- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Радиациялық қауіпсіздік
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне ақпарат обьектісі ретінде.
- •Бейнені көзбен көріп (визуальді) талдау.
- •Сәуле диагностикасының құралдары мен әдістері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіс жєне жаќ рентгенограммаларын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Бет қаңқасы мен тіс-жақ жүйесінің рентген анатомиясын.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тістер мен жаќтардыњ рентгенограммасын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Тістер мен жаќтардыњ жараќаттыќ заќымдарыныњ рентгеносимптоматикасы.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өкпе дерттерінің рентген суретінде белгілері
- •Өкпенің қабынуы
- •Бронхтардың кеңіп, іріңдеп қабынуы (бронхоэктатическая болезнь)
- •Өкпедегі қабынған жердің шектеліп іріңдеуі, шіруі (абсцесс және гангрена)
- •Жарғақтың арасына сарысудың жиналуы
- •Тыныс мүшелеріндегі бөгде заттар
- •Өкпенің қабынуы (өкпе тінінің қабынуы)
- •Қабынудың ұсақ ошақты түрі
- •Қабынудың ошақты түрі (фокальды түрі)
- •Аралық тіннің қабынуы
- •Туберкулез кеселін топқа бөлу
- •Орталық қатерлі ісік
- •Лимфосаркома
- •Туберкулез кеселінің ағзаға жайылып , бүршіктеніп тарайтын түрі (миллиарлы түрі)
- •Екі жақтағы өкпеде бірдей секпілденген ұсақ көлеңкелер көрінеді;
- •Өкпенің туберкулез кеселімен қабынған жерінің дәнекер етпен шектеліп қапталуы (Туберкулема).
- •Өкпедегі туберкулез кеселінен пайда болған қуыстардың қабырғаларының қалыңдап,қатайған түрі.
- •Орталық қатерлі ісік
- •Кеудедегі мүшелердің ісігі
- •Өкпенің қатерлі ісігі.
- •Орталық мүшелердің ісігі.
- •Невриномалар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Лучевые методы диагностики органов пищеварения. Іштен туа пайда болған өңеш ақаулары. Өңештің бітеліп тууы.
- •Өңештің қатерлі ісіктері.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Сүйектер мен буындар дерттерінің жалпы семиотикасы.
- •Сүйектің кестелерінің өзгеруі
Сүйектер мен буындар дерттерінің жалпы семиотикасы.
Барлық дерт белгілерін үш түрге бөлуге болады: ежелгі орнынан ауытқуы, пішінінің, көлемінің өзгеруі.
Сүйектің шет жағдайының өзгеруі:
Сүйек кестелерінің (құрылысының) өзгеруі.
Сүйектің бұрынғы орнынан ығысуы сынықтың салдарынан болады. Пішінінің, көлемінің өзгеруі сүйектің балқып майысқан, қисайған кезінде, ісіктің салдарынан не сүйектің шектеліп өсу кезеңдерінде кездеседі.
Сүйектің шет жағдайының өзгеруі.
Ол сүйектің тығыз қабатының, сүйек қабы өзгерістеріне байланысты. Қалыпты жағдайда сүйек қабындағы дәнекер ет рентген сәулесін ұстамайды, көлеңке бермейді. Сүйектегі кейбір дерттердің салдарынан сүйек қабы сүйектің тығыз қабатынан сыдырылып, оған тұз сіңіп, көлемі өсіп, кейін сүйектенеді де сүйектің пішінін өзгертеді. Сүйектің шет жағдайының өзгеруі жиі ісіктің салдарынан болады.
Сүйектің кестелерінің өзгеруі
Дерт түрін анықтауда құрылысын (кестесін) мұқият тексеру өте қажет. Сүйекте де басқа мүшелер сияқты торшалардың ыдырап тозуы және жаңаруы болады. Екеуі қатарлас бір мезгілде өтсе рентген суретінде бұл өзгерістерді көре алмаймыз, ал бір құбылыс басым болса, онда рентген суретінде өзгеріс айқын көрінеді. Бұндай өзгерістер физиологиялық жағдайда кездессе, торшалардың саны өзгермей олардың пішіні және бағыты ғана өзгереді.
Сүйек кестелері дерт салдарынан ауытқыса, сүйек торшалары басым болып, сүйек кестелеріндегі ойыстардың кішірейуі мүмкін. Сүйек торшаларының ыдырауы басым болып сүйек кестелерінің арасындағы ойыстар үлкеюі мүмкін.
Остеопороз дерт белгісі. Сүйек торшалары және олардағы минералды заттар азаяды соның салдарынна сүйек рентеген сәулесін аз ұстайды. Сүйек кестелері үлкейеді, тығыз қабаты жұқарады, жіліктің майы тұратын қуыс кеңейеді. Сүйектің шеттері тығыздалып, жұқарып анық көрінеді.
Остеонекроз - өлген сүйектің бөлшектері. Минералды заттар өзгермейді. Органикалық бөлшектер жансыз. Сүйектің торшаларының жаңаруы және ыдырауы тоқтайды. Кейін секвестрге айналуы не ыдырап, тарап кетуі мүмкін.
Остеосклероз. Остеосклерозда керісінше минералданған торшалардың саны көбейеді. Сүйек кестелері кішірейеді. Сүйектің тығыз қабаты қалыңдайды, жілік майы тұратын қуысы жіңішкеріп кей уақытта көрінбейді. Дерттің түріне байланысты ошақтың түрі, буын сүйектерінде, бірнеше сүйектерде не бүкіл адамның қаңқасына тарауы мүмкін.
Деструкция – Сүйек торшаларының орнында ірің, дәнекер ет, не болмаса ісік болуы мүмкін. Ол жер рентген сәулесін ұстамайды, сондықтан ашық қуыс болып көрінеді. Рентген суретінде бұл жерде сүйек кестелерінің болуы мүмкін емес. Егер деструкцияның ішкі жақ шеттері жұлымдалып келсе, ол таяу аоада болған қуыс, ал тегіс қатайған болса, ол деструкция ескірген – деструкцияның ескірген түрі.
Периостит. Сүйек қабы жаратылысында дәнекер ет, рентген сәулесін ұстамайды, сондықтан өз бетімен көлеңке бермейді, көрінбейді. Кейбір дерттің салдарынан сүйек қабы сыдырылып әр түрлі минералды заттар сіңгеннен кейін өзінің көлеңкесін береді. Бұл дерт белгісін периостит дейді.
Атрофия. Сүйек торшаларының саны да, сапасы да азайып көлемі кішірейеді.
Кариес. Тіс жегі (тіс шірігі). Рентген суретінде тістің тығыз бөлшектері шетінен кеміп, қуыс болып көрінеді. Шет жақтары жұлымдалып келеді.
Сүйектің белгілі бір жерінде көлемінің өсуін гиперастоз дейді. Өте жиі сүйек қабы тұзданып, сүйектеніп, сүйектің тығыз қабатына қосылып сүйектің көлемін өсіреді.
Секвестр. Деструкцияның ішіндегі өлген сүйектердің бөлшектері. Сүйектің тығыз қабатынан не кемік сүйектен болады. Тығыз қабатынан пайда болған секвестрлердің көлеңкелері қою, шеттері жұлымдалған. Түрі шеңбер тәрізді не әр түрлі бөлшектердер тұрады. Кемік сүйектен пайда болған секвестрлердің көлеңкелері сұйық шеттері жұлымдалған, түрі дөңгеленген не үш бұрышты.
Оқытудың және үйретудің әдістері: талдау, жағдайлық есептер.
Әдебиеттер
негізгі:
Линденбратен Л.Д., Королюк И.П. Медицинская рентгенология и радиология: Москва. 2000 г.
Шехтер И.А. Рентгенологический атлас зубов и челюстей в норме и патологии. Москва. 1968г.
қосымша:
Общее руководство по радиологии I-II части. Серия по медицинской визуализации 1995г. С.263-298.
Милько В.И. Рентгенология. «Вища школа», 1983г. С.178-198.
Розенштраух Л.С., Рыбакова Н.И., Виннер М.Г. Рентгенодиагностика заболеваний органов дыхания. Москва « Медицина» 1978 г. С. 9-52.
В.Н. Артюшков. Атлас рентгенодиагностических схем сердца в норме и патологии. Москва «Медицина» 1968 г.
С.А. Рейнберг, Рентгенодиагностика заболеваний костей и суставов. 2 тома, Москва. «Медицина» 1964 г.
Бақылау
Сәулелік диагностиканың негізгі әдістерін атаңыз.
Сүйектің және буындардың негізгі зерттеу әдістерін атаңыз.
Сүйектің және буындардың арнайы зерттеу әдістерін атаңыз.
Сүйектің және буындардың сәулелік зерттеулердің сандық технологияларын атаңыз..
Рентгенограммада ашықтану әсерін беретін сүйек құрылымының бұзылысын ата
Типтік тестлер
?
Дұрыс жауапты табыңыз. Сүйекті рентгенмен зерттеудің бірінші тағайындалатын тәсілін таңдаңыз:
- КТ
- МРТ
- рентгеноскопия
- түзу сызықты томография
- рентгенография
?
Рентгенограммадағы анықталған сүйек құрылысының қандай элементі қараю беретінін көрсетіңіз.
сүйекми өзегі
диафиздің кортикалды қабаты
эндост
периост
сүйектің өсу аймағының метоэпифизі
?
Рентгенограммадағы анықталған сүйек құрылысының қандай элементі ағару беретінін көрсетіңіз.
диафиздің кортикалды қабаты
периост
сүйекми өзегі
жұмсақ заттардың сүйектік балкалары
буын беттігін байланыстыратын суб хондралді пластинка
?
Дұрыс жауапты табыңыз. Буын шеміршегін рентгенмен зерттеудің бірінші тағайындалатын тәсілін таңдаңыз:
- КТ
- МРТ
- рентгеноскопия
- рентгенография
- түзу сызықты томография
- рентгенография
?
Дұрыс жауапты табыңыз. Сүйектің функционалдық өлшем бірлігі:
- буын
- диафиз
- периост
- сүйек кестелері
- эндост
?
Дұрыс жауапты табыңыз. Сүйектің нормада қандай анатомиялық бөлігі көрінбейді?
- периост
- жілік майы қуысы
- сүйектің тығыз қабаты
- эпифиз
- кемік затының сүйек торшалары
?
Дұрыс жауаптарды біріктіріңіз. Рентгенограммада түтікше сүйектің қандай бөліктерін ажыратуға болады?
- сүйектің тығыз қабатын
- сыртқы сүйек қабын
- буын шеміршегін
- ішкі сүйек қабын
- сүйектің жұмсақ тінін
?
Дұрыс жауаптарды біріктіріңіз. Рентгенограммада түтікше сүйектің қандай бөліктерін ажыратуға болады?
- кемік затының эпифизі мен метафизінің сүйек торшаларын
- сыртқы сүйек қабын
- буын шеміршегін
- ішкі сүйек қабын
- сүйекмиы өзекшесін
?
Қаңқаны сәулемен зерттеу тәсілі:
- рентгеноскопия
- МРТ
- сонография
- ирригоскопия
- термография
?
Қаңқаны сәулемен зерттеу тәсілі:
- МРТ
- рентгенография
- сонография
- мамография
- термография
