Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-к.ЕГ 02.10..15 293 б.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2.Штейн алуға балқыту.

Күйдірілген, бірнеше физикалық, өзгерістерден өткен, құрамындағы біршама мөлшердегі күкірттен босатылған ыстық шихта штейн немесе роштейн алатын бастапқы материал болып табылады. Штейн мыс өндірудің аралық өнімі. Штейн құрамында мыс, темір және т.б. ауыр металл сульфидтері концентрацияланған, ал шлак құрамына темір, алюминий, кальций, кремний тотығы кіреді.

Штейнге балқыту ұзындығы 30-36 м, ені 7-8 м, биіктігі 2 -3 м шағылыстырғыш пештерде жүргізіледі. Пешке бір жағынан пневможолмен форсунка арқылы шаңкөмір қоспасы, мазут не газ түрінде отын, ал екінші жағынан газ шығарылады. Төменгі жағынан шлактың жоғарғы беті түсіріледі. Шихта пешке бункерлер арқылы беріледі. Шағылыстыру пешінің жұмыс кеңістігінде шихтаның химиялық әрекеттесуі мен физикалық өзгеруі нәтижесінде балқытудың ақырғы өнімдері - штейн, күл, газ алынады. Шихтаның құрамындағы балқытылған мыс жеткілікті күкірт мөлшерімен сульфидтеледі, штейнге өтеді және басқа металдар сульфидтерінде ериді.

Жұмысшы-күлшілер күл жиналған сайын сағатына бір рет шлак шығару көзін ашып, еріген шлакты түсіріп алады.

Бірақ, шағылыстырып балқыту әдісі техноэкономикалық және гигиеналық тұрғыдан нашар жетілген әдіс, сондықтан технологиялық процестерін жетілген түрі - циклонды балқыту мен электробалқыту түріне өтуді керек етеді.

Циклонды балқыту - өзіне екі әдісті енгізген, компакты агрегатта күйдіру мен балқыту процестері бірге өткізіледі. Циклонды балқыту сульфидті концентраттарды күйдіру мен балқыған күйіндіні шағылыстыру пешіне толтырған кездегі жұмыс жағдайын сауықтыруға мүмкіндік береді. Циклонды балқыту кезінде шығарылатын газдың құрамында күкірт ангидридінің концентрациясы жоғары, ал шаң концентрациясы төмен болады. Сондықтан циклонды балқытудың нәтижесінде шыққан газ күкірт қышқылын алуға жұмсалуы мүмкін.

Электрлік балқыту - өндірісті механикаландыруға және автоматтандыруға, шикізаттан күкіртті өнімді алуға түсті металдарды алуды жоғарылату, цехта тазалық, сақтау мүмкіншілігін береді.

Электр пешінде штейнге күйінді мен құрғақ мыс концентраттарын балқытуды төрт жұмысшы атқарады.

Балқытылған суық штейнде негізгі бағалы компоненттер: мыс, алтын, күміс және т.б. шоғырланған. Штейннің ары қарай өңделуі кезінде балқытылған мысты алу үшін құрамындағы темір мен күкірттен тазартылып, құрамындағы бос мыстың мөлшерін 98,5-99,5% жоғарылату болып табылады. Бұл процесс кезінде темір мен күкірт тотығып, темір тотығы шлакқа өтіп, ал күкірт ангидриді шығатын газ құрамына кіреді.

Мыс балқыту зауыттарындағы еңбек жағдайы

Технологиялық үдерістің көп сатылығы, кезеңмен орындалатын шаралар еңбек жағдайына қолайсыз әсер етеді.

Күйдіру, балқыту конвертрлеу цехтарының ықшам климаты интенсивті жылу бөлінумен, ауаның ыстық температурасымен, оның жиі алмасуымен сипатталады. Сәулелі жылудың көзі болып ыстық, күйінді, штейн, шлак, мыс, технологиялық жабдықтардың беттері, әсіресе терезелер, леткелер, фурмалар. Пештердің, газ жолдарының, металл беттерінің, еденнің температурасы 55-1200 С жетеді. Сұйық металмен жұмыс істеген кезінде жылу бөлу деңгейі 4900-8400 Вт/м2 көтеріледі. Әсіресе еңбек жағдайы ошақшылар мен краншыларға қолайсыз деп саналады. Көрікші алаңындағы және кран кабиналарындағы температуралар 300С, ал Қазақстан жағдайында 30-40 С жетеді. Жылдың суық мезгілінде аэрациялық фонарьлардың көмегімен жұмыс орнының температурасы төменгі деңгейде сақталады.

Технологиялық үдерістің барлық сатыларында күкірітті газ бөлінеді. Оның концентрациясы үдеріс стадиясына, атқарылатын шараларғаға, желдеткіштердің жұмысына байланысты. Әсіресе күкірт диоксидінің жоғарғы концентрациясы ыстық, күйінде тасымалдағанда, штейн, шлак, мыс құйғанда бөлінеді. Газ мөлшерін төмендетудің, тиімді шарасы болып, желобтарда сорғыш, ал ожауларда перделі жабқыштарды қолдану.

Мыс балқыту өндірісі "шаңды" өндіріс қатарына жатады. Өндірістік үдерістің бастапқы сатыларында төгілетін материалдарды пайдалану нәтижесінде, балқыту кезінде, конвертрлеу кезінде, құю кезінде конденсация аэрозольдері түзіледі, оларға жоғары дисперстілік тән.

Пешке шихта мен күйіндіні салғанда және одан шығарғанда шаң концентрациясы орташа 19,4-24,8 мг/м3, күйдіру, балқыту кезінде 6-12 мг/м3 деңгейге жетеді, максимальды бір реттік концентрациясы 60-100 мг/м3 деңгейінде орналасқан.

Технологиялық үдерістің әртүрлі сатыларында шаңның құрамында темір (15-27%), мыс (10-13%), кремний диоксиді (36-53%), мырыш (3,2-6,8%), кальций мен магний қосылыстары (0,8-3,5%) кездеседі.

Бастапқы шикізаттың құрамында улы қоспаларда жиі кездеседі. Сондықтан, өндіріс бөлмелерінің ауасында мышьяк қосындылары мырыш, қорғасын қосындылары анықталған.

Мыс өндірісіндегі басқа зиянды факторлардың арасында құю қауіпін, шу мен сәуле әсерін атап өту керек. Шу көзі болып ұнтағыштардың, балқыту пештерінің, диірмендердің жұмысы саналады. Компрессорлардың, пештердің, конвертрлердің маңындағы шу деңгейі рұқсат етілген деңгейден асын кетеді.