Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф КГМУ 4.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

Өңештің қатерлі ісіктері.

Өңештегі қатерлі ісік, барлық мүшелердегі ісіктермен салыстырғанда, оның жиілігі 2 – 3 орында тұрады. Әйелдерге қарағанда жасы 40 тан асқан ер адамдарда екі есе жиі кездеседі. Дүние жүзінде өте көп тараған дерт. Біздің республикамызда бұрынғы кеңес одағы елдеріндегіден 3 есе, ал белорус және молдавиямен салыстырғанда 10 – 20 есе жиі кездеседі. Қызылорда обылысында кездесетін өңештің қатерлі ісктері Эстонияда, Латвия, Литва, Грузия және Арменияда кездесетін өңештің қатерлі ісіктерін қосып санағандағыдан асып түседі.

Қатерлі ісктің ең алғашқы белгісі – жұтынған тамақтың өтуіне аздап болса да кедергі жасауы. Осыған сай рентген суретінде:

  1. шырышты қабаты қатпарларының түзілуі, олардың бағытының қалыпты жағдайдан ауытқуы.

  2. ісік бар жерде қабырғасының созылмалы қасиетінің, толқынды тербелістерінің көрінбеуі.

  3. қатерлі ісік бар жерде өңештің бұжырланып, шеттерінің жырым- жырым болуы. Асқынып, жайылып кеткен кезеңінде алдымен кесек, одан кейін қою тамақтар бөгеліп өтуі сезіледі. Бара – бара тамақ өтпей қалуы мүмкін.

Айнамен қарағанда өңештің ісік бар жері жіңішкеріп, қаьырғалары бұжырланып көрінелі. Кей уақытта қабырғаларының шұңқырланып, ойықталуы да мүмкін. Олар ісікте ашық жараның болуының белгісі. Барийдың қойыртпағы жараға кіріп, өзінің көлеңкесін береді. өңештен ісіктің жоғарғы жақ бөлшегі кеңиді. Толқынды тербелістері көрінбейді, шырышты қабатының қатпарлары қалыпты жағдайдан ауытқыған, не көрінбейді. Ісік бір бағытта өңештің сыртына не ішіне қарай бұжырланып өссе, онда барий ісіктердің арасынан ирек-ирек, жол болып көлеңке береді де, ісіктің басталған жері мен төменгі шетін анық, түгелімен көрсетеді. Егер өңештен тамақтың өтімі нашар болса, онда ісіктің тек басталған жері ғана көрінеді. Өңештің қатерлі ісіктері бірнеше түрде болады.

Шырышты қабатын астарлап өсетін түрі.

(Диффузний рак) дерттің бұл түрінде, барлық жарақаттанған қабырғалары біркелкі қалыңдайды.Алғашқы кезде, рентген суретінде дерт көрінбеуі мүмкін, ал айнамен қарағанда немесе рентгенокимограммада жарақаттанған қабырғасының созылмауы, толқынды тербелісінің көрінбеуі байқалады.Өңештің тарылған жерінен жоғары орналасқан бөлшектері кеңеюі анық көрінеді

Астау тәрізді түрі.

(Чашеобразный рак) – Ісік ортасынан ыдырап, ашық жара пайда болады.Рентген суретінде ісік көлеңкесінің арасында барийдің өте қою көлеңкесі көрінеді.Қатерлі ісік жиі (50 пайыз ) өңештің төменгі бөлігін, одан кеиін (36 пайыз ) ортаңғы бөлігін жарақаттайды.Ең аз жарақаттанатын жері, жоғарғы (13 пайыз) бөлігі.

Бұжырланып өсетін (медулярный) түрі. Ісік бұжырланып, өңештің ішіне не сыртына қарай бағытталып өседі.Ішіне қарай өскенде, өңештің барлық қабырғаларынан өсіп, оны тарылтады.Астарлап өсетін түріне қарағанда шеттері әйгіленген, жұлымдалып анық көрінеді.

Қарын

Қарында өте жиі кездесетін дерт шырышты қабатының қабынуы.Дерттің пайда болған мерзіміне байланысты, жедел (острый) және созылмалы түрі (хронический) болып бөлінеді.Жедел кезінде сырқаттанған адамдар рентген тәсілі арқылы өте сирек тексеріледі, себебі рентген тәсілі арқылы анықтау қиын.

Қабынудың бірнеше түрлері болады:1) Шырышты қабатының түгел қабынды (диффузный гастрит);

2)Қарынның төменгі бөлігінің қабынуы (антральный гастрит );

3)Төменгі бөлігінің шырышты қабатының икемсізденіп қалыңдап қабынуы (антральный регидный гастрит);

4)Шырышты қабатының қанталап қабынуы (эрозивный гастрит);

5)Шырышты қабатының бұжырланып, төмпешіктеніп қабынуы (полипозный гастрит) болып бірнеше түрге бөлінеді.Қандай түрі болмасын, дерт әуелі шырышты қабатын жарақаттайды, кейбір кезде одан да терең орналасқан қабаттарын да зақымдайды.Қабыну себебіне, дерттің тереңдігіне, көлеміне байланысты қарынды өте күрделі өзгерістерге шалдықтырады.Ол шырышты қабатының қызметіне ғана шектелуі мүмкін ( бездерінің ауытқуы, асты сіңіретін қасиетінің өзгеруі т.с.с.), не қосымша қатпарының құрамындағы тіннің өзгеруі (оның құбылмалық қасиетінің, оралымдылық жағдайын, бағытының, көлемінің өзгеруі кәдік).

Патанатомиялық өзгерістеріне қарасақ, шырышты қабаттарының қатпарлары қалыпты жағдайдан көлемін ұлғайтып, не олардың семуін көреміз.Екі өзгерістің екеуі де өте жиі қабаттасып келеді.Бір жерінде қатпарларының ерекше қалыңдауы, икемсіздігі көрінсе, екінші бір жерінде шырышты қабатының қатпарлары жұқарып, жіңішкергенін көреміз.Қабыну қарынның жарасымен жиі қабаттасып, не жара осы дерттің жалғасы ретінде кездеседі.Қазіргі уақытта қабынуды рентген тәсілі арқылы анықтауға болады.Әрине, қосымша эндоскопия тәсілін қолдану қажет, себебі рентген суретіндегі шырышты қабатының өзгеруі, қатпарларының құбылмалық қасиетінің салдарынан да болуы мүмкін.Қабынудың рентген суретіндегі белгілері: шырышты қабаты ісініп домбығып, қалыңдайды.Осыған байланысты қатпарларының көлемі үлкейеді, иректенеді.Қатпарларының арасындағы жолдар жіңішкеріп, тіпті жоғалып кетуі мүмкін.Шырышты қатпарлары бағытын өзгертеді. Ашқарында сөл жиналуы ықтимал. Толқынды тербнлістері өте жиі,терең, әлді болып келеді. Яғни айнада көретініміз шырышты қабаты қатпарларының саны азайып жалпақтанады, иректеніп икемсіз болып келеді. Егер қабынудың сему түрі басым болса қатпарлары жұқа, жіңішке болады.

Өте жиі кездесетін дерт – қарының, ұлтабардың жаралары.

Жараның белгілері дәрігерлерге ХҮІ-ХҮІІІ- ғасырлардан-ақ әйгілі (Донатус 1586 ж.Г.Л.Левиннің 1970 ж. еңбегінен).Ағылшындардың деректері бойынша бүкіл дүние жүзінің 7-10 пайыз халқы осы дертпен ауыратын көрінеді, оның 8-10 пайызы ер адамдарда кездеседі.

Ежелгі кеңес елінде әр 1000 ересек адамның 18-і осы аурумен ауырыпты.В.М. Успенскийдің 1982 жылғы зерттеулері бойынша жарадан емделген адамдар 80 пайыз жиілікте, осы дертпен қайта ауырған.Жоғарыдағы көрсеткіштерге қарағанда дерттің жиілігі, оның қайталануының бір себебі, дерт дер кезінде анықталмай, мезгілінде емнің қонбауының салдары деуге болады.

Дерттің түрін анықтауда рентген тәсілі маңызды орын алады.В.А.Дьяченконың еңбектері бойынша қарындағы жараны рентген тәсілі арқылы – 95 пайыз жиілікте анықтауға болады. Дерт түрін анықтауда дәлдігі, эндоскопия тәсілімен бірдей.Кей уақытта эндоскопия аспабымен қарағанда, маман, жоғарғы өткізгіштің астындағы жараны көре алмауы да кездеседі.

Рентген тәсілі арқылы анықтағанда, жараның тікелей және қосымша белгілері болады.

Тікелей белгілеріне:1) Барий қойыртпағымен көленген жара;

2) Жараның маңайындағы, қабынудың салдарынан болған ісік (язвенный зал);

3) Шырышты қабаты қатпарларының жараның аузына келіп, топтанып жиналуы (конвергенция складок );

4) Мүшенің пішінінің тыртықтану салдарынан өзгеруі (құм сағатқа, улиткаға ұқсауы, екі бүктелуі т.с.с.).

Жара 77,4 пайыз жиілікте ұлтабарда, ал 22,6 пайыз жиілікте қарында кездеседі.Рентген суретінде жара әр уақытта көріне бермейді.Жараның ішіне барий қойыртпағы кірсе ғана көрінеді.Егер жара таяз болса, барий қойыртпағы жарада тұрмайды, оның көлеңкесі көрінбейді.Бұл жағдайда жараны көре алмаймыз.

Екінші жағынан, жараның ішінде тамақтың қалдықтары болса, не ұйыған қан болса, жараға барий қойыртпағы кірмейді, жара көрінбейді. Рентген суретінде жара екі түрде көрінеді. Біріншіден, барий қойыртпағына толған жара, қарынның шетінен шығып, қосымша көлеңке береді - жара кіші үлкен иін жақ шеттерінде болса. Жара қарының, ұлтабардың иіндерінен басқа жерлерін жарақаттаса, онда барий қойыртпағының жиынтығының көлеңкесін көреміз (“депо” бариевой взвеси).

Рентген суретіндегі жараның тереңдігі екі жағдайға байланысты.Біріншісі, қарының қабырғасындағы жараның тереңдігі.Екіншісі, жараның маңайындағы, қабынудың салдарынан болған ісіктің қалыңдығына байланысты.Ісік биік (қалың) болған сайын, жараның тереңдігі ұлғая береді.

Жараның аузына қарынның, ұлтабардың шырышты қабатының қатпарлары жиналып тұрады.Бұл белгі жаңадан пайда болған жараларда болмайды, ол белгі созылмалы жаралардың белгісі.Қарындағы, ұлтабардағы жаралардың жанама белгілеріне:

  1. Қарынның бұлшық еттері ширығуының үдеуі;

  2. Толқынды тербелістерінің терең және биік болуы;

  3. Қабырғасының, белгілі бір жерінің шоғырланып тарылуы (локальный спазм);

  4. Аш қарында сөлдің көп болуы;

  5. Барий қойыртпағынан мүшенің босау мерзімінің ұзаруы не жедел босауы;

  6. Шырышты қабаты қатпарлары бағытының қалыпты жағдайдан ауытқуы;

  7. Жара орнының қатты ауыруы.

Пайда болған мерзіміне байланысты жара жедел және созылмалы түрге бөлінеді.

Жедел түрінде, жара бірнеше күннің ішінде пайда болады. Дерттің клиникалық белгілері анық емес.Рентген суретінде, қарының қабырғасынан, шетке шығып тұрған конус тәрізді,

үшкірленген барийдың көлеңкесін көреміз (барий қойыртрағына толған жараның көлеңкесі).Толқынды тербелістері терең және жиі. Бұндай жаралар көбіне қарынның төменгі бөлігігің кіші иін жақ шетінде ұлтабардың басында кездеседі.Ауырғаннан кейін 25-30 күннің ішінде, ем дұрыс қолданса, жара бітіп жазылады.

Созылмалы түрі.Кейбір кезде, жараның жедел түрі жазылмай, оның созылмалы түріне ауысады.Айнадағы белгілері жедел түріндегідей.Оған қосымша жараның көлемі үлкен, ұшы тұйық болып келеді. Шырышты қабатының қатпарлары жараның аузына шоғырланып жиналады.

Жараның асқынуы.

  1. Жара мүшенің қабырғасынан өтіп, іргелес жатқан мүшелерге тірелуі мүмкін;

  2. Қарынның, ұлтабардың жаралары тыртықтанып бітіп, мүшелердің пішінін өзгертуі кәдік;

  3. Ұлтабардың басы мен қарының арасындағы өткізгіштің (төменгі өткізгіш) тарылуы не бітелуі ықтимал;

  4. Жараның қатерлі ісікке айналуы ғажап емес;

  5. Жараның тесілуі кездеседі.

Жараның іргелес мүшелерге тірелуі

Қарындағы жара бауырмен, көк бауырмен, қарын астындағы безбен т.б. мүшелермен байланысып, ол мүшелерде де жара пайда болады. Рентген суретінде, қарынның шетінен, үш қабаттан тұратын көлеңке көреміз ( жоғарғы қабаты ауа, одан кейігісі сөл, ең төменгі қабатында, салмағы ауыр барий қойыртпағы). Қарында өте көп сөл бөлінеді.Толқынды тербелістері терең және жиі. Шырышты қабатының қатпарлары қалыңдаған, ирек –ирек, икемсіз. Аурудың хал-ахуалы төмендейді.

Қарынның, ұлтабардың тыртықтанып пішінін өзгертулері

Қарын екіге бөлініп “құм сағатқа ұқсайды”.Оның екі себебі бар. Біріншісі, қарынның жара бар жерінің қарама-қарсы қабырғасы үлкен иін жағынан тартылыды да, жараны сұқ саусағымен көрсетіп тұрғанға ұқсайтын көрініс береді (симптом “указательного пальца”).Бұндай жағдайда кіші иін жақ шетінен кейбір кезде жара көруге болады.Екінші себебі, жара тыртықтанып бітіп, мүшені бүруінің салдары.

“¦лу” тәрізді өзгеруі.

Өзгерудің бұл түрі “құм сағат” пішініне қарағанда жиі кездеседі. Кіші иіндегі жараның тыртықтанып бітуіне байланысты, иін тартылып, қысқарады.Үлкен иін төменге қарай салбырап тұрады, бұлшық еттерінің ширығуы босаң.Ұлтабар мен қарынның арасындағы өткізгіш (төменгі өткізгіш ) өте биік, қарынның түбіне жақын орналасқан.Қарынның пішініне байланысты, барий қойыртпағынан босау мерзімі елеулі түрде ұзарады.

Төменгі өткізгіштің тарылуы.

Жараның тыртықтанып бітуінің салдарынан өткізгіштің және ұлтабардың басы тарылып, кішірейеді. Бұндай өзгеріс 75 пайыз жиілікте көрінетін көрінеді. Өткізгіштің тарылған кезінде, қарынның бұлшық еттері шымырланып, шиырылып жиырылады.Оның толқынды тербелістері тереңдеп, жиіленеді. Осындай өзгерістердің салдарынан барий қойыртпағынан қарынның босау мерзімі, қалыпты жағдайдағы уақытымен теңеледі. Қарынның пішіні, көлемі өзгермейді (өткізгіштің компенсаторлық тарылуы).

Тарылудың аумағы өте кіші, не ұзақ мерзім созылса, қарынның барий қойыртпағынан босау мерзімі ұзарады, қарынның көлемі үлкейеді. Ашқарында, өте көп тамақтың қалдықтарын көреміз. Толқынды тербелістері ұсақ, жәйдақ, көзге көрінбейді (субкомпенсаторлық тарылуы).

