Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оршаан орта — копия.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425 Кб
Скачать
☆

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Байқоңыр –ғарыш айлағы.

Мақсаты: 1. Байқоңыр жайлы түсіндіру.

2. «Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату арқылы Күн жүйесіндегі ғаламшарлар туралы мағлұмат беру.

3. Балалардың ғылымға деген ынталарын ояту, білімпаз болуға баулу.

Сөздік жұмыс: айлақ, күн жүйесі, ғаламшар, т.б.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызып,

«Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату.

Шарты: Ортада бір бала Күн болып тұрады. Қалған балалар күн жүйесіндегі ғаламшарлар, мысалы, Жер, Сатурн, Уран, Меркурий, т.б. болады. Көңілді музыка әуенімен балалар «Күнді» айнала жүреді.

Балалар ойын барысында ғаламшарлар туралы білетіндерін айтады. Мысалы. Мен Жермін, Жерде тіршілік бар. Өйткені біздің ғаламшарда ауа бар. Күннен жылу мен жарық аламыз.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1. Педагогтің түсіндіруі:

-Байқоңыр-ғарыш алаңы (айлағы).

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар зымырандар да Байқоңырдан аттандырылды.

1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А.Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998ж.ж) болып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.

2. Сөздік жұмысын жүргізу.

Айлақ-ғарышқа ұшуға арналған қолайлы алаң.

Ғарыш-аспан әлемі, космос.

Ғаламшар-Күнді айналатын, Күннен жарық пен жылу алатын үлкен аспан денелері.

Күн -әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз. Оның жүйесінде Жер, Марс, Меркурий сияқты ғаламшарлар бар.

3. Пікірталас өткізуге арналған сұрақ:

-Ғарышкер болу үшін қандай болу керек?

4. Дәптерлеріне зымыранның суретінсалғызу.

Педагогті тыңдайды, сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Тыңдайды.

Пікірлерін ортаға салады.

Зымыранның суретін салады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сабақта алған білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: ғарыш айлағы және оның келтіретін пайдасы жөніндегі ұғым қалыптастыру.

Білуі тиіс: Байқоңырдан зымырандар ғарыш әлемән зерттеуге ұшырылатындығын білу.

Түсінігі: білімді, денсаулығы мықты адам ғана ғарышкер болатындығын білу.

Көрсете білуі: ғарыш әлемі туралы ойын тиянақты жеткізе білу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы