- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •2. Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу.
- •3. Табиғатты аялауға баулу.
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
- •3. Табиғатты аялауға баулу.
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу
Сабақтың тақырыбы: Күз сыйы.
Мақсаты: 1. Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.
2. Күн мен түннің ұзақтығы, ауаның температурасының өзгеруі, жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы және т.б. білім негіздерін меңгерте отырып, есте сақтау қабілетін, зейіндерін дамыту.
3. Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бұтақтар, жемістер, тұқымдар, табиғат құбылыстары.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Қуаныш шеңберін ұйымдастыру. -Армысыз, алтын Күн! Армысыз, қайырымды Аспан-ата! Армысыз, мейірімді Жер-ана! Күліп шықты күн бүгін! Қуанайық, шаттанайық бәріміз. |
Балалар жақсы көңіл күймен сәлемдеседі. |
Ұйымдастыру- іздестіру |
Саябаққа, алаңқайға табиғи материалдар жинау мақсатымен серуен ұйымдастыру.
Б.Жақыптың «Күзде» өлеңінің мазмұнын ашу. -жемістер, -көкөністер, -жидектердің пайдасын, оларды жинау туралы әңгімелесу.
Балаларға «Табиғат сыйы» деген ұғымның мағынасын түсіндіру, табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшелігін, алуан түсті жапырақтар, табиғи материалдар туралы түсіндіру. Балалар табиғи материалдарды жинап, күзгі жапырақтардың түстеріне, пішініне, ауаның температурасына, күн мен түннің ұзақтығына назар аударады.
Сергіту сәтін өткізу.
Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық. Бір отырып, бір тұрып, Сәл тынығып алайық.
Әліппе-дәптермен жұмыс: 1. Күзгі бақтағы еңбек. 2. Күзгі бақшадағы еңбек туралы түсіндіру. 3. Жарты алманың екінші бөлігін тапқызу. 4. Жеміс пен жидек сөзіне сөздік жұмысын жүргізіп, оларға не жататынын айту, айырмашылықтырын түсіндіру. Жеміс-жидек беретін ағаштар мен сабақты өсімдіктер басына шығатын шырынды мәуе. Жидек-таңқурай, бүлдірген, құлпынай өсімдіктері жемісінің жалпы атауы. |
Серуенде табиғатты тамашалайды.
Өлең жолдарын тыңдайды, түсінеді.
Серуенде балалар табиғи материалдарды жинап, олардан өздерінің қиялдарынан «Күзгі орман» композициясын құрастырады.
Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Тапсырмаларды ынтамен орындайды. |
Рефлексивті- түзетушілік |
Тақырыпты бекіту үшін «Сен жасыр, біз табамыз» деген дидактикалық ойын ұйымдастырылады. Шарты: балалар көздерін жұмып отырады. Тәрбиешінің белгісімен бір бала жеміс, көкөністердің муляждары салынған табақтан біреуін алып, артына тығып тұрады.Бала өзі жасырған жеміс не көкөністің атын айтпай сипаттайды. Балалар жасырған жеміс не көкөністің атын айтулары тиіс. |
Дидактикалық ойынға балалар белсене қатысады. |
Күтілетін нәтиже: табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылап, ол туралы өз ойларын жеткізе білуі.
Білуі тиіс: күз мезілінің ерекше сыйын түсініп, бағалай білуі.
Түсінігі: ауаның температурасының өзгеруін түсіну.
Көрсете білуі: табиғи материалдардан композиция жасай білу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы
