- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Радиациялық қауіпсіздік
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне ақпарат обьектісі ретінде.
- •Бейнені көзбен көріп (визуальді) талдау.
- •Сәуле диагностикасының құралдары мен әдістері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіс жєне жаќ рентгенограммаларын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Бет қаңқасы мен тіс-жақ жүйесінің рентген анатомиясын.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тістер мен жаќтардыњ рентгенограммасын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Тістер мен жаќтардыњ жараќаттыќ заќымдарыныњ рентгеносимптоматикасы.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өкпе дерттерінің рентген суретінде белгілері
- •Өкпенің қабынуы
- •Бронхтардың кеңіп, іріңдеп қабынуы (бронхоэктатическая болезнь)
- •Өкпедегі қабынған жердің шектеліп іріңдеуі, шіруі (абсцесс және гангрена)
- •Жарғақтың арасына сарысудың жиналуы
- •Тыныс мүшелеріндегі бөгде заттар
- •Өкпенің қабынуы (өкпе тінінің қабынуы)
- •Қабынудың ұсақ ошақты түрі
- •Қабынудың ошақты түрі (фокальды түрі)
- •Аралық тіннің қабынуы
- •Туберкулез кеселін топқа бөлу
- •Орталық қатерлі ісік
- •Лимфосаркома
- •Туберкулез кеселінің ағзаға жайылып , бүршіктеніп тарайтын түрі (миллиарлы түрі)
- •Екі жақтағы өкпеде бірдей секпілденген ұсақ көлеңкелер көрінеді;
- •Өкпенің туберкулез кеселімен қабынған жерінің дәнекер етпен шектеліп қапталуы (Туберкулема).
- •Өкпедегі туберкулез кеселінен пайда болған қуыстардың қабырғаларының қалыңдап,қатайған түрі.
- •Орталық қатерлі ісік
- •Кеудедегі мүшелердің ісігі
- •Өкпенің қатерлі ісігі.
- •Орталық мүшелердің ісігі.
- •Невриномалар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Лучевые методы диагностики органов пищеварения. Іштен туа пайда болған өңеш ақаулары. Өңештің бітеліп тууы.
- •Өңештің қатерлі ісіктері.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Сүйектер мен буындар дерттерінің жалпы семиотикасы.
- •Сүйектің кестелерінің өзгеруі
Орталық қатерлі ісік
Өкпе түбірінің көлеңкесі бірте-бірте үлкейеді ,өкпенің бөлігі, бөлшегі қосымша зақымдалады. Көлеңке орта дәрежелі қоюлықта жиі болады , шеттері белгісіз ,шашыранды болып келеді. Дерттің түрін анықтауда, негізгі тәсілдің бірі болып бронхоскопия тәсілі саналады.
Лимфосаркома
Бұл дерт кезінде кеуде өте қатты ауырады, ентігеді. Өршеленген ұзақ жөтел пайда болады. Сырқат адам жылдам жүдейді. Өкпедегі бездердің үлкейуімен қоса шеткері жатқан ,тері астындағы бездер де жарақаттанады. Пирке ,манту реакциялары туберкулез кеселінің жоқ екендігін дәлелдейді.
Кеудедегі мүшелердің ісігі
Бұл ісіктер өкпенің тінінен,қалқан безден, жарғақтардан өсетін ісіктер.Бір топ ісіктер кеудедегі орталық мүшелерден өседі.Сонымен,”Кеудедегі мүшелердің”,”Орталық мүшелердіңісігі”деген атаулар жинақталып аталған.Ісіктің шығу тегіне,оның құрамына әр түріне тән ерекшеліктері болады.Сол себепті патоморфологиялық өзгерістеріне байланысты(өсу тегіне)атау дұрыс.Өкпе тінінен өсетін ісіктердің ішінде қатерлі ісіктер басым.Мысалы соңғы 50 жылдың ішінде өкренің қатерлі ісігі Англияда 40 есе көбейсе,бұрынғы КСРО да1970-1986 жылдар арасында 91,3процентке артқан.1962 жылы әрбір 10млн адамның 16 –сы қатерлі ісік пен ауырған болса,1967 бұл дертке34,7 адам шалдыққан.Қазақстанда да барлық қатерлі ісіктердің ішінен өкпенің қатерлі ісігі соңғы жылдары 76 пайызға өссе, әйелдер өлімі 13,5 пайызға жеткен. Өкпенің қатерлі ісігімен әйел адамдарға қарағанда еркектер 8 – 10 есе жиі сырқаттанады.
Өкпенің қатерлі ісігі.
И.В.Давидовскийдің деректері бойынша қатерлі ісігі ағзада кездесетін барлық қатерлі ісіктердің 13,8 пайызын құрайды. Бұл сырқат ем қонбайтын дерттердің түріне жатып келді. Бүгінгі күндері ісікті дер кезінде анықтай білсе операция жасап аурудан айықтыруға болады. Операция жасауға болмайтын жағдайда, сәуле арқылы емдеу тәсілі қолданылады. Осыған байланысты дәрігерлердің алдында тұрған мақст – дертті асқынбай, жайылмай тұрған кезінде анықтау. Ол үшін ауру адамды тексерудің барлық тәсілдерін (лабораториялық, патоморфологиялық және рентген тәсілін) қолданып қорытындысын шығарады. Осы тәсілдердің ішінде сәуле арқылы анықтау елеулі орын алады,кейбір кезде тіпті шешу амал болып табылады.Өкпенің қатерлі ісігі бірте-бірте ұлғайып жетіле бастайды. Өте мұқият тексерудің өзінде кішігірім өзгерістерді байқамай өткізіп алуға болады. Кейбір кездерде қатерлі іск кездейсоқ уақытта, диспансерлік тексеру кезінде не басқадай жағдайда анықталады. Дерттің жайылып даму кезінде ғана (60 – 70 пайыз жиілікте) ауру адам өзінің сырқат екенін аңғарып, дәрігерлерге емделуге келеді. Оларда қатты жөтел пайда болып қан араласқан қақырық тастайды. СОЭ - өте жоғары, аурулардың күш – қуаты әлсірейді. Бұндай жағдайда айнада (рентген суретінде) ісіктің белгілерін анық көруге болады. Өкпенің қатерлі ісіктері бронхтардың эпителиясынан өседі. Орталық қатерлі ісіктерде дерт өкпенің үлен І, ІІ, ІІІ – қатардағы бронхтарынан өседі. Өсу бағытына қарай ісік эндофитті, экзофитті болып келеді. Эндофитті түрінде ісік бұлшық етпен шырышты қабаттарының арасынан өседі. Бұл түрінде бронхтар толық бітелмейді. Осыған сәйкес өкпенің қатерлі ісік жағында оның көлемі кішірейіп ауалануы төмендейді және өкпенің суреті жиіленеді, қабырғалардың аралығы біріне- бірі жақындай түседі. Орталық мүшелер дерт жаққа қарай ығысады. Экзофитті түрінде, ісік бронхтың ішіне қарай іссе, рентген суретінде (өкпенің бөлігінің, бөлшегінің ) тығыздануын көремізде ондағы белгілер түгел өкпенің тығыздануына сай келеді. Ісік бронхтың сыртына қарай, сүр қабатын зақымдай өссе, рентген суретінде дөңгелек не сопақша, шеттері анық, бұжырланып орта дәрежелі қоюлықтағы көлеңке береді. Бронх сырттан қысылудың салдарынан аз да болса тарылады. Рентген суретінде өкпенің аулануының төмендегеніне сай белгілерін көреміз. Аралық бронхтардың шырышты қабатынан өсетін ісіктердің рентген суретіндегі белгілері жарақаттанған бронхтың ауаландыратын бөлшегіне сай орта дәрежедегі қоюлықтағы көлеңке береді. Көлеңкенің шеттері белгісіз не анық болуы мүмкін. Ісіктің кішігірім бронхтардан өскен түрінде өкпенің кішкентай ғана бөлшегі тығызданғандықтан олардың көлеңкесі көрінбейді. Ондай ісіктер ешқандай белгі бермей, біртіндеп өсіп ұлғая береді. Ісік кездейсоқ уақытта (диспансерлік не басқадай тексеру кезінде) анықталады. Рентген суретінде дөңгеленген не сопақша, тұрқы анық, бұжырланған орта дәрежелі қоюлықтағы көлеңке көреміз. Көлемі үлкен болып өссе іргелес жатқан бронхтарды қысып тарылтып, ығыстыруы мүмкін. Бұл жағдайда өкпенің көлемі кішірейіп, ауалануы төмендейді. Өкпенің суреті жиіленеді, өкпенің түбірі, көк ет жоғары қарай ығысады. Орталық мүшелердің көлеңкесі де ісік жаққа қарай жылжиды. Дерт түрін анықтауда негізгі тәсілдерге қосымша дертті қатпарлап, бөлшектеп рентген суретіне түсіру және бронхқа салыстырмалы салмағы ауыр қоспалар жіберіп рентген суретіне түсіру (бронхография) тәсілдері қолданылады. Қатерлі ісктер кейбір кездерде өкпенің ұшын жарақаттайды. Олар кіші бронхтардан өсіп өкпе ұшындағы жарғақты, иық белдеуінің, мойынның жүйке жүйесін, қабырғаларды, жарақаттап соған сай белгілер береді. Рентген суретінде орта дәрежелі қоюлықта, шетсіз көлеңке көреміз және қабырғаларында, деструкция ошақтары болуы мүмкін. Бұндай дертті Пенкоста дерті дейді.
