Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оршаан орта — копия.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425 Кб
Скачать
☆

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер, жануарлар).

Мақсаты: 1. Табиғат бұрышындағы жануарлар (балықтар, құстар, кірпі, тасбақа), өсімдіктер туралы түсінік беру.

2. Жануарлар мен өсімдіктердің келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту.

3. Табиғат бұрышындағы жануарлардың тіршілігі туралы мағлұматтар бере отырып, оларға қамқорлық жасауға баулу.

Сөздік жұмысы: табиғат бұрышы, атжалман, қоректендіру.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Біздер тату баламыз

Гүл-гүл жайнап аламыз.

Жаттығулар жасайық

Жақсы сергіп қаламыз

Балалар шеңбер болып жаттығу жсайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1. Тәрбиеші балабақша , мектептегі табиғат бұрышы туралы төмендегідей мағлұмат береді:

- Табиғат бұрышы –мектеп, балабақшада тірі хайуанаттар орналастырылған мүйіс. Мұнда өсімдіктердің түрлерін де өсіреді.

Табиғат бұрышында аквариумда балықтар, торда үй қояндары, кірпі, тасбақа, атжалман, тотықұстарды ұстайды. Оларды арнайы педагог маман күтіп баптайды. Оған балалар көмектеседі.

2. Сөздік жұмысын жүргізу.

Атжалман –жоны күрең, бүйірі қызғылт тышқан.

Қоректендіру- тамақтандыру.

3. Сергіту сәтін өткізу.

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы

Желмен бірге жайқалған.

4. Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындау.

1. Сурет бойынша әңгіме жүргізеді.

Бұл жерде табиғат бұрышында тіршілік ететін жануарлар туралы және оларға жасалынатын қамқорлық туралы айтылады.

2. Құмыраға гүлді отырғызудың әдісін сурет бойынша түсіндіреді.

3. А.Мишаринаның бөлме гүлі туралы өлеңін мәнерлеп оқып береді.

Мазмұнын түсіндіреді.

4. Үлгі бойынша құмыраны қалай бояу керектігін баяндайды.

Балалар сұрақтарға белсенді жауап беруге әрекет жасайды.

Тәрбиешінің атқандарын мұқият тыңдайды, сұрақтар қояды.

Түсінгендерін қайталап айтып береді.

Тыңдайды.

Өлең жолдарын қайталап, би қимылдарын жасайды.

Суреттен табиғат бұрышында тіршілік ететін жануарларды атайды.

Балалардың іс-әрекетін баяндайды.

Өлеңнің мазмұнына байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді.

Құмыраны бояйды, қағаздан гүл жасайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Табиғат бұрышындағы өсімдіктермен жануарларға қандай қамқорлық қажет?

2. Табиғат бұрышындағы өсімдіктердің атын ата?

3. Аквариумдағы балықтарды қалай күтеді?

Балалар табиғат бұрышындағы еңбек іс-әрекеттерін айтады.

Күтілетін нәтиже: табиғат мүйісіндегі жануарлар мен өсімдіктерді күтіп-баптау.

Білуі тиіс: жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасау.

Түсінігі: жануарлар мен өсімдіктердің пайдасы.

Көрсете білуі: сабақ барысында тапсырмаларды орындай білуі (сурет салу).

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы