Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф КГМУ 4.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

Қабынудың ошақты түрі (фокальды түрі)

Балалардың арасында 3 жастан жоғары жастағыларда кездеседі. Жиі өкпенің бөлшегін, бөлігін тіпті өкпенің түгел қабынуына әкеліп соғады. Қабынудың бұл түрі көлеміне қарағанда өкпе бөлігінің қабынуына ұқсайды (крупозная пневмония). Осыған байланысты өкпе бөлшегінің, бөлігінің, түгел өкпенің қабынуы түрлеріне бөлінеді. Өкпе суреті екі жағында бірдей қоюланады, әсіресе қабынған жағында анық көрінеді. Өкпенің түбірі жалпақтанып, құрамы көрінбейді. Жарақаттанған өкпенің бөлшегіне, бөлігіне жанасып жатқан жарғақтар қалыңдап, қатаяды, жарғақ пен өкпенің қабаттасып қабыну түрін береді (плевропневмония). Қабынудың айыққан кезінде, оның орнында өкпенің қоюланған, жиіленген, шым-шытырық суретін көруге болады. Ең соңынан қалыңдап, қатайған жарғақтардың көлеңкесі қайтады. Бұл өкпе қабынуының толық қайтқанының белгісі. Өкпе бөлігі қабынуының ерекше түрі кішкентай балаларда жиі кездеседі. Қабынудың ошақтанып бір жерде ғана болуының өзі әдеттен тыс жағдай және оның стафилокк кеселінен болған қабыну екенін көрсетеді. Клиникалық жағы бұл қабынудың себебін көрсетсе, ренгенологтар өкпенің қабынған жерінің шектеліп тесілгенін көреді. Қабыну екі бағытта дамиды: Бірінші бағыт кесел қоздырғышының алғашқы жұғуы (бронх пен өкпенің қабынуы); Екінші бағыт, кеселдің қоздырғышы ірің көзінен қан арқылы келуі. Осы екі бағыттың екеуінде де өкпенің және жарғақтың реактивті қабынуы қатар кезедесді. Кейінірек біреуі ғана басым болады. Осыған байланысты қабынудың стафилокок кеселінен пайда болған түрін екіге бөледі. Таза өкпенің қабынуы және өкпе мен жарғақтың қатар қабынуы. Таза өкпенің қабынуының ерекшелігі ол қабынған жердің қуыстануы (булалар пайда болады). Булардың патофизиологиялық негізі өкпедегі микродиструциялардың салдары. Өкпедігі қуыстар, бронхтардың қақпақша тәрізді бітелуі кезінде үлкен қуыстарға айналады. Рентген суретінде қабынған жер көлеңкесінің арасында 1-2 қустар көрінеді. Дерт өрши түссе қуыстардың іріңдеп, асқынғанын көреміз. Ауамен керіліп үлкейген қуыстар маңайындағы мүшелерді ығыстыру мүмкін. Кейбір кезде жарылып, ішіндегі ауа, ірің өкпеге, жарғақ қуыстарына төгіледі.

Аралық тіннің қабынуы

Аралық тіннің қабынуы вирус кеселінен жиі болады. Жедел қабыну кезінде кесел тыныс алатын мүшелердің шырышты қабатын жарақаттап, рениттің, фарингиттің, ларингиттің, трахиттің, бронхиттің клиникалық белгілерін береді. Одан кейін вирустар қан тамырларына өтеді. Қан арқылы оладың токсині орталық жүйке жүйесін оның ішінде диэнцефальды бөлшегін, вегетативті жүйке жүйесін түгелімен жарақаттайды. Вегетативті жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы себебінен қан айналымында өзгерістер туады. Қан тамырлары қабырғаларының қанға өткізгіштік қасиеті ұлғаяды.Соның салдарынан ұсақ кішігім қан тамырларынан қан кетеді(мұрыннан қан кетеді.Рентген суретінде өкпенің суреті жиіленіп,қоюланады.Қан тамырларының көлеңкелері шеткі аймақтарда анық көрінеді.Өкпенің түбірі жалпақтанып, құрамы көрінбейді.Бұл өзгерістер жүрек дерті кезіндегі қан тамырларының молаюына ұқсайды.Тыныс мүшелеріндегі өзгерістер осы кезеңінде қайтып,ауру адам дертінен толық айығып кетуі мүмкін.Бірақ хал ахуалының нашарлауына байланысты ағзаның кеселге қарсы әрекетінің төмендеуінің салдарынан аралық тін қабынады.Бұл кезеңінде тыныс алатын мүшелердің жетіспеушілігінен гөрі жалпы ағзаның дертіне ұқсаған белгілері басым болады.Осыған байланысты ғылыми мақалаларда қабынудың бұл түрін қабынудың атипиялық(нақтылы белгілері жоқ дейді.Рентген суретінде өкпенің суреті жиілеп,қоюланады.Көп ойық ойық көрініс беретін сызықшаларды көреміз.Өкпе түбірі жалпақ,қоюлығы бір тегіс,құрамы көрінбейді.Дерт бір,бір жарым ай м ерзімге созылады.Емдеу кезінде емнің дұрыстығын анықтау үшінмезгіл мезгіл(қабыну созылмалы түріне ауыспас үшін) рентген суретіне түсіріп,тексеріп тұру қажет.

Өкпенің туберкулез кеселімен жарақаттануы.

Өкпедегі туберкулез (көксау) кеселі көне заманнан әйгілі және халық арасында көп тараған жұқпалы ауру. Туберкулез дертінен болған өзгерістер тіпті тас дәуірінде өмір сүрген адамдардың қаңқасынан табылған. Сол кездің өзінде бұл кеселдің тұқым қуалайтын және жұқпалы екені белгілі болған. Мысалы Персияда туберкулезбен ауырған адамдарды алапеспен ауырған адамдарша жекелеп, қалған сау адамдардан бөлек емдеген.Үндістанда туберкулез ауруымен ауырған адамдарды сау адамдармен некелестірмейді.

Туберкулез ауруының белгісін бірінші болып біздің жыл санауымыздан 460-377 жылдар бұрын Гиппократ жазып кеткен.Оның айтуы бойынша бұл кеселмен жас адамдар ауырады. Сырқаттануға ұйытқы болатын ауа райының қолайсыз жағдайлары көрінеді. 980-1037 жылдары Ибн Синаның(Авиценна) еңбегінде кеселдің белгілері, қолданылатын ем және оның нәтижелері келтірілген. 1882жылы 24наурыз күні Кох деген оқымысты,туберкулез кеселінің қоздырғышын тауып,Берлин қаласында болған Жаннама ғылымының(Физиология) жиналысында дерттің қоздырғышын атап, өзінің ой-пікірін дәлелдеп баяндама жасады.