Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оршаан орта — копия.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425 Кб
Скачать
☆

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қорықтары.

Мақсаты: 1. Қазақстан қорықтары және оның маңызы, орналасқан жері туралы балаларға түсінік беру.

2. Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу.

3. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: қорық, қаскер және т.б.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Қуаныш шеңберін ұйымдастыру.

Әдемі гүлді балалар бір-біріне күлімдеп беріп, жақсы тілектерін айтып, жылы сезімдерін білдіру.

Балалар қуанып, күлімдеп амандасады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Қорықтың не үшін қажет екенін түсіндіру.

Сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдік түрлерін сақтап қалу үшін арнайы ұйымдастырылған орын-қорық деп аталады.

Жануарлар мен құстардың суреттерін пайдалана отырып, олардың қорықтағы тіршілігі жөнінде әңгімелеу.

Азайып бара жатқан аңдарды, құстарды қорғау, сақтау үшін ол жерде, ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Қорықтар әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты көрсете алатын барлық табиғат байлықтарын қорғауға алған алқаптарды қамтиды. Қазақстанда осындай қорықтардың көптеген түрі бар олар: Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт және т.б. қорықтар.

«Қаскер» сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.

Қаскер – жануарларды рұқсатсыз қырып-жоятын адам.

Берілген суреттер бойынша балалар аң-құстардың түрлерін атап береді.

Сергіту жаттығуын өткізу.

Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындату.

а) Сен тұратын жерде қандай қорық бар, әңгімелеп бер.

ә) Берілген сурет бойынша қорықта кездесетін аңдар мен құстардың, өсімдіктердің аттарын атау.

Балалар еліміздегі қорықтар жөнінде мағлұматтар алады, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсінуге талпынады.

Жойылып бара жатқан аңдарды, құстарды, өсімдіктерді суреттерге қарап әңгімелеп береді.

Өлең жолдарын айтып, дене жаттығуын жасайды.

Қорықтағы жануарларды атап көрсетеді.

Рефлексивті-

түзетушілік

Суреттерді көрсетіп алған білімдерін пысықтау мақсатында сұрақтар қою.

Балалар құстарға, аңдарға қамқор болуға келіседі.

Күтілетін нәтиже: қорық туралы түсінгенін айтып, оны мекендейтін жануарларды атап білуі.

Білуі тиіс: жойылып бара жатқан аңдарды, өсімдіктерді, құстарды білу.

Түсінігі: қорықтардың қаншалықты пайдасы барын, мағынасын түсіну.

Көрсете білуі: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсету, қамқор болу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Жансыз және жанды табиғат.

Мақсаты: 1. Жанды табиғат, оның тіршілік тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру.

2. Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: табиғат, жасыл әлем, тау, тас, су, тұман, құм, жаңбыр, жел.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне тілектер айтқызу.

Балалар бір-біріне күлімдеп қарап, жұмсақ ойыншық жүректі ұсынып жақсы тілектер білдіреді.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1. Педагогтің әңгімесі:

-Біздер балалар қызықты да, қыр-сыры мол ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз. Айналаға қарасаң, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз, олар: неше түрлі әдемі ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақ, жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған. Оларға жер мен су, ағаштар мен жануарлар, күн мен аспан жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп атаймыз.

Табиғаттың бір бөлігіне азық та, су да, киім де қажет емес, олар –тау-тас, ауа, ғаламшар, яғни жансыз (өлі) табиғат.

Ал енді бір бөлігі тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді, яғни бұлар жанды (тірі) табиғат қатарына жатады.Жанды табиғатқа адам, өсімдік, жануар жатады.

Жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көріністерінің суреттерін көрсету арқылы балаларға жансыз және жанды табиғат арсындағы байланыс түсіндіріледі.

Е.Өтетілеуұлының «Бар ма, жоқ па?» деген өлеңін оқып беру.

Табиғаттағы құбылыстарды күнтізбе арқылы белгілеу: жаңбырдың, қардың жауып тұрғанын, желдің соғып тұрғанын табиғат күнтізбесіндегі шартты белгілермен көрсетіп, түсіндіру.

Сергіту сәтін өткізу.

Көлдің беті кілегей,

Жер сап-сары бірегей.

Тырау-тырау тырналар

Түстікке бетті бұрды олар.

Қара суық жел есті,

Күннің көзі көмескі.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жансыз және жанды табиғаттың айырмашылығын айту.

Суреттегі жасырынған жануарларды тауып, бояп, аттарын атау.

Балалар жансыз және жанды табиғатты суреттеп атап көрсетіп, ол жөнінде түсінгендерін айтады.

Балалар үлестірмелі суреттермен жұмыс жасайды.

Өлең жолдарын пайдаланып, сергіру жаттығуын орындайды.

Әліппе-дәптердегі тапсырманы орындайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Жансыз табиғатқа нелер жатады?

2. Жанды табиғатқа нелер жатады?

3. Олардың айырмашылығы неде?

Балалар сұрақтарға толық жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Жауаптарының дұрыстығын дәлелдейді.

Күтілетін нәтиже: жансыз және жанды табиғаттың байланысын ұғындыру.

Білуі тиіс: жанды және жансыз табиғатқа нелер жататынын білу.

Түсінігі: ауа температурасының ауытқуына байланысты табиғат құбылыстарының өзгеруін түсіну.

Көрсете білуі: жансыз табиғат пен жанды табиғатты бір-бірінен ажыратып көрсету.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы