- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Радиациялық қауіпсіздік
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне ақпарат обьектісі ретінде.
- •Бейнені көзбен көріп (визуальді) талдау.
- •Сәуле диагностикасының құралдары мен әдістері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіс жєне жаќ рентгенограммаларын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Бет қаңқасы мен тіс-жақ жүйесінің рентген анатомиясын.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тістер мен жаќтардыњ рентгенограммасын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Тістер мен жаќтардыњ жараќаттыќ заќымдарыныњ рентгеносимптоматикасы.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өкпе дерттерінің рентген суретінде белгілері
- •Өкпенің қабынуы
- •Бронхтардың кеңіп, іріңдеп қабынуы (бронхоэктатическая болезнь)
- •Өкпедегі қабынған жердің шектеліп іріңдеуі, шіруі (абсцесс және гангрена)
- •Жарғақтың арасына сарысудың жиналуы
- •Тыныс мүшелеріндегі бөгде заттар
- •Өкпенің қабынуы (өкпе тінінің қабынуы)
- •Қабынудың ұсақ ошақты түрі
- •Қабынудың ошақты түрі (фокальды түрі)
- •Аралық тіннің қабынуы
- •Туберкулез кеселін топқа бөлу
- •Орталық қатерлі ісік
- •Лимфосаркома
- •Туберкулез кеселінің ағзаға жайылып , бүршіктеніп тарайтын түрі (миллиарлы түрі)
- •Екі жақтағы өкпеде бірдей секпілденген ұсақ көлеңкелер көрінеді;
- •Өкпенің туберкулез кеселімен қабынған жерінің дәнекер етпен шектеліп қапталуы (Туберкулема).
- •Өкпедегі туберкулез кеселінен пайда болған қуыстардың қабырғаларының қалыңдап,қатайған түрі.
- •Орталық қатерлі ісік
- •Кеудедегі мүшелердің ісігі
- •Өкпенің қатерлі ісігі.
- •Орталық мүшелердің ісігі.
- •Невриномалар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Лучевые методы диагностики органов пищеварения. Іштен туа пайда болған өңеш ақаулары. Өңештің бітеліп тууы.
- •Өңештің қатерлі ісіктері.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Сүйектер мен буындар дерттерінің жалпы семиотикасы.
- •Сүйектің кестелерінің өзгеруі
Өкпе дерттерінің рентген суретінде белгілері
Өкпе дерттері белгілерінің бірі - өкпеде көлеңкенің болуы. Қандай да дерт болмасын ауаға толған өкпеде өзінің көлеңкесін береді (өкпенің қабынуы, тығыздануы, ісік, жарғақ арасындағы сарысу тағы содай сияқты).Аумағына қарай көлеңкелер: аумақты болуы мүмкін (бір өкпені түгел қамтып көлеңке береді); Өкпенің бөлігіне, бөлшегіне жайылуы мүмкін; секпілденіп (ошақтанып) көлеңке беруі мүмкін. Ұсақ ошақты деп көлденеңі 0,3см. орташа ошақты деп көлденеңі 0,6см. және ірі ошақты деп көлденеңі 1-1,5см. болсағана айтамыз .
Дерттің түрі (пішіні) жағынан дерттер әртүрлі болады – дөңгеленген, сопақша, үшбұрышты, сызықша, кішінсіз т.б.
Дерттің түрін анықтағанда сырқат адамды кемінде екі негізгі бағытта қарау қажет . Айнадағы көлеңкелердің пішіні көп жағдайда дерттің түріне сай келеді. Дөңгеленген көлеңкелерді қатерлі ісіктердің ұрқы (метастазы) қатерсіз ісіктер, кисталар, туберкулемалар, қабынудың ошақты түрлері т.с.с. береді. Үшбұрыштанған көлеңкелерді өкпенің бөлшегінің қалыңдап, қатайған кезедірнде көреміз (қабынуы, тығыздануы). Шеңберленген көлеңкелерді дәнекер етпен қамтылған қуыстар береді (каверналар, абцестер, ауаға толған кисталар, т.б.). Сопақ не ұршық тәрізді көлеңкелер өкпенің бөліктерінң арасындағы жарғақтарға сарысу жиналғанда жиі кездеседі.
Саны. Саны жағынан біреу не көп болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған белгілеріне қосымша дерттің саны кейбір кезде анықтаушы белгі болуы мүмкін. Мысалы, ұсақ сепкілденген (ошақталған) көп көлеңкелер бірнеше дерттердің белгісі . Егер олар денди өкпенің жоғарғы бөлігінде болса, онда милиарлы туберкулез, ал өкпенің төменгі бөлігінде болса – лимфа арқылы жайылған қатерлі ісіктің ұрықтары. Өкпенің кез келген бөлшектерінде кездесетін көлемі жағынан әрқандай көп ошақты көлеңкелер қантамырлары арқылы жайылған қатерлі ісіктің ұрықтары болуы мүмкін. Қоюлығы жағынан өте нәзік көлеңкеледен өте қою көлеңкелерге дейін кездеседі.
Нәзік (сұйық) көлеңкелер деп, олардың қоюлығы қан тамырларының ұшындай болса, ондай көлеңкелерді нәзік не сұйық көлеңкелер дейміз. Нәзік көлеңкелерді өте жиі туберкулез кеселінің ұсақ ошақты түрінде және ошақты карценомалар береді.
Орта дәрежелі қоюлықтағы көлеңкелер деп, қоюлығы қабырғалардың кемігіндей болса, не болмаса көлеңкелердің арасынан қабырғалар және өкпе суреттері көрінсе ондай көлеңкелерді орта дәрежедегі көлеңке дейміз. Оларды өкпенің жиі қабынуы кезінде (бұған туб. Кеселінің жайылған түрі де жатады) және ісіктер бар кезінде көреміз .
Өте қою көлеңкелер, қоюлық жағынан (аралық) көлеңкедей не қабырғалардың қырындай болса (тығыз қабатына ұқсаса) ондай көлеңкелерді өте қою көлеңкелер дейміз. Қою (өте қою) көлеңкелерді жарғақтарының арасында сарысу жиналса, өкпенің үлкен бөлігі қабынса, өкпенің бөлігі, бұлшықеті тығыздалса не беріштенсе көреміз. Оларды бірінен бірін дұрыс ажрата білу керек. Өте қою көлеңкелер дерттің түріне байланысты, орталық мүшелерді тұрғылықты орнынан ығыстыруы мүмкін. Егер көлеңке жиналған сарысудың салдарынан болса жарғақтың арасындағы қысымның молаюы себебіне байланысты, орталық мүшелердің көлеңкесі қарама қарсы бағытқа ығысады. Егер өкпенің бөлігі не бөлшегі беріштенген не тығызданған болса, онда керісінше жарғақтың арасындағы қысым азаяды да , орталық мүшелерді көлеңкесі дерт бар жаққа ығысады. Өкпенің қабынуы кезінде жарғақтың арасындағы қысым өзгермейді, яғни ортадағы мүшелердің көлеңкесі тұрылықты орнында қалады (ығыспайды).
Бөгде заттың не ісіктің көлеміне қарай бронхтардың ауа өткізгітік қасиеттері әр қалай болады. Осыған байланысты айнадағы өкпе бөлгінің (бөлшегінің) көрінісі бір жағдайда тығыздалып, қою көлеңке берсе, екінші бір жағдайда оның ашықтығының шектеліп өсуін көреміз.
Бұндай жағдайда рентген суретінде қою, қоюлығы біртегіс көлеңке көрінеді. Қою көлеңкенің арасына өкпенің суреттері көрінбейді. Өкпенің көлемі кішірейеді. Көкет, өкпенің түбірі жоғары ығысады. Қабырғалар біріне бірі жақындап, аралары жиіленеді. Орталық мүшелер дерт жаққа қарай ығысады.
Бронхтың жартылай бітелген кезінде, өкпеге өткен ауаның көлемі аз болады да, өкпенің бөлігі (бөлшегі) кішірейіп, өкпенің суреті қоюланады, орталық мүшелер дерт жаққа қарай ығысады. Өкпеде (бөлігінде, бөлшегінде) нәзік көлеңке көрінеді. Көкет, өкпе түбірі жоғары көтеріледі. Қабырғалардың аралары жиіленеді. Бронх түгел бітелсе ол бронх арқылы ауа өкпеге (бөлігіне, бөлшегіне) өтпейді. Өкпе тығыздалады.
Бітелген бронх ауаны бір-ақ жаққа өткізсе (қақпақша тәрізді жабылуы) деп алған кезде ауа өкпеге өтеді де, демін шығарғанда қақпақша жабылып ауа қайтып өкпеден шықпайды. Бұндай жағдайда өкпе (бөлігі, бөлшегі) ауаға толып, көлемі үлкейіп, ашықтығы шектеліп өседі. Қабырғалардың аралығы ашылып, өздері көлденең бағыт алады. Демін алып, демін шығарған кезде өкпенің жарақаттанған жерінің ашықтығы өзгермейді.
Өкпенің жалпы ашықтануының (эмфизема) айдағы белгілері. Өкпенің көлемі үлкейеді, алаңы рентген сәулесін ұстамайды, ашық. Қабырғалар көлденең орналасқан, аралары алшақ жатады. Ауру адам демін алып, демін шығарғанда өкпе алаңының ашықтығы өзгермей бірқалыпта қалады. Көкеттің қымил қозғалысы бәсеңдейді. Өкпенің суреті азаяды, сирейді.
Құрамына қарай көлеңкелер: а) біртегіс (жарғақтың арасына сарысу жиналған кезде , жаңадан өкпенің бөлігі тығыздалған кезде); б) арасында ашық жер кезедеседі (қабынған жердің шектеліп іріңдеуі, шіруі, каверналар); в) арасында қою, ошақты көлеңкелер болуы (туберкулемалардың тұздануы, тератамалар, Гон ошақтары т.с.с.) мүмкін.
Көлеңкелердің шеттері, тұрқы. Шеттері анық болуы шектелген өкпенің бөлігі , бөлшегінің тығыздығануы, кисталар, тығызданып қатайған түбір бездері т.с.с. не керісінше шеттері анық емес, белгісіз, шексіз болса ондай көлеңкелерді жиі өкпенің қабынуы кезінде көреміз.
Өкпе суретінің өзгеруі. а) Өкпе суретінің сиреуі (азаюы) әдетте екі жағдайда болады: 1) Өкпенің белгілері бір өлшемді көлемінде қан тамырларының саны азайғанда. Яғни өкпенің ауаға толып, көлемінің үлкейген кезінде бұл белгі жиі эмфизема дертінде кездеседі. Екіншіден өкпеге келген қан көлемінің азаюы, осыған байланыста екі жақ өкпеде бірдей қан тамырлары жіңішкеріп көлеңкелері сирейді. Бұл дерт іштен туа пайда болған өкпе күре тамырларының бағанасының тарылуы не осы дертпен қабаттасқан іштен туа пайда болған жүрек дерттері (триада, тетрада, пентада фалло).
Өкпе түбірлерінің аумақтары кішірейеді.
Б) өкпе суретінің қоюлануы (молаюы). Өкпе суретінің молаюы бірнеше жағдайға байланысты: 1) Өкпенің өлшемді бір көлемінде қан тамырларының саны көбейсе, не олардың көлемі үлкейсе. Әдетте екеуі де қабаттасып кездеседі. Мысалы өкпе бөлігі қабынуының (крупозная пневмония) бірінші кезеңі – қанталау (стадия гиперемия) кезеңі. Дерттің бұл түрінде өкпе суреті өкпенің қабынған жағында ғана жалпақтанып, көлемі өсіп, құрамы көрінбейді.
2) Кіші қан шеңберіндегі, қан ацналымы баялаған кезде. Дерттің бұл түріде өкпенің суреті өкпенің екі жағында бірдей қоюланады. Өкпенің түбірлерінің көлемі екі жағында бірдей өсіп, қоюлығы біртегіс көлеңке береді. Өкпе суретінің екі жақта бірдей молаюы, жүрек дерттерімен сырқаттанып жүрген адамдарда болады. Өте жиі тіршіліктің зардабынан пайда болған жүрек дерттері (сол жақ жүрекше мен қарыншаның қан жүретін жерінің тарлуы не осы дертке сол жақ қарынша мен жүрекшенің арасындағы қан жүретін жолының жетіспеушілігінң қабаттасып келуі) және іштен туа пайда болған жүрек дерттері (жүрекшемен қарыншалардың арасындағы перделердің ақауы, Боталл өзегінің бітпеуі) береді.
3) өкпенің көлемнің кішірейген кезі де (бронхтың ауаға өтімділігінің төмендеу салдарынан).
4) өкпе суретінің қоюланып – шым-шытырық болуы. Дәстүрлі жаңғдайда өкпе суретіне қосымша қалыңдаған, қатайған өкпенің көпіршіктері, лимфа жолдары, қалыңдап қатайған бронхтардың қабырғалары қабаттасып көрінеді. Әрине өкпедегі сызықша көлеңкелердің саны өсіп, олар өздерінің қалыпты жағдайдағы бағыттарын өзгертеді. Яғни бұл жағдайда қан тамырларының көлеңкелерінен басқа, қалыңдап қатайған аралық тіннің көлеңкелері де көрінеді. Бұл белгілер өкпенің , бронхтың созылмалы қабынуының белгілері.
Қарама – қарсы бағытта дерттің алып жатан орнын анықтау жолында өкпенің аумағы мен аумақтарын көрсеткен дұрыс не аумағы мен қабырға аралығын (есепті алдыңғы қабырғалардан жүргізеді) көрсетіп жазу орынды. Ол үшін өкпе алаңдарын екі тік, екі көлденең сызықтармен тоғыз төрт бұрыштарға бөледі. Тік сызықтар өкпені аймаққа, ал көлденең сызықтар аумаққа бөледі. Яғни өкпе алаңы үш аймаққа, үш аумаққа бөлінеді.
Бірінші тік сызық бұғана мен қабырғалардың айқасқан жерінен төмен көкетке тік сызық жібереміз .Бұл сызықтың сыртында жатқан өкпе бөлігі сыртқы аймақ болып есептеледі. Екінші тік сызықты бұғананың өкпе алаңындағы бөлшегін тең етіп екіге бөліп , ортасынан көкетке тік сызық жібереді. Бұл сызықтан ішкері жатқан өкпенің бөлігін ішкі аймақ не түбір жақтағы аймақ дейді. Ішкі аймақ пен шеткі аймақтар арасындағы бөлігі орталық аймаққа жатады.
Бірінші көлденең сызық алдыңғы жақтан есептегенде екінші қабырғаның басын басып өтіп төс сүйегіне тіреледі. Бұл сызықтан жоғары жатқан өкпенің бөлігі жоғарғы аумаққа жатады. Екінші көлденең сызық IY қабырғаның басын басып өтіп, тағы да төс сүйегіне келіп тіреледі. Бұл сызықтан төмен орналасқан өкпенің бөлігі төменгі аумақ деп, ал төменгі мен жоғарғы аумақтардың аралығындағы өкпенің бөлігін ортаңғы аумағы дейді.
Айтып кететін бір жағдай, әр аумақта екі қабырға аралығы бар. Дерт көлемі кішкентай болса, онда аумақ бойынша дерттің орнын анықтай қолайсыз (аумақ тым үлкен өлшем). Ол кезде аумақтың орнына қабырға аралығын көрсеткен дұрыс. Мысалы, бұғанадан жоғарғы өкпенің бөлігін өкпенің ұшы дейді, ал бұғананың астын бұғананың астындағы бөлік деп атайды. Алдынан есептегенде бірінші мен екінші қабырғалардың аралығын бірінші қабырға аралығы ал екінші мен үшінші қабырға аралығы – екінші қабырға аралығы деп жаза береді. Сонымен қарама қарсы бағытта дерттің көлеміне байланысты олардың орнын анықтағанда қабырғалар арлығымен аймақ не аумақ пен аймақ арқылы анықтаған дұрыс.
