Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оршаан орта — копия.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425 Кб
Скачать
☆

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер.

Мақсаты: 1. Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру, балалардың Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру.

2. Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс: Мемлекеттік рәміздер, герб, гимн, ту.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Сәлем саған Жер-ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілікті қалайық.

Бәрі бірге қайталап амандасады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1. Қазақстанның рәміздері туралы әңгіме жүргізу:

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көгілдір түсі ашық бейбіт аспанды және халықтардың бірлігін бейнелейді.Ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілік пен байлықты бейнелесе, ал аспанда қалықтаған қыран құс ерлікті бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербіндегі көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген.Шаңырықтан жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымен уықтар орналасқан. Шаңырақ пен уықтар республикамызда тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді. Әр мемлекеттің гимні болады, ол салтанатты жағдайларда орындалады.

2. Отан туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

3. Дәптермен жұмыс.

1. Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын әңгімелеп беру.

2. Б.Үсенбаев «Менің туым» және С.Қалиұлының «Елтаңбасы елімнің» деген өлеңдері оқылып, мағынасы ашылады.

3. Елордамыз-Астана қаласы жайлы әңгімелесу.

Балалар түсінгендерін қайталайды.

Балалар суреттен рәміздерді көрсетеді.

Әліппе-дәптердегі тапсырманы орындайды.

.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақ –жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.

Сұрақтар мен тапсырма:

1. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы елбасының аты-жөнін ата.

2. Гимн қандай жағдайларда орындалады?

3. Мемлекеттік гербті қайдан көруге болады?

4. Біздің еліміздің туының түсі қандай?

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының рәміздерін білу.

Білуі тиіс: туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Түсінігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мән-мағынасын түсіну.

Көрсете білуі: рәміздер туралы өлең, мақал-мәтелдерді жатқа айту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы