- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •2. Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу.
- •3. Табиғатты аялауға баулу.
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
- •3. Табиғатты аялауға баулу.
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу
Сабақтың тақырыбы: Мен және менің отбасым.
Мақсаты: 1. Баланың өзі жайлы толық түсінік беруге үйрету: өзінің аты-жөні , жасы, үйінің мекен- жайы, балабақшасының нөмірі.
2. Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету.
3. Ұйымшылдыққа және үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: әке, ана, ата, әже, аға, іні, іпке, сіңлі.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Е.Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін оқу. Атамнан басталар, Әжемнен қосталар. Отбасым мыналар: Ең жақын адамдар- Әкем және анам бар, Бір туған анам бар, Бір туған апам бар. Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін, еремін. |
Өлең сөздерін бірге қайталайды. Отбасы мүшелерін атайды. |
Ұйымдастыру- іздестіру |
Тәрбиеші сабақты балалармен әңгімелесуден бастайды.Бағыттаушы сұрақтар қою арқылы балалардың аты-жөндері, тегі, ұлты, жасы, отбасы мүшелері және олардың жеке қасиеттері туралы сұрау.Балалардан өздері жайлы шағын әңгіме құрастырып айтуды өтінеді: үйде немен айналысады, үлкендерге көмектеседі ме, балабақшада кіммен дос т.б. 1.Балаларға ата-анасын, ересектерді тыңдап, кішкентайларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіреді. 2.Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңі оқылады. «Отбасы дегеніміз-әкесі, анасы, олардың балалары мен ата, әжесі» деген бала ұғымына сай анықтамаға түсінік береді.Отбасы мүшелерін бір-біріне деген сыйластық, бауырмалдық біріктіретіндігін , олардың бір үйде тұратындығы, бірге үй шаруасымен айналысатындығын, бос уақыттарын бірге өткізетіндігін әңгімелейді.Сондай-ақ отбасындағы мерекелер мен сақталатын дәстүрлер, отбасындағы ересектердің мамандықтары туралы айтылады.
3.Сергіту сәтін өткізу.
Орнымыздан тұрайық Қарлығаш боп ұшайық. Бір отырып, бір тұрып Жақсы сергіп қалайық.
4.Әліппе-дәптермен жұмыс. 5. Тапсырмалар: 1. Өзің туралы айтып бер. 2. Суретте бейнеленген отбасы мүшелерін ата. 3. Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті туралы әңгіме құрастыру. 6. «Бізде былай, ал сіздерде ше?» дидактикалық ойыны.
|
Балалар тыңдайды. өз отбасындағы сыйластық туралы әңгімелейді.
Тәрбиешәнің айтқандарын тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Өлең мазмұнына қарай сұрақтарға жауап береді.
Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, әңгімелейді.
Дидактикалық ойынды ынтамен ойнайды. |
Рефлексивті- түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар: 1. Өз отбасында кімдермен тұрасың? 2. Атай, әжеймен қалай дұрыс амандасуға болады? 3. Әкең мен анаң саған риза болып қуану ұшін не істеуің керек? |
Балалар отбасындағы өздері атқаратын іс-әрекеттерін әңгімелейді. |
Күтілетін нәтиже: отбасы мүшелеріне кімдер кіретінін білу.
Білуі тиіс: отбасы мүшелерін: ата-әжесі, ата-анасын,бауырларын құрметтеу керектігін, есейгеннен кейіната-анасына қамқорлық жасап, көмек көрсету өзінің парызы екенін білу.
Түсінігі: бірлескен еңбек іс-әрекеті ата-ана мен балаларды жақындастыратынын түсіну.
Көрсете білуі: сурет бойынша әңгіме құрастыра алады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы
