Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оршаан орта — копия.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425 Кб
Скачать
☆

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Менің өлкем.

Мақсаты: Туған өлкеге деген түсініктерін дамыту. Ескрткіштер, көшелер, мемлекеттік мекемелер туралы әңгімелесу. Көпшілік орындарда мінез-құлық ережелерін сақтауға үйрету.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Ұйымдастыру

Қайырлы таң, Алтын күн!

Қайырлы таң, көк аспан!

Қайырлы таң, Жер ана!

Қайырлы таң, достарым!

Өлең сөздерін бірге қайталайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Тәрбиеші туған өлке туралы әңгімелейді.Д.Әбіловтың «Қазақстан-Республикам менің» атты өлеңін оқып, мазмұнымен таныстырады. Сабақ барысында балаларға қаланың мекемелері, көшелері, ескерткіштері жинақталған сиқырлы көшеге саяхат жасау ойынын ұсынады.Өзі саяхаттың жетекшісі рөлінде балаларды қаланың сиқырлы көшесіндегі ескерткіштермен, мекемелермен таныстырады.Саяхат кезінде көрнекті адамдардың өмірінен, олардың туған өлкені өркендетуге қосқан үлестері туралы әңгімелейді.Соның ішінде қазақ балалары үшін алғаш рет әліппені, хрестоматияны жасаған, қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметіне және табиғат туралы ғажайып өлеңдер жазған қазақ халқының классик ақыны А.Құнанбаевтың өмірі мен қызметіне ерекше назар аударады.

Бұл орындар қоғамдық орындар саналады. Ал қоғамдық орындарда мәдени мінез-құлық ережелерін сақтау керектігін әңгімелейді.

Әліппе дәптерімен жұмыс: Н.Әлімқұловтың «Кең өлке» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру.

Тапсырма: а) өлеңді жаттап ал.

ә) суреттегі берілген ұлттық киімдердің ерекшелігін ата.

Сабақты бекіту де «Туған қалаға саяхат» деген дидактикалық ойын ұсынылады.

Тәрбиешәнің айтқандарын тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Көше, ескерткіш, мекемелермен танысады.

Ы.Алтынсарин және А. Құнанбаевтың өмірімен танысады.

Қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстау керектігін біледі.

Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, әңгімелейді.

Дидактикалық ойынды ынтамен ойнайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Балалар: а) мәдени көпшілік орындарда жалпыға ортақ мінез-құлық ережелерін сақтап жүруі тиіс.

Күтілетін нәтиже: Туған өлке туралы түсініктерін нығайту.

Білуі тиіс: ескерткіш, көше, мекеме аттарын білуі.

Түсінігі: мәдени көпшілік орындарда жалпыға ортақ мінез-құлық ережелерін сақтап жүруін түсіну.

Көрсете білуі: берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы