Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оршаан орта — копия.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425 Кб
Скачать
☆

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй жабдықтары.

Мақсаты:

1. Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.

2. Киіз үйді ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтай білу қабілеттерін дамыту.

3. Атадан-балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға баулу.

Сөздік жұмыс: абажа, кебеже, әбдіре, асадал, т.б.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Ұйымдастыру

Өлең сөздерін бірге қайталайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1. «Киіз жабдықтары» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы түсіндіреді:

-Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы.Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық (жарма есігі).

Кереге-киіз үйдің ағаштан жасаған жиналмалы торкөзді сүйегі.

Шаңырақ –киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап дөңгелек шеңбер.

Уық –кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық.

Киіз есік –сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады.

Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.

Үй жиһаздары:

Абажа- тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киіббен, былғарымен қапталған.

Кебеже –сүр ет, құрт, шай салып сақтау ұшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.

Әбдіре –зат сақтайтын үлкен сандық.

Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады.

Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.

Асадал –тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже.

Жастықағаш –ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.

Адалбақан –киім ілуге арналған үй жиһазы.

Жүкаяқ –үйде жүк астына қоятын ағаш зат.

Сандық –киім-кешек, т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.

Төсеніштер:

Алаша, киіз, сырмақ.

Тұскиіз –сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй бұйымы.

Қоржын –екі жағын тең етіп тоқыған, не құрап тіккен зат салатын дорба.

Аяққап –ыдыс-аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін ою-өрнек салып не кестелеп әшекейлейді.

2. Дәптерден киіз үй сүйектерін тапқыздыру.

Мұқият тыңдайды, түсінбегендерін сұрайды, сұрақтарға жауап береді.

Киіз бөліктерін атайды,

оларды қайда орналастыратынын

сызып көрсетеді.

Киіз үйді бояйды.

Жолаушының киіз үйге баратын

Жолын тауып, сызып көрсетеді.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері арқылы сабақта алған білімдерін бекітеді.

Сұрақтарға жауап

Береді.

Күтілетін нәтиже: киіз үйдің жабдықтарын білу.

Білуі тиіс: киіз үй жабдықтарының қалай аталатынын білу.

Түсінігі: киіз үйдің қазақ халқының тұрмысындағы пайдасын білу.

Көрсете білуі: киіз үй жабдықтарын тұрмыста пайдалана білу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы