Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оршаан орта — копия.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425 Кб
Скачать
☆

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты: 1. Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. «Ерте» және «кеш» түсетін күз туралы түсінік беру. Ағаштардың, бұталардың жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

2. Күз мезгілінің астық, жеміс-жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Ересектердің еңбегін құрметтеп, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезініп, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ерте күз, қоңыр күз, жыл құсы.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңберіне дөңгелене тұрғызып, өлең жолдарын әндетіп айтқызады.

Армысың, ардақты Аспан ата!

Армысың, мейірімді Жер-ана!

Армысың, шұғылалы алтын күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Бәрі бірге қайталайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Тәрбиешінің әңгімесі:

-Орманда, тоғайларда жаз мезгіліндегідей емес. Құстардың шуылы азайған. Өйткені құстардың көпшілігі жылы жаққа ұшып кетті. Аққайың мен емендердің жапырақтары өзгеріп, сары түске енген. Гүлдер мен шөптер солып, қурай бастады.

Сұрақтар:

1. Бұл жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?

2. Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

Күздің келуімен орманда қандай өзгерістер болады?

-Күздің бірінші айы –қыркүйек.

«Алтын күз» деп аталады. Бұл кезде біз бау-бақшадағы жеміс-жидектерімізді жинап аламыз. Сондай-ақ «қоңыр күз» деп күздің ауа райы жанға жайлы кезін айтады. Күздің екінші айы –қазанды халық желді, ылғалды, жапырақтар көп түсетін кез деп атайды.

Күздің ең соңғы айы –қарашаны «Жартылай қыс» немесе «Мұз ұстасы» деп атайды.

Кейбір құстар күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кетеді.

Бозторғай, сары шымшық –қыстап қалатын құстар. Құстар мен жануарларға қамқор болып жүру –үлкен парыз.

Сергіту жаттығуын орындату.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1. Қ.Шаңғытбаевтың «Алтын күз» өлеңін жаттату.

2. Күзгі жапырақтарды бояту.

3. Табиғи материалдардың маңызы туралы айтып, олардан түрлі заттар жасауға болатындығын түсіндіру.

Моншақ тізуге нұсқау береді.

4. Табиғаттағы ең негізгі ережелермен таныстыру.

Балалар тыңдайды.

Балалар түсінгендерін қайталап айтады, сұрақтарға жауап береді.

Педагогтің әңгімесін тыңдайды. Суретке қарап әңгіме құрастырады. Сұрақтарға жауап береді.

Өлең жолдарын қайталап, бірнеше рет қайталап жатқа оқиды.

Дәптердегі жапырақтарды бояйды.

Табиғи материалдардан моншақ жасайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.

Сұрақтар:

1. Күз айларын атаңдар?

2. Күз мезгілінің ерекшелігі неде?

3. Күздің барлық кезеңі бірдей ме?

4. Алтын күздің қоңыр күзден айырмашылығы неде?

Балалар суретті пайдаланып, күз айлары мен олардың ерекшелігін айтады.

Күтілетін нәтиже: жыл мезгілдерін ажырата білу.

Білуі тиіс: күз мезгіліндегі табиғат табиғат құбылыстарының ерекшелігін атау.

Түсінігі: құстармен жануарларға қамқор болып жүруді есте сақтау.

Көрсете білуі: күз мезгілінің ерекшеліктерін суретарқылы немесе ойын арқылы көрсете білу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы