- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Радиациялық қауіпсіздік
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне ақпарат обьектісі ретінде.
- •Бейнені көзбен көріп (визуальді) талдау.
- •Сәуле диагностикасының құралдары мен әдістері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіс жєне жаќ рентгенограммаларын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Бет қаңқасы мен тіс-жақ жүйесінің рентген анатомиясын.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тістер мен жаќтардыњ рентгенограммасын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Тістер мен жаќтардыњ жараќаттыќ заќымдарыныњ рентгеносимптоматикасы.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өкпе дерттерінің рентген суретінде белгілері
- •Өкпенің қабынуы
- •Бронхтардың кеңіп, іріңдеп қабынуы (бронхоэктатическая болезнь)
- •Өкпедегі қабынған жердің шектеліп іріңдеуі, шіруі (абсцесс және гангрена)
- •Жарғақтың арасына сарысудың жиналуы
- •Тыныс мүшелеріндегі бөгде заттар
- •Өкпенің қабынуы (өкпе тінінің қабынуы)
- •Қабынудың ұсақ ошақты түрі
- •Қабынудың ошақты түрі (фокальды түрі)
- •Аралық тіннің қабынуы
- •Туберкулез кеселін топқа бөлу
- •Орталық қатерлі ісік
- •Лимфосаркома
- •Туберкулез кеселінің ағзаға жайылып , бүршіктеніп тарайтын түрі (миллиарлы түрі)
- •Екі жақтағы өкпеде бірдей секпілденген ұсақ көлеңкелер көрінеді;
- •Өкпенің туберкулез кеселімен қабынған жерінің дәнекер етпен шектеліп қапталуы (Туберкулема).
- •Өкпедегі туберкулез кеселінен пайда болған қуыстардың қабырғаларының қалыңдап,қатайған түрі.
- •Орталық қатерлі ісік
- •Кеудедегі мүшелердің ісігі
- •Өкпенің қатерлі ісігі.
- •Орталық мүшелердің ісігі.
- •Невриномалар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Лучевые методы диагностики органов пищеварения. Іштен туа пайда болған өңеш ақаулары. Өңештің бітеліп тууы.
- •Өңештің қатерлі ісіктері.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Сүйектер мен буындар дерттерінің жалпы семиотикасы.
- •Сүйектің кестелерінің өзгеруі
Бронхтардың кеңіп, іріңдеп қабынуы (бронхоэктатическая болезнь)
Зерттеушілердің басым көпшілігі бронхтадың кеңіп, іріңдеп қабынуын өз алдына дерт деп санайды. Себебі көп жағдайда бұл дерт өкпенің созылмалы қабынуының жалғасы ретінде кездеседі. Атына сай дерт бронхтардың кеңеюімен байланысты. Бронхтардың кеңеюі олардың жүйке жүйенің, шырышты қабатының, сүр қабаты ақауларының салдарынан болады. Жаралар бронхтың шырышты қабатынан, сүр қабатына өтіп, тіпті өкпенің тіндеріне жетеді. Олар бронхтың қабырғасын қалыңдатып, қатайтып, икемсіздендіреді. Қабырғалары өзара жабысып, бүрісіп, тыртықтанады. Осылардың салдарынан бронхтардың қабырғалары тартылып, шектеліп кеңиді.
Бронхтардың кеңеюінің екі түрі болады. Бірінші түрінде кеңейген бронхтар түтік (целиндрическии) тәрізді болып келеді. Екінші түрінде қалта не дорба (мешотчатый, абседирующии) тәрізді кеңейеді. Бірінші түрінде рентген суретінде көрінісі өкпенің созылмалы қабынуындағы көрінісіне ұқсайды. Ал бронхтардың қалталанып, кеңейіп іріңдеген кезінде өкпе суреті молаяды, шым-шытырық, арасында ойысталған “араның ұясына” ұқсаған көріністер көрінеді. Кейбір кезде деңгейі бар қуыстар да пайда болады. Бронхтардың кеңейіп, іріңдеуін арнайы тәсілдер арқылы анықтауға болады. Ол – брохтарға салыстырмалы салмағы ауыр қоспалар жіберіп зерттеу (бронхография) тәсілі.
Өкпедегі қабынған жердің шектеліп іріңдеуі, шіруі (абсцесс және гангрена)
Қабынған жердің шектеліп іріңдеуі, қабынудың асқынуы. Рентген суретінде, алғашқы кезеңінде, ішкі қабырғалары үңгірленіп келеді де, кейін тегістеледі. Егер қуыс бронхтарға ашылса, ірің ауру адамның қақырығымен сыртқа шығып, орнына ауа кіріп, ашық жер болып көрінеді. Іріңдеген қуыс бронхқа ашылмаса, онда рентген суретінде қабынған жер көлеңкесінің арасынан қуысты (ашық жерді) көре алмаймыз. Қабынған жердің шектеліп іріңдеу (дұрыс емделмесе) өкпе бөлігінің қабынуы кезінде және гриптен пайда болған қабынудың асқынған кезінде өте жиі кезедеседі.
Өкпенің шіруі – көлемді қабынған жерінің жансыздануының салдарынан болады. Рентген суретінде, қабынған жерде өте көп шеті белгісіз қуыстарды көруге болады. Өкпенің сау жерінен жарақаттанған жерін ажырату қиын. Ауру адамның хал-ахуалы, шектеліп, іріңдегеннен көп ауыр. Үнемі ауыздан сасық иіс шығып тұрады.
Жарғақтың қабынуы. Жарғақтың құрғақ қабынуы рентген суретінде көрінбейді. Кейбір кезде жарғақ қалыңдап, қатайса, өкпенің ашықтығын аз да болса төмендетеді де, нәзік көлеңке береді.
Жарғақтың арасына сарысудың жиналуы
Көлеміне қарай қою, қоюлығы біркелкі, шеті анық емес (жоғарғы жақ шеті анық көрінбейді) көлеңке көруге болады. Бұл көлеңке орталық мүшелерді қарама-қарсы бағытқа ығыстырады. Ауру адамды бір жағына қисайтып қарағанда (шалқайтып, еңкейтіп) деңгейін өзгертіп, жайылып кетеді. Деңгей өзгермесе , ондай сарысу жарғақтың арасындағы қуыстарда жиналған сарысу болып саналады. Біріне – бірі жабысып, жарғақтардың арасында әр мөлшерде қалталар пайда болады да сарысу осы қалталарға жиналып, көлеңке береді (осумкованная жидкость). Оқу құралдырындағы жарғақ арасындағы сарысудың жоғарғы деңгейі Damoisean айтқандай сырт жақтан ішке қарай төмендеп, қиғаштанып келеді деген қате ұғым. Сары судың жарғақ арасындағы биіктігі барлық жерінде бірдей, сондықтан оның жоғарғы шеті тегіс болады. Оны 1992ж. Fleischner , одан кейін 1926ж. Sander жарғақ арасындағы сарысуға 8% иодипин (салысырмалы салмағы ауыр қоспа) жіберіп, деңгейінің тегіс екендігін дәлелдеді. 1925-1930жж. Жасалынған ғылыми еңбектерімен оларды А. Е. Прозоров та қолдайды.
Өкпе бөліктернің арасына жиналған сарысу орналасқан орнына қарай әртүрлі болады. Егер жоғарғы және төменгі бөліктерінің арасындағы жарғақтың қуысында жиналса, қарама-қарсы бағытта өкпе алаңының арасында орта дәрежелі қоюлықтағы көлеңке көруге болады. Оны дұрыс анықтау үшін бүйірінен қарап, суретке түсіру керек - өкпенің үлкен сызықша қуысы бойында, сопақша келген, шеттері анық көлеңке болып көрінеді. Жоғарғы және төменгі шеттері үшкірленіп, қалыңдаған жарғақпен бітеді. Оң жақтағы қосымша сызықша қуыс арасында жиналған сарысу бүйірінен түсірген суретте IY қабырғаны бойлап екі жағы томпайған, дөңес линзаға ұқсас қою, шеттері анық көлеңке береді.
