Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф КГМУ 4.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: «Тыныс алу мүшелерінің визуалді диагностикасы»

Пән Визуалды диагностика

Мамандық 5В 130200 «Стоматология»

Курс екінші

Құрастырған Г.А.Жолдыбаева

Қарағанды 2011

Тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің визуалді диагностикасы.

Мақсаты:

Студент білуге тиісті:

  • тыныс алу мүшелерін зерттеудің сәулелік тәсілдері;

  • тыныс алу мүшелерін зерттеудің рентгенологиялық тәсілдері;

  • тыныс алу мүшелерінің рентгенанатомиясы және рентгенфизиологиясы;

  • өкпе түбірінің қалыпты рентгенологиялық белгілері;

  • өкпе бронхы ауруларының рентгенсемиотикасы;

Студент істей білу керек:

  • тыныс алу мүшелерінің рентгенологиялық тексеруге көрсеткішті дұрыс анықтауды білуі қажет.

  • науқасты рентгенологиялық тексеруге жолдаманы толтыруды білуі тиіс;

  • тікелей және бүйірлік бағыттағы рентгенограммадан бөліктік және сегменттік бағыттарды анықтауды білуге тиісті;

- өкпе суретін және өкпе түбірінің рентгенограммасын көрсету және табу;

Оқытудың міндеттері: Тыныс алу ағзалары ауруларының визуальды диагностикасы туралы мағұлымат беру, алған білімдері мен дағдыларын нығайта түсу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. тыныс алу мүшелерін зерттеудің сәулелік тәсілдері;

  2. Өкпе және көкірек аралық ағзалардың қалыпты сәулелік анатомиясы және физиологиясы.

  3. Жас ерекшеліктеріне байланысты кеуде қуысы ағзаларының рентгеноанатомиясы.

  4. Тыныс алу ағзалары ауруларының негізгі рентгенологиялық симптомдары.

Рентген суретін екі негізгі бағыттарда жасаған дұрыс, Төс сүйегімен кассетаға тиіп тұрады. Рентген сәулесі арт жағынан алдына қарай бағытталған. Екінші бағыт – ауру адам кассетаға бүйірімен тиіп тұрады, рентген сәулесі екінші жақ бүйіріне бағытталады.

Хаттама жазуды рентген суретінің қарама – қарсы бағыттағы (ауру төс сүйегімен экранға тиіп тұрады) аумақты суретінен бастайды. Рентген суреті аумақты және бағытталған сурет болуы мүмкін. Аумақты суретте өкпенің ұшы, көкет түгелімен көрінуі керек. Жауырын сүйектері өкпенің алаңы мен қабаттаспауы тиіс. Бұғананың бастары екі жақта омыртқаның шеттерінен бірдей қашықтықта болуы қажет. Рентген суреті бағытталған болса , онда мүшенің кішкентай бір бөлшегі ғана түсіріледі.

Рентген суреті сәулеге орта дәрежелі қанықтықта болған жағдайда жоғарғы 2-3 кеуде омыртқалары ған көрінеді. Көрінген омыртқалардың саны одан көп болса рентген суреті сәулеге қанықты не өте қанықты. Егер рентген суретінде бірде бір омыртқа көрінбесе, ондай сурет сәулеге қанықсыз болып есептеледі.

Кеудедегі мүшелердің тұрқы анық болмай, бұлыңғыр болғаны, суретке түсірген кезде науқастың кетуінің, не дем алғанының белгісі.

Ашық өкпенің тұсында бұлшықеттер (омырау, жауырын бұлшықеттері және омырау бездері) көлеңке береді. Айнамен қарағанда дәрігер-рентгенолог көлеңке беріп тұрған бұлшықеттерді қолымен ығыстырып бұлшықет екенін анықтай алады. Ал рентген суретінде (ауру кетіп қалғаннан кейін) ол көлеңкелерді дерттің көлеңкесінен айыру кейбір кезде қиындыққа соғады. Сол себепті қаттама жазар алдында әр ауру адамның сырқатнамасын толық талдап алу қажет.

Кеуде қаңқасы тең бүйірлі конусқа не цилиндрге ұқсайды. Қарама-қарсы бағыттағы рентген суретінде ашық өкпенің алаңында 9-10 қос қабырғалардың көлеңкелері көрінеді. Арт жақтағы қабырғалар жоғарыдан төмен өтеді, жіңішкелеу, бүкір жағымен жоғары қараған. Көлеңкелері қою, омыртқалардың көлденең өсіктерінің жалғасы ретінде көрінеді. Алдыңғы жақтағы қабырғалар арт жақтағы бөлшектерінен төмен орналасқан, бүкір жағымен төмен қарайды. Жоғарыдан төмен ішке бағытталып шеміршекпен бітеді. Шеміршек рентген суретінде көлеңке бермейді, сондықтан көрінбейді.

Өкпе алаңының төменгі жағы оң және сол жақтағы көкеттермен шектелген. Ең жоғарғы орналасқан көкеттің ортаңғы бөлігі, оның екі жақ шеттері төмен түсіп, (қабырға мен көкет аралығында, жүрек пен көкет аралығында) үш бұрышты қалталарға айналады. Оң жақтағы көкет бауырға байланысты, сол жақтағыға қарағанда бір қабырға жоғары тұрады. Қалыпты жағдайда көкеттің шет жағдайы әр уақытта тегіс және анық көрінеді. Шеттерінң бұжырлануы, оның жарғақпен жабысып байланысуының салдарынан болады да , көкеттің қимыл қозғалысын қалыпты жағдайдан шектейді.

Өкпе алаңы, оның бөліктерінің шекарасы

Өкпе алаңы ортадағы мүшелердің көлеңкесі мен оң және сол жақтағы өкпе алаңдарына бөлінеді. Олар ауаға толы болғандықтан рентген сәулесін жақсы өткізеді.

Рентген суретінде қалыпты жағдайда өкпе бөліктері, оларды қаптап жатқан жарғақтар көрінбейді. Өкпе бөліктерінің арасындағы жарғақтар қатайып, қалыңдаса, не бөлігі тұтас көлеңкеленсе ғана өкпе бөліктерін, олардың шекарасын анық көре аламыз. Әр уақытта өкпені бөліктерге бөлетін сызықша қуыстар қалыпты жағдайда белгілі жерден өтеді. Мысалы, өкпені жроғарғы және төменгі бөліктерге бөлетін үлкен сызықша қуыс екі жақта бірдей. 2-3 кеуде омыртқасының тұсынан басталады да , арттан бүйірге, одан ары төмен және алға қарай барлық қолтық астындағы тік сызықтардың үстін басып өтіп (алдынан санағанда) YI- қабырғаның шеміршегінің тұсында бітеді.

Оң жақ өкпедегі қосымша қуыс, үлкен сызықша қуыстан бастап төс сүйекке (алдынан есептегенде IY- қабырғаның тұсынан) тік өтеді. Бұл қуыс өкпенің жоғарғы бөлігі мен ортаңғы бөліктерінің арасындағы сызықша қуыс. Өкпенің әр бөліктері сына тәрізді болғандықтан қарама қарсы бағытта олар бірімен бірі қабаттасып келеді.

Кеуденің ішінде үш бөлік жарғақтан тұратын қалталар бар. Оның екеуі өкпелерді қаптайды, қалған біреуі жүректі қаптайды. Бұларды вецеральды жарғақ дейді.

Жарғақтың екінші түрі қабырғаларды, көкетті және ортадағы (екі өкпенің арасындағы) мүшелерді астарлап қаптайды, оны париетальды жарғақ дейді.

Вицеральды жарғақ өкпелерді қаптап, өкпенің бөліктернің арасындағы сызықша қуыстарға кіріп, өкпенің іш жағынан көкетке келіп, байлам ретінде бітеді. Егер жарғақ арасына ауа жіберсек (пневмоторокс) өкпе қысылып, көлемі кішірейіп кеуденің ішінде жақсы көрінеді.

Париетальды жарғақтың төбесі, қабырғаға жанасып жатқан бөлшегі , орталық мүшелер жақ бөлшегі болып бөлінеді. Париетальды жарғақты көкет пен қабырға жақ шетінде қосымша екі қуыс, ал жүрек жақ шетінде қоысмаш бір қуыс бар, оларды “синус” дейді. Ол қуыстар дем алған кезде көлемі үлкейген өкпенің орналасатын жері.

Өкпенің айнадағы ашықтығы , оаның ішіндегіә ауаның, өкпе тінінің қантамырларындағы қанның көлеміне, кеуденің сытындағытіннің қалыңдығына , рентген сәулесінің санына, сапасына байланысты.

Өкпе суреті.

Өкпенің ішіндегі тарамдалған көлеңкелер қантамырларының көлеңкесі. Оны өкпе суреті дейді. Яғни өкпе суреті қалыпты жағдайда күре, көк тамырлардың көлеңкелері.Олар рентген суретінде күзгі ағаштардың жапырақсыз бұтақтарына ұқсап, өкпе түбірінен шетке қарай бірте-бірте жіңішкеріп, өкпенің шетіне 1-1,5 см. жетпей бітеді.Одан әрі капилярлар, рентген суретінде көлеңке бермейді, қалыпты жағдайда көзге көрінбейді.

Бронхтардың қабырғалары шеміршектен тұрады және ішінде ауа болғандықтан қалыпты жағдайда оларды рентген суретінде көре алмаймыз.

Өкпе түбірлері. Өкпе түбірлерінің құрамында үлкен күре тамырлар, көктамырлар, бронхтар, түбір бездері және лимфа жолдары бар. Оң жақтағы өкпе түбірі алдыңғы жақтан есептегенде III, Y қабырғалардың бас жағының аралығында орналасқан. Сол жақтағы өкпе түбірі алдынан есептегенде II – IY қабырғалардың бас жағының аралығында орналасқан. Өкпе түбірінің бас жағы, негізгі (ортасы) және құйрық жақ бөлшектері болып бөлінеді. Қалыпты жағдайда өкпе түбірінің құрамы жақсы көрінуі керек және ортасында жалпақтығы 1-1,5 см. аспауы керек. Өкпенің қабынуы кезінде, өкпе суретінің қоюлану кездерінде, т.б. жағдайларда өкпе түбірінің құрамы көрінбейді және көлеңкесі біртегіс болып, көлемі өседі.

Орталық (аралық) көлеңке құрамында кеуде омыртқалары, өңеш , қолқа, жүрек, төс сүйегі бар. Әрине аумағы жағынан жүрек пен үлкен қан тамырларының көлемі басым болғандықтан негізін осы мүшелер құрайды. Орталық көлеңкелердегі дертті зерттеуде бүйірінен түсрген рентген суретінің үлесі өте зор. Бұл бағытта өкпенің дерті қай бөлігінде (бөлшегінде орналасқанын және қай мүшелерден өскеніні анықтауға болады) (төс және жүрек артындағы кеңістіктердегі мүшелерде). Жас балалардың бүйірінен түсірген рентген суретінде егер олар дұрыс болса, өсу шеміршектері мен шектелген, бірнеше бөлшектерден құралған төс сүйегі тұтас көрінеді. Онымен қоса төс омыртқалары және оларға қатар орналасқан жауырын сүйектерінң шеттері көрінеді. Рентген суретінде пленкаға жақын тұрған қабырғалар аумағы жағынан өзгермей шығады, ал екінші жағындағы қабырғалар жалпақ және шет жағдайы, құрамы бұлыңғыр болып келеді. Екі жақтағы өкпе алаңы қабаттасып алдыңғы жағынан төс сүйегі мен , арт жағында өс омыртқалары осы алаңды екіге бөледі – алдыңғы жағы (жүрек пен төс аралығы) төс артындағы кеңістік, арт жағы (жүрек пен омыртқа аралығы) жүрек артындағы кеңістік. Төменгі жағы көкеттермен шектеліп үшбұрышталған алдыңғы және артқы қалталармен бітеді. Алдыңғы қалтының бұрышы жайдақ және биігірек орналасқан.

Кеуденің алдыңғы жағында (төс артындағы кеңістік) айыр без, жүрек қабы, қолқаның бастамасы, оның иілген бөлігі, өкпенің көк және күре тамырлары, жоғарғы және төменгі қуыс қантамырлары, жүйке жүйесі, кеңірдек, үлкен өкпе бронхтарының бас жағы, түбір бездері бар.

Кеуденің арт жағында (жүрек артындағы кеңістік) өңеш, қолқаның төмен түскен бөлігі, кеуденің лимфа бағанасы, сыңар және жартылай сыңар көктамырлары, жүргіш жүйке, құрсақ жүйесі, бездер орналасқан.