалық жүйкелердің жүрек қызметіне әсері.
И.П.Павлов бойынша жүректің орталықтан тепкіш жүйкелері.
Кезеген жүйке орталығының тонусы және оған әсер ететін факторлар.
Жүрек қызметінің рефлекстік реттелуі (Данини-Ашнер және Гольц рефлекстері).
Жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі (Штраубе тәжірибесі). Гуморальдық факторлардың тікелей және орталық әсері.
Жүрек қызметінің жүйкелік және гуморальдық реттелуінің тұтастығы (О.Леви тәжірибесі).
V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
Зертханалық жұмыстардың өткізу әдістері мен аннотациясы
Жүрек қызметі жүйкелік, гуморальдық және рефлекстік түрде реттеледі. Жүрек қызметінің реттелуінің түрлері мен механизмдері өзара бірлесіп, үйлесіп өтеді
1- жұмыс. Данини-Ашнер рефлексі
Вегетативтік
жүйке орталығының күш-қуатының (тонусының)
өзгеруі әртүрлі жағдайға, сонымен қатар
рефлекторлық әсерге де байланысты
болады. Сондықтан өзіне келетін жүйке
импульстерінің түріне байланысты жүрек
өз қызметін тез, анық реттейді . Кезеген
жүйке орталығының тонусына рефлекторлық
әсерін Данини-Ашнер тәжірибесі
дәлелдейді. Бұл жұмысты екі адам бірігіп
жасайды.
Жұмысты орындау: Зерттелуші адамның білезігінің тұсындағы артерия тамырын ұстап 1 минуттағы қалыпты пульс жиілігін санап алады. Содан кейін зерттеуші зерттелуші адамның жұмылған көздерін бармақтарымен 5-8 сек. ауыртпай басыңқырап тұрады да, тез босатып қайтадан тамырдың соғуын санайды. Алынған санды қалыпты жағдайдағымен салыстырады. Көзді басқаннан кейін пульстің жиілігі (10-20-ге) азаяды. Осы рефлекстің рефлекстік доғасы: көзді қозғалтатын жүйкенің сезгіш талшықтары, ортаңғы және сопақша ми, кезеген жүйке, жүрек арқылы өтеді. Кезеген жүйкенің әсерінен жүрек жұмысы тежеледі.
2 -жұмыс.
Гольц рефлексі
Кезеген жүйке орталығына рефлектстік әсерді Гольц тәжірибесі арқылы байқауға болады. Бақаның құрсақ қуысындағы жүйкелердің аймағын пинцетпен механикалық түрде тітіркендіретін болсақ, бұл жүректің соғу жиілігін азайтады, немесе толық тоқтатуы да мүмкін. Осы рефлекстің рефлектстік доғасы күн тәрізді өрімнің рецепторларынан, құрсақ жүйкесінің сезгіш талшықтарынан, жұлынның жоғары көтерілетін жолдарынан, сопақша мидан, кезеген жүйкенің қозғалтқыш талшықтарынан, жүректен тұрады.
Жұмысты
орындау:
Дәл көздерінің артынан бақаның миын
кесіп, ш
алқасынан
тақтайшаға бекітеді. Алайда жұлын мен
сопақша мидың зақымдалмауы керек. Жүрек
үстіндегі кеуденің біраз бөлігін кесіп
алып, жүректі табады. Кеуде қуысынан
ағып жатқан қанды мақта тампонымен
сүртіп алады. Бір минуттағы жүректің
соғуын санайды. Пинцетпен құрсақ бөлімін
2-3 рет соғып қайтадан санайды. Сонда
жүрек соғуының азайғандығын байқаймыз.
Ал қатты түрту жасағанда жүрек диастола
кезінде тоқтап қалғаны байқалады.
3 - жұмыс.
Кезеген жүйкенің бақа жүрегіне әсері
Ж
ұмысты
орындау:
Қимылсыздандырылған бақаны шалқайтып
тақтайшаға бекітіп жүрегін перикардтан
босатып, үзбесін кеседі.
Алдымен 2-кестеге қарап жүйке талшықтарының орналасуымен танысу қажет. Бақаның алдыңғы оң аяғын төмен, шет жаққа қарай тартады да, жақ пен жүректің бұрышындағы бұлшық еттер мен шаңдырларды кеседі. Сонда қолтық астындағы бұлшық еттер және олардың арасында жатқан тіласты, тіл-жұтқыншақ жүйкелері айқын көрінеді. Осы жүйкелердің сәл төменгі жағында қан тамырлары мен жүйке будасы орналасады. Олардың арасында жүректің кезеген жүйкесі өтеді. Сол жүйке астына лигатура өткізіледі. Жүректің 1 минутта соғу жиілігі саналады. Лигатураны көтеріңкіреп, электростимулятордың электродтары арқылы жүйкені тітіркендіреді. Электр тогының күші орташа болу керек. Қайтадан жүректің соғу жиілігін санап, оның азайғанын байқайды. Егер тоқ күші көбейтілсе, жүрек диастола кезінде тоқтап қалады. Тітіркендіру тоқталған соң, жүректің соғуы бұрынғы қалпына келеді.
4 -жұмыс. Бақаның жүрегін Штраубе әдісімен бөліп алу
Гормондардың, электролиттердің және
медиаторлардың жүрекке әсері
Бөліп алынған жүректің ұзақ уақыт жұмыс атқаруы, оны қоректендіретін ерітіндінің құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас сәл сілтілі болуына байланысты. Ерітіндінің құрамындағы Na+, K+, Ca++ т.б. заттардың концентрациясы қандағыдай болу керек. Бұл талапқа Рингер ерітіндісі сай келеді, оның құрамында келесі иондар бар:
Рингер ерітіндісі |
Na+ |
Ca++ |
K+ |
NaHCO3 |
Суық қанды жануарлар үшін |
0,65% |
0,01% |
0,01% |
0,01% |
Жылы қанды жануарлар үшін |
0,85% |
0,02% |
0,02% |
0,01% |
Бөліп алынған жүректі қоректендіретін ерітіндінің құрамында К+ ионы артық болса, ол кезеген нерв әсеріне ұқсас ваготроптық әсер етеді: жүректің жиырылуы азайып, жиілігі сиректейді, жүрек етінің тонусы төмендейді, диастола кезінде тоқтап қалады. Ca+2 ионының артық болуы жүрекке симпатикалық әсер етеді, демек жиырылу күші ұлғайып, ритмі жиілейді, жүрек етінің тонусы көтеріледі, жүрек систола кезінде тоқтайды.
Жұмысты орындау: Қозғалмайтындай бақаны шалқасынан тақтайшаға бекітіп, көкірек қуысын кең ашып жүректі перикардтан босатады. Екі қолқа доғалары астынан Финдер инесімен лигатуралар өткізіледі де, қолқа буылтығынан алыстау байланады. Үшінші лигатура қолқа буылтығының астынан өткізіледі, кейін ол канюляны байлауға керек болады. Лигатурамен сол жақ қолқа тамырын тартыңқырап қайшымен шетін кеседі. Бұл кесікке канюляны бұрап кіргізіп, қарыншаның ұшына дейін жеткізеді де, жіппен қатты байлайды. Канюляны алдын ала Рингер ерітіндісімен толтырған жөн. Канюляны көтеріңкіреп қолқа доғаларын, қуыс веналарын кеседі, тек веноздық синусқа зақым келтірмей сақтап қалу қажет. Жүрек бөлек алынады. Жүрек дұрыс бөліп алынса, канюлядағы ерітінді систола кезінде көтеріліп, диастола кезінде төмендейді. Бөліп алған жүректегі канюля штативке бекітіледі. Жүректің ұшын ілгекпен іліп алып Энгелман рычагіне қосады. Рычагты қаламы кимографтың барабанына көлденең және жеңіл тиіп тұруы қажет. Кардиограмма жазылады.
1. Жүрек Рингер ерітіндісімен қоректендіріледі. Жүректің соғу жиілігі жазылады.
2. Пипеткамен канюлядағы Рингер ерітіндісін сорып алып, Са2++ иондары артық басқа Рингер ерітіндісімен толтырылады. Кардиограмманың өзгергенін байқайды. Жүректің соғу жиілігі саналады. Са++ артық Рингер ерітіндісін жәй қалыпты Рингер ерітіндісімен ауыстырса, жүректің қызметі өз қалпына оралады.
3. Канюлядағы қалыпты Рингер ерітіндісі К+ артық Рингер ерітіндісімен ауыстырылса, кардиограмманың өзгеруін бақылауға болады. Жүректің соғу жиілігін санап алады. К+ ионы артық Рингер ерітіндісін қалыпты Рингер ерітіндісімен ауыстырса, жүректің қызметі бұрынғы қалпына оралады.
4. Рингер ерітіндісіне адреналин мен ацетилхолин қосылады. Адреналин мен ацетилхолиннің жүрек қызметіне әсері анықталады.
Тәжірибені өткізгенде:
1) Әр затқа арналған пипеткалар болуы қажет;
2) Канюлядағы ерітіндіні ауыстырғанда кимографты тоқтатады.
Жүрек физиологиясына арналған мәселелік тапсырмалар
1. Науқастың ЭКГ-сының R - R тісшелерінің ара қашықтығы 0,8 сек. Жүрек соғуының жиілігі қандай?
2. Қан ағуының минуттық көлемі 8 л, ал ЭКГ-дегі R-R ара қашықтық 0,6 сек. тең болғандағы қан ағуының систолалық көлемін табыңыздар.
3. Веналық қанның жүрекке құйылуы 10 мл –ге көбейді. Бұл жағдайға жүректің қан ағуының систолалық көлемі қалай өзгереді? Неліктен?
4. Егер иттің экстракардиалдық иннервациясын тоқтатсақ, жүректің соғу жиілігі қалай өзгереді?
5. Иттің ұйқы артериясындағы қысымды әдейі сынап б. 180 мм дейін арттырғанда жануар жүрегінің жұмысы қалай өзгереді? Неліктен?
6. Иттің ұйқы тамырындағы қысым сынап бағанасымен 25-30 мм төмендеді. Жүрек жұмысында қандай өзгерістер болады? Неге?
7. Кезеген жүйкесі кесілген жануардың қан тамырына көп мөлшерде адреналин құйылды. Бұл кезде жүректе қандай өзгерістер болады? Кезеген жүйкесі сақталған жануардың қан тамырына адреналин құйылғанда жүректе болатын өзгерістер айырмашылықтары қандай?
8. Адам кенеттен ине кіргенін сезді. Жүрек соғуы өзгере ме? Неліктен?
9. Жүрек циклының бір мезгілінде зонд арқылы жүректегі оң жақ қарыншасының қысымы сынап бағанасымен 25 мм тең. Бұл жүрек циклының қандай фазасына жатады?
10. Сау адамның жүрек циклының бір мезгілінде зонд арқылы жүректегі сол жақ қарыншасының қысымы сынап бағанасымен 125 мм тең. Бұл жүрек циклының қандай фазасында байқалады?
11. Жануардың мойнындағы жаралы жерінен кезеген нервтің шеті шығып тұр. Бұл орталық, әлде шеткі ұшы ма, осыны анықтауға бола ма?
Жүрек физиологиясына арналған тест сұрақтары
1. Жүрек еті биопотенциалдарын тіркеу әдісі:
А. фонокардиография
В. динамокардиография
С. электрокардиография
Д. электроэнцефалография
Е. баллистокардиография
2. Жүректің сол жақ шегі:
А. 3 қабырға аралығында
В. төстің сол жақ шетінде
С. 5 қабырғааралығында сол жақ бұғананың орта 0,5-1 см сызығына 0,5-1 см ішке қарай
Д. төртінші қабырға аралығында
Е. төстің оң жақ шетіне 1,0 см оңға қарай
3.Жүрек циклының ұзақтығы
А. 01сек
В. 0,33 сек
С. 0,008 сек
Д. 0,8 сек
Е. 0,47 сек
Жүрек етіне тән емес қасиет:
А. Қозғыштық
В. Қозуды өткізу
С.Автоматия
Д. Эластикалық
Е.Пластикалық
Жүрек етінің деполяризация кезеңінің механизмі:
А. Калийдің өтімділігінің жоғарылауы
В. Кальцийдің өтімділігінің жоғарылауы
С. Натрийдің өтімділігінің жоғарылауы
Д. Натрийдің өтімділігінің төмендеуі
Е. Кальцидің өтімділігінің төмендеуі
Жүрек етінің тез реполяризация кезеңінің механизмі:
А. Кальций каналдарының ашылуы
В. Калий каналдарының ашылуы
С. Натрий каналдарының ашылуы
Д. Натрий каналдарының жабылуы
Е. Кальций каналдарының жабылуы
Жүрек етінің супернормальдық кезеңі сәйкес келеді:
А. деполяризация
В. Баяу реполяризация
С. Тез реполяризация
Д. Гиперполяризация
Е. Диастолалық деполяризация
8
.
Қисық сызықтардың арасынан жүрек етінің
әрекет потенциал сызығын табыңыз:
9. Кезбе жүйкені тітіркендіргенде пайда болатын жүрек соғу жиілігін төмендеуі қалай аталады:
А) теріс хронотроптық әсер
В) теріс батмотроптық әсер
С) теріс дромотроптық әсер
Д) теріс тонотроптық әсер
Е) теріс инотроптық әсер
10. Жүрек жиырылуын жиілететін зат:
А) ацетилхолин
В) брадикинин
С) адреналин
Д) калий иондары
Е) гистамин
11.Қисық сызықтардың арасынан электрокардиограмманы табыңыз:
12. Қалыпты жағдайда адам жүрегінің жиырылу жиілігі тең:
А. 40-50 рет
В. 50-60 рет
С. 60-80 рет
Д. 90-100 рет
Е. 100-120 рет
13. Жүректің ырғақты соғуының жетекшісі:
А) атриовентрикулярлық түйін
Б) Бахман будасы
В) синоатриалдық түйін
Г) Пуркинье талшықтары
Д) Гис будасы
14. Жүрек етінің баяу реполяризациясының механизмі:
А) натрий каналдарының ашылуы
Б) кальций каналдарыының жабылуы
В) калий каналдарының ашылуы
Г) калий каналдарының жабылуы
Д) кальций каналдарыының ашылуы
15 Жүрек етінің абсолюттік рефрактерлік кезеңі сәйкес:
А) баяу реполяризациямен
Б) жергілікті жауаппен
В) іздік деполяризациямен
Г) деполяризациямен
Д) гиперполяризациямен
16. Қарынша экстрасистола пайда болу үшін қосымша тітіркенуді мына кезде қолданады:
А) систолада
Б) диастолада
В) жалпы үзілісте
Г) систоланың соңында
Д) абсолюттік рефрактерлік кезеңінде
17. Жүрек қызметін реттейтін кезбе жүйкесінің II-ші нейронының орналасқан жері:
А) жұлынның жоғарғы бес көкірек сегментінде
В) сопақша мида
С) жүректің интрамуральдық ганглиінде
Д) жұлдыз тәрізді ганглийде
Е) паравертебральдық ганглийлерде
18. Симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде пайда болатын жүрек соғу күшінің жоғарлауы қалай аталады
А) теріс хронотроптық әсер
В) теріс батмотроптық әсер
С) теріс дромотроптық әсер
Д) теріс тонотроптық әсер
Е) теріс инотроптық әсер
19. Медиатордың түрі мен оның кардиомиоциттердің мембранасына иондық өткізу қасиеті арасындағы сәйкестілікті табыңыз:
А) ацетилхолин 1. калийдің өтуін күшейтеді
В) норадреналин 2. калийдің өтуін төмендетеді
3. калийдің өтуін төмендетеді, натрий мен
кальцийдің өтуін күшейтеді
4. натрий мен кальцийдің өтуін
төмендетеді
А -1,4; Б - 2,3;
А 2,3; Б -1,4.
20. Вегетативтік жүйелер мен олардың жүрекке тигізетін әсерлері арасындағы сәйкестікті табыңыз:
А) симпатикалық 1. оң инотроптық
Б) парасимпатикалық 2. теріс инотроптық
3. оң хронотроптық
4. теріс хронотроптық
5. оң дромотроптық
6. теріс дромотропты
1. А – 2,4,5; Б – 1,3,6
2. А – 1,3,5; Б – 2,4,6.
21. Кардиомиоциттер және олардың қызметтерінің арасындағы сәйкестілікті табыңыз:
А) синоатириалдық түйін 1. Қарыншалар жиырылуын қамтамасыз етеді
Б)атриовентрикулярлық түйін 2. Қозуды және жүрек ырғағын қамтамасыз етеді
В) гис шоғыры және Пуркинье 3. Қарыншаларды қоздырады
талшықтары 4. Қарыншаларда қозудың жайылыуын қаматамсыз етеді
Г) қарыншаның типті
кардиомиоциттері
1. А -1; Б -2; В – 3; Г - 4
2. А – 3; Б -4; В – 1; Г - 3
3. А -2; Б – 3; В -4; Г - 1
22. Жүрек тондары мен олардың пайда болу механизмдерінің арасындағы сәйкестікті табыңыз:
А) I-ші 1. жүрекшенің жиырылуы
В) II-ші 2. қос жақтаулы қақпақшаның ашылуы
С) III-ші 3. қанға тез толған кездегі қарынша қабырғасы-
Д) IY-ші ның тербелісі
4. жақтаулы қақпақшалардың жабылуы мен қа-
рыншалардың жиырылуы
5. айшық қақпақшалардың жабылуы
1. А - 4; Б – 5; В -3; Г - 1
2. А -3; Б – 1; В – 2; Г -3
3. А – 1; Б – 2; В – 4; Г - 3
23. Миокард қозғыштығының кезеңдері мен олардың уақыттарының арасындағы сәйкестікті табыңыз:
А) абсолюттік рефрактерлік кезең 1. 0.01с
Б) салыстырмалы рефрактерлік кезең 2. 0.03с
3. 0.2с
4. 0.27с
1)А-4, Б-2 2)А-3,Б-1 3)А-2,Б-4
