Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оршаан орта — копия.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425 Кб
Скачать
☆

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл келді. Қыс қызығы.

Мақсаты: 1. Балалардың қыс мезгілінің белгілері туралы түсініктерін арттыру.

2. Қыста ойналатын ойындар қыс қызығын арттыра түсетінін түсіндіру.

3. Қысқы ойындардың пайдасын түсіндіру арқылы спортты сүюге баулу.

Сөздік жұмыс: қар кесегі, аққала.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

«Сырғанақ» өлеңі оқылады.

Сырғанаққа мығымбыз,

Шыныққанбыз, шымырмыз.

Таудан төмен сырғанап,

Біз тебеміз сырғанақ.

Балалар бірге қосылып айтады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1. Педагогтің тапсырмасы:

- Аспанды сұр бұлт қаптап, жерді ақ ұлпа қар басты. Өзендерде мұз қатып, айнала ертегідегідей тыныштыққа бөленді. Күннің суығына қармастан балалар шана, коньки теуіп, қар атысып ойнап жүр.

Қай мезгіл туралы айтылды?

2. Педагог қыс мезгілінде болатын құбылыстарға тоқталады. Әр айдың ерекшелігін айта келе, қысқы ойындар туралы түсінік береді.

Мысалы:

- Қаңтар мен ақпан айларында ауа райы суық болады. Қаңтар – қыс шатыры.Қыстың үш айы қандай суық болған күнде де адамдар мұзайдында конькимен сырғанайды, шаңғы, шана тебеді.Қар кесектерін домалатып, аққала жасайды.

3. «Қысқы ойындар» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар бір- бірден қоржын ішінен суреттерді алады. Суреттердің ішінен қысқы ойын түрлері белгіленген суретті тауып, оны тақтаға жапсырады.Сонан соң сурет бойынша қысқы ойын түрлері туралы әңгімелейді.

4. Сергіту сәтін өткізу.

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Суық өтер қолғаптан.

5. Қысқы мереке туралы әңгіме өткізу:

- Жаңа жыл мерекесі.

- Шыршаны безендіру.

6. Жұмбақ шешу.

Қыста шыны боп қатады,

Жылыда су боп жатады.

(Мұз)

Балалар қыс қызығын өз беттерінше әңгімелейді..

Қыс мезгілі туралы пікірлерін айтады.

Сурет бойынша әңгімелейді.

Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.

Сұрақтарға жауап береді. Шыршаны ойыншықтармен безендіреді.

Жұмбақтың жауабын айтады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қыс мезгілінің айларын ата.

2. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап бер.

3. Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

4. Қыс мезгілін не үшін жақсы көресіңдер? Пікірлеріңді білдіріңдер.

Балалар қыстың ерекшелігіне тоқталады.

Күтілетін нәтиже: қыс мезгілінің ерекшелігін білуі.

Білуі тиіс: жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін толықтыру. Қардың қайдан пайда болғанын білу.

Түсінігі: табиғатты аялау, қорғау керектігін түсіну.

Көрсете білуі: суретке қарап әңгіме құрай білу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы