- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Радиациялық қауіпсіздік
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне ақпарат обьектісі ретінде.
- •Бейнені көзбен көріп (визуальді) талдау.
- •Сәуле диагностикасының құралдары мен әдістері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіс жєне жаќ рентгенограммаларын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Бет қаңқасы мен тіс-жақ жүйесінің рентген анатомиясын.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тістер мен жаќтардыњ рентгенограммасын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Тістер мен жаќтардыњ жараќаттыќ заќымдарыныњ рентгеносимптоматикасы.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өкпе дерттерінің рентген суретінде белгілері
- •Өкпенің қабынуы
- •Бронхтардың кеңіп, іріңдеп қабынуы (бронхоэктатическая болезнь)
- •Өкпедегі қабынған жердің шектеліп іріңдеуі, шіруі (абсцесс және гангрена)
- •Жарғақтың арасына сарысудың жиналуы
- •Тыныс мүшелеріндегі бөгде заттар
- •Өкпенің қабынуы (өкпе тінінің қабынуы)
- •Қабынудың ұсақ ошақты түрі
- •Қабынудың ошақты түрі (фокальды түрі)
- •Аралық тіннің қабынуы
- •Туберкулез кеселін топқа бөлу
- •Орталық қатерлі ісік
- •Лимфосаркома
- •Туберкулез кеселінің ағзаға жайылып , бүршіктеніп тарайтын түрі (миллиарлы түрі)
- •Екі жақтағы өкпеде бірдей секпілденген ұсақ көлеңкелер көрінеді;
- •Өкпенің туберкулез кеселімен қабынған жерінің дәнекер етпен шектеліп қапталуы (Туберкулема).
- •Өкпедегі туберкулез кеселінен пайда болған қуыстардың қабырғаларының қалыңдап,қатайған түрі.
- •Орталық қатерлі ісік
- •Кеудедегі мүшелердің ісігі
- •Өкпенің қатерлі ісігі.
- •Орталық мүшелердің ісігі.
- •Невриномалар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Лучевые методы диагностики органов пищеварения. Іштен туа пайда болған өңеш ақаулары. Өңештің бітеліп тууы.
- •Өңештің қатерлі ісіктері.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Сүйектер мен буындар дерттерінің жалпы семиотикасы.
- •Сүйектің кестелерінің өзгеруі
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: «Асқорыту жүйесінің, бүйрек, қуық патологиясының визуалді
диагностикасы»
Пән Визуалды диагностика
Мамандық 5В 130200 «Стоматология»
Курс екінші
Құрастырған Г.А.Жолдыбаева
Қарағанды 2011
Тақырыбы: Асқорыту жүйесінің, бүйрек, қуық патологиясының визуалді
диагностикасы.
Мақсаты:
Студент білуге тиісті:
Асқазан – ішек жолдары ағзаларын зерттеудегі науқасты дайындаудың негізгі ойы неде жатыр?
Асқазан – ішек жолдарын зерттеу үшін қандай контрастты заттар қолданылады?
Асқазан – ішек жолдарын фармакологиялық препараттарды қолдану арқылы зерттеу үшін көрсеткіштер;
Шырышты бедер (рельеф) патологиялық өзгерістерінің рентгенологиялық белгілерін атаңыз;
Асқазан – ішек жолдары ағзаларының тығыз толтырған кездегі патологиялық өзгерістерінің рентгенологиялық белгілерін атаңыз;
Өт шығару жолдарын зерттеу үшін қолданылатын контрастты заттарды атаңыз;
Өт жолдарын зерттеудің контрасты тәсілдерін атаңыз;
Студент істей білу керек:
асқазан – ішек жолдары ағзаларының рентгенологиялық тексеруге көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтау.
асқазан – ішек жолдары ағзаларының рентгенологиялық тексеруге науқастың жолдамасын толтыру;
рентгенограммадан өңештің, қарынның, ішектің барлық анатомиялық бөліктерін көрсете білу;
рентгенограммадан іш қуысы мүшелерінің орналасу бағытын көрсету;
шырышты бедер (рельеф) патологиялық өзгерістерінің (кеңеюі, тарылуы, тартылуы, ығысуы, тегіс еместігі, шеттерінің жыртылуы және т.б.) рентгенологиялық белгілерін табыңыз;
мүшелерді тығыз толтыру кезіндегі патологиялық өзгерістерінің (кеңеюі, тарылуы, тартылуы, ығысуы, тегіс еместігі, шеттерінің жыртылуы және т.б.) рентгенологиялық белгілерін табыңыз;
рентгенограммадан мүшелерді контрастылау кезіндегі шырышты қабаттың ақауын және толу ақауын табыңыз;
Оқытудың міндеттері: Ас қорыту жүйесі, бүйрек, қуық ауруларының визуальды диагностикасы туралы мағұлымат беру, алған білімдері мен дағдыларын нығайта түсу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары
асқазан – ішек жолдары ағзаларын рентгенологиялық зерттеулерінің ерекшеліктерін атаңыз;
- асқазан – ішек жолдарын зерттеу тәсілдерін айтыңыз;
асқазан – ішек жолдары ағзаларының қарапайым рентгенологиялық зерттеулерінің дәрежелерін атаңыз;
асқазан – ішек жолдары ағзаларын зерттеудегі науқасты дайындаудың негізгі ойы неде жатыр?
Лучевые методы диагностики органов пищеварения. Іштен туа пайда болған өңеш ақаулары. Өңештің бітеліп тууы.
Ұзақ мерзім дерттің бұл түрін патанатомиялық тәсілдермен ғана анықтап келген.Себебі балалар туа салысы мен бірнеше күн ғана өмір сүретін.Қазіргі кезде дертті дер кезінде анықтай алсақ хирургиялық тәсілдермен бұндай балаларды толық емдеуге болады.Өңештің бітеліп тууы,ақаудың басқа да түрімен қабаттасып кездесуі мүмкін (ішектерінің бітелуі, жүрек,ми дерттері). Бұл дерттің клиникалық белгілері анық.. Емген сүтін бала қайтадан аузымен не мұрынымен кері шығарады. Бала жөтеліп емген сүтіне қақалып, шашалып жатады. Салыстырмалы салмағы ауыр қоспа беріп тексергенде, қоспа өңеш арқылы кеңірдекке,бронхтарға өтіп, олардың көлеңкесін береді.
Өңештің бітелуінің бірнеше түрі болады.Оның ішінде жиі кездесетіні (80-85 пайыз) өңештің орталық бөлігінің тарылуы.
Өңештің қысқарып тууы.
Рентген суретінде қарынның бір бөлігі кеудеде болады.Бұндай аурулар жиі ішкен тамағын құсып тастайды.Дерттің бұл түрін көк еттің жарығынан(грыжа диафрагмы) ажырата білу керек.Айнамен қарағанда, қысқа өңештің көлеңкесін көруге болады.Көк еттен жоғары, қарынның шырышты қабатының қатпарлары көрінеді.Өңеш пен қарын түбінің аралығындағы өткізгіш қалыпты орнынан жоғары тұрады.
халазия - жоғарғы өткізгіштің жетілмеуі. Емшектегі балалар ішкен сүтін қайтадан құсып тастауын байқауға болады. Оның бірнеше себептері болуы мүмкін.
Біріншісі- жүйке-жүйесі қызметінің бұзылуы.
Екіншіден қалыптан тыс толуы.
Үшіншіден асығып, жылдам тамақтандырудың салдарынан да болуы мүмкін.
Неухаузер,Н.А.Панов 1965 ж, бұл дерттің түрін “халазия” деп атауды ұсынды. Жоғарғы өткізгіштің тұсында өңештің қабырғалары созылып,жұқарады, сол себепті толқынды тербелістері осал және ретсіз болып, ішкен ас қарыннан кері, өңешке өтіп, бала ішкен асын құсып тастайды. Ішкен тағамы қоюлана бастаса, құсық тоқталып, қайталанбайды.
Өңештің шектеліп кеңеюі.
Өңештің шектеліп кеңеюін бірінші болып 1769 жылы Лудлов деген оқымысты сипаттап, осы дерттің белгілерін жазған. Себебіне қарай өңештің шектеліп кеңеюі нақтылы және жалған болып бөлінеді. Нақтылы кеңеюінде өңештің қабырғасы түгел созылып кеңейеді, ал жалған кеңеюінде оның шырышты қабаты бұлшық еттерінің арасынан өтіп, созылып кеңейеді.
Шектеліп кеңеюдің түрлері.
Шектеліп кеңеюдің көрініп, қолма-қол жоғалып кететін түрі (пульсионные дивертикулы). Бұл түрінде іштен туа пайда болған бұлшық етінің әлсіз жерінен шырышты қабаты шығып тұрады. Ас ішкенде, өңештің ішіндегі қысымның өсуіне байланысты, бұлшық етінің әлсіз жерінен шырышты қабаты шығып, қысым қайтып қалыпты мөлшеріне келген кезде, өңештің созылған жері орнына келеді.
Яғни өңеште тамақ бар кезде көрініп, тамақтан өңеш босаған кезінде көрінбейді.
Алғашқы кезде кеңейген жер сопақша, шеті анық болып көрінеді. Үлейе келе шарға не дорбаға ұқсайды.
Екінші түрінде өңештің сір қабаты, маңайындағы мүшелермен жабысып, байланысып өсуінің салдарынан, қабырғасы тарылып, тартылып үшбұрыштанып тұрады. Бара – бара бұл жерде шектеліп кеңейеді. Бұларда созылып шар не дорбаға ұқсайды. Өңештің алдыңғы қабырғасы өкпенің түбіріндегі бездермен жиі жабысып бітеді де, қабырғасы созылып, тартылып кеңиді. Ауру адамдар бұл дерттің бар екенін өздері сезбейді. Кенеттен айнаға түскенде ғана көруге болады. Көлемі ұлғайған кезде ауыздан тұрақты жаман иіс шығып тұрады. Кейбір кезде, таңертең тұрғанда жастықтан кешкі тамақтың қалдықтарын аңғарады.
Тіршіліктің зардабынан болған өңеш дерттері.
Өңештің химиялық заттармен күюі (қышқыл не сілтімен).
Бұл заттардың ішіндегі ең қиын қасіретке әкелетіні күйдіргі соданың әсері. өңештің табиғи жіңішкерген жерлерінде (жұтқыншақ пен өңештің арасы, өңештің қарынға өткен жері, қолқаның өңешке жанасқан жері) химиялық заттар көбірек тұрып қалып жанасу мерзімі ұзарады да, тигізетін зақымы әсерлі, тереңірек және көлемді болады. Күйіктің тереңдігіне, көлеміне байланысты жара жеңіл, орташа және ауыр түрде болуы мүмеін. Жеңіл түрінде жараланған жер домбығып қызарады. Орташа түрінде балдырланып, ішінде сарысу жиналады, ал ең ауыр түрінде жараның орны көлемді де терең болып зақымдалады, тіндерінде тіршілік болмайды.
Мезгіліне қарай, кенеттен (1-кезең) және күйіктің зардабы болып екіге бөлінеді (2- кезең). Кенеттен пайда болған кезде жара қызарып, маңайы ісп тұрады. Бірнеше жайдақ, қанталаған жаралар пайда болады. Күйіктің зардабында (2-кезеңінде) жараның орнынна жаңадан еттер өсіп, жараның бетін бүрістіріп, тыртықтандырады. Бұндай сырқат адамдарды 6 – 8 күн өткен соң ғана айнаға түсіруге болады. Бір аптаның ішінде жараның көлеміне, тереңдігіне байланысты өңештің ішкі, қатпарланған жұқа шырышты қабаты ісініп, қалыңдайды. Кейінірек қатпарлары көрінбей жып- жылмағай болуы мүмкін. Бұлщық еттері бір жағдайда шымырланып қатайса, кей кезде босаңсиды.
Жоғарыда айтылған өңештегі өзгерістердің салдарынан (шырышты қабатының ісініп, қалыңдауы, жайдақ жаралар, тіндерінің шымырланып ширауы т.б.) өңеш жіңішкеріп, шеттері бұжырланып, не болмаса “араның тісіндей” үшкірленіп көрінеді. 20 – 21 күннің ішінде жараның орны біте бастайды, ал 45 – 60 күннің ішінде жараның орны толығымен бітіп, өңештің қуысы жаңа пайда болған еттермен күн санап жіңішкере береді. Тыртықтанып жіңішкерген жер көбіне өңештің ортаңғы және төменгі бөліктерінде жиі кездеседі. Жіңішкерген жерден жоғары өңеш кеңейіп конустың не дорбаның түріне ұқсайды. Қатерлі ісіктен айырмашылығы, жарақаттанған өңештің шеттері бір келкі тегіс болады, ал қатерлі ісікте өңештің шеттері шұңқырланып, бұжырланып тұрады.
Өңештің жалпы кеңеюі – ахалазия. Бұл дерт бір жағынан жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы салдарынан болса, екінші жағынан қарынның шырышты қабатынан өскен ісіктер, тұрақтанып біткен жаралар, мүшелерді жартылай не толық бітесе, бітелген жерден жоғарғы бөліктері кеңіп, көлемі үлейеді.
Ерекше көңіл бөліп зерттейтін жағдай шырышты қабатының қатпарларының бағыты, қалыңдығы, оралымдылығы, құбылмалық қасиеттері.
Ахалазия дертінің мағынасы жоғарғы өткізгіш (кардия) мезгілінде ашылмайды. Ахалазия кейбір оқу құралдарында кардио спазм, идиопатиялық не болмаса мегаэзофагус, долихоэзофагус, кардиостеноз, кардиосклероз, феноспазм, хиатоспазм деп жазылуы мүмкін. Бұл аурудың негізі интромуралдық жүйкесі элементінің дұрыс жұмыс істемеуінде жатады. Өңеш пен қарын түбі аралығындағы өткізгіш істен шығады. Бұл дерттің белгісі- ішкен астың өңештен біртіндеп не болмаса кенеттен өтпей қалуы. Айнада өңештің ұзарып, кеңеюі, сонымен қатар ортадағы жүрек пен қабаттасқан көлеңкенің аумағының өсуі байқалады. Аш қарында өңештің ішінде деңгейі қозғалып тұрған астың қалдықтары көрінеді де ішкен барий қойыртпағының салмағы ауыр болғандықтан тұнбаға айналады. Көкеттен жоғарырақ жіңішкеріп біткен өңештің көлеңкесін көруге болады. Кенеттен өткізгіш ашылып, өңеште жиналған тамақтың қалдықтары ішкен барий қойыртпағы түгелімен қарынға өтеді.
Өткізгішті ашудың бірнеше жолдары бар. Біріншіден тамақты молырақ ішу, екіншіден газ пайда болатын қоспалар беру. Бұндай жағдайда өңештің ішіндегі қысым ұлғаяды да, өткізгіштің ашылуына себеп болады және өткізгіштің ашылу рефлексін қоздыруы мүмкін.
Өңештегі бөгде заттар.
Бөгде заттар әртүрлі болады: балықтың, малдың сүйектері жақсы көрінеді. Балықтың сүйектері өте ұсақ, айнамен қарағанда көрінбейді, сондықтан рентген суретіне түсірген дұрыс болады. Оларды анықтау үшін алдымен қырынан рентген суретіне түсіру керек. Егер онда көрінбесе ең қолайлы тәсіл – С.В.Иванова – Подобидің тәсілі. Ол үшін қоюлығы қаймақтың қоюлығындай ьарий қойыртпағынан жарты ұрттам береміз. Ол кезде өңештің жартылай не толық бітелгенін көруге болады. Осыдан кейін бірнеше ұрттам су ішеді. Су барийдың қалдығын өңештің шырышты қабатынан шайып жібереді де, барийдың қалдығы бөгде затта қалады.
Кейбір кезде бөгде затты анықтау үшін ауру адамға барий жағылған мақта береді. Бұл тәсіл үшкір бөгде заттарды анықтау үшін қолданылады, ал кейбір мамандардың зерттеулері бойынша бұл сенімсіз тәсіл, екіншіден мақта өз алдына, қосымша бөгде зат болып есептеледі.
Бөгде заттың не эндаскоп құралының әсерінен өңештің қабырғасы тесіліп орталық мүшелердің қабынуына (медиостенти) себеп болады. Ол кезде орталық мүшелердің маңайында өңештен сырт ауа көпіршіктері, барий қалдықтары көрінеді. Орталық мүшенің қабынуы бірте-бірте ауыр дертке әкеліп соғады.
Атомдық салмағы ауыр бөгде заттар рентген суретінде жақсы көрінеді.
Рентген суретінде өңештегі бөгде заттардың белгілері әртүрлі. Мысалы:
өңештің өабырғасында сүйір жағымен жоғары қарап тұрған ауаның болуы (симптом воздушный стрелы)
өңештің маңайындағы тіннің қабынуы салдарынан сақина тәрізді шеміршек пен кңірдектің артындағы кеңістіктің ұлғаюы байқалады. Қалыпты жағдайда бұл жер 13 мм тең (симптом “мягких тканей”).
Рентген тәсілі арқылы бөгде затты көре алмасақ, ол өңеште бөгде заттың жоқтығына толық дәлел бола алмайды.
