Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оршаан орта — копия.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425 Кб
Скачать
☆

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Қысқы еңбек.

Мақсаты: 1. Балалардың қыс мезгілінде орындалатын еңбек түрлері туралы түсініктерін толықтыру.

2. Қыста еңбек түрлерінің пайдасын түсіндіру.

3. Қысқы еңбектің пайдасын түсіндіру арқылы еңбексүйгіштікке баулу.

Сөздік жұмыс: қарды күреу, қар тоқтату, құрғақшылық, ылғал.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Шеңбер жасап тұрып, музыканың сүйемелдеуімен «қар күреу» жаттығуын орындатады.

Жаттығуды би қимылына келтіріп орындайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

2. Педагогтің жаңа сабақты түсіндіруі.

Қысқы еңбек түрлерімен таныстырады және оларды кімдер атқаратынын айтып түсіндіреді.

- Қыстыгүні көше мен аулалардың қарын күреп тазалау, ал ауылда егістік алқаптарында қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Қала көшелерінде машиналардың жеңіл әрі жылдам жүруі үшін адамдар арнайы машиналармен қарды күреп тазалайды. Құрғақшылық жиі кездесетін аймақтарда қар тоқтату – топырақта ылғалдық біршама қорын жинап, егіс өнімділігін арттыратын жұмыс түрі.

3. Сурет бойынша «Қысқы еңбек» тақырыбында балаларды қатыстырып, әңгіме жүргізеді.

4. Сурет бойынша малды күтіп – баптау жұмыстары туралы түсіндіреді.

5. «Артығын тап» дидактикалық

ойыны. Шарты: суреттен еңбек құралдарын тауып, оларды қоршап сызады. Артық заттарды тауып айтады: шана, шаңғы, малақай.

Мұқият тыңдайды, түсінбегендері бойынша сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді. Сурет бойынша қысқы еңбек- қар күреу, ауылда малды күту жұмыстары жайлы әңгімелейді. Дәптерден еңбек құралдарын тауып, оларды қоршап сызады.

Сурет бойынша қысқы еңбек түрлері туралы әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді.

Заттардың не үшін артық болып қалғанын айтып дәлелдейді.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сабақта алған білімдерін пысықтайды.

Қысқы еңбек туралы қойылған сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: қыс мерзімінде атқарылатын жұмыс түрлерін білуі.

Білуі тиіс: қысқы еңбек түрлерін атап беруі тиіс.

Түсінігі: қысқы еңбектің пайдасын білу.

Көрсете білуі: ауланың қарын күреу, үй жануарларына қамқорлық жасау.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Ана-біздің гүліміз.

Мақсаты: 1. Отбасындағы ананың рөлі туралы түсінік беру.

2. Балалардың өздеріне аналары жайлы әңгімелету арқылы отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық туралы түсіндіру.

3. Ананы қадірлеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: құттықтау, тілек.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, аналары туралы жылы сөздер айтқызады.

Әр бала анасы туралы қысқаша айтады.

Мысалы:

Менің анам Күн сияқты жып-жылы.

Менің анам-ең әдемі адам.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1. Ана туралы ән тыңдату. Әннің кімге арналғаны туралы сұралады.

2. Педагогтің түсіндіруі:

-Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.

Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі. Ананы барынша құрметтеп, сыйлау -әрбір балалның парызы.

3. Ана туралы мақал-мәтелдің мағынасын ашу.

Ананың сүті –бал, балалның тілі –бал.

4. Дәптердегі ана туралы өлең оқылады. Өлең мәтініндегі кейбір сөздерге сөздік жұмысын жүргізеді.

5. Дәптерге аналарына арнатып құттықтау хат дайындатады.

Құттықтау хатқа не салу керектігіне кеңес береді.

Әннің мазмұны туралы әңгімелейді.

Мұқият тыңдайды.

Мақалдың мағынасын қалай түсінгенін айтады.

Сөздердің мағынасын қалай түсінгендерін айтады, тыңдайды.

Аналарына арнап сурет салады. Бір бала гүлдің суретін, бір бала анасының суретін салуы мүмкін. Оқып –жаза алатын балалар тілектерін жазады.

Рефлексивті-

түзетушілік

1. Анашым, жүрегім, гүлім, бақытым сөздерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырту.

2. Пікір алмастыру.

1. Сөйлемдер құрастырады.

Күтілетін нәтиже: ананың аялы алақанын, жан жылуын сезіне білуі.

Білуі тиіс: Халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінігі болуы.

Түсінігі: отбасындағы ананың рөлі туралы білу.

Көрсете білуі: Ойын жеткізіп айту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы