- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Радиациялық қауіпсіздік
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне ақпарат обьектісі ретінде.
- •Бейнені көзбен көріп (визуальді) талдау.
- •Сәуле диагностикасының құралдары мен әдістері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіс жєне жаќ рентгенограммаларын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Бет қаңқасы мен тіс-жақ жүйесінің рентген анатомиясын.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тістер мен жаќтардыњ рентгенограммасын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Тістер мен жаќтардыњ жараќаттыќ заќымдарыныњ рентгеносимптоматикасы.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өкпе дерттерінің рентген суретінде белгілері
- •Өкпенің қабынуы
- •Бронхтардың кеңіп, іріңдеп қабынуы (бронхоэктатическая болезнь)
- •Өкпедегі қабынған жердің шектеліп іріңдеуі, шіруі (абсцесс және гангрена)
- •Жарғақтың арасына сарысудың жиналуы
- •Тыныс мүшелеріндегі бөгде заттар
- •Өкпенің қабынуы (өкпе тінінің қабынуы)
- •Қабынудың ұсақ ошақты түрі
- •Қабынудың ошақты түрі (фокальды түрі)
- •Аралық тіннің қабынуы
- •Туберкулез кеселін топқа бөлу
- •Орталық қатерлі ісік
- •Лимфосаркома
- •Туберкулез кеселінің ағзаға жайылып , бүршіктеніп тарайтын түрі (миллиарлы түрі)
- •Екі жақтағы өкпеде бірдей секпілденген ұсақ көлеңкелер көрінеді;
- •Өкпенің туберкулез кеселімен қабынған жерінің дәнекер етпен шектеліп қапталуы (Туберкулема).
- •Өкпедегі туберкулез кеселінен пайда болған қуыстардың қабырғаларының қалыңдап,қатайған түрі.
- •Орталық қатерлі ісік
- •Кеудедегі мүшелердің ісігі
- •Өкпенің қатерлі ісігі.
- •Орталық мүшелердің ісігі.
- •Невриномалар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Лучевые методы диагностики органов пищеварения. Іштен туа пайда болған өңеш ақаулары. Өңештің бітеліп тууы.
- •Өңештің қатерлі ісіктері.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Сүйектер мен буындар дерттерінің жалпы семиотикасы.
- •Сүйектің кестелерінің өзгеруі
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: «Тірек-қимыл жүйесінің визуалді диагностикасы»
Пән Визуалды диагностика
Мамандық 5В 130200 «Стоматология»
Курс екінші
Құрастырған Г.А.Жолдыбаева
Қарағанды 2011
Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесінің визуалді диагностикасы.
Мақсаты:
Студент білуге тиісті:
сәулелік диагностиканың жаңа тәсілдерін білу (компьютерлі рентгендік томографияны, дигитальді рентгенографияны, магнитті – резонансты томографияны);
рентгенологиялық зерттеуге көрсеткіштерін білу;
рентгенограммадағы барлық анатомиялық түзілістерді анықтауды, суретте көріністің алынылуын білуге тиісті;
сүйек және буындардың рентгенологиялық тексеру әдістерін білу;
сүйек және буын аппаратының рентгенограммасының жалпы жазу және оқу үлгісін білу;
сүйектің, дене және аяқ-қол буындарының қалыпты рентгенанатомиясын білу;
рентген көрінісінен қаңқаның жасаралық ерекшеліктерін білу;
қаңқа дерттерінің рентгенсемиотикасын білу.
Студент істей білу керек:
рентгенограммадағы зерттеу тәсілін, аймағын, бағытын анықтауды білуге тиісті;
рентгенограммадағы барлық анатомиялық түзілістерді анықтауды, суретте көріністің алынылуын білуге тиісті;
рентгенологиялық тексеруге көрсеткішті дұрыс анықтау және жолдаманы толтыруды білуі тиіс;
рентгенограммадан пленканың қараюының оптикалық тығыздығының 5 дәрежесінен шығара отырып, көлеңкені және көлеңкенің ашықтығын, көлеңкенің интенсивтілігін анықтауды білуі қажет;
рентгенологиялық тексеруге көрсеткішті дұрыс анықтауды білуі қажет;
сүйек және буынның ауруларының жалпы рентгенологиялық симптомдарын анықтай білу.
Оқытудың міндеттері: Сүйек және буын ауруларының визуальді диагностикасы туралы мағұлымат беру, алған білімдері мен дағдыларын нығайта түсу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары
рентгенологиядағы көлеңке түзу заңы;
сүйек және буындардың рентгенологиялық тексеру әдістері;
сүйек ауруларының рентгенологиялық симптомдары;
сынықтар мен шығудың рентгенологиялық симптомдары;
Сүйектер мен буындарды рентгенологиялық зерттеу.
Сүйектер мен буындардың негізгі рентгенологиялық әдісі – бұл рентгенография болып табылады. Рентгеноскопияны, рентгенографиямен салыстырғанда ыңғайсыз әдіс, ол сүйекте болып жатқан дерттері кезінде өзгерістерді ашуға мүмкіндігі жоқ. Рентгеноскопия тәсілін үлкен жіліншек сүйектері сынған кезде, ірі өзгерістер болған кезде ғана анықтау үшін, ондада өте сирек қолданылады. Бөгде заттарды анықтау мақсатында, зерттеу үшін рентгеноскопия пайдаланылады. Негізінен сүйектер мен буындардың дерттері мен зақымдары кезінде рентгенография тәсіліне жүгінген жөн.
Сүйектің рентгенограммасында әрбір бөлігін көрсететін, өзгерістер жөнінде мағлұмат беретін, көрініс пайда болады. Бірақ бір бағытта түсірілген рентгенография тәсілі жеткіліксіз болып келеді, өйткені ол барлық өзгерістерді аша алмайды.
Үнемі қолданылатын тәсіл – ол сүйек және буындарды екі бағытта рентген суретіне түсіру тәсілі. Ережеден тыс иық, жамбас, бұғана буындары суретке қарама – қарсы (сәуле арт жағынан алдыңғы жағына бағытталған) бір – ақ бағытта түсіріледі. Екінші бағытта екі жақтағы буындар бір – біріне қабаттасып көрінбейді.
Суретке мүшелерді үлкейтіп түсіру. Ол үшін рентген түтігін адамға жақындатып, ал пленкамен суретке түсіретін мүшенің ара қашықтығын ұзарту керек. Мүше аумағы жағынан үлкен болып шығады бірақ, оның құрамы, әсіресе сүйек кестелері бұлдыр болып көрінбейді. Сол себептен бұл тәсі өте сирек қолданылады. Оның орнына мамандар үлкейткіш шыны линзаны пайдаланады. Кейінгі кезде ЭРГ (электрорентгенография) тәсілін қолданатын болған. Бұл тәсіл бірнеше есе арзан. Рентген пленкасының орнына қарапайым ақ қағаз пайдаланылады, бірақ аурудың сәулелену мөлшері көп.
Ал бас сүйегін рентген суретіне түсірген кезінде екі бағытпен шектеліп қалуға болмайды, сондықтан үш бағытта рентген суретін жасау қажет.
Сүйек – буындар жүйесінің жеке бөлімдері үшін, рентгенографияны қолданған кездегі жасалған белгілі типтік ережелер бар.
Рентген сәулесінің қатаңдығы және жұтылу уақыты дененің рентген жасалатын бөлігінің қалыңдығына сәйкес келуі тиіс. Тәжірибеде бұл сұрақтары дәлдікпен шешілген және осы мақсат үшін дайын кестелер бар.
Рентгенограмманың сапалылығының диагностикалау үшін маңызы өте зор. Сүйектің жұмсақ затының рентгенограммада құрылымды суреті және түрі әруақытта болуы қажет. Сондықтан тек қана осындай құрылымды рентгенограммада ғана сүйек тіндерінің аса ұсақ патологиялық өзгерістері көрінуі мүмкін.
