Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф КГМУ 4.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

Сәуле диагностикасының құралдары мен әдістері

Сәуле диагностикасының әдістері:

- рентгенологиялық

- раионукдидті

- магнитті – резонансты

- ультрадыбысты

Рентгенологиялық әдіс – бұл адам денесі арқылы өтетін рентген сәулесін сандық және сапалық талдауға негізделген, мүшелер мен жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін тәсіл.

Рентген диагностикалық жүйе – рентген бейнесінен (түтікше), зерттеу обьектісінен (науқас), ұйымдастыру бейнесінен (пленка, флюоресцектті экран) және дәрігер рентгенологтан тұрады.

Неізгі түрлері:

  • рентгенекопия немесе жарықтандыру ( нақты уақытпен белгіленеді)

  • рентгенография – суреттерді алу (арнайы пленкаға суреттерді түсіру)

Рентгендиагностикалық аппараттарды жалпы тағайындалатын жан-жақты (R-скопия немесе R-графия) немесе арнайы тағайындалатын – арнайыландырған (қозғалмалы, стоматологиялық, маммограф, флюорограф және т.б.) еп бөлінеді.

Слайд – сурет 3. Рентген суретін алу.

Қарапайым рентген құрылғысы – қоректендіргіш құрылымнан, рентген түтікшесі, рентгено экспонометр, сәулені қабылдағыш, басқару пультінен тұрады. Жалпы тағайындауға арналған аппарат зерттелуші орналасатын стол-шативтен, дәрігер рентгенолог тұратын экран монитордан немесе темметриялық басқару көрші бөлмеде болады – осылардан тұрады. Мкропроцессорлы техниканың көмегімен техникалық жағдайды реттеу автоматты түрде іске асырылатындықтан аппаратты басқару қиын емес.

Слайд – сурет 4. Адам денесі біркелкі орта болмағандықтан, рентген сәулесі адам денесінен өткен кезде, тіндердің тығыздығының және қалыңдығының әртүрлі дәрежесіне байланысты, мүшелер рентген сәулесін әртүрлі сіңіреді. Қабатының біркелкі қалыңдығынан сүйек тіні сәулені жақсы сіңіреді, паренхиматозды мүшелерде 2 есе аз ұсталынады және өкпе, ішек, асқазанда газ болғандықтан сәуле еркін өтіп кетеді. Осыған байланысты сәулені жақсы сіңіретін мүшенің көлеңкесі сәуле қабылдағышта интенсивті көрінеді, ал, керісінше сәуле өтіп, кететін мүшелер суретте тұнық (мөлдір) болып көрінеді. (Мысалы, кеуде клеткасы мүшелері – бұғана, қабырға, көкірекаралық мүшелері, өкпе). Сонымен рентген суреті кеуде қуысы мүшелері мен әртүрлі тіндердің рентген сәулесін жұту дәрежесімен бейнеленеді.

Рентгенография – обьектінің рентген суреті қатты тасымалдағышта (рентген пленкасы) алынатын, рентген зерттеу тәсілі. Сандық рентген аппаратында бейне қағазда , магнитті және магнитті – оптикалық сақтағышта, дисплея экранында алынуы мүмкін. Белгілі бір зерттеуге тағайындалған пленкалы рентгенографияны жан-жақты регтген аппаратында және арнайы штативте өткізеді.

Дененің зерттелетін бөлігі ретген сәулесі мен кассетадағы рентген пленкасының арасында орналасады. Кассетаның ішкі беті люминофор құрамды күшейткіш экраннан тұрады. Рентген сәулеснің әсер етуінен пленкада, жарқырап, оның фото химиялық әсерін күшейтеді. Күшейткіш экран науқасқа берілетін радиацияның күшін азайту үшін қолданады. Зерттелетін дене бөлігі рентген сәулесінің шашырауынан бағытының дұрыс түсуі үшін, кассетаға барынша жақын орналасады.

Рентген түтікшесі сәуле шоғырының зерттелетін ден бөлігінң дәл ортасынан өтіп, пленкаға перпендикулярлы түсуін қадағалайды. Ренгенограмманы тігінен, көлденеңінен, науқасты жатқызып, немесе еңкейтіп жасауға болады. Әртүрлі қалыпта түсірілген суреттерде мүшелердің ығысуынан, кейбір диагностикалық белгілерді табуға болады (ішек ілмекшелеріндегі сұйықтықтың деңгейін немесе клевра қуысындағы сұйықтықтың деңгейін). Дененің бір бөлігінің немес бүтін бір мүшенің суреті жалпы шолу деп аталады. Ал бір мүшенің дәрігерді қызықтырған бөлігінің суреті – мақсатты деп аталады. Суреттің қарама-қарсылығы (контрастылығы) – пленкадағы көрші екі бөліктің қараю дәрежесінің айырмашылығы. Қарама – қарсылық түсінігін көлеңке “қарқындылығы” түсінігі мен тығыз байланысты болады.

Суреттің құрылымы – көзбен айқын көрінетін суреттегі көлеңкелердің көптеген бөліктерінің айырмашылығы. Суреттің көлеңкелік құрылымы тіндердің морфологиялық құрылысына байланысты.

Слайд – сурет 5. Артефакт (кемшіліктер) – рентгенография кезінде техникалық қателерден болған көлеңкелер (сызаттар, матрицалық жыртылулар, бөтен заттар т.б.)

Суреттер мүшелердің әртүрлі жағдайында (перистальтика) түсірілген, 2-3 рентгенограммадан тұратын қоарланған болуы мүмкін қосаланған рентгенограмма дер – қысқа уақыт аралығында бірнеше рентгенограмманың дайындалуын түсінуге болады (сериографияның көмегімен артериографияда 1 секунд ішінде 6-8 сурет түсіріледі).

Рентгенологиялық сурет – қаралған және ағарағн аймақтардан құралады. Рентген пленкасының қараюы, оның экспонирленген эмульсионды қабатындағы металлды күмістің қалпына келуінен пайда болады. Бұл үшін пленканы химиялық және физикалық өңдеуден өткізеді: шығарады, бекітеді, жуады, құрғатады. Шығарғыш машинадан пленканы автоматты түрде өңдеуге болады. Микропроцессорлы техниканы қолданып, жоғарғы температура және тез әсер ететін химиялық реактив рентгенограммалы алу уақытын 1-1,5 минутқа дейін қысқартуға болады.

Рентген суреті – рентгеноскопия кезінде флюоресцентті экранда көрінетін бейне негатив болып табылады. Сондықтан рентгенограммада дене бөліктерінің ағарған жерлері – “қараю” деп, ал қарайған бөліктері – “ағару” деп аталады. Рентгеограмма өзар екі перпендикулярлы жазықтықта түсіріледі. (тікелей және бүйір), бұларға қосымша қиғаш және аксиальды бағытта да түсіреді.

Рентгенографияның шектелулері

  • суреттегі қосарланулар, патологиялық өзгерістерді табуды қиындатады.

  • жұмсақ тіндердің арасындағы контрастың төмендігі (өкпе, сүйек, май ткандерінен басқа, барлық ткандер, сонымен қатар патологиялық тіндер).

Мұндай жағдайда патологиялық процесті ажырату өте қинға түсетіндіктен, рентгенологтың тәжірибесі үлкен рөл атқарады. Қалыпты және патологиялық құрылымды дененің бүкіл аймағы жұмсақ тінді тығыздыққа жақын болғандықтан, рентгенограммада біртүсті “сұры” болып көрінеді, майлы тіннің әсерінен контрастспен әзер белгіленеді. Бір түстілік газ немесе әктену болған кезде ғана бұзылады.

Рентгенография қарапайым әрі науқасқа зиян келтірмейтін жағдайда кабинетінде, палатада, операция бөлмесінде, реанимациялық бөлімшелерде жүргізеді. Рентгенограмма құжат ретінде ұзақ уақыт сақталынады, оны жаңа түсірілген рентгенограммалармен салыстырамыз және басқа мамандардың қарап, талдауына мүмкіндігі бар. Бұрын қабылдағыш ретінде селенді пластиналарды қолданғанды, сосын бейнені жазуға арналған қағаздарға түсірілгенді – электрорентгенография. Бұл тәсіл артефактардың көп болуынан, сәулелік күштің жоғары болуынан көп қолданылмайды.

Зияндылығы – рентгенография кезінде сәуле күші жоғары емес, бірақ қайталап және көп рет түскен рентгенограмма кездерінде сәулелік күш алу мүмкіндігі адамдарға және бал туу кезіндегі адамдарға сақтықпен тағайындаған жөн. Бұл жердегі критериі біреу ған пациенттің денсаулығын зерттеу ғана қызықтырады.

Оқытудың және үйретудің әдістері: талдау, жағдайлық есептер.

Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Линденбратен Л.Д., Королюк И.П. Медицинская рентгенология и радиология: Москва. 2000 г.

  2. Шехтер И.А. Рентгенологический атлас зубов и челюстей в норме и патологии. Москва. 1968г.

Қосымша:

  1. Общее руководство по радиологии I-II части. Серия по медицинской визуализации 1995г. С.263-298.

  2. Милько В.И. Рентгенология. «Вища школа», 1983г. С.178-198.

  3. Розенштраух Л.С., Рыбакова Н.И., Виннер М.Г. Рентгенодиагностика заболеваний органов дыхания. Москва « Медицина» 1978 г. С. 9-52.

  4. В.Н. Артюшков. Атлас рентгенодиагностических схем сердца в норме и патологии. Москва «Медицина» 1968 г.

  5. С.А. Рейнберг, Рентгенодиагностика заболеваний костей и суставов. 2 тома, Москва. «Медицина» 1964 г.

Бақылау

  1. Рентгенологияның негізінде жатқан ашылуы және медициналық көріністі визуализациялаудың қазіргі әдістері.

  2. Сәулелік диагностиканың негізгі әдістерін атаңыз.

  3. Сәулелік диагностиканың сандық әдістерін атаңыз.

  4. Рентгендік сәулені әлсірететін қасиетіне байланысты жасанды контрастты заттардың негізгі топтарын атаңыз.

  5. Мүшелерді тікелей контрасттылау әдістерін тізіп атаңыз.

Типтік тестлер:

?

Берілгендердіњ ішінен корпускулярлы сєулені тањдањыз.

- рентген сєулесі

- гамма-сєулесі

- ультрадыбысты сєуле

- бета-сєулесі

- инфраќызыл сєулесі

?

Берілгендердіњ ішінен электромагнитті сєулені тањдањыз.

- альфа-сєулесі

- нейтронды

- мезонды

- гамма-сєулесі

- бета-сєулесі

?

Берілгендердіњ ішінен ионданушы єсері бар квантты сєулені тањдањыз.

- электр тоѓыныњ электромагнитті аймаѓы

- ультрак‰лгін сєулесі

- кµрінетін жарыќ

- рентген сєулесі

- инфраќызыл сєулесі

?

Берілгендердіњ ішінен радиоактивтілік бірлігін тањдањыз.

- джоуль

- грей

- зиверт

- беккерель

- кулон/кг

?

Берілгендердіњ ішінен ж±тылѓан дозаныњ бірлігін тањдањыз.

- джоуль

- грей

- зиверт

- беккерель

- кулон/кг

?

Берілгендердіњ ішінен экспозиционды дозаныњ бірлігін тањдањыз.

- джоуль

- грей

- зиверт

- беккерель

- кулон/кг

?

Берілгендердіњ ішінен эквивалентті дозаныњ бірлігін тањдањыз.

- джоуль

- грей

- зиверт

- беккерель

- кулон/кг

?

Берілгендердің ішінен жұтылған дозва күшінің бірлігін таңдаңыз

- ватт

- грей/мин

- рентген/мин

- зиверт/мин

- беккерель

?

Берілгендердіњ ішінен ж±тылѓан дозаныњ бірлігін тањдањыз.

- джоуль

- грей

- зиверт

- беккерель

- кулон/кг

?

Берілгендердіњ ішінен экспозиционды дозаныњ бірлігін тањдањыз.

- джоуль

- грей

- зиверт

- беккерель

- кулон/кг

Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП № 6 УМС при КазГМА от 14 июня 2007 г.

.