Декомпенсаторлық тарылуында аурудың хал – ахуалы нашарлайды, ауру жүдеу, әлсіз, ішкен асын құсып тастайды. Рентген суретінде, аш қарында тамақтың өте көп қалдықтарын көреміз. Қарынның көлемі үлкейген, төменгі шеті, кіші жамбас қуысында. Толқынды тербелістері көзге көрінбейді. Барий қойыртпағын қарында бірнеше күннен кейін көруге болады.

Қарындағы, ұлтабардағы жаралардың тесілуі.

Жара тесілген кезінде, қарындағы ауа 85 пайыз жиілікте көк еттің астында “қол ораққа” ұқсап жиналады да ашық жер болып көрінеді. Кейбір кезде жара тамақтың қалдығымен, Ұйыған қанмен бітеліп қалады да ауа қарыннан құрсаққа өтпейді. Ол уақытта резеңке түтікпен қарынға арнайы ауа жіберіп, қарынды ауамен кереміз (пневмогастро графия). Қарындағы жараның аузы ашылып, ауа қарыннан құрсаққа өтіп, көк еттің астына жиналады.

Жараның қатерлі ісікке айналуы.

Жараның қатерлі ісікке айналуы ежелден белгілі, бірақ қандай жиілікте кездесетіні туралы ғылыми пікір әр түрлі. Біреулері 2- 5 пайыз, екіншісі 8-10 пайыз, ал үшіншісі тіпті 60-70 пайыз жиілікте көрсетеді. Патанатомдардың өздері де әртүрлі пікірде. Мысалы А.И. Абрикосовтың пікірі бойынша 8-10 пайыз, Ф. И. Пожарскийдің көрсеткішіне сәйкес 11 пайыз жиілікте жара қатерлі ісікке айналады.

Больфур 1280ж адамға операция жасап, оның 6 пайызының жарасы қатерлі ісікке айналғанын анықтаған (В.А. Дьяченко ). Құр көзбен қарап, оның қатерлі ісікке айналғанын анықтау өте қиын. Егер, қарынның кесіндісінде, ескірген, созылған жараның маңынан ісіктің торшаларын көрсек, онда сөз жоқ, бұл зөгерісті жараның ісікке айналуы деуге болады. Ісік жараның бір жақ шетінен ( өте жиі астың қарыннан шығатын жақ шетінен) өседі де, жарадан шетке қарай дамиды. Кейінірек жараны түгел қамтиды. Аумағы 2-2,5 см жаралар өте жиі қатерлі ісікке айналады.

Ұлтабардың басы мен қарынның арасындағы өткізгіштің қарын жақ шетіндегі және өңеш пен қарынның түбі аралығындағы өткізгіштің астындағы жаралар қатерлі ісікке айналуға бейімдірек болады.

Қарындағы ісіктен қанталаған жаңа жара көрсек, ол ісіктің ыдырап ашық жараға айналғаны.

Жараның қатерлі ісікке айналуын анықтауда ойда болатын жағдай – ісік пен жара, бұл түрінде басынан жараға айналған ісік, екінші түрінде жара мен ісік, ісік жарадан пайда болады.

Айырмашылығы бірінші түрінде дерт созылмалы болып келеді.

Қарынның қатерлі ісігі.

Бұл дерт барлық ағзада кездесетін қатерлі ісіктердің 37,8 пайызын құрайтын көрінеді. Әйелдерге қарағанда ер адамдардың арасында бір жарым есе жиі кездеседі. Қолданылатын емнің ең тиімді түрі – хирургиялық тәсілмен дертті түп нұсқасымен алып тастау. Бүгінгі күні бұл тәсілдің мол дамуына қарамастан, қарынның қатерлі ісігінен қаза болған адамдар әлі көп. Себебі дерттің жаңа басталған кезіндегі клиникалық белгілері елеусіз болғандықтан дерт сыр бермей өсе береді. Азын – аулақ белгілері білінген кезде, оған ауру адамдар айтарлықтай көңіл бөлмейді. Егер ем дер кезінде қолданылса, операциядан кейін 5-10, тіпті 20 жыл өмір сүрген адамдар аз емес.

Дерт белгілері. Бірінші шырышты қабатының қатпарларының ауытқуын көреміз. Ісіктің астарлап өсуі салдарынан, шырышты қабатының қатпарлары көрінбейді (үзіледі). Кейбір жерлерінде

шырышты қабатының қатпарлары жайылып, жұқарады, қараның қабырғасы қалыңдайды. Сонымен шырышты қабатының қатпарлары бағытын өзгертіп, орамдылығын ( эластичность), құбылмалылығын (аутопластика) жоғалтады. Толқынды тербелістері көрінбейді. Ісіктің көлеміне байланысты тарылып, шектеліп жіңішкеркді, не тұтас жіңішкеріп, көлемі кішірейеді. Ерікті, еріксіз ығысулары шектеледі, не түгелімен жоғалады. Егер ісік ыдырап, арасында ашық жер болса, барий қойыртпағы сол жараға кіріп, қосымша жараның ішіне жиналған барийдың көлеңкесін көреміз.

Қатерлі ісік өсу бағытына қарай, көлеміне, жетілу кезкңіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді:1)Бұжырланып, бөлек- бөлек болып, қарынның ішіне қарай өсетін түрі (полипообразный рак). Өсіп ұлғаю мерзімі өте жай.Ыдырап, ашық жара пайда болуы мүмкін;

2) “Астау” тәрізді түрі (чашеобразная форма). Ісік қарынның ішіне қарай өседі, ортасынан ыдырап, ашық жара пайда болады, сол себептен “астау”, “тарелка” тәрізді деп аталады. Пішіні жағынан қарапайым қарынның созылмалы жарасына ұқсайды. Өсу мерзімі өте жай. Кейінірек ұрық тастауы мүмкін;

3) Ісіктің ашық жарамен қабаттасып келетін түрі. Ісікте өте жиі ашық жаралар пайда болады және ісіктің көлемі тез өседі (изъязвленные раки) және бұл түрі жиі кездеседі, өте қатерлі;

4) Астарлап, жайылып өсетін түрі (диффузные раки. Ісік қарының қабырғаларын астарлап өседі де, аса көп ішке шықпайды.Қарынды кішірейтіп, көлемін тарылтады. Толқынды тербелістері көрінбейді. Ісік өте қатерлі.

Ішектің бітелуі.

Ішектің бітелуі екі жағдайда болады.

Біріншісі өсіп, көлемі үлкейген ісікпен бітелуі, бүктеліп, тыртықтанып бітелуі.

Екіншісі маңайындағы мүшелер көлемін ұлғайтып, ішекті ығыстырып қысуының салдарынан болады.

Айнадағы белгілері - ішектің ішінен не газ, не сөл шықпағаннан кейін, газ жоғарғы жағында, ал сөл төменгі жағында жиналғандықтан рентген суретінде “төңкерілген астаудың” көрінісін көруге болады. Бұл көрініс “клойбердің чашкесі” деп сол белгінің пайда болу себебін зерттеп, анықтаған оқымыстының атымен аталған.

Оқытудың және үйретудің әдістері: талдау, жағдайлық есептер.

Әдебиеттер

негізгі:

  1. Линденбратен Л.Д., Королюк И.П. Медицинская рентгенология и радиология: Москва. 2000 г.

  2. Шехтер И.А. Рентгенологический атлас зубов и челюстей в норме и патологии. Москва. 1968г.

қосымша:

  1. Общее руководство по радиологии I-II части. Серия по медицинской визуализации 1995г. С.263-298.

  2. Милько В.И. Рентгенология. «Вища школа», 1983г. С.178-198.

  3. Розенштраух Л.С., Рыбакова Н.И., Виннер М.Г. Рентгенодиагностика заболеваний органов дыхания. Москва « Медицина» 1978 г. С. 9-52.

  4. В.Н. Артюшков. Атлас рентгенодиагностических схем сердца в норме и патологии. Москва «Медицина» 1968 г.

  5. С.А. Рейнберг, Рентгенодиагностика заболеваний костей и суставов. 2 тома, Москва. «Медицина» 1964 г.

Бақылау

  1. Асқазан – ішек жолдарын зерттеу үшін қандай контрастты заттар қолданылады?

  2. Асқазан – ішек жолдарын фармакологиялық препараттарды қолдану арқылы зерттеу үшін көрсеткіштер;

  3. Шырышты бедер (рельеф) патологиялық өзгерістерінің рентгенологиялық белгілерін атаңыз;

  4. Асқазан – ішек жолдары ағзаларының тығыз толтырған кездегі патологиялық өзгерістерінің рентгенологиялық белгілерін атаңыз;

  5. Өт шығару жолдарын зерттеу үшін қолданылатын контрастты заттарды атаңыз;

  6. Өт жолдарын зерттеудің контрасты тәсілдерін атаңыз;

  7. Сандық технологияны қолдану арқылы бауыр мен өт жолдарын зерттеу тәсілдерін тізіп айтыңыз;

Типтік тестлер

?

Дұрыс жауапты табыңыз. Тоқ ішекті рентгенмен зерттеудің негізгі әдістемесі:

- ауыз арқылы толтыру

- ирригоскопия

- сулы клизма және супервольтті рентгенография

- пневмография

- көк тамыр арқылы

?

Дұрыс жауаптарды біріктіріңіз. Қарынның төменгі бөлігіндегі шырышты қабаттың қатпарларының қалыпты жағдайдағы бағыты:

- түзу

- көлденең

- қисық

- ирелек

- бєрі д±рыс

?

Дұрыс жауапты табыңыз. Аш ішектің қалыпты жағдайдағы қызметі кезінде барий қойыртпағының бас жағының тұнуы неше сағатта жүреді?

- 1 сағат

- 3 сағат

- 7 сағат

- 12 сағат

- 14 сағат

?

Дұрыс жауапты табыңыз. Ішектің өзінің шажырқайы жоқ бөлік

- ұлтабар

- жіңішке ішек

- мықын ішек

- соқыр ішек

- сигма тәрізді бөлігі-

?

Дұрыс жауапты табыңыз. Өңештің диффузды тарылуы қандай патологиялық процеске тән?

- ойық жараға

- ісікке

- химиялық заттармен күюдің салдарынан болған өңештің тыртықты тарылуына

- дивертикулға

- веналардың варикозды созылуына

?

Науқас Б, 32 жаста. Асқазанның рентгенологиялық зерттеуі тағайындалған. Науқас зерттеу алдында бір кесе кофе ішіп қойды. Қандай зерттеуден бастаған жөн?

- асқазан рентгеноскопиясы

- асқазаның рентгенографиясы

- пневморельеф

- рентгенологиялық зерттеу мүмкін емес

- кеуде мүшелерінің рентгеноскопиясы

?

Науқас В, 42 жаста. Клиникалық тексеру кезінде тоқ ішектің ісігіне күдік туды. Ісікті көру үшін қандай зерттеу әдісін қолданған жөн?

- тоқ ішекті ретеп контрастылау

- ирригоскопия

- пневмоколонография

- Фишер бойынша тексеру

- эндоскопиялық

?

Науқас В, 42 жаста. Клиникалық тексеру кезінде тоқ ішектің ісігіне күдік туды. Ісікті көру үшін қандай зерттеу әдісін ешқандай ақпар бермейді?

- тоқ ішекті реттеп контрастылау

- ирригоскопия

- пневмоколонография

- Фишер бойынша тексеру

- эндоскопиялық

?

Науқас Г, 27 жаста. Сілтінің күшті ерітіндісін байқамай ішіп қойған. өңеш күйігін көру үшін қандай зерттеу әдісін қолданған жөн?

- барий сульфатымен контрастылау

- суда еритін ССАЗ-пен зерттеу

- майлы ССАЗ-мен зерттеу

- рентгенологиялық зерттеу керек емес

- ирригоскопия

?

Асқазанның экзофитті ісігінің негізгі рентгенологиялық симптомы:

- ниша

- толу дефектісі

- перистальтикасы зор

- контуры тегіс

- эвакуацияның баяулауы

Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП № 6 УМС при КазГМА от 14 июня 2007 г.