Өткір көріністерін алу үшін рентгенге түстін бөлік кассетаға толық түйісіп тұруы қажет. Рентгенге түсірілетін бөліктің кассетадан қандайда бір алшақтығы көріністің өткірлігін жоғалтуына әкеледі, суреттің шашырауын туғызады.
Суретке түсіріп жатқан уақытта рентгенге түсірілетін бөліктің қозғалмауын бақылап отыру керек. Аяқ – қолды суретке түсіретін кезде оларды міндетті түрде таңу қажет. Осы мақсатта құм толтырылған қапты пайдаланылады. Егер аяқ – қол таңуы кезінде ауырлық тудыратын болса, ол кезде аз экспозицияға ауыстыру қажет. Бұл ерекшеліктерге әскери-ұрыс жағдайда қолдану мүмкіндігі, өйткені рентгенография үшін жаралының орнын ауыстыру кейбір кезде ауру сезімін тудыруы мүмкін. Одан басқа қысқа (аз) экспозиция балаларда және зерттелушінің есі өзінде болмаған жағдайда қолданылады.
Сүйектер мен буындардың рентгендік анатомиясы бойынша
жалпы мәліметтері.
Сүйектің жас аралығындағы өзгешеліктер рентген суретінде өте анық байқалады. Ол айырмашылық біріншіден сүйек көлемінде, екіншіден сүйек кестелерінде, үшіншіден жаңа туған баланың сүйектерінің басында сүйектендіру бөлшектері (ядро окостенения) көрінбейді. Себебі ол әлі шеміршек қалпында. Сол себепті эпифиздері көрінбей тек рентген суретіндегі буын қуыстары кең болып көрінеді. Бірте – бірте эпифиздерінде, апофиздерінде сүйектендіру бөлшектері пайда болып олар үлкейе бастайды.
Жаңа туған баланың бас сүйегіндегі өзгерістер өте анық. Олардың ми тұратын бөлшегі бет сүйегіне қарағанда өте үлкен.
Жаңа туған баланың сүйегінде сүйек кестелері көрінбейді. Бір, екі жаста ғана қол-аяғының атқаратын қызыметіне қарай осы сүйектерде сүйек кестелері пайда болады. Ересек адамның сүйегінде сүйек кестелері анық көрінеді. Олар орналасқан орнына, атқаратын қызметіне байланысты нығайып, 20-25 жастан 40 жасқа дейін тұрақтанып, 40 жастан аса сүйектерде дистрофиялық өзгерістер пайда болады. Ол өзгерістер әсіресе буын арасындағы шеміршектерде айқын көрінеді. Бара- бара шеміршек жұқарады, жасанды буын қуысы жіңішкереді. Сүйек торшаларының саны азайып, сүйек кестелері кеңиді. Байланыс жүйелері тұзданады.
Сүйек негізінде сүйек қабынан, сүйек тығыз қабатынан, сүйек кемігінен, буын қапшығынан, байланыс жүйелерінен тұрады: Оның құрамында атомдық салмағы үлкен әртүрлі тұздар болғандықтан рентген суретінде көлеңке береді, көлеңкелері тұтас, біртегіс емес ойыс- ойыс. Себебі рентген сәулесін ұстайтын сүйектің тығыз бөлшектері – тұз сіңген сүйек торшалары (минералданған торшалар). Олардың арасында қызыл майы бар ойысталған қуыстар (кемік) – рентген сәулесін ұстамайды. Сонымен рентген сәулесін ұстамайтын бөлшектері: сүйек қабы, жілік майы, жілік майы қуысы, қан тамырлары, жүйке жүйесі, буын қапшығы, шеміршектер. Рентген сәулесін тежеп көлеңке беретін жалғыз –ақ сүйек торшалары ғана.
Үлкен жіліншік сүйектерінің екі жақ шетіндегі өте қою көлеңкелер тығыз сүйек қабатының көлеңкелері. Олар дендей минералданған сүйек торшаларынан тұрады да сүйектің екі жақ басына қарай жұқарып барып бітеді. Тығыз қабатында сүйек торшалары біріне-бірі өте жиі орналасқан, арасында бос орындар болмайды, сол себептен рентген сәулесін 100 пайыз ұстап, қою көлеңке береді. Екі тығыз сүйек қабатының аралығында ұзынша жілік майы тұратын қуыс бар, оны жілік майы қуысы деп атайды.
Ұзын жіліншік сүйектер бірнеше бөліктерден тұрады. Ортаңғы бөлігінде тығыз сүйек қабаты қалың болып келеді. Бұл бөлігін диафиз дейді. Одан кейін тығыз сүйек қабаты біртіндеп жұқарады, жілік майы тұратын қуыс көрінбейді. Осы жерден сүйек ұшындағы шеміршекке дейін (өсу шеміршегі) метафиз, одан әрі буын құрамына қатынасатын бөлігін эпифиз дейді. Сүйектің бұлшық еттерінің сіңірі байланысатын (бекітілетін) төмпешіктерін апофиз деп атайды.
Сүйектің өсіп жетілуі сүйектендіру бөлшектеріне байланысты. Олар негізгі және қосымша сүйектендіру бөлшектері деп аталады. Осы сүйектендіру бөлшектерінің әрқайсысы бірінші және екінші сүйектендіру бөлшектеріне бөлінеді. Бірінші сүйектендіру бөлшектерінен диафиздер, ал екінші сүйектендіру бөлшектерінен метафиздер мен эпифиздер пайда болады. Қандайда сүйек болмасын, сыртқы сүйек қабымен (периост) және ішкі сүйек қабымен (эндост) қапталған.
Сүйек қабы дәнекер еттен тұрады да тығыз сүйек қабатына жабысып өседі. Сүйек қабынан қан тамырлары, жүйкелер өтеді: Сондықтан ол өте сезімтал.
Сүйек кемігі (жіліктердің басы, ұсақ және жалпақ сүйектер) минералданған сүйек торшаларынан тұрады, арасында қызыл жілік майы бар кішігірім қуыстар болады. Сондықтан рентген суретінде ол жер кестеленіп келеді.
Екі немесе үш сүйектің қозғалмалы байланысқан жерін буын дейді. Буынға қатынасты сүйектердің арасында рентген суретінде қуыс (ашық жер) көрінеді. Бұл жерде буын шеміршегі бар, ал шеміршек рентген сәулесін ұстамайды. Сондықтан ашық жер болып көрінеді. Бұл қуыстар рентген суретінде ғана көрінгендіктен, жасанды рентген сәулесі арқылы болған буын қуысы деп аталады.
Сүйек торшаларының торша аралығындағы ұяшықтарымен арақатынасын сүйек құрылысы не кестесі ( костная структура)дейді. Сүйек кестелері әртүрлі болады. Олар біріншіден адамның даму кезеңіне, екіншіден сүйекке түскен салмақтың әсеріне байланысты өзгереді. Табиғаттағы ірі жан- жануарлардың бірте-бірте даму кезінде сүйек кестелері сол жануардың түріне байланысты өзгереді. Бұл өзгерісті анатомиялық өзгеріс дейді.
Екіншіден, салмақ әр сүйекке орналасқан орнына, атқаратын қызметіне қарай түседі. Осыған байланысты сүйек кестелеріде өзгереді. Бұл өзгерісті атқарған жұмысына байланысты сүйек кестелерінің өзгеруі дейді. Айтып кететін бір жағдай, сүйек жолақтарының, түтікшелерінің бағыттары тұрақты емес. Адамның атқарған қызметіне байланысты өздерінің бағытын әруақытта өзгертіп тұрады. Жалпақ сүйектерінің кемік жағы сүйектің жұқа тығыз қабаттарымен бекітілген. Ал бас сүйекте кемік жағы екі жұқа сүйектің тығыз қабаттарының арасында ғана орналасқан.
