Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оршаан орта — копия.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425 Кб
Скачать
☆

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келеді?

Мақсаты: 1. Диқаншылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінін әңгімелеу.

2. Өсімдікке өсіп-өну үшін ауа, су, жарық жылу қажеттігін түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.

3. Диқан еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: егін, қырман, диірмен, комбайн.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Әрқашан аман болайық,

Елімізде тыныштық болсын,

Бейбітшілік болсын,

Нанымыз көп болсын.

Балалар жақсы тілекпен амандасады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1. Ә.Ахметовтің нан туралы өлеңін оқиды, мазмұнын түсіндіреді.

2. Нанның дастарқанға дейін келу жолын әңгімелеу. Бұл жерде диқан, егістік, элеватор сөздеріне сөздік жұмысы жүргізіледі.

Тәрбиеші сабақта егін жинау сәтін бейнелейтін мазмұнды суретті көрсетіп, егіннің қай мезгілде егілетіні, өсу кезеңдері, қай кезде және қандай машинамен (комбайн, машина) жиналатынын әңгімелейді.

Жердің қамқорлықты қажет ететіні, егін бүтін өсу үшін су, жылу, ауа, жарық қажет екенін түсіндіру. Нанның дастарқанға келгенге дейінгі (дәннен бастап нан болғанға дейін) жолдарын әңгімелеу.(егін жинау, қырман, диірмен, наубайхана, дүкен).

3. Сергіту сәтін өткізу.

Музыка әуенімен «шайқалады егістік, шайқалады нұр дала» деп әндетіп, би қимылдарын жасау.

4. Нан туралы мақалдардың мағынасын түсіндіру.

Нан –тамақтың атасы.

Ынтымақ –көптің батасы.

5. Дәптермен жұмыс:

-Сурет бойынша нанның дастарқанға келу жолын әңгімелеу.

-Тыйым сөздерді оқып, оларды тәрбиелік мағынасын түсіндіру.

-Жұмбақтың шешуін тапқызу.

Шешуі: бидай.

Жұмбақтың шешуі-бидайдың суретін салғызу.

Бұл сабақта балалар а) нан-халық байлығы, ә) нанды қастерлеу, б) диқаншылар еңбегіне құрметпен қарау т.б. түсініктерді меңгереді.

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтар қояды.

Би қимылдарын орындайды.

Мақалдардың мағынасын қалай түсінгендерін әңгімелейді.

Нанның дастарқанға келу жолын цифрмен белгілейді, бидайдың суретін салады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сабақта алған білімдерін төмендегі сұрақтардың көмегімен пысықтау:

1. Нан дастарқанға қалай келеді?

2. Нанды не үшін қастерлеу керек?

3. Нан туралы қандай мақалдар білесіңдер?

Нан туралы өлең, мақал-мәтел айтады.

Күтілетін нәтиже: диқан еңбегін бағалау.

Білуі тиіс: нанның дастарқанға келу жолын білу.

Түсінігі: диқандардың еңбегін түсініп, құрметтей білу.

Көрсете білуі: суретке қарап әңгіме құра білу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы