- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •2. Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу.
- •3. Табиғатты аялауға баулу.
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
- •3. Табиғатты аялауға баулу.
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан –ортақ үйіміз.
Мақсаты: 1. Тәуелсіз еліміз туралы білімдерін толықтыру.
2. Көпұлтты республикамызда татулық, достық орын алғандығын түсіндіру.
3. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ұлт, достық, тілек, т.б.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Әрқашан аман болайық, Құстар әнін сайрасын. Бейбітшілік болсын, Нанымыз көп болсын.
|
Балалар жақсы көңіл күймен амандасады. |
Ұйымдастыру- іздестіру |
1. «Қай ұлт?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог әр ұлт өкілдері бейнеленген сурет не фотоны көрсетеді, балалар оның қай ұлт өкілі, оны қалай білгенін айтады. 2. Педагогтің түсіндіруі: -Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мысалы: жергілікті ұлт-қазақ халқы және сонымен қатар орыс, корей, түрік, ұйғыр, т.б. Сондықтан Қазақстан Республикасын көпұлтты мемлекет дейміз. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Қазақстанның мемлекеттік тілі-қазақ тілі.
3. С.Оспановтың «Тілейміз-бейбіт күн» деген өлеңін мәнерлеп оқиды. Мазмұнын түсіндіреді. Өлеңдегі «Дос құшағын елге ашқан» деген жолдың мағынасын түсіндіреді: -Қазақ халқы-бауырмал халық. Біздің елімізде тұрып жатқан орыс, корей, түрік, т.б. біздің жерімізге көшіп келген кезде, оларға байтақ жерімізден жер беріп, жылы құшақпен қарсы алған. |
Балалар сурет бойынша Қазақстан Республикасында тұратын ұлт өкілдері туралы әңгімелейді. |
Рефлексивті- түзетушілік |
Оқу іс-әрекетті қорытындылау мақсатында балаларға сұрақтар қойылады. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже: көпұлтты респуликамыздың тыныс-тіршілігі туралы ұғымдарының қалыптасуы.
Білуі тиіс: әр ұлт өкілдерімен тату-тәтті қарым-қатынаста болу керектігін.
Түсінігі: достықты қадірлеу керектігі.
Көрсете білуі: әр уақытта айналасындағы адамдарды алаламай, сыйластық қарым-қатынаста болуы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу
Сабақтың тақырыбы: Ер есімі –ел есінде.
Мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандық батырлар, олардың ерлігі туралы түсіндіру.
2. Егеменді Қазақстанның Ұлан әскері туралы түсіндіру. Еліміздің қарулы күштері туралы мағлұмат беру.
3. Еліміздің батыр ұлдары мен қыздарының ерліктерін дәріптеу арқылы бала санасына ерлік, батырлық ұғымдарын қалыптастыру.
Сөздік жұмыс: ұшақ, танк, кеме.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Күлімде, күн күлімде, Жер жасарып көгерсін. Кешегіндей бүгін де, Қанат қақсын көгершін
|
Балалар дөңгелене тұрып, өлең жолдарын қайталайды. |
Ұйымдастыру- іздестіру |
1. Педагогтің түсіндіруі: - Балалар, қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Нүркен Әбдіров сынды батыр ұлдары мен қыздары бар. Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды. Қазір олардың есімдерімен көптеген көшелер, мектептер, тағы басқа мәдени орындар аталады. Жылда 9 Мамыр «Жеңіс күні» деп аталып өтеді.
Қазақстанның Қарулы Күштері өте мықты. Оның құрамына ішкі әскерлер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және басқа да әскерлері, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кіреді.
Сергіту сәтін өткізу.
Ақ көгершін, көгершін Қол қанат құс сен едің. Бар кезіп қайт ел үшін Кең дүниенің көлемін.
Әліппе-дәптермен жұмыс: 1. Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіреді. 2. Суреттегі батырлардың атын айтқызып, олар туралы әңгімелету. |
Суреттегі батырларды –Б.Момышұлын, Т.Тоқтаровты, Ә.Молағұлова және М.Мәметованы атайды.
Өлең жолдарын қайталап, дене жаттығуын жасайды.
Өлеңді жаттап алады. |
Рефлексивті- түзетушілік |
Ұлы Отан соғысының батырларын ата. Қандай көшелерді білесіңдер? |
Балалар өздері тұратын көшелердің атын атап береді. |
Күтілетін нәтиже: Ұлы Отан соғысының батырларының аттарын есте сақтау.
Білуі тиіс: Отанды сүйіп, оны құрметтеуге тиіс.
Түсінігі: өздері болашақ Егеменді Қазақстанның азаматы болатынын түсіну.
Көрсете білуі: еліміз туралы ойын жеткізе білу, өлеңді жатқа айту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы
